"Жалпыға бiрдей әскери мiндеттiлiк және әскери қызмет туралы" Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 19 қаңтардағы Заңының 17-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Yкiметi қаулы етеді:
1. Қосымшаға сәйкес офицерлiк құрамның лауазымдарында әскери қызмет өткеру үшiн әскери қызметке жарамды және оны өткермеген запастағы офицерлер заңнамада белгіленген тәртiппен 2003 жылы үш жыл мерзiмге әскери қызметке шақырылсын.
2. Осы қаулы жарияланған күнiнен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Қазақстан Республикасы
Yкiметiнiң
2003 жылға 11 сәуiрдегi
N 352 қаулысына
қосымша
2003 жылы әскери қызметке шақырылуға тиiстi әскери есепке
алу мамандықтары бойынша запастағы офицерлердiң саны
------------------------------------------------------------------
Р/с! Әскери есепке алу мамандығы ! Саны
N ! !
------------------------------------------------------------------
Офицер
1 мотоатқыштар әскерлерi 30
2 артиллерист 30
3 радиотехникалық және әуе қорғанысы 58
әскерлерi
4 әскери әуe күштерi 6
5 автомобиль әскерлерi 7
6 байланыс 7
7 бронетанк қызметi 1
8 медицина қызметi 28
9 тәрбие және құқықтық жұмыс бойынша 39
10 Қазақстан Республикасының Қарулы
Күштерi әскери полициясы үшiн заңгер 25
11 Қазақстан Республикасының әскери
прокуратурасы үшін заңгер 30
12 Қазақстан Республикасының Ішкi iстер
министрлiгiнiң әскери полициясы үшiн
заңгер 25
13 Қазақстан Республикасының Ұлттық
Қауіпсіздік комитетiнiң Шекара қызметi 150
14 Қазақстан Республикасының Төтенше
жағдайлар жөнiндегi агенттiгi 22
БАРЛЫҒЫ 458
------------------------------------------------------------------