Ресей Федерациясынан Қырғыз Республикасына Қазақстан Республикасының аумағы арқылы жарылғыш материалдардың транзитiне рұқсат беру туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 22 сәуірдегі N 384 қаулысы

      "Экспорттық бақылау туралы" Қазақстан Республикасының 1996 жылғы 18 маусымдағы Заңына және "Экспорттық бақылауға жататын өнiмдер транзитiнiң кейбiр мәселелерi туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 1999 жылғы 11 тамыздағы N 1143 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Yкiметi қаулы етеді:
      1. Ресей Федерациясынан Қырғыз Республикасына 2002 жылғы 27 желтоқсандағы N 12/2003-HB келiсiм-шарт бойынша 1, 2-қосымшаларға сай номенклатура мен мөлшерде Хайдаркен сынаптық акционерлiк қоғамы (Қырғыз Республикасы, Баткен облысы, Қадамжай ауданы) үшiн "Нитро-взрыв" ашық акционерлiк қоғамы (Мәскеу қаласы, Ресей Федерациясы) беретiн жарылғыш материалдардың Қазақстан Республикасының аумағы арқылы транзитiне рұқсат берiлсiн.
      2. Қазақстан Республикасының Кедендiк бақылау агенттiгi және Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрлiгi заңнамада белгiленген тәртiппен жарылғыш материалдардың Қазақстан Республикасының аумағы арқылы транзитiн бақылауды қамтамасыз етсiн.
      3. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Қазақстан Республикасы  
Үкіметінің       
2003 жылғы 22 сәуірдегі 
N 384 қаулысына    
1-қосымша    

2002 жылғы 27 желтоқсандағы N 12/2003-НВ келісім-шарт бойынша Хайдаркен сынаптық акционерлік қоғамы (Қырғыз Республикасы, Баткен облысы, Қадамжай ауданы) үшін "Нитро-взрыв" ашық акционерлік қоғамы (Мәскеу қаласы, Ресей Федерациясы) беретін жарылғыш материалдардың номенклатурасы мен мөлшері

-------------------------------------------------------------------
Р/с!  Берілетін   !  СЭҚ ТН    !Өлшем !Саны ! Бірлік   !Құны АҚШ
N !  жарылғыш    !   коды     !бірлі.!     ! бағасы   !долларымен
   !материалдардың!            ! гі   !     !  АҚШ     !
   !номенклатурасы!            !      !     !долларымен!
   ! мен атауы    !            !      !     !          !
-------------------------------------------------------------------
1   Д.32мм           360200000  тонна  200      480,0      96000,0
    патрондағы
    6ЖВ аммониті

2   МЕМСТ 3470-80    360300100  мың    300      135,0      40500,0
    ОША от тұтан.               метр
    дырғыш бауы
-------------------------------------------------------------------
    Жиыны                                                 136500,0
-------------------------------------------------------------------

      Шекаралық өту пункттері: Тобол станциясы (Ресей Федерациясы) - Луговой станциясы (Қазақстан Республикасы).
      Жөнелту пункті: Курья станциясы (Ресей Федерациясы).
      Белгіленген пункті: Жер-Арық станциясы (Қырғыз Республикасы).

Қазақстан Республикасы  
Үкіметінің       
2003 жылғы 22 сәуірдегі 
N 384 қаулысына    
2-қосымша    

2002 жылғы 27 желтоқсандағы N 12/2003-НВ келісім-шарт бойынша Хайдаркен сынаптық акционерлік қоғамы (Қырғыз Республикасы, Баткен облысы, Қадамжай ауданы) үшін "Нитро-взрыв" ашық акционерлік қоғамы (Мәскеу қаласы, Ресей Федерациясы) беретін жарылғыш материалдардың номенклатурасы мен мөлшері

-------------------------------------------------------------------
Р/с!  Берілетін   !  СЭҚ ТН    !Өлшем !Саны ! Бірлік   !Құны АҚШ
N !  жарылғыш    !   коды     !бірлі.!     ! бағасы   !долларымен
   !материалдардың!            ! гі   !     !  АҚШ     !
   !номенклатурасы!            !      !     !долларымен!
   ! мен атауы    !            !      !     !          !
-------------------------------------------------------------------
1   КД-8МА ДИШВ     360300900    мың    200      124,0     24800,0
    773.941.008ТУ                дана
    капсюльдер-
    детонаторлар

2   ЭД 1-3 Т        360300900    мың    50       865,0     43250,0
    ДИШВ 773.951.                дана
    300 ТУ
    электр детонаторлар

3   ДША МЕМСТ       360300100    мың    40       226,0      9040,0
    6196-78                      метр
    тұтандырғыш бау

4   ЗП-Б ТУ 84-206- 360300900    мың    10       400,0      4000,0
    81 жандырғыш                 дана
    патрондар ЭЗ-ОШ
    ТУ 84-207-81
    электр
    тұтандырғыштар

5   ВП 0,8 МЕМСТ    360300100    мың   20        52,0      1040,0
    6285-74 өнер.                метр
    кәсіптік жару
    жұмыстарына
    арналған сым
-------------------------------------------------------------------
    Жиыны                                                  82130,0
-------------------------------------------------------------------

      Шекаралық өту пункттері: Локоть станциясы (Ресей Федерациясы) - Луговой станциясы (Қазақстан Республикасы).
      Жөнелту пункті: Пашино станциясы (Ресей Федерациясы).
      Белгіленген пункті: Жел-Арық станциясы (Қырғыз Республикасы).

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады