"Қазақстан Pecпубликасының Азаматтық кодексiне (Ерекше бөлiм) толықтыру енгiзу туралы" Қазақстан Pecпубликасы Заңының жобасы туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 22 мамырдағы N 480 қаулысы

       Ескерту. Заңның жобасы Қазақстан Республикасының Парламентiнен қайтарып алынсын - ҚР Үкіметінің 2004.12.06. N  1277 қаулысымен.

      Қазақстан Pecпубликасының Үкiметi қаулы етеді:
      "Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексiне (Ерекше бөлiм) толықтыру енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы Қазақстан Республикасының Парламентi Мәжiлiсiнің қарауына енгізiлсiн.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Жоба

"Қазақстан Pecпубликасының Азаматтық кодексiне (Ерекше бөлiмi) толықтыру енгізу туралы" Қазақстан Pecпубликасының Заңы

       1-бап. Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 1 шілдедегі Азаматтық  кодексiне (Ерекше бөлiмi) (Қазақстан Республикасы Парламентiнің Жаршысы, 1999 ж., N 16-17, 642-құжат; N 23, 929-құжат; 2000 ж., N 3-4, 66-құжат; N 10, 24-құжат; N 22, 408-құжат; 2001 ж., N 23, 309-құжат; N 24, 338-құжат; 2002 ж., N 10, 102-құжат) мынадай толықтыру енгiзiлсін:
      819-баптың 2-тармағындағы екiншi сөйлем ", ең төменгi мөлшерiн Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлейтiн, еңбек (қызмет) міндеттерiн атқару кезінде қызметкердiң өмiрi мен денсаулығына зиян келтiргенi үшiн жұмыс берушiнiң жауапкершiлiгiн мiндетті сақтандыру шарттары бойынша сақтандыру сомаларын қоспағанда" деген сөздермен толықтырылсын.

       2-бап. Осы Заң 2005 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгiзiледі.

       Қазақстан Республикасының
      Президенті

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады