"СНПС-Ақтөбемұнайгаз" ашық акционерлiк қоғамы акцияларының мемлекеттiк пакетiн жекешелендiру туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 30 сәуірдегі N 419 қаулысы

      Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Жекешелендiру туралы" заң күшi бар 1995 жылғы 23 желтоқсандағы N 2721 Жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметі қаулы етеді:

      1. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігінiң Мемлекеттiк мүлiк және жекешелендiру комитетi заңнамада белгiленген тәртiппен:
      1) Access Industries (Eurasia), LLС компаниясымен жасалған "СНПС-Ақтөбемұнайгаз" ашық акционерлік қоғамының (бұдан әрі - Қоғам) акцияларын сенiмгерлік басқаруға беру туралы келiсiм-шартты мерзiмiнен бұрын бұзу жөнiнде шаралар қабылдасын;
      2) Қоғамның акциялары мемлекеттiк пакетінің саны 2 484 653 (екi миллион төрт жүз сексен төрт мың алты жүз елу үш) дана акциясын Қазақстан Республикасының аумағында жұмыс iстейтiн қор биржасында сатуды жүзеге асырсын;
      3) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.

      2. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары К.Қ.Мәсiмовке жүктелсін.

      3. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады