Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:
"Стратегиялық маңызы бар экономика салаларындағы меншiктiң мемлекеттiк мониторингi туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы Қазақстан Республикасының Парламентi Мәжiлiсiнiң қарауына енгiзiлсiн.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Жоба
Қазақстан Республикасының Заңы Стратегиялық маңызы бар экономика салаларындағы меншіктің мемлекеттiк мониторингi туралы
Осы Заң стратегиялық маңызы бар экономика саласындағы жеке меншiктiң мемлекеттiк мониторингiн жүзеге асыру процесiнде туындайтын қоғамдық қарым-қатынастарды реттейдi, сондай-ақ оны жүргiзудiң негiздерi мен шарттарын анықтайды.
1-таpaу. Жалпы ережелер
1-бап. Жеке меншiктiң мемлекеттiк мониторингi
1. Стратегиялық маңызы бар экономика саласындағы жеке меншiктiң мемлекеттiк мониторингi (бұдан әрi - меншiктiң мемлекеттiк мониторингi) - жеке меншiк қарым-қатынастарын реформалау, экономиканы және жекешелендiрудi мемлекет иелiгiнен алу бiрыңғай мемлекеттiк саясатының бiрыңғай негiзгi құрамы.
2. Жеке меншiктiң мемлекеттiк мониторингi тұрақты экономикалық дамуды болжамдау және реттеу жүйесiнiң элементi болып табылады, елiмiздiң экономикалық қауiпсiздiгiн қамтамасыз етудiң ақпараттық-талдау функцияларын орындайды.
3. Жеке меншiктiң мемлекеттiк мониторингi шаруашылық субъектiлердiң қызметiн тексеру мақсатының соңына түспейдi.
2-бап. Осы Заңда қолданылатын негiзгi ұғымдар
Осы Заңда мынадай негiзгi ұғымдар қолданылады:
1) мемлекеттiк экономикалық саясат - елiмiзде экономикалық өнiмдi өндiру, бөлу, айырбастау, тұтыну, жинақтау, экспорттау, импорттау саласында мемлекет жүргiзетiн шаралардың жиынтығы;
2) жеке меншiктiң мемлекеттiк мониторингi - стратегиялық маңызы бар экономика саласындағы жеке меншiк объектiлерiнiң жеке меншiк және тиiмдi басқару құрылымын бақылау, ақпарат алу, талдау, бағалау және болжамдау;
3) мониторинг объектiлерi - стратегиялық маңызы бар экономика салаларындағы меншiктiң мемлекеттiк объектiлерi және жекешелендiрiлген объектiлер;
4) стратегиялық маңызы бар экономика салалары - отын- энергетикалық пайдалы қазбалар (көмiр, газ, мұнай, уран) мен метал кенiштерiн өндiру және қайта өңдеу, машина жасау, химия өнеркәсiбi, көлiк және байланыс, электроэнергия өндiрiсi және үлестiру, сондай-ақ әскери-өнеркәсiптiк тағайындалымдағы өкiмдердi өндiретiн салалар;
5) әлеуметтiк-экономикалық болжамдау - экономикалық үрдiстiң негiзгi көрсеткiштерiнiң мүмкiн болар бет алысын (экономикалық өсу қарқынын, құрылымдық қозғалыстарды, инфляцияларды, ұдайы өндiрудiң тиiмдiлiгiн), келешектегi - қысқа мерзiмдi, орта мерзiмдi, ұзақ мерзiмдi кезеңге ғылыми-техникалық, әлеуметтiк және экологиялық дамуды алдын алу;
6) уәкiлеттi мемлекеттiк орган - берiлген өкiлеттiктер шегiнде мемлекеттiк мониторинг жүргiзу жөнiндегi функцияларды жүзеге асыратын мемлекеттiк орган;
7) жеке меншiктi басқару - жеке меншiкке иелену, пайдалану, билiк ету өкілеттіктерін жүзеге асыру;
8) ұйымды басқару - ұйымның мақсаттарын қалыптастыру мен қол жеткiзу үшiн қажеттi, жоспарлау, ұйымдастыру, уәждемелеу мен бақылауды қамтитын iс-қимылдардың кешенi;
9) экономикалық тиiмдiлiк - жұмсалған ресурстарға алынған нәтиженiң ара қатынасымен сипатталатын экономикалық қызметтiң бағалауыш көрсеткiштерi;
10) басқару тиiмдiлiгi - стратегиялық маңызы бар Қазақстан Республикасының экономика салаларында жеке меншiктi басқару мақсаттары мен нәтижелерiнiң арасындағы ара қатынасты сипаттайтын көрсеткiштер.
3-бап. Қазақстан Республикасының жеке меншiктiң мемлекеттiк мониторингi саласындағы заңнамасы
1. Қазақстан Республикасының жеке меншiктiң мемлекеттiк мониторингi аясындағы заңнамасы Қазақстан Республикасының Конституциясына негiзделедi және осы Заңнан және Қазақстан Республикасының басқа да нормативтiк құқықтық актiлерден тұрады.
2. Егер Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шартта осы Заңда қамтылғаннан басқа өзге де ережелер белгiленсе, онда халықаралық шарттың ережесi қолданылады.
4-бап. Жеке меншiк мемлекеттiк мониторингiнiң мақсаттары мен мiндеттерi
1. Жеке меншiктiң мемлекеттiк мониторингiнiң мақсаттары Қазақстан Республикасының экономикалық дамуы мен экономикалық қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету болып табылады.
2. Мемлекеттiк мониторингтiң мiндеттерi:
1) стратегиялық маңызы бар мемлекеттiк меншiктiң объектiлерiн және жекешелендiрiлген объектiлердi тиiмдi басқаруды арттыру;
2) стратегиялық маңызы бар экономика салаларындағы жеке меншiктiң құрылымын оңтайландыру;
3) мемлекеттiң экономикалық өсуiн, экономикаға болуы мүмкiн терiс факторлар әсерiнiң барынша төмендеуін қамтамасыз ету үшiн қолайлы жағдайлар жасау, инвестициялардың ұлттық экономикаға ағынына ықпал ету;
4) елдiң ресурстық-энергетикалық негiзiн сақтау және нығайту, стратегиялық ресурстардың пайдаланылуына мемлекеттiк бақылаудың тиiмдiлiгiн арттыру;
5) уәкiлеттiк берiлген мемлекеттiк органның, орталық атқарушы органдардың немесе жеке меншiгiнде немесе басқаруында тексерiлетiн ұйымдары бар тұлғалардың бiрлескен бағдарламалар мен жекелеген кәсiпорындардың және/немесе экономика салалары қызметiнiң тиiмдiлiгiн арттыру жөнiндегi шараларды жүзеге асыру;
6) мемлекеттiк басқаруда тұрақты жаңарып отыратын экономикалық ақпараттың негiзiнде болжамдаудың рөлiн күшейту, экономикалық болжамдардың шынайылығын, экономикалық саясаттың ғылыми негiздемесiн қамтамасыз ету үшiн жеке меншiктiң мемлекеттiк мониторингiнiң деректерiн пайдалану;
7) мемлекеттiң әлеуметтiк-экономикалық саясатының мiндеттерiне қол жеткiзуге бағытталған макроэкономикалық, салалық және аймақтық жоспарлауды ақпараттық қамтамасыз ету;
8) мемлекеттiң өндiрiстiк, құрылымдық, институционалдық, салықтық, қаржылық, бағалық саясатын қалыптастыру, түзету және iске асыру кезiнде меншiктiң мемлекеттiк мониторингiнiң деректерiн пайдалану;
9) мемлекеттiң экономикалық қауiпсiздiгiне нұқсан келтiретiн оқиғаларды алдын алу, экологиялық, өндiрiстiк және техногендiк апаттарды болдырмау;
10) экономиканың стратегиялық маңызы бар салаларында жекешелендiрiлген объектiлердi жекешелендiруден кейiнгi қолдау;
11) мемлекеттiк иелiктен алу, жекешелендiру, монополиясыздандыру процестерiн ақпараттық-талдамалы қамтамасыз ету болып табылады.
5-бап. Жеке меншіктiң мемлекеттік мониторингiн жүргiзу саласындағы басқару органдары
1. Мемлекеттiк мониторингтi жүргiзу аясында басқару органдары болып Қазақстан Республикасының Үкiметi және олар анықтайтын мониторингтi жүргiзу жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттiк орган табылады.
2. Өз қызметiнде мониторингтi жүргiзу жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттiк орган мемлекеттiк органдармен, заңды және жеке тұлғалармен, тәуелсiз сарапшылармен және кеңесшiлермен өзара әрекет етедi.
6-бап. Жеке меншiктiң мемлекеттiк мониторингiнiң принциптерi
Жеке меншiктiң мемлекеттiк мониторингiнiң принциптерi:
1) жеке меншiктiң мемлекеттiк мониторингiн жүргiзу жөнiндегi қызметтi жүзеге асыру кезiнде заңдылығын сақтау;
2) жүргiзiлетiн қадағалаулардың, зерделеудiң, талдаудың және бағалаудың жинақтығы, мерзiмдiлiгi, жүйелiлiгi, объективтiлiгi, шынайылығы және жетiмдiлiгі;
3) тәуелсiз сараптау бағалауларының әдiсiн пайдалануды қоса алғанда мониторинг объектiлерiн зерттеудiң түрлi әдiстерiнiң ұқсастығы болып табылады.
7-бап. Жеке меншiктiң мемлекеттiк мониторингi түрлерi
Жеке меншiктiң мемлекеттiк мониторингiнiң түрлерi болып мыналар табылады:
1) стратегиялық маңызы бар экономика салаларындағы жеке меншiк нысандары құрылымының мониторингi.
Жеке меншiк нысандары құрылымының мониторингi стратегиялық маңызы бар экономика салаларындағы мемлекеттiк және жеке, ұлттық және шетелдiк жеке меншiктiң ара қатынасының процесстерiн, заңды тұлғалардың түрлi ұйымдастыру-құқықтық нысандарын iрiктеуге, сондай-ақ жеке меншiк нысандарының құрылымын оңтайландыруға бағытталған;
2) стратегиялық маңызы бар экономика салаларындағы мемлекеттiк меншiк объектiлерiн басқару тиiмдiлiгiнiң мониторингi.
Мемлекеттiк меншiк объектiлерiн басқару тиiмдiлiгiнiң мониторингi мемлекеттiң меншiк құқығының субъектiсi ретiндегi құқықтылықтарын пайдалануға негiзделген және стратегиялық маңызы бар экономика салаларындағы мемлекеттiк сектордың жұмыс iстеу тиiмдiлiгiн арттыруға бағытталған;
3) стратегиялық маңызы бар экономика салаларындағы жекешелендiрiлген объектiлердi басқару тиiмдiлiгiнiң мониторингi.
Жекешелендiрiлген объектiлердi басқару тиiмдiлiгiнiң мониторингi мемлекет иелiгiнен айыру және жекешелендiрудiң мемлекеттiк саясатын iске асыру, мемлекеттiң экономикалық қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету мақсатында жүзеге асырылады. Мониторинг сатып алушылардың қабылдаған инвестициялық және өзге мiндеттемелерiн сөзсiз орындаумен жекешелендiру мәмiлелерiн аяқтауға, мемлекеттiң өнеркәсiптiк әлеуетiн сақтауға және нығайтуға және оның өндiрiстiк күштерiн дамытуға бағытталған.
8-бап. Мемлекеттiк меншiк объектiлерi мен жекешелендiрiлген объектiлердi басқару тиiмдiлiгінiң мониторингі
1. Мемлекеттiк меншiк объектiлерiн басқарудың тиiмдiлiгi мониторингi мыналарға:
1) мемлекеттiк кәсiпорындар мен мекемелерге;
2) қатысу үлестерi мемлекетке тиесiлi заңды тұлғаларға;
3) мемлекеттiк меншiк болып табылатын, оның iшiнде сенiмдi басқарудағы, жалға берудегi мүлiктiң барлық түрлерiне қатысты жүзеге асырылады.
2. Жекешелендiрiлген объектiлердi басқару тиiмдiлiгiнiң мониторингi мемлекет иелiгiнен алу және жекешелендiру рәсiмдерiне ұшыраған бұрын мемлекеттiк меншiкте болған стратегиялық маңызы бар экономика салаларының кәсiпорындарына қатысты жүзеге асырылады.
9-бап. Жеке меншiктiң мемлекеттiк мониторингiнiң қатысушылары
Мыналар мемлекеттiк мониторингтiң қатысушылары болып табылады:
1) уәкiлеттi мемлекеттiк орган;
2) орталық және атқарушы органдар;
3) жеке меншiгiнде не басқаруында мониторинг объектiлерi бар тұлғалар;
4) мониторингтi жүргiзуге заңнамада белгiленген тәртiппен уәкiлеттi мемлекеттiк орган тартатын консалтингтiк қызметтердi көрсету саласында маманданатын ұйымдар, тәуелсiз сарапшылар мен консультанттар.
10-бап. Шетелдiк кәсiпорындар мен шетелдiк қатысуы бар кәсiпорындарға қатысты жеке меншiктiң мемлекеттiк мониторингiн жүзеге асыру
1. Стратегиялық маңызы бар экономика салаларында шетелдiк кәсiпорындар мен шетелдiк қатысуы бар кәсiпорындарға қатысты жеке меншiктiң мемлекеттiк мониторингiн жүзеге асыру Қазақстан Республикасының заңды және жеке тұлғаларына тиесiлi меншiк объектiлерiне қатысты шарттарды және тәртiппен жүргiзiледi.
2. Меншiктiң мемлекеттiк мониторингiн жүзеге асыру кезiнде Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен шетелдiк инвесторларға берiлген кепiлдiктердi сақтау қамтамасыз етiледi.
11-бап. Жеке меншiктiң мемлекеттiк мониторингiнiң мазмұны мен мәнi
1. Жеке меншiктiң мемлекеттiк мониторингiнiң мазмұнын мыналар құрайды:
1) мониторинг объектiлерiн басқарудың жағдайы мен тиiмдiлiгiн бақылaу;
2) мониторинг мәнi жөнiндегi ақпаратты мерзiмдi жинау;
3) мониторинг объектiлерiнiң әлеуметтiк-экономикалық, қаржылық, құқықтық, технологиялық, өндiрiстiк-техникалық, экологиялық жай-күйiн талдау;
4) мониторинг объектiлерiн басқару тиiмдiлiгiнiң тiкелей зерттеу және бағалау;
5) стратегиялық маңызы бар экономика салаларының, аймақтар мен республика экономикасының дамуына мониторинг объектiлерi қызметiнiң әсерiн бағалау және болжау;
6) уәкiлеттi мемлекеттiк органның, орталық атқарушы органдардың, сондай-ақ меншiгiнде не басқаруында мониторинг объектiлерi бар тұлғалардың жекелеген кәсiпорындар мен/немесе экономика салаларының қызмет тиiмдiлiгiн арттыруға бағытталған бiрлескен шараларды әзiрлеуi.
2. Жеке меншiктiң мемлекеттiк мониторингiнiң мәнiне мынадай мәселелер жатады:
1) өндiрiстiң серпiнi мен құрылымы;
2) мониторинг объектiлерiнiң қаржылық және экономикалық жай-күйi, экономикалық қатынастардың серпiнi;
3) мониторинг объектiлерiнiң негiзгi қорларының жай-күйi, өндiрiске алдыңғы технологияларды енгiзу;
4) инвестициялық қызмет;
5) қоршаған ортаны қорғау және табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану;
6) еңбек ресурстарын пайдалану;
7) мониторинг объектiлерiнiң мәртебесi мен жұмыс iстеуiне жататын құқықтық мәселелер.
12-бап. Жеке меншiктiң мемлекеттiк мониторингiн жүзеге асыру кезiндегi кепiлдiктер
Жеке меншiктiң мемлекеттiк мониторингiн жүзеге асыру кезiнде мыналар:
жеке меншiкке қол сұғылмаушылыққа;
жедел басқаруға және өндiрiстiк-шаруашылық қызметке араласпаушылыққа;
мониторинг объектiлерiнiң ағымдағы қызметiнiң бұзылуын жiбермеу;
мемлекеттiк құпияларға жатқызылған және/немесе заңмен қорғалатын құпия мәнi болып табылатын және зерттеу барысында жария болған деректердiң құпиялығын сақтауға;
қолданылып жүрген заңдармен берiлген басқа кепiлдiктер мен құқықтардың сақталуына кепiлдiк берiледi.
2-тарау. Қазақстан Республикасының мемлекеттiк мониторинг саласындағы мемлекеттiк органдарының құзыретi
13-бап. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң жеке меншiктiң мемлекеттiк мониторингi саласындағы құзыретi
Қазақстан Республикасының Үкiметi:
1) жеке меншiктiң мемлекеттiк мониторингiн жүргiзуге уәкiлеттi мемлекеттiк органды анықтайды;
2) уәкiлеттi органның ұсынымы бойынша оларға қатысты басқару тиiмдiлiгiнiң мониторингi жүзеге асырылатын стратегиялық маңызы бар экономика саласының жекешелендiрiлген кәсiпорындардың тiзбесiн бекiтедi;
3) мемлекеттiк әлеуметтiк-экономикалық саясатты әзiрлеу және түзету кезiнде меншiктiң мемлекеттiк мониторингiнiң деректерiн пайдаланады;
4) мониторинг объектiлерiн зерттеу нәтижелерi бойынша экономикалық, қаржылық, салықтық және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген стратегиялық маңызы бар экономика салаларындағы кәсiпорындардың экономикалық тиiмдiлiгiн сақтауға, сауықтыруға және арттыруға бағытталған өзге де шараларды пайдаланады;
5) стратегиялық маңызы бар экономика саларында жеке меншiк құрылымын оңтайландыру үшiн жеке меншiктiң мемлекеттiк мониторингiнiң деректерiн пайдаланады.
14-бап. Жеке меншiктiң мемлекеттiк мониторингi саласындағы уәкiлеттi мемлекеттiк органның құзыретi
Меншiктiң мемлекеттiк мониторингi саласындағы уәкiлеттi мемлекеттiк орган:
1) оларға қатысты басқару тиiмдiлiгiнiң мониторингi жүзеге асырылатын стратегиялық маңызы бар экономика салаларындағы мемлекеттiк меншiк объектiлерiнiң тiзбесiн анықтайды;
2) оларға қатысты басқару тиiмдiлiгiнiң мониторингi жүзеге асырылатын стратегиялық маңызы бар экономика салаларындағы жекешелендiрiлген кәсiпорындардың тiзбесiн бекiтуге Қазақстан Республикасының Үкiметiне енгiзедi;
3) сенiмдi және объективтi талдау жүргiзу үшiн жеке меншiктiң мемлекеттiк мониторингiнiң мәнi және өзге де өлшемдерi жөнiндегi ақпаратты сұратады және алады;
4) стратегиялық маңызы бар экономика салаларындағы болған өзгерiстердi және өндiрушi күштердiң даму болжамын талдау мақсатында негiзгi өндiрiстiк-техникалық, технологиялық, қаржы-экономикалық, құқықтық және өзге өлшемдерi бойынша мониторинг объектiлерiн iрiктейдi;
5) стратегиялық маңызы бар экономика салаларында жеке меншiк нысандарының құрылымын оңтайландыруға қажеттiлiктi анықтайды;
6) жеке меншiктiң мемлекеттiк мониторингiн жүргiзу жөнiндегi жұмыстарды әдiстемелiк қамтамасыз етудi және үйлестiрудi жүзеге асырады;
7) өз құзыретiнiң шегiнде меншiктiң мемлекеттік мониторингін жүзеге асыру саласында нормативтiк құқықтық актiлердi қабылдайды;
8) меншiктiң мемлекеттiк мониторингiн жүргiзудiң жоспары мен бағдарламасын бекiтедi;
9) жеке меншiктiң мемлекеттiк мониторингiнiң мәнi жөніндегі ақпаратты жинау мен талдауды жүзеге асыра отырып, мониторинг объектiлерiнiң жүйелiк зерттеулерiн өткiзудi ұйымдастырады;
10) өнеркәсiптiк әлуеттi сақтауға және нығайтуға терiс әсер ететін факторларды уақытылы анықтау мақсатында мониторингтiң мәнi жөнiндегi ақпаратты, елдiң және аймақтар экономикасының ресурстық-энергетикалық негiзiн, бiрыңғай коммуникациялық және энергетикалық жүйелердi талдауды жүзеге асырады; экономика саласында терiс процестердiң алдын алу және болдырмау жөнiндегi ұсыныстарды әзiрлейдi және Қазақстан Республикасының Yкiметiне ұсынады;
11) мемлекеттік мониторинг жөнiндегi жұмыстарды жүргiзу үшін мемлекеттiк бюджеттiк қаржы бөлулердiң көлемiн негiздейдi;
12) мониторинг объектiлерiн тiкелей зерттеуге, мониторинг мәнiне жатқызылатын ақпаратты жинау мен талдауға қатысу үшiн орталық және жергiлiктi атқарушы органдардың өкiлдерiн тартуға құқылы;
13) Қазақстан Республикасының орталық және мемлекеттiк атқарушы органдарынан, сондай-ақ мониторинг объектiлерiнен жеке меншiктiң мемлекеттiк мониторингiн жүзеге асыру үшiн қажеттi құжаттар мен мәлiметтердi сұратады және алады;
14) қолданыстағы заңнамаға сәйкес олардың қызметін сатып алуды жүргiзе отырып мониторинг объектiлерiн зерттеу, ақпаратты жинау және талдау, тәуелсiз сарапшылардың және консультанттардың ұсыныстарын әзiрлеу жөнiндегi жұмыстарды жүргізу үшін тартады;
15) танысу үшiн ұсынылатын ақпаратты зерттеу және тiзбесiн жүргізу тапсырылған тұлғаны көрсете отырып зерттеудi жүргiзу туралы мониторинг объектiсiнiң басшыларын хабардар етедi;
16) Қазақстан Республикасының Үкiметiне, сондай-ақ мүдделi министрлiктерге, ведомстволарға, агенттiктерге және өзге де мемлекеттiк органдарға меншiктiң мемлекеттiк мониторингiнiң нәтижелерi жөнiнде талдап қорытылған талдамалы жазбалар, даму болжамдары мен ұсыныстарды мерзiмдi ұсынады;
17) мониторинг объектiлерiн зерттеу нәтижелерiмен осы объектiлер бар меншiктегi немесе басқармадағы тұлғаларды таныстырады;
18) қажет болған жағдайда орталық атқарушы органдармен мониторингтiң объектiлерi бар меншiктегi немесе басқармадағы тұлғаларымен кәсiпорынның экономикалық тиiмдiлiгiн арттыруға бағытталған шараларды әзiрлейдi;
19) жеке меншiктiң мемлекеттiк мониторингiнiң бiрыңғай республикалық деректер базасын жүргiзедi.
15-бап. Жеке меншiктiң мемлекеттiк мониторингi саласында орталық және жергiлiктi атқарушы органдардың құзыретi
Орталық және мемлекеттiк атқарушы органдар өз құзыретiнiң шегiнде:
1) жеке меншiк мемлекеттiк мониторингiн жүзеге асыру үшiн қажеттi ақпаратты уәкiлеттi мемлекеттiк органға ұсынады;
2) уәкiлеттi мемлекеттiк органның бастамасы бойынша мониторинг объектiлерiн тiкелей зерттеуге, жеке меншiк мемлекеттiк мониторинг мәнiне жататын ақпаратты жинау және талдауға қатысу үшiн тартады;
3) әлеуметтiк-экономикалық процестердi басқару жөнiндегi функцияларды жүзеге асыру үшiн меншiктiң мемлекеттiк мониторингiнiң деректерiн пайдаланады;
4) мемлекеттiк меншiк және оларға қатысты басқару тиiмдiлiгiнiң мониторингi жүргiзiлетiн стратегиялық маңызы бар экономика салаларының жекешелендiрiлген кәсiпорындар объектiлерiнiң тiзбесiн анықтауға қатысады;
5) жеке меншiктiң мемлекеттiк мониторингiнiң нәтижелерi бойынша Қазақстан Республикасының Үкiметiне мемлекеттiк әлеуметтiк-экономикалық саясатты өңдеу және түзету жөнiнде, стратегиялық маңызы бар экономика салаларында жеке меншiк нысандарының құрылымын оңтайландыру жөнiнде ұсыныстар енгiзедi.
3-тарау. Жеке меншiктiң мемлекеттiк мониторингiн енгiзудi ұйымдастыру
16-бап. Тәуелсiз сарапшылар мен консультанттардың мiндеттерi мен құқықтары
1. Жеке меншiктiң мемлекеттiк мониторингiн енгiзу жөнiндегi жұмыстардың жекелеген түрлерiн opындay үшiн тартылатын тәуелсiз сарапшылар мен консультанттардың құқықтары мен мiндеттерi осы жұмысты жүргiзуде тиiстi бiлiмi мен тәжiрибесi бар құқықтық, қаржылық-экономикалық, техникалық және технологиялық талдау саласындағы қорытындылар мен нұсқаулықтарды зерттеу, консультациялау, өңдеу жөнiнде кәсiби қызметтi жүзеге асыратын заңды және жеке тұлғалар болып табылады.
2. Жеке меншiктiң мемлекеттiк мониторингiн енгiзу жөнiндегi жұмыстардың жекелеген түрлерiн орындау үшiн тартылатын тәуелсiз сарапшылар мен консультанттар:
1) кешендi, әдiл және сапалы талдау жүргiзудi, дәлелденген есеп пен қорытындыны уақтылы дайындауды қамтамасыз етуге;
2) мемлекеттiк мониторинг туралы заңнаманың талаптарын сақтауға;
3) оларға берiлген құжаттар мен материалдардың сақталуын қамтамасыз етуге;
4) заңмен қорғалатын құпияларды қамтитын құпия мәлiметтердi, деректердi таратуға жол бермеуге мiндеттi.
3. Жеке меншiктiң мемлекеттiк мониторингiн енгiзу жөнiндегі жұмыстардың жекелеген түрлерiн орындау үшiн тартылатын тәуелсiз сарапшылар мен консультанттар:
1) мониторинг жоспары мен бағдарламасына сәйкес мониторинг объектiлерiн тiкелей зерттеуге;
2) жеке меншiктiң мемлекеттiк мониторингiн жүзеге асыру үшiн қажеттi құжаттамаға қол жеткiзуге;
3) мониторинг объектiсi туралы қажеттi ақпаратты сұратуға және алуға құқығы бар.
4. Жеке меншiктiң мемлекеттiк мониторингiн жүргiзуге тартылған тәуелсiз сарапшылар мен консультанттардың өзге де мiндеттерi мен құқықтары уәкiлеттi мемлекеттiк органмен жасалған шарт талаптарымен анықталады.
17-бап. Тәуелсiз сарапшылар мен консультанттардың жауапкершiлiгi
Меншiктiң мемлекеттiк мониторингi туралы заңнаманы, сондай-ақ уәкiлеттi мемлекеттiк органмен шарт талаптарын бұзғаны үшiн тәуелсіз сарапшылар мен консультанттар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауапкершiлiк алады.
18-бап. Қызметi мониторингтiң мәнi болып табылатын шаруашылық жүргiзушi субъектiлердiң мiндеттерi мен құқықтары
1. Оларға қатысты меншiктiң мемлекеттiк мониторингi жүзеге асырылатын шаруашылық жүргiзушi субъектiлерi сенiмдi және әдiл талдау үшiн қажеттi ақпаратты тиiстi өкiлеттiктерi бар уәкiлеттi мемлекеттiк органға және/немесе оның сенiмдi тұлғаларына ұсынады.
2. Шаруашылық жүргiзушi субъектiлер жеке меншiктiң мемлекеттiк мониторингiн жүзеге асыратын тұлғаларға жеке меншiктiң тексерiлетiн объектiлерiне кiру рұқсатын қамтамасыз етуге мiндеттi және осы тұлғалардың заңды қызметiне кедергi жасамауы тиiс.
3. Шаруашылық жүргiзушi субъектiлер:
1) мониторинг объектiлерiне қатысты жазбаша немесе ауызша түсiндiрмелер, ескертулер мен ұсыныстарды беруге;
2) мониторинг объектiлерiн тексеру нәтижелерi бойынша алдын-ала және түпкiлiктi қорытындылармен танысуға;
3) меншiктiң мемлекеттiк мониторингiн жүзеге асыру кезiнде Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiпте уәкiлеттi мемлекеттiк орган, тәуелсiз сарапшылар мен консультанттардың iс-әрекетiне шағым беруге құқығы бар.
19-бап. Мемлекеттiк мониторингтік электрондық деректер қоры
1. Жеке меншiк мемлекеттiк мониторингтiң электрондық деректер қоры мониторинг объектiлерi туралы қысқаша құқықтық, техникалық және экономикалық ақпаратты қамтиды. Оны жүргiзудi уәкiлеттi мемлекеттiк орган жүзеге асырады.
2. Жеке және заңды тұлғалар туралы тiркелiмдер мен ақпараттық деректер қорын құратын және жүргiзетiн мемлекеттiк органдар және олардың ведомстволық бағыныстағы ұйымдары өтеусiз негiзде жеке меншiк мемлекеттiк мониторингiнiң электрондық деректер қорын қалыптастыру және жаңарту үшiн қажеттi ақпаратты мониторинг жүргiзуге уәкiлеттi мемлекеттiк органға бередi.
3. Мемлекеттiк мониторингтiң ақпаратына қол жеткiзудi Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлеген тәртiппен мемлекеттiк орган ұсынады.
20-бап. Жеке меншiктiң мемлекеттiк мониторингiн жүзеге асыру
1. Жеке меншiктiң мемлекеттiк мониторингi:
үш жылда кемiнде бiр рет жүргiзiлетiн мониторинг объектiлерiн базалық кешендiк тексерулерi, ал мемлекеттiң экономикалық қауiпсiздiгiне қауiп келтiретiн жағдайларда - қажет болғанда, бiрақ жылына кемiнде бiр реттен жиi емес;
мониторинг объектiлерiнiң қызметi бойынша ақпаратты мерзiмдiк жедел жинауды - қажет болғанда, бiрақ жылына бiр реттен тиiс емес өткiзу жолымен жүзеге асырылады.
2. Мониторинг объектiлерiнiң базалық кешендiк зерттеулерi:
1) мониторинг объектiлерi, қоршаған ортаны қорғау қызметiнiң және табиғи ресурстарды ұтымды пайдаланудың өндiрiстiк-техникалық, технологиялық, инвестициялық, қаржылық-экономикалық, құқықтық параметрлер жөнiндегi ақпаратты жинауды және жүйелiк талдауды;
2) мемлекеттiң экономикалық қауiпсiздiгiне қауiп келтiретiн жағымсыз процестердi ескерту және жеңу жөнiндегi нұсқаулықтарды өңдеу мақсатында мониторинг объектiлерiн басқарудың тиiмдiлiк жағдайын бағалауды, жағдайдың өзгеруiн болжауды;
3) техниканы, ұйым технологияларын дамыту болашағын сараптама бағалауды;
4) оларды дамытудағы тенденциялар мен болжамдарда мониторинг объектiлерiнiң жағдайы туралы қажеттi ақпаратпен орталық және жергiлiктi мемлекеттiк органдарды қамтамасыз етудi өзiне қамтиды.
3. Ақпаратты кезеңдiк жедел жинау мониторинг объектiлерiнiң жұмыс iстеу және оны басқару тиiмдiлiгiнiң кешендi жүйелiк зерттеулер арасындағы кезеңдерде объектiлер қызметi бойынша жеке меншiктiң мемлекеттiк мониторингiнiң негiзгi деректерiн ағымдағы жаңарту үшiн арналды.
4. Мониторинг объектiлерiн зерттеу жеке меншiктiң мемлекеттiк мониторинг мәнiне жататын жекелеген немесе барлық мәселелер бойынша жүргiзiлетiн болады.
21-бап. Жеке меншiктiң мемлекеттiк мониторингiнiң деректерiн пайдалану
1. Мемлекеттiк органдар:
экономиканың мемлекеттiк секторын тiкелей басқаруды;
жеке меншiктiң қарым-қатынастарын мемлекеттiк реттеудi;
мемлекеттiк экономикалық болжамдауды және бағдарламалауды;
өндiрiстiк саясатты;
инвестициялық, құрылымдық, институционалдық, салықтық, ақшалай-кредиттiк, баға саясатын және мемлекеттiк экономикалық саясаттың басқа элементтерiн;
қорғауды мемлекеттiк реттеу мен табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану;
сыртқы экономикалық қызметтi реттеудi;
мемлекеттiң экономикалық, экологиялық және әлеуметтiк қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету жөнiндегi шараларды әзiрлеу мен жүзеге асыру кезiнде жеке меншiктiң мемлекеттiк мониторингiнiң деректерiн экономиканы реттеу жөнiндегi мемлекеттiң функцияларын ақпараттық-талдамалы қамтамасыз етудiң құрамдас бөлiгi ретiнде пайдаланады.
2. Жеке меншiктiң мемлекеттiк мониторингiнiң нәтижелерi уәкiлеттi органның, министрлiктердiң және өзге орталық атқарушы органның, сондай-ақ жеке меншiгiнде не басқармасында тексерiлетiн ұйымдары бар тұлғалардың жекелеген кәсiпорындардың және/немесе экономика салалары қызметiнiң тиiмдiлiгiн арттыруға бағытталған бiрлескен бағдарламалар мен шараларды әзiрлеу үшiн негiз бола алады.
4-тарау. Қорытынды ережелер
22-бап. Жеке меншiктiң мемлекеттiк мониторингiн жүргiзу жөнiндегi жұмыстарды қаржыландыру
Жеке меншiктiң мемлекеттiк мониторингiн жүргiзу жөнiндегi жұмыстарды жүзеге асыру республикалық бюджеттен қаржыландырылады.
23-бап. Осы Заңды қолданысқа енгiзу тәртiбi
Осы Заң ресми жарияланған күнiнен бастап қолданысқа енедi.