"Бюджет жүйесi туралы" Қазақстан Республикасының Заңына өзгерiстер мен толықтыру енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 24 сәуірдегі N 397 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:
      "Бюджет жүйесi туралы" Қазақстан Республикасының Заңына өзгерiстер мен толықтыру енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы Қазақстан Республикасы Парламентi Мәжiлiсiнiң қарауына енгізiлсiн.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Жоба

"Бюджет жүйесi туралы" Қазақстан Республикасының Заңына өзгерiстер мен толықтыру енгiзу туралы

      1-бап. "Бюджет жүйесi туралы" Қазақстан Республикасының 1999 ж. 1 сәуiрдегi Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1999 ж., N 7, 225-құжат; N 20, 731-құжат; N 21, 783-құжат; N 23, 916, 928, 930-құжат; 2000 ж. N 21, 395-құжат; 2001 ж. N 1, 6-құжат; N 10, 123-құжат; N 23, 310-құжат; 2002 ж., N 18, 160-құжат) мынадай өзгерiстер мен толықтыру енгiзiлсiн:
      9-баптың 3-тармағында "ұлттық валютаның бөлiнген кезiндегi ресми айырбас бағамы" деген сөздер "Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен валюта айырбасының бөлiнген кезiндегi рыноктық бағамы" деген сөздермен ауыстырылсын;
      11-баптың 1-тармағы б) тармақшасының он төртiншi абзацы алынып тасталсын;
      12-бапта:
      "тұрғын үй бағдарламасы" 1-тармағының он екiншi абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      "тұрғын үй көмегiн көрсетуді;
      мемлекеттiк тұрғын үй қорын сақтауды ұйымдастыруды;
      заң актiлерiне сәйкес азаматтардың жекелеген санаттарын тұрғын үймен қамтамасыз етудi;
      мемлекеттiк мұқтаждар үшiн тұрғын үйлер мен жер учаскелерiн босатуды;";
      4-тармақта "ұлттық валютаның бөлiнген кезiндегi ресми айырбас бағамы" деген сөздер "Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен валюта айырбасының бөлiнген кезiндегi рыноктық бағамы" деген сөздермен ауыстырылсын;
      16-баптың 3-тармағының 2) тармақшасы мынадай мазмұндағы екiншi абзацпен толықтырылсын:
      "Бiрiншi оқылымда республикалық бюджеттiң түсiмдерiнiң, шығыстарының және тапшылығының (профицитiнiң) жалпы көлемдерi бекiтiледi. Екiншi оқылымда республикалық бюджет баптар бойынша бекiтiледi.";
      24-1 бапта:
      1-1-тармақтың екiншi абзацының бiрiншi сөйлемi мынадай редакцияда жазылсын:
      "Олардың бекiтiлген көлемiнен асып түсетiн шикiзат секторы ұйымдарынан республикалық бюджетке түсетiн түсiмдердiң бiр бөлiгiн және республикалық меншiктегі кен өндiрушi және өңдеушi салаларға жататын мемлекеттiк меншiктi жекешелендiруден түсетiн қаражатты Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлейтiн тәртіппен бюджеттi атқару жөнiндегi уәкiлетті орган республикалық бюджеттен Қазақстан Республикасының Ұлттық қорына аударады.".

      2-бап. Осы Заң ресми жарияланған күнiнен бастап күшiне енедi.

      Қазақстан Республикасының
      Президентi

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады