"IDЕХ-2003" қару-жарақ пен әскери техниканың алтыншы халықаралық көрмесiне қатысу үшiн қаруды уақытша әкетуге және оқ-дәрiлердi экспорттауға рұқсат беру туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы. 2003 жылғы 28 ақпан N 214

      "IDEX-2003" қару-жарақ пен әскери техниканың алтыншы халықаралық көрмесiне (Абу-Даби қаласы, Бiрiккен Apaб Әмiрлiктерi) қатысу үшiн, "Экспорттық бақылау туралы" Қазақстан Республикасының 1996 жылғы 18 маусымдағы Заңына  және "Қазақстан Республикасында тауарлардың (жұмыстардың, қызмет көрсетудiң) экспорты мен импортын лицензиялау туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1997 жылғы 30 маусымдағы  N 1037 қаулысына  сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:

      1. "Орал "Металлист" зауыты" ашық акционерлiк қоғамына, Орал қаласы (бұдан әрi - "Орал "Металлист" зауыты" ААҚ) Қазақстан Республикасынан Бiрiккен Араб Әмiрліктерiне осы қаулыға қосымшаның 1 және 2-тармақтарында көрсетiлген қару-жарақты кейiннен Қазақстан Республикасына әкеле отырып, уақытша әкетуге рұқсат берiлсiн.

      2. "Орал Металлист" зауыты" ашық акционерлiк қоғамына осы қаулыға қосымшаның 3-тармағында көрсетiлген оқ-дәрiлердi Қазақстан Республикасынан Бiрiккен Араб Әмiрлiктерiне экспорттауға рұқсат берiлсiн.

      3. Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда министрлігi заңнамада белгіленген тәртiппен "Орал "Металлист" зауыты" ашық акционерлiк қоғамына осы қаулыға қосымшаның 3-тармағында көрсетiлген оқ-дәрiлердiң экспортына лицензия берсiн.

      4. Қазақстан Республикасының Кедендiк бақылау агенттiгi Қазақстан Республикасының кеден заңнамасына сәйкес осы қаулыға қосымшада көрсетiлген тауарларды кедендiк ресiмдеудi және кедендiк бақылауды қамтамасыз етсiн.

      5. Осы қаулы қол қойылған бастап күшiне енедi.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Қазақстан Республикасы 
Үкiметiнiң       
2003 жылғы 28 ақпандағы
N 214 қаулысына    
қосымша        

"IDEX-2003" қару-жарақ пен әскери техниканың алтыншы халықаралық көрмесiне (Абу-Даби қаласы, БАӘ) қатысу үшiн әкетiлетiн қару мен оқ-дәрiлердiң тiзбесi

      1. Стендке қою үшiн:
      - НСВП - 12,7 (СЭҚ ТН коды 930190000) бұйымы құрамында:
      - НСВ - зауыттық N 012A жеке ЗМҚ жинақтауыштарымен шапасыз әкетiледi;
      - UPM-170, зауыттық N Г965;
      - зауыттық N 00004 тiркеме;
      - 7Ч18 оқсыз атуға арналған керек-жарақтар (СЭҚ TH коды 930591000);
      - 6Ч15 электрошығарғышы зауыттық N Б472 (CЭҚ TH коды 930591000);
      - 6ю14 cб.70 ленталарды жабдықтауға арналған машина (СЭҚ ТН коды 930591000).
      2. Полигонға қою үшiн:
      - НСВП - 12,7 (СЭҚ TН коды 930190000) бұйымы құрамында:
      - НСВ зауыттық N ГЭ799;
      - UPM-170, зауыттық N Г130;
      - зауыттық N 00002 тiркеме.
      Ескерту: бұйымдар, оқ-дәрілерiмен және жеке ЗМҚ жинақтауыштарымен жұмыс істеу қалпында.
      3. Оқ-дәрiлер:
      - пулеметтiк ленталарда саны 200 (екi жүз) дана 12,7 мм калибрлi патрондар (СЭҚ TH коды 930630300).

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады