Дизельдік отынды әкетуге уақытша тыйым салуды енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы. 2003 жылғы 27 ақпан N 213

      Ел экономикасының мұқтажы үшiн дизельдiк отынның қажеттi қорын жасау мақсатында және "Қазақстан Республикасындағы кеден iсi туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 20 шiлдедегі Заңының 20-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Yкiметi қаулы етеді:

      1. Тұрмыстық пешке жағатын отыннан басқа, дизельдiк отынды (ТМД СЭҚ TH коды 2710 00 610-2710 00 690) Қазақстан Республикасының аумағынан әкетуге 2003 жылғы 15 наурыз - 1 маусым кезеңінде тыйым салынсын.

      2. Қазақстан Республикасының Кедендiк бақылау агенттiгi осы қаулының 1-тармағын орындау жөнінде қажеттi шаралар қабылдасын.

      3. Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрлiгi белгiленген тәртіппен Еуразиялық экономикалық қауымдастықтың Интеграциялық комитетiн осы қаулының 1-тармағына сәйкес дизельдiк отынның Қазақстан Республикасының аумағынан әкетiлуiне Қазақстан Республикасының тыйым салуды енгiзетiндігі туралы хабардар етсін.

      4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнің орынбасары К.Қ.Мәсiмовке жүктелсiн.

      5. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi және жариялануға тиiс.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады