Ауыл шаруашылығы тауарын өндiрушiлердiң минералдық тыңайтқыштарды, тұқым дәрiлерiн және гербицидтердi сатып алуын субсидиялаудың 2003 жылға арналған ережесiн бекiту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы. 2003 жылғы 24 ақпан N 191

      "2003 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 12 желтоқсандағы Заңын , "2003 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының Заңын iске асыру туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2002 жылғы 26 желтоқсандағы N 1379 қаулысын  iске асыру және отандық ауыл шаруашылығы тауарын өндiрушiлердiң минералдық тыңайтқыштармен, тұқым дәрiлерiмен және гербицидтермен қамтамасыз етiлуiн қолдау мақсатында Қазақстан Республикасының Yкiметi қаулы етеді:

      1. Қоса берiлiп отырған Ауыл шаруашылығы тауарын өндiрушiлердiң минералдық тыңайтқыштарды, тұқым дәрiлерiн және гербицидтердi сатып алуын субсидиялаудың 2003 жылға арналған ережесi бекiтiлсiн.

      2. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң орынбасары - Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрi А.С. Есiмовке жүктелсiн.

      3. Осы қаулы ресми түрде жарияланған күнiнен бастап күшiне енедi.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрi

Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 
2003 жылғы 24 ақпандағы      
N 191 қаулысымен         
бекiтiлген            

Ауыл шаруашылығы тауарын өндiрушiлердiң минералдық
тыңайтқыштарды, тұқым дәрiлерiн және гербицидтердi сатып
алуын субсидиялаудың 2003 жылға арналған ережесi

1. Жалпы ережелер

      1. Осы Ереже 2003 жылға арналған республикалық бюджетте Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлiгiне (бұдан әрi - Ауылшарминi) 045 "Ауыл шаруашылығы тауарын өндiрушiлердiң минералдық тыңайтқыштарды, тұқым дәрiлерiн және гербицидтердi сатып алуын субсидиялау" бағдарламасы бойынша көзделген қаражат есебiнен және шегiнде ауыл шаруашылығы тауарын өндiрушiлердiң минералдық тыңайтқыштарды, тұқым дәрiлерiн және гербицидтердi сатып алуын субсидиялаудың шарттары мен тәртiбiн айқындайды.
      2. Субсидия минералдық тыңайтқыштар, тұқым дәрiлерiн және гербицидтер өндiрушi отандық ұйымдардан (бұдан әрi - Зауыттар) отандық ауыл шаруашылығы тауарын өндiрушiлер сатып алатын минералдық тыңайтқыштардың, тұқым дәрiлерiнiң және гербицидтердiң құнын iшiнара өтеуге арналған.
      3. Зауыттар, минералдық тыңайтқыштардың, тұқым дәрiлерi мен гербицидтердiң ассортиментi, көлемi Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Ауылшарминi мен Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда министрлiгiнiң (бұдан әрi - ИСМ) бiрлескен бұйрығымен бекiтiледi.
      Субсидиялар Зауыттарға жоспарланған егiс алқабына енгiзудiң ғылыми негiзделген нормаларына сәйкес Ауылшарминi минералдық тыңайтқыштардың, тұқым дәрiлерiнiң және гербицидтердiң түрлерi бойынша әр Зауытқа белгiлейтiн көлем шегiнде және облыстардың бөлiнiсiнде және 2003 жылға арналған республикалық бюджетте отандық ауыл шаруашылығы тауарын өндiрушiлердiң минералдық тыңайтқыштарды, тұқым дәрiлерiн және гербицидтердi сатып алуын субсидиялауға көзделген қаражат мөлшерiн ескере отырып, отандық ауыл шаруашылығы тауарын өндiрушiлер нақты сатып алған минералдық тыңайтқыштар, тұқым дәрiлерi және гербицидтер үшiн төленедi.
      4. Зауыттар арзандатылған минералдық тыңайтқыштарды, тұқым дәрiлерiн және гербицидтердi отандық ауыл шаруашылығы тауарын өндiрушiлерге осы Ереженiң 5-тармағына сәйкес анықталған және 1 (бip) тоннаға (килограмм, литр) төленетiн субсидия мөлшерiне азайтылған бағамен дербес немесе Зауыттар уәкiлеттiк берген облыстардағы минералдық тыңайтқыштарды, тұқым дәрiлерiн және гербицидтердi сату жөнiндегi өкiлдерi (бұдан әрi - Өкiл) арқылы сатады.
      Отандық ауыл шаруашылығы тауарын өндiрушiлер осы Ереженiң 5-тармағына сәйкес анықталған минералдық тыңайтқыштардың, тұқым дәрiлерiнiң және гербицидтердiң құнының 60 пайызын Зауыттарға төлейдi.
      1 (бiр) тоннаға (килограмм, литр) бөлiнетiн субсидия мөлшерiн Ауылшарминi мен ИСМ субсидияланатын минералдық тыңайтқыштардың, тұқым дәрiлерiнiң және гербицидтердiң әр түрi бойынша есептейдi және минералдық тыңайтқыштардың, тұқым дәрiлерiнiң және гербицидтердiң бiр тоннасы (килограмм, литр) құнының 40 пайыз шегiнде бекiтедi.
      5. Субсидиялануға жататын минералдық тыңайтқыштардың, тұқым дәрiлерi мен гербицидтердiң 1 (бip) тоннасының (килограмм, литр) бағасы мынадай тәртiппен айқындалады:
      Осы қаулы ресми жарияланған күнiнен бастап 7 күнтiзбелiк күн iшiнде Зауыттар Ауылшарминiне есептiк және негiздеушi материалдарымен қоса субсидиялануға жататын минералдық тыңайтқыштарды, тұқым дәрiлерiн және гербицидтердiң анықталған ассортиментi бойынша баға жобаларын ұсынады.
      Ауылшарминi келiсу үшiн Қазақстан Республикасының Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестiктi қорғау жөнiндегi агенттiгiне (бұдан әрi - Агенттiк) есептiк және негiздеушi материалдарымен қоса субсидиялануға жататын минералдық тыңайтқыштардың, тұқым дәрiлерiнiң және гербицидтердiң ассортиментi бойынша ол мақұлдаған бағаларды ұсынады.
      Агенттiк ұсынылған есептiк және негiздеушi материалдарды қарай келiп, Ауылшарминiне келiсiлген бағаны жiбередi.
      6. Отандық ауыл шаруашылығы тауарын өндiрушiнiң арзандатылған минералдық тыңайтқыштарды, тұқым дәрiлерiн және гербицидтердi Зауыттардан да, Өкiлдерден де сатып алуына құқығы бар.

2. Субсидияларды төлеу тәртiбi

      7. Зауыттар немесе Өкiлдер арзандатылған минералдық тыңайтқыштарды, тұқым дәрiлерiн және гербицидтердi ауыл шаруашылығы тауарын өндiрушiлерге сатуды Ауылшарминi бекiткен тiзбе бойынша белгiленген көлем шегiнде жүзеге асырады.
      Бұл ретте, арзандатылған минералдық тыңайтқыштар, тұқым дәрiлерi және гербицидтер өсiмдiк шаруашылығы өнiмiн өндiру үшiн қызметi жердi пайдаланумен байланысты отандық ауыл шаруашылығы тауарын өндiрушiлерiне сатылады.
      8. Арзандатылған минералдық тыңайтқыштарды, тұқым дәрiлерiн және гербицидтердi сатып алғысы келетiн отандық ауыл шаруашылығы тауарын өндiрушi Ауылшарминiнiң облыстық аумақтық органдарына (бұдан әрi - аумақтық органдар) мынадай құжаттарды:
      Ауылшарминi бекiткен нысан бойынша өтiнiмдi;
      жердi пайдалануға арналған актiнiң нотариалдық куәландырылған көшiрмесiн ұсынады.
      9. Аумақтық органдар арзандатылған минералдық тыңайтқыштарды, тұқым дәрiлерiн және гербицидтердi сатып алуға құқығы бар отандық ауыл шаруашылығы тауарын өндiрушiлердiң тiзбесiн жасап, Ауылшарминiне жiбередi.
      Ауылшарминi көрсетiлген тiзбенi қарайды, бекiтедi әрi оны Зауыттарға жiбередi.
      10. Ұсынылған тiзбенiң негiзiнде Зауыттар, аумақтық органдар және ауыл шаруашылығы тауарын өндiрушiлерi арасында арзандатылған минералдық тыңайтқыштарды, тұқым дәрiлерiн және гербицидтердi белгiленген көлем шегiнде өндiру, сату және мақсатты пайдалану туралы үш жақты шарттар жасалады, онда, соның iшiнде, отандық ауыл шаруашылығы тауарын өндiрушiлердiң оларды өсiмдiк шаруашылығы өнiмiн өндiруге пайдалану шарттары ескерiледi.
      Өкiлдер арзандатылған минералдық тыңайтқыштарды, тұқым дәрiлерiн және гербицидтердi сатқан жағдайда Өкiлдер, аумақтық органдар және ауыл шаруашылығы тауарын өндiрушiлер арасында белгiленген көлем шегiнде оларды сату және мақсатты пайдалану туралы үш жақты шарттар жасалады, онда, соның iшiнде, отандық ауыл шаруашылығы тауарын өндiрушiлердiң оларды өсiмдiк шаруашылығы өнiмiн өндiруге пайдалану шарттары ескерiледi.
      Ауыл шаруашылығы тауарын өндiрушi арзандатылған минералдық тыңайтқыштарды, тұқым дәрiлерiн және гербицидтердi сатып алудан бас тартқан жағдайда Ауылшарминi ауыл шаруашылығы тауарын өндiрушiлердiң бекiтiлген тiзбесiне тиiстi өзгерiстер енгiзедi.
      Минералдық тыңайтқыштарды, тұқым дәрiлерiн және гербицидтердi алу фактiсi бойынша Зауыттар (Өкiлдер), ауыл шаруашылығы тауарын өндiрушiлер және аумақтық органдар арасында Ауылшарминi бекiткен нысан бойынша субсидияланған минералдық тыңайтқыштарды, тұқым дәрiлерiн және гербицидтердi беру туралы үш жақты актiге қол қойылады.
      11. Субсидия алу үшiн Зауыттар ай сайын келесi айдың 15-i күнiне, бiрақ 2003 жылғы 10 желтоқсаннан кешiктiрмей Ауылшарминiне мынадай құжаттарды:
      осы Ереженiң 10-тармағында көрсетiлген шарттың түпнұсқасын;
      субсидияланған минералдық тыңайтқыштарды, тұқым дәрiлерiн және гербицидтердi беру туралы актiнi ұсынады.
      Ауылшарминi ұсынылған мәлiметтердi тексередi және республикалық бюджеттен қаражаттың түсуiне қарай заңнамада белгiленген тәртiппен күнтiзбелiк жылдың аяғына дейiн Зауыттардың шотына ақша аударады.
      12. Ауылшарминi Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi Қазынашылық комитетiнiң аумақтық органына мынадай құжаттарды:
      Ауылшарминiнiң Зауыттардың шотына қаржы аударуға арналған өтiнiмiн;
      осы Ереженiң 10-тармағында көрсетiлген Зауыттар (Өкiлдер), аумақтық органдар және ауыл шаруашылығы тауарын өндiрушiлерi арасындағы шартты;
      субсидияланған минералдық тыңайтқыштарды, тұқым дәрiлерiн және гербицидтердi беру туралы актiнi ұсынады.
      13. Ауыл шаруашылығы тауарын өндiрушiнiң алған арзандатылған минералдық тыңайтқыштарды, тұқым дәрiлерiн және гербицидтердi
мақсатты пайдалануы Ауылшарминi бекiткен нысан бойынша аумақтық органдардың актiсiмен расталады.
      Аумақтық органдар ауыл шаруашылығы тауарын өндiрушiлер алған арзандатылған минералдық тыңайтқыштарды, тұқым дәрiлерiн және гербицидтердi мақсатты пайдаланған актiлердi 2003 жылғы 15 желтоқсаннан кешiктiрмей Ауылшарминiне ұсынады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады