2003 жылғы егiннiң астығын мемлекеттiк сатып алудың кейбiр мәселелерi және Мемлекеттiк астық ресурстарын сақтау бойынша көрсетiлетiн қызметтердi мемлекеттік сатып алу ережесi мен Мемлекеттiк астық ресурстарының орнын ауыстыру бойынша көрсетiлетiн қызметтердi мемлекеттiк сатып алу ережесiн бекiту туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2003 жылғы 26 ақпан N 205

      Мемлекеттiк азық-түлiктiк астық резервiн жаңалау және ауыл шаруашылығы тауарын өндiрушiлердi қолдау мақсатында Қазақстан Республикасының Yкiметi қаулы етеді:

      1. Ауыл шаруашылығы тауарын өндiрушiлерден 2003 жылғы егiннiң бидай және басқа да ауыл шаруашылығы дақылдары астығын мемлекеттiк сатып алу көлемi 5 500 000 000 (бec миллиард бес жүз миллион) теңге сомасына 368250 (үш жүз алпыс сегiз мың екi жүз елу) тоннаға дейiнгi көлемде белгiленсiн, бұл ретте: <*>

      1) 2003 жылғы 25 шiлдеге дейiнгi мерзiмде көктемгi-жазғы қаржыландыру арқылы:

      есепке алынған табиғи салмағының бiр тоннасы үшiн, қосымша құн салығын қоса алғанда 14700 (он төрт мың жетi жүз) теңгеден кем емес баға бойынша 3167850000 (үш миллиард бiр жүз алпыс жетi миллион сегiз жүз елу мың) теңге сомасына және қосылған құн салығын төлеушiлер болып табылмайтын бiрыңғай жер салығын төлеушiлер үшiн қосылған құн салығын есептемей, франко-элеватор шартымен 215500 (екi жүз он бес мың бес жүз) тоннаға дейiнгi көлемдегi азық-түлiктiк жұмсақ бидай астығын; бұл ретте есепке алынған табиғи салмағының бiр тоннасы үшiн 10520 (он мың бес жүз жиырма) теңге есебiмен 2267060000 (екi миллиард екі жүз алпыс жетi миллион алпыс мың) теңге сомасына 2003 жылғы 25 шiлдеге дейiнгi мерзiмге кейiннен астықты жеткiзiп беру фактiсi бойынша есепке алынған табиғи салмағының бiр тоннасы үшін 4180 (төрт мың бiр жүз сексен) теңге есебiмен 900790000 (тоғыз жүз миллион жетi жүз тоқсан мың) теңге сомасына; <*>

      есепке алынған табиғи салмағының бiр тоннасы үшiн қосылған құн салығын қоса алғанда, 16905 (он алты мың тоғыз жүз бес) теңгеден кем емес баға бойынша 507150000 (бec жүз жеті миллион бір жүз елу мың) теңге сомасында және қосылған құн салығын төлеушiлер болып табылмайтын бiрыңғай жер салығын төлеушiлер үшiн қосылған құн салығын есептемей, франко-элеватор шартымен 30000 (отыз мың) тоннаға дейiнгi көлемдегі азық-түлiктiк қатты бидай астығын; бұл ретте есепке алынған табиғи салмағының бiр тоннасы үшiн 16100 (он алты мың бір жүз) теңге есебiмен 483000000 (төрт жүз сексен үш миллион) теңге сомасына 2003 жылғы 25 шiлдеге дейiнгi мерзiмде кейiннен астықты жеткiзiп беру фактiсi бойынша есепке алынған табиғи салмағының бiр тоннасы үшiн 805 теңге есебімен 24150000 (жиырма төрт миллион жүз елу мың) теңге сомасына. <*>

      2) күзде тiкелей сатып алу арқылы:

      есепке алынған табиғи салмағының бiр тоннасы үшiн, қосылған құн салығын қоса алғанда 14700 (он төрт мың жетi жүз) теңгеден кем емес баға бойынша 1789720000 (бiр миллиард жетi жүз сексен тоғыз миллион жетi жүз жиырма мың) теңге сомасына және қосылған құн салығын төлеушiлер болып табылмайтын бiрыңғай жер салығын төлеушiлер үшiн қосылған құн салығын есептемей, франко-элеватор шартымен 121750 (бiр жүз жиырма бір мың жетi жүз елу) тоннаға дейiнгi көлемдегi азық-түлiктiк жұмсақ бидай астығы; <*>

      есепке алынған табиғи салмағының бiр тоннасы үшiн, қосылған құн салығын қоса алғанда 35280 (отыз бес мың екі жүз сексен) теңгеден кем емес баға бойынша 35280000 (отыз бес миллион екі жүз сексен мың) теңге сомасына және қосылған құн салығын төлеушiлер болып табылмайтын бiрыңғай жер салығын төлеушiлер үшiн қосылған құн салығын есептемей, франко-элеватор шартымен 1000 (бiр мың) тоннаға дейiнгi көлемдегi қытай бұршағы. <*>

      Көктемгi-жазғы қаржыландыру арқылы астық сатып алу шарттары бойынша астықты жеткiзбеген немесе толық жеткiзбеген жағдайда қосымша төлем үшiн пайдаланылмаған, сондай-ақ жеткiзiлмеген астықтың берешегiн өтеу тәртiбiмен түскен ақша қаражаты астықты тiкелей сатып алуға пайдаланылады. <*>

      Ескерту. 1-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 2003.08.26. N 863; 2003.09.26 N 985 қаулыларымен .

      2. "Азық-түлiк келiсiм-шарт корпорациясы" жабық акционерлiк қоғамы маңызды стратегиялық мәнi бар 2003 жылғы егiннiң астығын сатып алу бойынша көрсетiлетiн қызметтердi, мемлекеттiк астық ресурстарын сақтау және орнын ауыстыру бойынша көрсетiлетiн қызметтердi жеткiзушi болып белгiленсiн.

      3. Қоса берiлiп отырған:

      1) Мемлекеттiк астық ресурстарына 2003 жылғы егiннiң астығын мемлекеттiк сатып алу ережесi;

      2) алып тасталды - ҚР Үкіметінің 2004.03.27. N 371 қаулысымен .
      3) алып тасталды - ҚР Үкіметінің 2004.03.27. N 371 қаулысымен .
      Ескерту. 2-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2004.03.27. N 371 қаулысымен.

      4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң орынбасары - Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрi А.С. Есiмовке жүктелсiн.

      5. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi және жариялануға тиiс.

Қазақстан Республикасының


Премьер-Министрі



  Қазақстан Республикасы
Yкiметiнiң
2003 жылғы 26 ақпандағы
N 205 қаулысымен
бекiтiлген

Мемлекеттiк астық ресурстарына 2003 жылғы
егiннiң астығын мемлекеттiк сатып алу ережесi

      Осы Ереже Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң "Мемлекеттiк астық ресурстарын қалыптастыру, сақтау және пайдалану ережесiн бекiту туралы" 2001 жылғы 28 наурыздағы N 394 , "Тауарларды, жұмыстарды және көрсетiлетiн қызметтердi мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастыру мен жүргiзудiң ережесiн бекiту туралы" 2002 жылғы 31 қазандағы N 1158 қаулыларына сәйкес әзiрленген және мемлекеттiк астық ресурстарына 2003 жылғы егiннiң астығын мемлекеттiк сатып алудың тәртiбiн белгiлейдi.

1. Жалпы ережелер

      1. Осы Ережеде мынадай негiзгi ұғымдар пайдаланылады:

      1) агент - "Азық-түлiк келiсiм-шарт корпорациясы" жабық акционерлiк қоғамы;

      2) комиссия - құрамына Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгiнiң (бұдан әрi - Ауылшарминi) және агенттiң өкiлдерi енгiзiлетiн, сатушыларды iрiктеудi жүзеге асыратын, агент құратын комиссия;

      3) сатушы - астықты мемлекеттiк сатып алуға қатысатын ауыл шаруашылығы тауарын өндiрушi;

      4) ауыл шаруашылығы тауарын өндiрушi - өсiмдiк шаруашылығы өнiмдерiнiң тауарлы өндiрiсiмен айналысатын жеке немесе заңды тұлға.

      2. Астықты мемлекеттiк сатып алудың мақсаты - мемлекеттiк азық-түлiктiк астық резервiн жаңалау және көктемгi-жазғы қаржыландыру арқылы және күзде тікелей сатып алу арқылы ауыл шаруашылығы тауарын өндiрушiлердiң астықты жеткiзуi шартының негiзiнде оларды мемлекеттiк қолдау.

      3. Агент сатушылардан астық сатып алуды мемлекеттiк астық ресурстарын сақтау үшiн агент заңнамаға сәйкес iрiктеген астық қабылдау кәсiпорындарында жүзеге асырады.

      4. Сатып алуды жүзеге асыру үшiн Ауылшарминi мемлекеттiк ресурстарға астық сатып алу бойынша қызметтер көрсетуге агентпен шарт жасасады. Бұл ретте көктемгi-жазғы қаржыландыруға және күзгi сатып алуға бөлек шарттар жасалады. Шарт жасалғаннан кейiн, республикалық бюджеттен ақшалай қаражаттың түсуiне қарай Ауылшарминi ақшаны Астана қаласының Қазынашылық басқармасында агенттiң ашқан N 1 арнайы шотына аударады.

2. Астық сатып алуды жүргiзудiң және оны
қаржыландырудың шарттары мен тәртiбi

      5. Осы Ереже жарияланғаннан кейiн агент республикалық баспасөз басылымдарында сатушылардың өтiнiм беру, оларды комиссияның қарауы мерзiмдерi, орны және басқа шарттар туралы хабарландыру жариялайды.

      6. Сатушылардың "ауыл шаруашылығы тауарын өндiрушi" деген анықтамаға сәйкестiгiн және бiр сатушыдан сатып алынатын астық көлемiн белгiлеу мақсатында жергiлiктi жерлерде облыс әкiмдерiнiң шешiмдерiмен жұмыс топтары құрылады.

      7. Жұмыс топтарының құрамына облыс әкiмдерiнiң ауыл шаруашылығы мәселелерiн қадағалайтын орынбасарлары, ауыл шаруашылығы департаменттерiнiң (басқармаларының), жер ресурстарын басқару жөнiндегi аумақтық органдардың, статистика және салық органдарының, Ауылшарминiнiң облыстық аумақтық органдарының өкiлдерi және агенттiң облыстық өкiлдiктерiнiң директорлары енгiзiледi.

      8. Өз астығын сатуға мүдделi сатушы жұмыс тобына:

      1) көктемгi-жазғы қаржыландыру арқылы сатып алу бағдарламасына қатысу үшiн:

      мiндеттi түрде екiншi деңгейдегi банктiң сатушыға банк кепiлдiгiн беру ниетi туралы хатын ұсына отырып өтiнiмдi;

      жер пайдалану құқығын белгiлейтiн құжаттың көшiрмесiн;

      2) тiкелей шарттар бойынша күзгi сатып алуға қатысу үшiн:

      өзi өндiрген астығын сату туралы жазбаша өтiнiмдi;

      астықтың бар екенiн куәландыратын астық қолхатының көшiрмесiн;

      жер пайдалану құқығын белгiлейтiн құжаттың көшiрмесiн ұсынады.

      9. Сатып алынатын астық сапалық көрсеткiштерi бойынша мынадай талаптарға сәйкес болуы тиiс:

      1) азық-түлiктiк жұмсақ бидай:

       Табиғи салмақ, г/л 750-тан кем емес

       Ылғалдығы, % 13,5-тен көп емес

       Дән маңызының жалпы үлесi, % 23,0-ден кем емес

       Дән маңызының сапасы, тобы ІІ-ден төмен емес

       Протеин, % 12,0-тен кем емес

       Мөлдiрлiгi, % 50-ден кем емес

       Түссiздiгi (дәреже) 1-ден төмен емес

       Арамшөп қоспасы, % 2,0-ден көп емес

       Дән қоспасы, % 3,0-ден көп емес

       қалған сапалық көрсеткiштерi үшiншi сыныпты жұмсақ бидай үшiн 1046-2001 ҚР CT белгiлеген нормалар шегiнде;

       2) азық-түлiктiк қатты бидай:

       Табиғи салмақ, г/л 750-ден кем емес

       Дән маңызының жалпы үлесi, % 25-тен кем емес

       Мөлдiрлiгi, % 70-тен кем емес

       Түссiздігі (дәреже) І-ден төмен емес

       Арамшөп қоспасы, % 1,0-ден көп емес

       Дән қоспасы, % 4,0-ден көп емес

       қалған сапалық көрсеткiштерi үшiншi сыныпты қатты бидай үшiн 1046-2001 ҚР СТ белгiлеген нормалар шегiнде;

       3) қытай бұршағының тұқымы:

       Ылғалдығы, % 12,0-ден көп емес

       Арамшөп қоспасы, % 2,0-ден көп емес

       Майлылық қоспасы, % 6,0-ден көп емес

      қалған сапалық көрсеткiштерi қытай бұршағының тұқымы үшiн 17109-88 МЕМСТ белгiлеген нормалар шегiнде.

      ЕСКЕРТУ. 9-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 2003.08.26. N 863 қаулысымен .

      10. Жұмыс тобы сатушылар ұсынған құжаттардың Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкестiгiн қарайды, облыс бойынша сатушылардың тiзiлiмiн жасайды, оны жұмыс тобы мүшелерiнiң қолдарымен куәландырады және осы Ереженің 8-тармағында көрсетiлген құжаттарды қосып комиссияға жiбередi.

      11. Комиссия жұмыс тобы ұсынған құжаттарды тексередi, республика бойынша сатушылардың тiзiлiмiн жасайды және оны шарт жасасу үшiн сатушылардың облыстар бойынша тiзiлiмiмен бiрге агентке ұсынады.

      12. Агент комиссия ұсынған құжаттардың негiзiнде агент бекiткен нысан бойынша сатушылармен астықты сатып алуға шарттар (бұдан әрi - Шарт) жасасады.

      Шарт жасасу үшiн сатушы агентке қосылған құн салығы бойынша есепке қойылғаны туралы куәлiктiң көшiрмесiн немесе салықтық тiркеу нөмiрiн көрсетiп және сатушы бiрыңғай жер салығын төлеушi екендiгiн және қосылған құн салығын төлеушi емес екендiгiн растай отырып, салық қызметi органының анықтамасын бередi.

      13. Сатып алу шарттары бойынша ақы төлеудi жүргiзу үшiн Сатушы агентке:

      1) көктем-жаз кезеңiнде - астықты сатып алуға арналған шартта көзделгеннен кем емес сомаға Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң пруденциалдық нормативтерiн орындайтын Қазақстан Республикасының екiншi деңгейдегi банкiнiң төлем кепiлдiгiн;

      2) күзде - астық қолхатын, астық сапасының сертификатын, сәйкестiк сертификатын, салық заңнамасына сәйкес нысан бойынша шот-фактураны бередi.

      14. Агент осы Ереженiң 13-тармағында көрсетiлген құжаттарды сатушылар бергеннен кейiн Ауылшарминiнен алынған ақшаны үш банктік күн iшiнде сатушылардың шоттарына аударады.

      15. Сатушыларға ақшаның аударылуына қарай агент Ауылшарминiне Астана қаласы Қазынашылық басқармасының ақы төлегенi туралы белгiсi қойылған, сатушылармен жасалған шарттардың тiзiлiмдерiн ұсынады.

      16. Агент қосымша төлемдi жүзеге асыру үшiн сатушылармен агент бекiткен нысан бойынша қосымша келiсiмдер жасайды. <*>

      ЕСКЕРТУ. 16-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 2003.08.26. N 863 қаулысымен .

  Қазақстан Республикасы
Yкiметiнiң
2003 жылғы 26 ақпандағы
N 205 қаулысымен
бекiтiлген

Мемлекеттiк астық ресурстарын сақтау бойынша көрсетiлетiн қызметтердi мемлекеттік сатып алу ережесi

      Ескерту. Ереже алып тасталды - ҚР Үкіметінің 2004.03.27. N 371 қаулысымен.

  Қазақстан Республикасы
Yкiметiнiң
2003 жылғы 26 ақпандағы
N 205 қаулысымен
бекiтiлген

Мемлекеттiк астық ресурстарының орнын ауыстыру бойынша көрсетiлетiн қызметтердi мемлекеттiк сатып алу ережесi

      Ескерту. Ереже алып тасталды - ҚР Үкіметінің 2004.03.27. N 371 қаулысымен.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады