Қазақстан Республикасы Үкіметінің резервінен қаражат бөлу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 19 наурыздағы N 271 қаулысы

      "2003 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 12 желтоқсандағы Заңына және "Қазақстан Республикасының Үкіметі резервінің қаражатын пайдаланудың тәртібін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 18 қыркүйектегі N 1408 қаулысына сәйкес және материалдық залалды өтеу туралы азаматтық сот ісін жүргізу тәртібімен шығарылған сот шешімдерін орындау үшін Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:

      1. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігіне сот шешімдері бойынша 2003 жылға арналған республикалық бюджетте Қазақстан Республикасы Үкіметінің, орталық мемлекеттік органдар мен олардың аумақтық бөлімшелерінің міндеттемелерін өтеуге көзделген Қазақстан Республикасы Үкіметінің резервінен 2003 жылғы 6 ақпандағы Жамбыл облысы Қордай ауданы сотының Қазақстан Республикасының Үкіметін жауапкер ретінде тану және 1999 жылғы 12 тамыздағы Жамбыл облысы Қордай ауданы сотының шешімін орындауды оған жүктеу туралы ұйғарымын орындау үшін 25 095 891 (жиырма бес миллион тоқсан бес мың сегіз жүз тоқсан бір) теңге бөлінсін.

      2. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі бөлінген қаражаттың мақсатты пайдаланылуын бақылауды жүзеге асырсын.

      3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады