1. "Республикалық және жергiлiктi бюджеттердiң жобаларын әзiрлеу ережесiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2002 жылғы 29 мамырдағы N 592
қаулысына
(Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2002 ж., N 15, 166-құжат) мынадай өзгерiстер мен толықтырулар енгiзілсiн:
көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Республикалық және жергiлiктi бюджеттердiң жобаларын әзiрлеу ережесiнде:
мәтiндегi "Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi (бұдан әрi - Қаржы министрлiгi)", "Қаржы министрлiгiнiң", "Қаржы министрлiгiне" деген сөздер "Бюджеттік жоспарлау жөнiндегi уәкiлеттi орган", "бюджеттiк жоспарлау жөнiндегi уәкілеттi органның", "бюджеттiк жоспарлау жөнiндегi уәкiлеттi органға" деген сөздермен ауыстырылсын;
8-тармақтың бiрiншi абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"Орталық атқарушы органдар, өзге де мемлекеттiк органдар ағымдағы жылдың 1 сәуiрiне дейiнгi мерзiмде бюджеттi атқару жөнiндегi уәкiлеттi орган белгiлеген нысан бойынша республикалық бюджеттiк бағдарламалардың паспорттарына сәйкес өткен жыл үшiн республикалық бюджеттiк бағдарламаларды iске асыру туралы есептi бюджеттi атқару жөнiндегi уәкiлеттi органға бередi және бiр мезгiлде бюджеттiк жоспарлау жөнiндегi уәкiлеттi органға мынадай ұсыныстар бередi:";
11-тармақтың екiншi абзацы алынып тасталсын;
12-тармақтың бiрiншi абзацындағы "орталық атқарушы" деген сөздер "уәкілеттi" деген сөзбен ауыстырылсын;
16-тармақта:
1) тармақшаның екiншi абзацы "көрсетiледi" деген сөзден кейiн мынадай мазмұндағы сөйлеммен толықтырылсын: ". Инвестициялық жобаларды iске асыруға бағытталған бюджеттiк бағдарламалар бойынша паспорттың жобасы инвестициялық жобаны iске асырғаннан бастап өткен кезең iшiнде игермеген сомаларды бөлiп көрсетумен инвестициялық жобаның толық құнын, ағымдағы қаржы жылына және инвестициялық жобаны iске асыру аяқталғанға дейiн кейінгі жылдарға жоспарланған сомаларды қамтуы тиiс";
7) тармақшаның екiншi абзацындағы "көрсеткiштердi" деген сөздiң алдынан "сандық және сапалық" деген сөздермен, "деңгейiн" деген сөзден кейiн "және оның тиiмділiгiн" деген сөздермен толықтырылсын;
17-тармақта:
төртiншi абзац мынадай редакцияда жазылсын:
"Олар бойынша бюджеттiк жоспарлау жөніндегi уәкiлеттi органның қорытындысын қоса берумен республикалық бюджеттiк бағдарламалар әкімшілерiнiң бюджеттік өтiнiмдерi, сондай-ақ өткен жылғы бюджеттiк бағдарламаларды iске асырудың нәтижелерi туралы ақпарат ағымдағы жылдың 15 маусымынан бастап Республикалық бюджет комиссиясының қарауына енгiзіледi.";
мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
"Республикалық бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiлерiнiң бюджеттiк өтiнiмдерi бойынша қорытындының нысанын бюджеттiк жоспарлау жөнiндегi уәкілеттi орган айқындайды.";
19-тармақта "қорытындыларын" деген сөзден кейiн ", сондай-ақ бюджеттiк бағдарламаларды iске асыру барысы туралы бюджеттi атқару жөнiндегі уәкілеттi органның ақпаратын" деген сөздермен толықтырылсын;
34-тармақта:
төртiншi абзац мынадай редакцияда жазылсын:
"Олар бойынша жергiлiктi уәкiлеттi органның қорытындысын қоса берумен облыстық бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiлерiнiң бюджеттiк өтінімдерi, сондай-ақ ағымдағы жылғы бюджеттiк бағдарламаларды iске асырудағы нәтижелерi туралы ақпарат ағымдағы жылдың 25 мамырынан бастап облыстың бюджеттiк комиссиясының қарауына енгiзiледi.";
мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
"Облыстық бюджеттік бағдарламалар әкiмшiлерiнiң бюджеттiк өтінiмдерi бойынша жергiлiкті уәкілеттi орган қорытындысына нысанын облыстың жергiлiктi уәкiлеттi органы айқындайды.";
51-тармақта:
екiншi абзац мынадай редакцияда жазылсын:
"Олар бойынша жергіліктi уәкiлеттi органның қорытындысын қоса берумен аудандық (қалалық) бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiлерiнiң бюджеттiк өтiнiмдерi, сондай-ақ ағымдағы жылдың 1 маусымынан бастап өткен жылғы бюджеттiк бағдарламаларды іске асырудың нәтижелерi туралы ақпарат ауданның (қаланың) бюджеттiк комиссиясының қарауына енгiзiледi.";
мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
"Аудандық (қалалық) бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiлерiнiң бюджеттiк өтінiмдерi бойынша жергiлiктi уәкiлеттi орган қорытындысының нысанын ауданның (қаланың) жергiлiктi уәкiлеттi органы айқындайды.";
Ережеге 3-қосымша алынып тасталсын.
Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2002 жылғы 29 мамырдағы N 592 қаулысына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы
Күшін жойғанҚазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 12 мамырдағы N 441 қаулысы. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2004.06.21. N 678 қаулысымен.
Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз