"Қазақстан Республикасының кейбiр заң актілерiне кәсіпкерлiк мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Pecпубликасы Заңының жобасы туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 4 сәуірдегі N 324 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:

      "Қазақстан Республикасының кейбiр заң актiлерiне кәсiпкерлiк мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы Қазақстан Республикасының Парламентi Мәжілісінің қарауына енгiзiлсiн.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Жоба 

Қазақстан Республикасының кейбiр заң актiлерiне кәсіпкерлiк мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы

      1-бап. Қазақстан Республикасының кейбiр заң актiлерiне мынадай өзгерiстер мен толықтырулар енгізілсiн:
      1. "Жеке кәсiпкерлікті қорғау және қолдау туралы" Қазақстан Республикасының 1992 жылғы 4 шiлдедегi Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнің Жаршысы 1992 ж., N 16, 424-құжат; 1995 ж., N 20, 120, 121-құжаттар; Қазақстан Республикасы Парламентiнің Жаршысы 1996 ж., N 14, 274-құжат; 1997 ж., N 13-14, 195, 205-құжаттар; 1999 ж., N 23, 931-құжат; 2001 ж., N 8, 52-құжат; N 24, 338-құжат):
      4-бап мынадай мазмұндағы төртiншi тармақпен толықтырылсын:
      "4. Жеке кәсiпкерлiк субъектiлерiне мыналар жатады:
      жеке кәсіпкерлiк субъектiлерi;
      микробизнес (кәсiпкерлiк) субъектiлерi;
      шағын кәсiпкерлік субъектiлерi;
      орта кәсiпкерлiк субъектiлерi;
      iрi бизнес (кәсiпкерлiк) субъектiлерi.
      Қызметкерлердің орташа жылдық саны 10 адамға дейiн, кәсiпкерлiк қызметтi жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалар микробизнес субъектiлерi болып табылады. Микробизнес субъектiлерi шағын кәсiпкерлiктiң құрамына кiредi.
      Қызметкерлердiң орташа жылдық саны 51-ден 250 адамға дейiн және активтердiң жалпы құны бiр жыл iшiнде үш жүз жиырма бес мың еселенген айлық есептік көрсеткiштен аспайтын кәсiпкерлiк қызметпен айналысатын заңды тұлғалар орта кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылады.
      Шағын және жеке кәсiпкерлiктiң жекелеген мәселелерi заң актiлерімен реттеледі.
      2. "Шағын кәсіпкерлікті мемлекеттiк қолдау туралы" Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 19 маусымдағы Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1997 ж., N 12, 182-құжат; 1998 ж., N 17-18, 225-құжат; 1999 ж., N 21, 778-құжат; N 23, 931-құжат; 2001 ж., N 4, 23-құжат; N 8, 52-құжат; N 24, 338-құжат; 2002 ж., N 15, 150-құжат):
      1) 1-баптың төртiншi абзацындағы ", бильярд" деген сөз алынып тасталсын;
      2) 3-бапта:
      4-тармақтағы "және мердiгерлiк шарттары" деген сөздер алынып тасталсын;
      7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "7. Мыналарды жүзеге асыратын ұйымдар шағын кәсiпкерлiк субъектiлерi болып танылмайды:
      есірткі, психотроптық құралдар мен прекурсорлардың айналымымен байланысты қызметті;
      акцизделетін өнiмдер өндiрiсiн және (немесе) көтере сатуды (алтыннан, платинадан, күмiстен жасалған зергерлiк бұйымдар өндiрiсiнен басқа);
      ойын және шоу-бизнес саласындағы қызметтi;
      өнiмдердi, жұмыстарды, қызметтер көрсетудi, процестердi, сапа жүйесiн сертификаттау бойынша қызметтер көрсетумен (сертификаттау жөнiндегi органдар) және сертификаттық сынақтар жүргiзумен (сынақ зертханалары, орталықтары) байланысты қызметтi;
      банктік қызметтi және сақтандыру рыногындағы (сақтандыру агентiнiң қызметiнен басқа) қызметтi;
      бағалы қағаздар рыногындағы кәсiптiк қызметтi.";
      3) 5-бапта:
      төртiншi абзацта:
      "шағын кәсіпкерлік субъектiлерiн мемлекеттiк тiркеудiң" деген сөздерден кейiн "және заңды тұлға болып табылатын шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiн таратудың" деген сөздермен толықтырылсын;
      "олардың өнiмдерiн сертификаттаудың" деген сөздер алынып тасталсын;
      мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
      "шағын кәсiпкерлiк субъектілерiнiң қызметiне мемлекеттiк органдардың тексеру жүргiзу тәртiбiн Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң белгiлеуі.";
      4) 7-бапта:
      1-тармақтың тоғызыншы абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      "мемлекеттік органдар мен олардың лауазымды адамдары жол беретiн шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiнің қызметiн реттейтiн заңнаманы бұзушылық туралы Қазақстан Республикасының Президентi мен Yкiметiн хабар етедi.";
      2-тармақта:
      2) тармақшада:
      үшiншi абзацтағы "бағдарламалардың орындалуын ұйымдастырады" деген сөздер "бағдарламаларды қамтамасыз етедi және олардың сапалы iске асырылуы мен орындалуына жауап бередi" деген сөздермен ауыстырылсын;
      төртiншi абзацтағы "дамытуды жүзеге асырады" деген сөздер "қалыптастыру мен дамытуды қамтамасыз етедi" деген сөздермен ауыстырылсын;
      мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
      "шағын кәсiпкерлiктi қолдауды жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының уәкiлеттi мемлекеттiк органына жергілiктi жерлерде бағдарламалардың iске асырылу барысы туралы есептер және шағын кәсiпкерлiк субъектілерiнің қызметiмен байланысты басқа да ақпаратты ұсынады.";
      5) 9-баптың 7-тармағындағы "коммуналдық" деген сөз "мемлекеттiк" деген сөзбен ауыстырылсын;
      6) 15-бапта:
      2-тармақтың екiншi бөлiгi қазақ тiліндегi мәтiнiнде жетiншi абзацтағы "қатысуға" деген сөзден кейін ";" белгісi қойылып, мынадай мазмұндағы сегiзiншi абзацпен толықтырылсын:
      "қызметiнiң ұйымдастырылуы Қазақстан Республикасының Yкiметi бекiтетiн сараптау кеңестерi туралы үлгi ережелермен айқындалатын орталық және жергiлiктi атқарушы органдар жанындағы шағын және орта кәсіпкерлiкті қолдау мен дамыту мәселелерi жөнiндегi сараптау кеңестерiнiң жұмысына қатысуға".

      2-бап. Осы Заң жарияланған күнiнен бастап қолданысқа енгізiледі.

      Қазақстан Республикасының
      Президентi

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады