Мемлекеттiк емес ғылыми ұйымдарды аккредитациялауды жүргiзу ережесiн бекiту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 30 сәуірдегі N 421 қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 8 маусымдағы № 645 Қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2011.06.08 № 645 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.

      "Ғылым туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 9 шiлдедегi  Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДI: қараңыз.Z110407

      1. Қоса берiлiп отырған Мемлекеттiк емес ғылыми ұйымдарды аккредитациялауды жүргiзу ережесi бекiтiлсiн.

      2. Осы қаулы жарияланған күнiнен бастап күшiне енедi.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Қазақстан Республикасы  
Yкiметiнiң      
2003 жылғы 30 сәуiрдегi  
N 421 қаулысымен    
бекітілген    

Мемлекеттiк емес ғылыми ұйымдарды аккредитациялауды жүргiзу ережесi

1. Жалпы ережелер

      1. Осы Ереже мемлекеттiк емес ғылыми ұйымдарды аккредитациялауды жүргiзу, аккредитациялауды жүргiзу үшiн құжаттар тапсыру, оларды қарау және аккредитациялау туралы куәлiк беру тәртібiн белгілейдi.

      2. Аккредитациялау - ғылыми және ғылыми-техникалық қызмет саласындағы Қазақстан Республикасының уәкiлеттi мемлекеттік органы (бұдан әрi - Аккредитациялық орган) мемлекеттік емес ғылыми ұйымның Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртіппен мемлекеттiк бюджет қаражаты есебiнен ғылыми және ғылыми-техникалық салаларда жұмыстар жүргiзу өкiлеттiлiгiн ресми тануы.

      3. Мемлекеттік емес ғылыми ұйымдарды аккредитациялау отандық ғылым мен техниканың бәсекелестiк деңгейiн қолдау мақсатында жүргiзiледi.

      4. Аккредитациялауға Қазақстан Республикасы заңнамаларында белгiленген тәртiппен мемлекеттiк бюджет қаражаты есебiнен ғылыми және ғылыми-техникалық саласында жұмыстар жүргiзуге ниет бiлдiрген мемлекеттiк емес ғылыми ұйымдар жатады.

      5. Мемлекеттiк емес ғылыми ұйымдардың филиалдарын аккредитациялау мемлекеттiк емес ғылыми ұйымдардың құрамында жүргiзiледi.

      6. Мемлекеттiк емес ғылыми ұйымдарды аккредитациялауды Аккредитациялық орган бекiтетiн ғылыми ұйым қызметiнiң негiзгi көрсеткіштерiнiң тiзбесi бойынша аккредитацияланатын мемлекеттiк емес ғылыми ұйымның қызметiн бағалау негiзiнде Аккредитациялық орган жүзеге асырады.

      7. Аккредитациялық орган аккредитацияланған мемлекеттiк емес ғылыми ұйымдардың тiзiлiмiн жүргiзедi және қажет болған жағдайда сұрау салу негiзiнде Қазақстан Республикасының мүдделi мемлекеттік органдарына ақпарат жiбередi.

      8. Мемлекеттік емес ғылыми ұйымдарды аккредитациялау мәселелерiн алқалы және жариялы қарау үшiн Аккредитациялық орган консультативтiк-кеңесшi орган - мемлекеттік емес ғылыми ұйымдарды аккредитациялау жөнiндегi Комиссияны (бұдан әрі - Комиссия) құрады.
      Комиссияның құрамына орталық атқарушы органдар мен ғылыми ұйымдардың өкiлдерi енедi.
      Комиссия туралы ереженi Аккредитациялық орган әзiрлейдi және бекiтедi.

2. Аккредитациялауды жүргізу тәртiбi

      9. Мемлекеттiк емес ғылыми ұйым аккредитация алу үшiн Аккредитациялық органға мынадай құжаттарды:
      1) Аккредитациялық орган бекiткен нысан бойынша өтiнiштi;
      2) ұйым жарғысының нотариалды расталған көшiрмесiн;
      3) заңды тұлға ретiнде ұйымның мемлекеттiк тiркелуi туралы куәлiктiң көшiрмесiн ұсынады;

      10. Мемлекеттік емес ғылыми ұйымдар ұсынған құжаттарды қарау құжаттарды берген күнінен бастап үш ай мерзiмнен кешiктiрiлмей Комиссия отырыстарында жүзеге асырылады.

      11. Мемлекеттiк емес ғылыми ұйымдардың құжаттарын Комиссияның зерделеу қорытындылары бойынша аккредитациялық орган оларды аккредитациялау (немесе аккредитациялаудан бас тарту) туралы және аккредитациялау туралы куәлік беру (беруден бас тарту) туралы шешiм қабылдайды.

      12. Аккредитациялау туралы куәлiк немесе аккредитациялаудан бас тарту туралы шешiм мемлекеттік емес ғылыми ұйымға аккредитациялау немесе аккредитациялаудан бас тарту туралы шешiм қабылданған күнiнен бастап бiр ай мерзiмде берiлдi.

      13. Аккредитациялау туралы куәлiк беруден мынадай себептер бойынша бас тартылуы мүмкiн:
      1) осы Ереженiң 9-тармағына сәйкес талап етiлетiн барлық құжаттар ұсынылмаса;
      2) мемлекеттік емес ғылыми ұйым оның жарғысында бекiтiлген қызметтің мәні мен мақсаттарына жауап бермейтiн қызметтi жүзеге асырса.
      Мемлекеттік емес ғылыми ұйым көрсетiлген кедергiлердi жойған кезде аккредитациялау туралы өтiнiш жалпы негiзде қаралады.

      14. Аккредитациялаудан өткен мемлекеттiк емес ғылыми ұйымға Аккредитациялық орган бекiткен нысан бойынша 5 жыл мерзiмге тиiстi куәлiк берiледi.

3. Куәлiктің қолданылуын тоқтата тұру және тоқтату

      15. Аккредитациялық орган өзiнiң шешiмiмен мемлекеттiк емес ғылыми ұйым оның жарғысында бекiтiлген қызметтiң мәнi мен мақсаттарына жауап бермейтiн қызметті жүзеге асырған жағдайда, алты айға дейiнгi мерзiмге оған берiлген аккредитация туралы куәлiктiң қолданылуын тоқтатады.

      16. Аккредитациялау туралы куәлiк өзiнiң қолданылуын мынадай жағдайда тоқтатады:
      заңды тұлға қайта ұйымдастырылғанда немесе таратылғанда;
      куәлiктiң қолданылуын тоқтата тұру жөнiндегi себептер жойылмағанда;
      мемлекеттiк емес ғылыми ұйым куәлiк қолданылуының тоқтатылуы туралы өтiнiштi ұсынғанда;
      оның қолдану мерзiм аяқталғанда.

      17. Аккредитациялау туралы немесе куәлiктердiң қолданылуының тоқтатылғаны туралы куәлiк алған мемлекеттiк емес ғылыми ұйымдар туралы ақпаратты аккредитациялаушы орган мерзiмді баспасөзде жариялайды.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады