Тұрғын үй құрылыс жинақ банкін құру туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 16 сәуірдегі N 364 қаулысы

      Тұрғын үй құрылысын ұзақ мерзiмдi қаржыландыруды одан әрi жетілдіру мен оның тиімділiгiн арттыру және ипотекалық кредит беру жүйесін дамыту мақсатында Қазақстан Республикасының Yкiметi қаулы етеді:

      1. Жарғылық капиталына мемлекет 100 пайыз қатысатын "Қазақстанның Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі" акционерлік қоғамы (бұдан әрі - Банк) құрылсын.

      2. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi заңнамада белгiленген тәртiппен 1 500 000 000 (бір миллиард бес жүз миллион) теңге мөлшерiнде республикалық бюджеттің қаражаты есебiнен Банктің жарғылық капиталын қалыптастыруды қамтамасыз етсін. <*>
      Ескерту. 2-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2003.07.28. N 754 қаулысымен .

      3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнің Мемлекеттiк мүлiк және жекешелендiру комитетi заңнамада белгiленген тәртiппен:
      1) банктің жарғысын бекiтсiн және оның әдiлет органдарында мемлекеттiк тiркелуiн қамтамасыз етсін;
      2) Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгiне Банк акцияларының мемлекеттік пакетiне иелік ету және пайдалану құқықтарын берсiн;
      3) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.

      4. Қазақстан Республикасы Үкiметiнің кейбiр шешiмдерiне мынадай толықтырулар енгізілсін:
      1) "Акциялардың мемлекеттiк пакеттеріне мемлекеттік меншіктің түрлерi және ұйымдарға қатысудың мемлекеттiк үлестерi туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1999 жылғы 12 сәуiрдегi N 405 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1999 ж., N 13, 124-құжат):
      көрсетiлген қаулымен бекiтiлген акцияларының мемлекеттiк пакеттерi мен үлестерi республикалық меншiкке жатқызылған акционерлiк қоғамдар мен шаруашылық серіктестіктердің тiзбесiнде:
      "Алматы қаласы" деген бөлiм мынадай мазмұндағы реттiк нөмiрi 123-83-жолмен толықтырылсын:
      "123-83. "Қазақстанның Тұрғын үй құрылыс жинақ банкi" AҚ";
      2) "Республикалық меншіктегі ұйымдар акцияларының мемлекеттiк пакеттерi мен мемлекеттiк үлестерiне иелiк ету және пайдалану жөнiндегi құқықтарды беру туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметінің 1999 жылғы 27 мамырдағы N 659 қаулысына :
      көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Иелiк ету және пайдалану құқығы салалық министрліктерге, өзге де мемлекеттiк органдарға берiлетiн республикалық меншiк ұйымдарындағы акциялардың мемлекеттiк пакеттерінің және қатысудың мемлекеттiк үлестерінің тiзбесінде:
      "Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгiне" деген бөлiм мынадай мазмұндағы реттiк нөмiрi 217-4-жолмен толықтырылсын:
      "217-4. "Қазақстанның Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі" АҚ".

      5. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бiрiншi орынбасары А.С.Павловқа жүктелсін.

      6. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады