"Жалын" республикалық әдеби-көркем журналы" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсiпорнын құру туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 9 сәуірдегі N 341 қаулысы

      Әдеби дәстүрлерді сақтау әрi дамыту, олардың сабақтастығын қамтамасыз ету және жас авторлардың шығармашылық әлеуетiн ашу мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:

      1. Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келiсiм министрлiгiнiң "Жалын" республикалық әдеби-көркем журналы" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсiпорны (бұдан әрi - Кәсiпорын) құрылсын.

      2. Қазақстан Республикасының Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келiсiм министрлiгi Кәсiпорынды мемлекеттiк басқарудың уәкiлеттi органы болып белгiленсiн.

      3. "Жалын" әдеби-көркем журналын шығару үшін Кәсiпорын қызметiнiң негiзгi мәнi өндірiстiк-шаруашылық қызметтi жүзеге асыру, оның iшiнде барлық қажеттi ұйымдастырушылық және материалдық-техникалық жағдайлар жасау болып белгiленсiн.

      4. Қазақстан Республикасының Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келiсiм министрлiгi заңнамада белгiленген тәртіппен бiр ай мерзімде:
      1) Кәсiпорын жарғысын Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Мемлекеттiк мүлiк және жекешелендіру комитетiне бекiтуге енгiзсiн;
      2) Кәсiпорынның әдiлет органдарында мемлекеттік тiркелуiн қамтамасыз етсін;
      3) осы қаулыны iске асыру үшін қажеттi өзге де шаралар қабылдасын.

      5. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 05.08.2013 № 796 қаулысымен.

      6. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енеді.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады