"Қазақстан инжиниринг" (Kazakhstan Engineering) ұлттық компаниясы" ашық акционерлік қоғамының жарғылық капиталын қалыптастыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:
1. Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда министрлiгiне "Қазақстан инжиниринг" (Kazakhstan Engineering) ұлттық компаниясы" ашық акционерлік қоғамының жарғылық капиталын қалыптастыру үшін 2003 жылға арналған республикалық бюджетте табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайларды жоюға және өзге де күтпеген шығыстарға көзделген Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң резервiнен 87200000 (сексен жетi миллион екi жүз мың) теңге бөлiнсiн.
2. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі бөлiнген қаражаттың мақсатты пайдаланылуын бақылауды жүзеге асырсын.
3. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі