Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2000 жылғы 26 маусымдағы N 942 қаулысына өзгерiстер мен толықтырулар енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 11 сәуірдегі N 350 қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 9 тамыздағы № 920 Қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 9 тамыздағы № 920 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:

      1. "Жекешелендiру объектiлерiн сатудың ережесiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2000 жылғы 26 маусымдағы N 942 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2000 ж., N 27, 317-құжат) мынадай өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлсiн:
      көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Жекешелендiру объектiлерiн сатудың ережесiнде:
      кiрiспесiнде "аукциондар мен тендерлерде" деген сөздер "аукцион, тендер және екi кезеңдi рәсiм арқылы конкурс нысанындағы сауда-саттықта" деген сөздермен ауыстырылсын;
      1-тармақта:
      мынадай мазмұндағы 2-1) тармақшамен толықтырылсын:
      "2-1) "Қаржы кеңесшiсi" - жекешелендiру объектiлерiн сату алдындағы дайындық пен оларды сату жөнiнде консультациялық қызметтер көрсету үшiн екi кезеңдi рәсiм арқылы конкурсты өткiзу кезiнде Сатушы тартатын тұлға;";
      3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      "3) "Жекешелендiру объектiсi" - мүлiктiк кешен ретiндегi мемлекеттік кәсiпорын немесе мемлекеттiк мекеме; жекешелендiрiлуi тұйықталған технологиялық циклдi бұзбайтын мүлiктiк кешен ретiндегi кәсiпорынның өндiрiстiк және өндiрiстiк емес бөлiмшелерi мен құрылымдық бiрлiктерi; кәсiпорынның мүлкi; акциялар; жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiктердiң жарғылық капиталындағы үлестер; Қазақстан Республикасының Yкiметi белгiлеген тәртіппен мемлекеттiк мекемелерге бекiтiлген өзге де мемлекеттiк мүлiк.";
      4) тармақшада "немесе тендерге" деген сөздер ", тендерге немесе eкі кезеңдi рәсім арқылы конкурсқа" деген сөздермен ауыстырылсын;
      5) тармақшада "объектiлерiн сату нысаны" деген сөздер "түрi" деген сөзбен ауыстырылсын;
      6) және 10) тармақшаларда "түрi" деген сөз "нысаны" деген сөзбен ауыстырылсын;
      мынадай мазмұндағы 13-1) тармақшамен толықтырылсын:
      "13-1) "Екi кезеңдi рәсiм арқылы конкурс" - кезең-кезеңдi келiссөздер жүргiзу арқылы қаржы кеңесшiсiнiң қатысуымен Сатушы конкурс жеңiмпазын анықтайтын сауда-саттық нысаны;";
      19) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      "19) "Жеңiмпаз" - жекешелендiру объектiсi үшiн неғұрлым жоғары баға ұсынған аукционға қатысушы; тендерлiк комиссияның қорытындысы бойынша ең жақсы шартты ұсынған тендерге қатысушы; ең жақсы шартты ұсынған екi кезеңдi рәсiм арқылы конкурстың екiншi кезеңiне қатысушы;";
      8-тармақтың 1-1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      "1-1) осы Ереженiң 1-тармағы 11) және 13-1) тармақшаларында көзделген жағдайларды қоспағанда, әрбiр жекешелендiру объектiсi бойынша сауда-саттық нысанын анықтау;";
      10-тармақтың 1) тармақшасы алынып тасталсын;
      15-тармақтың 3) тармақшасында "әрбiр жекешелендiру объектiсiнiң сатылу түрi" деген сөздер "осы Ереженiң 1-тармағы 11) және 13-1) тармақшаларында көзделген жағдайларды қоспағанда, әрбiр жекешелендiру объектiсiнiң сатылу нысандары" деген сөздермен ауыстырылсын;
      21-тармақта "республикалық ресми баспасөзде" деген сөздер "ресми басылымдарда" деген сөздермен ауыстырылсын;
      22-тармақтың 2) тармақшасында "түрi" деген сөз "нысаны" деген сөзбен ауыстырылсын;
      24-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "24. Сауда-саттыққа қатысушыларды тiркеу ақпараттық хабарламалар жарияланған күнiнен бастап жүргiзiледi және аукционның басталуына бiр сағат және тендердiң және/немесе екi кезеңдi рәсім арқылы конкурстың басталуына жиырма төрт сағат қалғанда аяқталады.";
      40-тармақтың 4) тармақшасында "түрiн және" деген сөздер алынып тасталсын;
      мынадай мазмұндағы 5-1-бөлiммен және 54-1, 54-2, 54-3, 54-4, 54-5-тармақтармен толықтырылсын:
      "5-1. Екi кезеңді рәсiм арқылы конкурс
      54-1. Екi кезеңдi рәсiм арқылы конкурс жекешелендiру бағасының басымдығын және/немесе өзге де шарттарын айқындайтын Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң шешiмi бойынша қаржы кеңесшiсiнiң қатысуымен өткізіледi.
      54-2. Екі кезеңдi рәсiм арқылы конкурс мынадай іс-шаралар жоспарын қамтиды:
      1) Қазақстан Республикасының мемлекеттiк сатып алу туралы заңнамасында белгiленген тәртiппен қаржы кеңесшiсiн тарту;
      2) жекешелендiру объектiн жан-жақты талдау, оның құнын бағалау және ықтимал сатып алушылар (инвесторлар) үшiн жекешелендiру объектісі туралы ақпараттық дерекқорды қалыптастыpу;
      3) Сатушының жекешелендiру объектiсiн сату туралы хабарламаны ресми басылымдарда мемлекеттiк және орыс тiлдерiнде жариялауы, сондай-ақ қаржы кеңесшiсiнiң ықтимал сатып aлушыларға (инвесторларға) сату туралы ұсыныстар жiберуi;
      4) қаржы кеңесшiсiнiң ықтимал сатып алушылардың (инвесторлардың) ұсыныстарын қамтитын өтiнiмдер тiзбесiн қалыптастыруы;
      5) Сатушының қаржы кеңесшiсiнiң қатысуымен келiссөздер барысында ең жақсы ұсыныстар (конкурстың бiрiншi кезеңi) ұсынған кемiнде екi ықтимал сатып алушыны (инвесторды) анықтау мақсатында өтiнiмдер тiзбесi бойынша ықтимал сатып алушылармен (инвесторлармен) келiссөздер жүргiзуi;
      6) Сатушының қаржы кеңесшiсiнiң қатысуымен бұрын ұсынылған шарттарды жақсарту мәнiне бiрiншi кезеңнiң жеңiмпаздарымен келiссөздер жүргiзуi (екiншi кезең).
      54-3. Сатушы, қаржы кеңесшiсi және екi кезеңдi рәсiм арқылы конкурстың барлық қатысушылары келiссөздiң әрбiр кезеңiнiң өткiзiлу қорытындылары бойынша оның нәтижелерi туралы хаттамаға қол қояды.
      54-4. Екi кезеңді рәсiм арқылы конкурстың екiншi кезеңi барысында ең жақсы шарттарды ұсынған ықтимал сатып алушы (инвестор) екi кезеңдi рәсiм арқылы конкурстың жеңiмпазы болып танылады.
      54-5. Екi кезеңдi рәсiм арқылы конкурстың Жеңiмпазы сатып алу-сату шартына Сатушы белгiлеген мерзiмде қол қоюдан бас тартқан немесе жалтарған жағдайда, сатып алу-сату шартына ұсынысы Жеңiмпаздың ұсынысынан кейiн ең жақсы деп танылған ықтимал сатып алушы (инвестор) қолын қояды.".

      2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады