Қазақстан Республикасы Энертетика және минералдық ресурстар министрлігінің "Мұнай-газ капиталы" мемлекеттiк мекемесiн құру туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 13 наурыздағы N 240 қаулысы

      Оны иелену мен пайдалану құқықтары мұнай-газ жобалары бойынша мердiгерлерге берілуi тиiс мемлекеттiк мүлiктiң бухгалтерлiк есебiн жүргiзудi және мұнай-газ операциялары бойынша шығындар өтелгеннен кейiн мердiгерлер мемлекетке беретiн мүлiктi есепке алуды қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:

      1. Астана қаласында орналасатын Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлiгiнiң "Мұнай-газ капиталы" мемлекеттiк мекемесi (бұдан әрi - Мекеме) құрылсын.

      2. Қазақстан Республикасының Энергетика және минералдық ресурстар министрлiгi заңнамада белгiленген тәртiппен:
      1) Мекеменің жарғысын бекiтсiн және оның Қазақстан Республикасының әдiлет органдарында мемлекеттiк тiркелуiн қамтамасыз етсiн;
      2) осы қаулыны iске асыру жөнiнде өзге де шараларды қабылдасын.

      3. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне мынадай өзгерiс пен толықтырулар енгiзілсiн:
      1) "Қарашығанақ мұнай-газ конденсаты кен орны бойынша өнiмдi бөлу туралы түпкiлiктi келiсiмнің кейбiр мәселелерi туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1997 жылғы 14 қарашадағы N 1568 қаулысы 4-тармағының 1) және 3) тармақшалары алынып тасталсын;
      2) <*>
      3) <*>
       Ескерту. 2)-тармақшаның күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2004.06.01. N 604   қаулысымен .
       Ескерту. 3)-тармақшаның күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2004.10.28. N  1105  қаулысымен.

      4. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады