Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2002 жылғы 21 қарашадағы N 1233 қаулысына өзгерiс енгiзу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 27 ақпандағы N 208 қаулысы.

      Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:

      1. "Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлiгiнiң "Қазақстан Республикасының минералдық шикiзатты кешендi қайта өңдеу жөнiндегi ұлттық орталығы" республикалық мемлекеттiк кәсiпорнының "Жезқазғансирекмет" еншiлес мемлекеттiк кәсiпорнын қайта ұйымдастыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2002 жылғы 21 қарашадағы N 1233 қаулысына мынадай өзгерiс енгiзiлсiн:
      2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "Кәсiпорын қызметiнiң негiзгi мәнi құрамында осмий, рений және сирек жер металдары бар материалдарды қайта өңдеу және бұл металдарды өндiру мәселелерi бойынша ғылым саласындағы өндiрiстiк-шаруашылық қызметтi жүзеге асыру деп белгiленсiн.".

      2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады