Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлігінің "Қазақстан Республикасының ұлттық ядролық орталығы" республикалық мемлекеттік кәсіпорны "Ядролық физика институты" еншілес мемлекеттік кәсіпорынның жауапты сақтауында тұрған 13Я "Ява" қондырғысын 1992 жылғы 18 наурыз-2002 жылғы 1 қаңтар кезеңі үшін Қазақстан Республикасының үлестік жарнасын төлеу есебіне "Біріккен ядролық зерттеулер институты" халықаралық үкіметаралық ұйымына (Дубна қаласы, Ресей Федерациясы) 5 636 600 (бес миллион алты жүз отыз алты мың алты жүз) АҚШ долларына баламалы баға бойынша беру туралы Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлігінің ұсынысына келісім берілсін.
2. Қазақстан Республикасының Энергетика және минералдық ресурстар министрлігі Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетімен бірлесіп 13Я "Ява" қондырғысын беру жөніндегі қажетті іс-шараларды жүзеге асырсын.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі