Теңiз портының мiндетті түрде көрсететiн қызметтерінің тізбесiн бекiту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 24 ақпандағы N 193 қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 10 тамыздағы № 622 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 10.08.2015 № 622 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      РҚАО-ның ескертпесі.
      ҚР мемлекеттік басқару деңгейлері арасындағы өкілеттіктердің аражігін ажырату мәселелері бойынша 2014 жылғы 29 қыркүйектегі № 239-V ҚРЗ Заңына сәйкес ҚР Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 30 қаңтардағы № 77 бұйрығын қараңыз.

      "Сауда мақсатында теңiзде жүзу туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 17 қаңтардағы Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Yкiметi қаулы етеді:

      1. Қоса берiлiп отырған Теңiз портының мiндеттi түрде көрсететiн қызметтерiнiң тiзбесi бекiтілсiн.

      2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң  
2003 жылғы 24 ақпандағы       
N 193 қаулысымен бекiтiлген     

Теңiз портының мiндетті түрде көрсететiн
қызметтерiнің тiзбесi 

      1. Теңiз портының күшiмен және құралдарымен орындалатын тиеу-түсiру жұмыстары.
      2. Кеменiң теңiз портына, кейiннен порттан шыға отырып, жүк операцияларын жүргiзуге және/немесе өзге де мақсаттарда кiруi үшiн қызметтер (кеме кiрiсi):
      1) корабельдік - кемеге теңiз портына кiрудi және одан шығуды ұсыну;
      2) маяктік - кеменің порт айдынына кiруi кезiнде навигация және порт байланысы құралдарымен навигациялық қызметтер ұсыну;
      3) арнамен өткен үшiн - кеменің айлаққа өтуi үшiн арнаны ұсыну;
      4) айлақтық - кемелерге айлақтарда жүктік және көмекшi операциялар үшін тұрақтар ұсыну;
      5) зәкiрлік - iшкi рейдте немесе рейдтiк айлақта кеме тұрағын ұсыну;
      6) арқандап байлау - кеменiң арқандап байлау ұштарын тарату, айлақтан жылжу, кемелердi көшiру және қайта арқандап байлау, тiркеп сүйрегіштер жұмысы;
      7) табиғат қорғау iс-шаралары саласында - портта тұрған уақытта болған ластанудың (балластық сулардан басқа) барлық түрлерiн кемеден қандай да бiр шектеусiз қабылдау;
      8) карантиндiк - санитарлық-эпидемиологиялық қызметтiң және қамтамасыз ету бойынша теңiз портының қызметтер көрсетуі;
      карантиндік жұқпалы ауруларды және жұқпалы ауру таратушы болуы мүмкiн адамдарды уақытша оқшаулау үшiн үй-жай ұсыну;
      теңіз порты аумағы мен объектiлерiн тиiстi санитарлық жай-күйде ұстау;
      көлiк кемелерiнде, порт объектiлерiнде санитарлық-эпидемиологиялық станциялардың күшiмен кемiргіштер мен жәндiктердi алдын-ала жою.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады