2003 жылға арналған республикалық бюджетте Ақтөбе облысы Шалқар ауданының, Қызылорда облысы Арал және Қазалы аудандарының халқына мемлекеттiк атаулы әлеуметтiк көмек көрсету үшiн көзделген мақсатты трансферттердi бөлу ережесiн бекiту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 28 ақпандағы N 221 қаулысы

      "2003 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасы Заңын  iске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:

      1. Қоса берiлiп отырған 2003 жылға арналған республикалық бюджетте Ақтөбе облысы Шалқар ауданының, Қызылорда облысы Арал және Қазалы аудандарының халқына мемлекеттiк атаулы әлеуметтiк көмек көрсету үшiн көзделген мақсатты трансферттердi бөлудiң ережесi бекітілсiн.

      2. Осы қаулы 2003 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшiне енедi.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Қазақстан Республикасы  
Үкiметінiң        
2003 жылғы 28 ақпандағы 
N 221 қаулысымен     
бекітiлген        

2003 жылға арналған республикалық бюджетте Ақтөбе облысы
Шалқар ауданының, Қызылорда облысы Арал және Қазалы
аудандарының халқына мемлекеттiк атаулы әлеуметтiк көмек
көрсету үшін көзделген мақсатты трансферттердi бөлу
ережесi

      Осы Ереже "2003 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының Заңына  сәйкес әзiрлендi және 2003 жылға арналған республикалық бюджетте Ақтөбе облысы Шалқар ауданының, Қызылорда облысы Арал және Қазалы аудандарының халқына мемлекеттiк атаулы әлеуметтiк көмек көрсету үшiн көзделген мақсатты трансферттердi бөлудiң тәртібiн белгілейдi.

      1. Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгi (бұдан әрi - Министрлiк) тиiстi республикалық бюджеттiк бағдарламалардың мiндеттемелерi мен төлемдерi бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарлары негiзiнде республикалық бюджетте жоғарыда аталған аудандардың халқына мемлекеттiк атаулы әлеуметтiк көмек көрсету үшiн көзделген мақсатты трансферттердiң сомасын Ақтөбе мен Қызылорда облыстары әкiмдерiнің назарына ай сайын жеткiзiп отырады.

      2. Ақтөбе мен Қызылорда облыстарының әкiмдерi:
      - жоғарыда аталған аудандардың халқына мемлекеттiк атаулы әлеуметтiк көмек көрсету үшiн республикалық бюджетте көзделген мақсатты трансферттердiң бөлiнген ай сайынғы сомалары туралы мәлiметтердi Министрлiктен алғаннан кейiн көрсетiлген қаражатты бөлудiң ай сайынғы кестесiн жасайды және тиiстi аудандардың әкімдерiне жеткiзедi;
      - есептi тоқсаннан кейiнгi айдың 15-күнiне дейiн Министрлiкке мемлекеттiк атаулы әлеуметтiк көмек көрсету үшiн көзделген мақсатты трансферттердi пайдалану туралы ақпаратты Ережеге қосымшаға сәйкес ұсынып отырады.

      3. Ақтөбе мен Қызылорда облыстарының әкімдері "Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек туралы" Қазақстан Республикасының Заңына  сәйкес бөлінетін қаражаттың мақсатты пайдаланылуын қамтамасыз етеді.

Ережеге 
қосымша 

___________________________________________________________________
 Аз қамтылған!   Атаулы   !  Атаулы  !Тағайын. !Төленген атаулы
 азаматтардың! әлеуметтік !әлеуметтік!далған   !әлеуметтік көмектің
    саны     !   көмек    ! көмектің !атаулы   !сомасы, оның ішінде
  (барлығы)  ! алушылардың!  орташа  !әлеумет. !мыналардың қаражаты
             !   есепті   !  мөлшері !тік кө.  !есебінен (теңгемен)
             !  кезеңдегі !(теңгемен)!тің сома.!-------------------
             ! саны (адам)!          !сы (тең. !жергілікті!респуб-
             !            !          !гемен)   !бюджеттің !ликалық
             !            !          !         !          !бюджет.
             !            !          !         !          !тің
-------------------------------------------------------------------

     

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады