"Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының Кодексiне (Салық кодексі) өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 23 мамырдағы N 484 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Yкiметi қаулы етеді:
      "Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы Қазақстан Республикасының Кодексiне (Салық кодексi) өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы Қазақстан Республикасының Парламентi Мәжiлiсiнiң қарауына енгізiлсiн.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрi

Жоба

Қазақстан Республикасының Заңы "Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының Кодексiне (Салық кодексi) өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы

      1-бап. "Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы" 2001 жылғы 12 маусымдағы Қазақстан Республикасының Кодексiне   (Салық кодексi) (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2001 ж., N 11-12, 168-құжат; 2002 ж., N 6, 73, 75-құжаттар; 2002 ж., N 19-20, 171-құжат) мынадай өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлсiн:
      1. 10-баптың 1-тармағында:
      1) 13) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      "13) бағамдық айырма (оң, терiс) - шетелдiк валютамен жасалған операциялар бойынша туындайтын айырма;";
      2) мынадай мазмұндағы 25-1) тармақшамен толықтырылсын:
      "25-1) қызметкер - жұмыс берушімен еңбек қатынастарында тұратын және жеке еңбек шарты бойынша тiкелей жұмыс атқаратын жеке тұлға; мемлекеттiк қызметшiлердi қоспағанда, акционерлiк қоғамның директорлар кеңесiнiң мүшесi;".
      2. 39-бапта:
      1) 2-тармақтағы "салық төлеушi" деген сөздерден кейiн "уәкiлеттi мемлекеттiк орган белгiлеген нысан бойынша жасалған" деген сөздермен толықтырылсын;
      2) 3-тармақтағы "егер осы Кодексте өзгеше белгiленбесе, осы бапта белгiленген тәртiпте" деген сөздер "уәкiлеттi мемлекеттiк орган белгiлеген ережелерге сәйкес" деген сөздермен ауыстырылсын.
      3. 40-бапта:
      1) 1-тармақтағы "салық төлеушiнiң" деген сөздерден кейiн "уәкiлеттi мемлекеттiк орган белгiлеген нысан бойынша жасалған" деген сөздермен толықтырылсын;
      2) 2-тармақтағы "Егер осы Кодексте өзгеше белгiленбесе," деген сөздер "Уәкiлеттi мемлекеттiк орган белгiлеген ережелерге сәйкес" деген сөздермен ауыстырылсын.
      4. 41-баптың 1-тармағы "салық төлеушiнiң" деген сөздерден кейiн "уәкiлеттi мемлекеттiк орган белгiлеген нысан бойынша жасалған" деген сөздермен толықтырылсын.
      5. 64-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      "3. Алдын ала шешiм қабылдағаны үшiн төлемақы.".
      6. 69-баптың 10-тармағы мынадай мазмұндағы 4) тармақшамен толықтырылсын:
      "4) уәкiлетті мемлекеттiк орган белгілеген электрондық пiшiмнiң құрылымы бұзылса, салық есептiлiгi салық органына берiлмеген болып есептеледі.".
      7. 71-бапта:
      1) 1-тармақтағы "Салық декларациясына," деген сөздердiң алды "Осы баптың 5-тармағында көрсетiлген жағдайларды қоспағанда," деген сөздермен толықтырылсын;
      2) мынадай мазмұндағы 5-тармақпен толықтырылсын:
      "5. Осы Кодекстiң 126-бабына сәйкес өткен айлар үшiн есептелген корпорациялық және жеке табыс салықтары бойынша аванстық төлемдер сомасының есептерiне өзгерiстер енгiзуге жол берiлмейді.".
      8. 80-баптың 2-тармағының 17) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      "17) оң бағамдық айырма сомасының терiс бағамдық айырма сомасынан асып кетуi;".
      9. 89-баптың 2-тармағында "олар шегерiмге жатқызылған салық кезеңiнiң" деген сөздер "олар сақтанушыға қайтарылған (қайтаруға жататын) есептi салық кезеңiнiң" деген сөздермен ауыстырылсын, "сақтандырушы" деген сөздер "сақтандыру ұйымы" деген сөздермен ауыстырылсын.
      10. 94-бапта:
      1) 1 тармақ мынадай мазмұндағы екiншi бөлiкпен толықтырылсын:
      "Сыйақы бойынша шегерiм осы бапта белгiленген шекте жүргiзiледi.".
      2) 2-тармақта:
      бiрiншi абзацтағы "жүргiзiледі" деген сөз "айқындалады" деген сөзбен ауыстырылсын;
      2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      "2) Лондон банкаралық рыногының 2 еселенген ставкасын қолдана отырып есептелген сомалар шегiнде шетел валютасында алынған және (немесе) орналастырылған несиелер (заемдар), оның iшiнде қаржы лизингі түрінде берiлген несиелер (заемдар), депозиттер, борыштық бағалы қағаздар бойынша.";
      3) мынадай мазмұндағы 2-1 және 2-2 тармақтармен толықтырылсын:
      "2-1. Кредиттер (заемдар), оның iшiнде қаржы лизингі түрiнде берiлген несиелер (заемдар), депозиттер, борыштық бағалы қағаздар бойынша шегерiмдердің осы баптың 2-тармағына сәйкес айқындалған ең жоғарғы сомасы қосымша мынадай сомамен шектеледi:
      1) резидентке төленетін және шегерiмге жатқызылуға тиiстi сыйақы сомасы
      қосу
      2) сыйақының шектi сомасының,
      резидентке төленетiн және шегерiмге жатқызылуға тиiстi сыйақы сомасының
      арасындағы оң айырма.
      2-2. Осы баптың 2-1-тармағының мақсаттары үшiн:
      1) сыйақының шектi сомасы меншiк капиталдың орташа жылдық сомасының, мiндеттемелердiң, шекті коэффициенттiң және салық төлеушi салық кезеңi үшiн төлейтiн сыйақы сомасының орташа жылдық сомасына қатынасының туындысы ретiнде есептеледi;
      2) меншiк капиталдың орташа жылдық сомасы eceпті салық кезеңiнiң әр айының соңына меншiк капиталдың орташа арифметикалық сомасына тең;
      3) мiндеттеменiң орташа жылдық сомасы есептi салық кезеңiнiң әр айы iшiнде сыйақы төленетiн мiндеттеменiң орташа арифметикалық ең жоғарғы сомасына тең;
      4) қаржы ұйымдары үшiн шектi коэффициент 8-ге тең, ал басқа заңды тұлғалар үшiн - 2-ге тең.";
      11. 102-бап мынадай редакцияда жазылсын:
      "102-бап. Терiс бағамдық айырма сомасының оң бағамдық айырма сомасынан асып кетуiнен шегерiм
      Егер терiс бағамдық айырманың сомасы оң бағамдық айырманың сомасынан асып кеткен жағдайда асу шамасы шегерiмге жатады.".
      12. 120-баптың 2-тармағында "ұйымның" деген сөзден кейiн "депозиттер," деген сөзбен, "қайырмалдық" деген сөзден кейiн "бойынша" деген сөзбен толықтырылсын.
      13. 139-баптың 2-тармағының екiншi бөлігі "салық төлеушiге" деген сөздерден кейiн "амортизациялауға жатпайтын тiркелген активтердi қоспағанда," деген сөздермен толықтырылсын.
      14. Мынадай мазмұндағы 5-1-бөлiммен толықтырылсын:
      "5-1-бөлiм. Салық төлеушiлердiң жекелеген санаттарына салық салу ерекшелiктерi
      22-1 тарау. Арнайы экономикалық аймақтардың аумақтарында қызметiн жүзеге асыратын ұйымдарға салық салу
      140-1-бап. Жалпы ережелер
      1. Осы Кодекстiң мақсаттары үшiн арнайы экономикалық аймақтардың аумақтарында қызметiн жүзеге асыратын ұйымдар деп бiр уақытта мынадай шарттарға сай келетiн заңды тұлғалар танылады:
      1) арнайы экономикалық аймақтардың аумақтарындағы салық органында тiркеу есебiнде тұрған;
      2) арнайы экономикалық аймақтардың аумақтарынан тыс жерлерде құрылымдық бөлiмшелерi жоқ;
      3) жылдық жиынтық табысының кемiнде 90 процентiн арнайы экономикалық аймақтардың аумақтарында арнайы экономикалық аймақтарды құру мақсаттарына сәйкес келетiн мынадай қызмет түрлерiн жүзеге асыру нәтижесiнде алуға жататын (алынған) табыстар құраса:
      бағдарламалық қамтамасыз етудi, дерекқорды және аппараттық құралдарды жобалау, әзiрлеу, енгiзу және олардың тәжiрибе өндiрiсi;
      және (немесе) жасанды иммундық және нейрондық жүйелер негiзiнде жаңа ақпараттық технологияларды жасау;
      және (немесе) ақпараттық технологиялар саласында жобаларды жасау және енгiзу бойынша ғылыми-зерттеу және тәжiрибелiк-конструкторлық жұмыстарды жүргiзу.
      Осы тармақшада көрсетiлген қызмет түрлерi бойынша жұмыстар мен қызмет көрсетулердiң нақты түрлерiнiң тiзбесiн Қазақстан Республикасының Үкiметi айқындайды.
      2. Алынған (алынуға жататын) табыстарды осы баптың 1-тармағының 3-тармақшасында көзделген қызметтер түрiндегi табыстарға жатқызу арнайы экономикалық аймақтардың аумақтарында құрылған атқарушы органның уәкілеттi мемлекеттiк органмен келiсiм бойынша өнеркәсiп, құрылыс және сауда, стандарттау, метрология және сертификаттауды басқару мәселелерi жөнiндегi уәкiлеттi орган белгiлеген тәртiпте және нысанда берген растауы негiзiнде жүзеге асырылады.
      140-2 бап. Салықтарды есептеу, төлеу тәртiбi және мерзiмдерi
      1. Арнайы экономикалық аймақтардың аумақтарында қызметiн жүзеге асыратын ұйымдардың салықтарды есептеуi осы баптың 2, 4-тармақтарында көзделген ерекшелiктердi ескере отырып, осы кодексте белгiленген тәртiппен жүргiзiледі.
      2. Бюджетке төленуге жататын корпорациялық табыс салығының сомасын айқындау кезiнде корпорациялық табыс салығының осы Кодекстiң 125-бабына сәйкес есептелген сомасы 50 процентке азайтылады.
      Осы тармақта көзделген салық сомасын азайту, сондай-ақ осы Кодекстiң 126-бабына сәйкес айқындалатын корпорациялық табыс салығы бойынша аванстық төлемдер сомаларын есептеу кезiнде де қолданылады.
      3. Корпорациялық табыс салығын төлеу және аванстық төлемдердi енгiзу осы Кодекстiң 127-бабында белгiленген тәртіппен мерзiмдерде жүзеге асырылады.
      4. Арнайы экономикалық аймақтардың аумақтарында орналасқан және осы Кодекстiң 140-1-бабы 1-тармағының 3) тармақшасында көзделген қызмет түрлерiн жүзеге асыру кезiнде пайдаланылатын салық салу объектiлерi бойынша:
      1) жер салығын есептеу кезiнде тиiстi ставкаларға 0 коэффициентi;
      2) мүлiк салығын есептеу кезiнде салық салу объектiлерiнiң жылдық орташа құнына 0 проценттiк cтaвкa қолданылады.
      5. Осы Кодекстің 140-1-бабы 1-тармағының 3) тармақшасында көрсетiлген қызмет көрсетулердi iске асыру жөнiндегi айналымдар қосылған құн салығынан босатылады.
      140-3-бап. Салық кезеңi және салық есептiлiгi
      Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер бойынша салық кезеңi, салық есептілiгiн беру тәртібi мен мерзiмдерi осы Кодекске сәйкес айқындалады.".
      15. 14-баптың 1-тармағының 9) тармақшадағы "гранттар қаражаты есебiнен төленетiн төлемдер" деген сөздердi "мемлекет, мемлекет үкiметi мен халықаралық ұйымдар тарапынан берiлетiн" деген сөздерге ауыстырылсын.
      16. 145-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      "1. Осы баптың 1-1, 2 және 3-тармақтарында көрсетiлген табыстарды қоспағанда, салық төлеушiнiң салық жылы iшiндегi салық салынатын табыстарына мынадай ставкалар бойынша салық салынуға тиiс:
___________________________________________________________
  Салық төлеушiнiң салық           Ставкасы
     салынатын табысы
___________________________________________________________
15 еселенген жылдық есептiк      салық салынатын табыс
көрсеткiшке дейiн                сомасынан 5 процент

15 еселенгеннен 40 еселенген     15 еселенген жылдық есептiк
жылдық есептiк көрсеткiшке       көрсеткіштен салық сомасы +
дейiн                            одан асатын сомадан 8 процент

40 еселенгеннен 200              40 еселенген жылдық есептiк
еселенген жылдық есептiк         көрсеткiштен салық сомасы +
көрсеткiшке дейiн                одан асатын сомадан 13 процент

200 еселенгеннен                 200 еселенген жылдық есептiк
еселенген жылдық                 көрсеткiштен салық сомасы +
есептiк көрсеткiшке дейiн        одан асатын сомадан 15 процент

600 еселенгеннен және одан       600 еселенген жылдық есептiк
жоғары                           көрсеткiштен салық сомасы +
                                 одан асатын сомадан 20 процент ";
___________________________________________________________

      17. 171-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      "2. Осы Кодекстiң 144-бабы 1-тармағының 6) тармақшасында көрсетiлген жеке тұлғалар жеке табыс салығы бойынша декларацияны уәкiлеттi мемлекеттiк органмен белгiленген тәртiпте ұсынады.".
      18. 178-баптың 2) тармақшасы "(адвокаттық қызмет көрсетулердi қоспағанда)," деген сөздерден кейiн "бағдарламалық өнiмдердi сүйемелдеу және қолдау бойынша" деген сөздермен толықтырылсын.
      19. 192-баптың 1-тармағы "болжамды сомасы туралы" деген сөздерден кейiн "уәкiлеттi мемлекеттiк органмен белгiленген нысан бойынша" деген сөздермен толықтырылсын.
      20. 208-баптың 5-тармағының екiншi бөлiгiндегi "салық органы оған қосылған құн салығы бойынша есепке қою туралы куәлiк берген күннен бастап" деген сөздер "оған салық төлеушiнiң тiркеу нөмiрi берiлген күннен бастап" деген сөздермен ауыстырылсын;
      21. 211-бапта:
      1) 4) тармақшадағы "кепiл ұстаушыға" деген сөздер алынып тасталсын;
      2) 3-тармақтың 1) тармақшасындағы ", салық жылы iшiнде жалпы сомасы 100 айлық есептiк көрсеткiштен аспайтын" деген сөздер алынып тасталсын.
      22. 216-бапта:
      1) 2-тармақтың бiрiншi бөлiгі мынадай редакцияда жазылсын:
      "2. Кепiл берушi кепiлге салынған мүлiктi (тауарды) берген кезде кепiл ұстаушы үшін сату бойынша айналым жасау күнi бұл мүлiктi (тауарды) өндiрiп алған күн болып мына күндердiң бiрi:
      1) кепілге салынған мүлiктi өндiрiп алуға өтiнiш беру процесiнде жүргізілген сауда-саттық жеңiмпазына кепiл берушiден кепiл затына меншiк құқығы өткен күн;
      2) егер сауда-саттық өтпедi деп жарияланса, кепiл ұстаушыға кепiл берушіден кепiл затына меншiк құқығы өткен күн табылады.";
      2) мынадай мазмұндағы 2-2 тармақпен толықтырылсын:
      "2-2. Құрылыс, құрылыс-монтаж, жөндеу жұмыстарын орындау кезiнде өткiзу бойынша айналым жасау күнi бiрiншi келетiн күн:
      1) орындалған жұмыстарды тапсырыс берушi ақысын төлеуге қабылдаған күн;
      2) мемлекеттік қабылдау комиссиясының салынып бiткен объектiнi пайдалануға қабылдау туралы актiге (ал мемлекеттiк нормативтерде белгіленген жағдайларда қабылдау комиссиясының актiсi) қол қойған күнi болып табылады.";
      3) 4-тармақ мынадай мазмұндағы екiншi бөлiкпен толықтырылсын:
      "Тұрақты (үздіксiз) негізде iске асыру жұмысты (қызметтi) алушы олардың нәтижелерiн өзiнiң өндiрiстiк қызметiне орындалған жұмыс, көрсетiлген қызмет күнi пайдалана алатын жағдайда ұзақ мерзiмдi шарт негiзiнде жұмыстар орындау, қызметтер көрсету болып табылады.".
      23. 217-баптың 3-тармағында "мөлшерi," деген сөзден кейiн "сатылатын кепiлге жатқызылған мүлiк (тауар) құны" деген сөздермен, "анықталады," деген сөзден кейiн "бiрақ" деген сөзбен толықтырылсын.
      24. 227-баптың 2-тармағы мынадай мазмұндағы 8) тармақшамен толықтырылсын:
      "8) шағын несиелер беру жөнiндегі операциялар.".
      25. 235-баптың 1-тармағының 2) тармақшасы "тауар берушi" деген сөздердiң алдынан "осы Кодекстiң 207-бабының 1-тармағына сәйкес қосылған құн салығын төлеушi болып табылатын" деген сөздермен толықтырылсын.
      26. 241-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      "2. Банктердiң және банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдар мен есепке жатқызудың барабарлық әдісiн пайдаланатын шағын несие ұйымдарының кепiлдегi мүлiктi (тауарларды) алуға және өткiзуге байланысты айналымдар бойынша қосылған құн салығының сомаларын есепке алу бойынша бөлек есептеу әдiсiн қолдануға құқығы бар.".
      27. 245-бапта:
      1) 1-тармақтағы "16" деген цифр "15" деген цифрмен ауыстырылсын;
      2) 3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "3. Егер осы баппен өзгеше белгіленбесе, салық салынатын импорт бойынша қосылған құн салығының ставкасы осы Кодекстiң 220-бабына белгiленген салық салынатын импорт мөлшерiнiң 15 процентiне тең болады.
      Жеке тұлғалар жеңiлдетiлген тәртiппен өткiзетiн тауарлар импорты кезiнде қосылған құн салығы осы Кодекстiң 516-бабының 2-тармағында көзделген жиынтық кедендiк төлем құрамында төлене алады, оның мөлшерi Қазақстан Республикасының кеден заңдарына сәйкес айқындалады.".
      28. 250-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы 3-1) және 3-2) тармақшалармен толықтырылсын:
      "3-1) тiкұшақтар мен ұшақтардың;
      3-2) темiр жол локомотивтерi мен вагондардың;".
      29. 252-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы екiншi бөлiкпен толықтырылсын:
      "Егер салық тексеруi осы кодекске сәйкес тоқтатыла тұрған жағдайда, қосылған құн салығын қайтару салық тексеруiн тоқтата тұру мерзiмiн есепке ала отырып осы бапта көрсетiлген мерзiм iшiнде жүргiзiледi.".
      30. 254-баптың 3-тармағының екiншi бөлiгi "теңестiрiлген өкiлдіктердің" деген сөздерден кейiн "және (немесе) осы өкiлдiктердiң әкiмшiлiк-техникалық қызметшiлерiнiң" деген сөздермен толықтырылсын.
      31. 258-бап мынадай мазмұндағы 5-тармақпен толықтырылсын:
      "5. Қазақстан Республикасының кеден заңдарына сәйкес жеңiлдетiлген тәртiппен жеке тұлғалармен өткiзiлетiн акцизделетiн тауарларға акциз ставкалары осы баптың 1-тармағына сәйкес белгiленедi және осы Кодекстiң 516-бабының 2-тармағында көзделген жиынтық кедендiк төлем құрамына қосылады, оның мөлшерi Қазақстан Республикасының кеден заңдарына сәйкес айқындалады.".
      32. 315-баптың 2-тармағы "оның құрылымдық бөлiмшелерi" деген сөздерден кейiн "құрылымдық бөлiмшелерi орналасқан жерi бойынша салық органдарына уәкiлетті мемлекеттiк орган немесе оның тапсырма беруiмен құрылымдық бөлiмшелерi белгiлеген нысан бойынша ол берген өтiнiш негiзiнде" деген сөздермен толықтырылсын.
      33. 316-бапта:
      1) 1-тармақтың бiрiншi абзацына "Осы Кодекстiң 149-бабының 2-тармағына" деген сөздерден кейiн ", сондай-ақ өтемдi қызметтер көрсету шарттары бойынша жеке тұлғаларға төлемдерге" деген сөздермен толықтырылсын;
      2) мынадай мазмұндағы 3-тармақпен толықтырылсын:
      "3. Осы баптың 1-тармағының 1) тармақшасы төлемдер грант алушымен ие грант мақсаттарын (міндеттерiн) жүзеге асыру үшiн грант алушы тағайындаған орындаушымен жасалған шартқа (келiсiм-шартқа) сәйкес жүргiзiлгенде қолданылады.".
      34. 317-баптың 1 және 2-тармақтары мынадай мазмұнда жазылсын:
      "1. Егер осы бапта өзгеше белгiленбесе, Қазақстан Республикасының Президент заңды тұлғалары, сондай-ақ Қазақстан Республикасында қызметiн тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын резидент еместер, шет ел заңды тұлғаларының филиалдары мен өкiлдiктерi мынадай ставка бойынша әлеуметтiк салық төлейді:
___________________________________________________________
  Қызметкердiң салық салынатын          Ставкасы
            табысы
___________________________________________________________
15 еселенген жылдық есептiк      салық салынатын табыс
көрсеткiшке дейiн                сомасынан 20 процент

15-тен 40 еселенген жылдық       15 еселенген жылдық есептiк
eceптік көрсеткiшке дейiн        көрсеткiштен салық сомасы +
                                 одан асатын сомадан 15 процент

40-тан 200 еселенген жылдық      40 еселенген жылдық есептiк
есептiк көрсеткiшке дейiн        көрсеткiштен салық сомасы +
                                 одан асатын сомадан 12 процентi

200-ден 600 еселенген жылдық     150 еселенген жылдық есептiк
есептiк көрсеткiшке дейiн        көрсеткiштен салық сомасы +
                                 одан асатын сомадан 9 процент

600 еселенген жылдық есептiк     600 еселенген жылдық есептiк
көрсеткiштен және одан жоғары    көрсеткiштен салық сомасы +
                                 одан асатын сомадан 7 процент ";
___________________________________________________________

      2. Қазақстан Республикасының резидент заңды тұлғалары, сондай-ақ қызметiн Қазақстан Республикасында тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын резидент еместер әкiмшiлiк-басқарушы, инженер-техник қызметшiлердің шетелдiк мамандары үшiн мынадай ставка бойынша әлеуметтiк салық төлейдi:
___________________________________________________________     
Қызметкердiң салық салынатын табысы        Ставкасы
___________________________________________________________
40 еселенген жылдық есептiк     салық салынатын табыс
көрсеткiшке дейiн               сомасынан 11 процент

40-тен 200 еселенген жылдық     40 еселенген жылдық есептiк
есептiк көрсеткiшке дейiн       көрсеткiштен салық сомасы +
                                одан асатын сомадан 9 процент

40 еселенген жылдық есептiк     салық салынатын кiрiс
көрсеткiшке дейiн               сомасынан 20 процент

600 еселенген жылдық есептік    600 еселенген жылдық есептiк
көрсеткiштен және одан жоғары   көрсеткіштен салық сомасы +
                                одан асатын сомадан 5 процент
___________________________________________________________

      35. 318-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      "1. Егер осы бапта өзгеше белгiленбесе, әлеуметтiк салықты есептеу уәкiлеттi мемлекеттік орган белгілеген тәртіппен, осы кодекстiң 316-бабына сәйкес анықталған әлеуметтiк салық салу объектiсiне осы Кодекстiң 317-бабында белгiленген ставканы қолдану арқылы ай сайын жүргiзiлiп отырады.".
      36. 338-бап мынадай мазмұндағы 4-тармақпен толықтырылсын:
      "4. Арнайы экономикалық аймақтардың аумақтарында қызметiн жүзеге асыратын ұйымдар жер салығын осы Кодекстiң 140-2-бабының 4-тармағымен белгiленген ережелердi ескере отырып есептейдi.".
      37. 345-баптың 1-тармағы мынадай сөздермен толықтырылсын:
"(бұдан әрi - меншiк құқығы)".
      38. 346-баптың 1-тармағында "уәкiлетті органда" деген сөздер "Қазақстан Республикасында" деген сөздермен ауыстырылсын;
      39. 348-бап мынадай редакцияда жазылсын:
      "348-бап. Есептеу тәртібі
      1. Салық төлеушілер салық кезеңi үшiн салық салу объектiлерiн, әрбiр көлiк құралы бойынша салық ставкасын және түзету коэффициенттерiн негізге ала отырып, салық сомасын дербес есептейдi.
      Көлiк құралының меншiк құқығында салық кезеңiнен кем тұрған жағдайында салық сомасы көлiк құралына меншiк құқығы туындаған айдың басынан басталатын кезеңге салықтың жылдық сомасын 12-гe бөлiп, оны салық кезеңiнiң аяғына дейiн қалған айлардың санына көбейту арқылы есептеледi.
      2. Салық салу кезеңi iшiнде өз қызметiнде пайдаланатын салық салу объектiлерiне меншiк құқығын жеке кәсiпкерлер, жеке нотариустар, адвокаттар, сондай-ақ заңды тұлғалар салық салу объектiлерiне меншiк құқығын бергенде, салық сомасы мынадай тәртiппен есептеледi:
      1) беретiн тарап үшiн:
      салық кезеңiнiң басында қолдағы көлiк құралдары бойынша салық сомасы салық кезеңінiң басынан көлiк құралына меншiк құқығын берген айдың бiрi күнiне дейiн есептеледi;
      салық кезеңiнiң iшiнде сатып алынған көлiк құралдары бойынша салық сомасы көлiк құралына меншiк құқығын алған айдың бiрi күнi салық кезеңiнен, көлiк құралына меншiк құқығын берген айдың бiрi күнiне дейiн есептеледi;
      2) алушы тарап үшiн - салық сомасы көлiк құралына меншiк құқығын алған айдың бiрi күнi салық кезеңiнен, салық кезеңiнiң соңына дейiн немесе көлiк құралына меншiк құқығын берген айдың бiрi күнiне дейiн алушы тарап одан кейiн аталған көлiк құралына меншiк құқығын берген көлiк құралына меншiк құқығын берген айдың бiрi күнiне дейiн есептеледi.
      3. Салық салу кезеңi iшiнде салық салу объектiлерiне меншiк құқығын жеке кәсiпкерлер, жеке нотариустар, адвокаттар болып табылмайтын жеке тұлғалар салық салу объектiлерiне меншiк құқығын бергенде, салық сомасы мынадай тәртіппен салынады:
      1) салық салу объектiлерiне меншiк құқығын жеке кәсiпкерлер, жеке нотариустар, адвокаттар болып табылмайтын жеке тұлғаларға салық салу объекттерiне меншiк құқығын бергенде, бюджетке төленуге тиiс жылдық салық сомасы осы баптың 2-тармағында белгiленген тәртiпте жүргiзiледi (келiсiм бойынша);
      2) салық салу объектiлерiне меншiк құқығын жеке кәсiпкерлер, жеке нотариустар, адвокаттар болып табылмайтын заңды тұлғаларға салық салу объектілерiне меншiк құқығын бергенде, бюджетке төленуге тиiс жылдық салық сомасы осы баптың 2-тармағында белгiленген тәртіпте жүргiзiледi.
      4. Алу сәтiнде Қазақстан Республикасында есепте тұрмаған көлiк құралын алғанда салық сомасы көлiк құралына меншiк құқығы туындаған айдың 1 күнi салық кезеңiнен салық кезеңiнiң соңына дейiн есептеледi.".
      40. Мынадай мазмұндағы 348-1-баппен толықтырылсын:
      "348-1-бап. Төлеу мерзiмдерi
      1. Меншiк құқығында 1 шiлдеге дейiн болған көлiк құралдары бойынша егер осы бапта өзгеше белгiленбесе, бюджетке салық төлеу салық салу объектiлерiнiң тiркелген жерi бойынша салық кезеңiнiң 5-шiлдесiнен кешiктiрiлмей жүргiзiледі.
      2. Осы Koдекстiң 348-бабының 4-тармағында көрсетiлген көлiк құралдарына меншiк құқығын алған жағдайда, салық кезеңiнiң 1 шiлдеге кейiн бюджетке салықты төлеу көлiк құралдарын мемлекеттiк тiркеуге дейiн немесе сәтiнде жүргiзiледі.
      3. Алу сәтiнде Қазақстан Республикасында есепте тұрған көлiк құралын алғанда заңды тұлғалар, жеке кәсiпкерлер, жеке нотариустар, адвокаттар 1 шiлдеден кейiн салық кезеңi үшiн салық бойынша декларацияны беру мерзiмi басталғаннан кейiнгi он жұмыс күнi мерзiмiнен кешiктiрмей аталған көлiк құралдары бойынша салық төлеудi жүргiзеді.
      4. Көлiк құралдарына бюджеттен есеп айырысуды ауылшаруашылық өнiмдерiн өндірушiлерге арналған арнайы салық режимiнде жүзеге асыратын заңды тұлғалардың төлеуi осы Кодекстiң 389-бабымен белгiленген мерзiмдерде жүзеге асырылады.
      5. Көлiк құралының меншiк иесi атынан меншiктi сенiмгерлiк басқару құқығында көлік құралын иеленуші тұлғаның көлік құралдарына салық төлеуі көлiк құралына меншiк иесiнiң осы есептi салық кезеңі үшiн салық мiндеттемесiн орындауы болып табылады.".
      41. 350-бап мынадай мазмұнда жазылсын:
      "350-бап. Салық есептiлiгi
      Салық төлеушi заңды тұлғалар (ауыл шаруашылық өнiмдерiн өндiрушiлер үшiн арнаулы салық режимiнде бюджетпен есеп айырысуды жүзеге асыратын заңды тұлғаларды және жеке кәсіпкерлер, жеке нотариустар, адвокаттар болып табылмайтын жеке тұлғаларды қоспағанда) көлiк құралдары бойынша ағымдағы төлемдер есеп-қисабын ағымдағы салық кезеңiнiң 5 шiлдесi мерзiмiнен, сондай-ақ көлiк құралдары салығы бойынша декларацияны есептi жылдан кейiнгi жылдың 31 наурызы мерзiмiнен кешiктiрмей салық салу объектiлерiнiң тiркелген жерi бойынша салық органдарына табыс етедi.".
      42. 355-бап мынадай мазмұндағы 4-тармақпен толықтырылсын:
      "4. Арнайы экономикалық аймақтардың аумақтарында қызметiн жүзеге асыратын ұйымдар жер салығын осы Кодекстiң 140-2-бабының 4-тармағымен белгiленген ережелердi ескере отырып есептедi.".
      43. 374-бапта:
      1) 1-тармағының 3) тармақшасы "1,5" деген цифрлар "2,0" деген цифрлармен ауыстырылсын;
      2) 5-тармақ "уәкiлеттi мемлекеттiк орган белгiлеген нысанда берiлген" деген сөздермен толықтырылсын.
      44. 375-баптың 4-тармағында:
      1) бiрiншi бөлiм "Салық төлеушiнiң" деген сөздерден кейiн "уәкiлеттi мемлекеттiк орган белгiлеген нысан бойынша ұсынылған" деген сөздермен толықтырылсын;
      2) екiншi бөлiм "Аталған өтiнiш уәкiлеттi мемлекеттiк орган белгiлеген нысанда табыс етiледi" деген сөздермен толықтырылсын.
      45. 376-баптың 3-тармағында "тоқсаннан бастап" деген сөздерден кейiн "уәкiлеттi мемлекеттiк орган белгiлеген нысанда табыс етiлген" деген сөздермен толықтырылсын.
      46. 377-баптың 2 және 3 тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:
      "2. Жеке кәсiпкердiң табысына мынадай ставкалар бойынша салық салынуға тиiс:
___________________________________________________________
      Тоқсандық табысы              Ставкасы
___________________________________________________________
    2000,0 мың теңгеден        Табыс сомасының 3 процентi
2000,0 мың теңгеден жоғары -  60,0 мың теңге + 2000,0 мың
3000,0 мың теңгеден           теңгеден асатын табыс сомасынан
                               5 процент
3000,0 мың теңгеден жоғары     110,0 мың теңге + 3000,0
                               мың теңгеден асатын табыс
                               сомасынан 7 процент
___________________________________________________________

      3. Заңды тұлғаның табысына мынадай ставкалар бойынша салық салынуға тиiс:
___________________________________________________________
      Тоқсандық табысы              Ставкасы
___________________________________________________________
2000 0 мың теңгеден           Табыс сомасының 4 процентi
2000,0 мың теңгеден жоғары -  80,0 мың теңге + 2000,0 мың теңгеден
4500,0 мың теңгеден           асатын табыс сомасынан
                              7 процент
4500,0 мың теңгеден жоғары -  205,0 мың теңге + 4500,0 мың
6500,0 мың теңгеден           теңгеден асатын табыс сомасынан 7
                              процент
6500,0 мың теңгеден жоғары    350,0 мың теңге + 6500,0 мың
                              теңгеден асатын табыс сомасынан  ".
                              9 процент
___________________________________________________________

      47. 515-баптың 2-тармағындағы "қайтарып беруші" деген сөздерден кейiн "және кеден төлемдерiн өндiрiп алудың" деген сөздермен толықтырылсын.
      48. 516-бап мынадай редакцияда жазылсын:
      "1. Қазақстан Республикасының кеден шекарасы арқылы тауарлар алып өткен кезде және Қазақстан Республикасының кеден заңдарында белгiленген басқа да жағдайларда кеден төлемдерiнiң мынадай түрлерi төленеді:
      1) кеден бажы;
      2) кеден ресiмдеуi үшiн кеден алымы;
      3) тауарларды сақтау үшiн кеден алымы;
      4) кедендік iлесiп алып жүру үшін кеден алымы;
      5) Қазақстан Республикасы кеден органдарының лицензия беру алымы;
      6) кеден ресiмдеуi жөнiндегi маманның бiлiктiлiк аттестатын беру алымы;
      7) алдын ала шешiм үшін төлемақы.
      2. Қазақстан Республикасының кеден заңдарында белгіленген жеңілдетiлген тәртiппен жеке тұлғалардың тауарларды өткiзуi кезiнде, осы баптың 1-тармағында көрсетiлген кедендiк төлемдер және салықтар жиынтық кедендiк төлем түрiнде төленуi мүмкiн.".
      49. 524-баптың 11-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      "11. Жеке кәсiпкер немесе заңды тұлға қызметiн жүзеге асыратын орнын, орналасқан жерiн, тұрғылықты жерiн, келген орнын немесе салық салу объектiлерiнiң орналасқан және (немесе) тiркеу орнын өзгерткен жағдайда, салық төлеушi он жұмыс күнi iшiнде тiркеу есебiнен шығару туралы өтiнiштi өзi тiркеу есебiнде тұрған салық органына беруге және салық төлеушiге бұрын берiлген тiркеу нөмiрiн көрсетумен жаңа қызметiн жүзеге асыратын орны, орналасқан жерi, тұрғылықты жерi, келген орны немесе салық салу объектiлерiнiң орналасқан және (немесе) тiркеу орны бойынша тiркеу есебiне тұруға мiндеттi.".
      50. 525-баптың 1-тармағы "салық мiндеттемелерiнiң тоқтатылуына байланысты" деген сөздерден кейiн "уәкiлеттi органдар беретiн мәлiметтер бойынша және (немесе) салық төлеушiнiң немесе оның өкiлiнiң есептен шығару туралы өтiнiшiмен" деген сөздермен толықтырылсын.
      51. 527-баптың 4-тармағында:
      "резидент емес заңды тұлғаны есепке қою" деген сөздер "тiркеу" деген сөзбен ауыстырылсын;
      "оған салық төлеушiнiң тiркеу нөмiрiн беру" деген сөздер "оның салық төлеушi ретiнде мемлекеттiк тiркеуден өту мақсатында" деген сөздермен ауыстырылсын.
      52. 532-баптың 2-тармағында "есепке қою" деген сөздерден кейiн "және оларды есептен шығару" деген сөздермен толықтырылсын.
      53. 533-бап мынадай мазмұндағы 1-2-тармақпен толықтырылсын:
      "1-2. Осы Кодекстiң 533-бабы 5-тармағының 1)-3) тармақшаларына сәйкес рейдтік тексерулердi өткiзген кезде салық төлеушi орнында болмағанда нұсқама мен салық тексеруiнiң актiсi салық төлеушінiң уәкілеттi өкiлiне не болмаса салық төлеушiмен еңбек қатынастарында тұратын және ұйымдастырушылық-билiк ету мiндеттерiн атқаратын тұлғаға тапсырылады.".
      54. 540-баптың 7-тармағы мынадай мазмұндағы екiншi бөлiкпен толықтырылсын:
      "Рейд тексеруi аяқталған соң жасалған салық тексеруiнiң актiсi салық төлеуші болмаған кезде салық төлеушінiң уәкiлеттi өкiлiне не салық төлеушiмен еңбек қатынастарында тұрған және ұйымдық-өкiмдік мiндеттердi орындайтын тұлғаға тапсырылады.".
      55. 546-бапта:
      1) 1-тармақта:
      "тұтынушылармен" және "тұтынушының қолына" деген сөздер алынып тасталсын;
      2) тармақша мынадай мазмұндағы төртіншi абзацпен толықтырылсын:
      "Қорытынды нысаны мен талаптарын уәкiлетті мемлекеттiк орган белгiлейді.".
      2) 3-тармақта:
      бiрiншi бөлiмде "тұтынушылармен" деген сөз алынып тасталсын;
      үшiншi бөлiмде "уәкілеттi орган" деген сөздерден кейiн "уәкілеттi мемлекеттiк органмен келiсiм бойынша" деген сөздермен толықтырылсын.
      56. 547-баптың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      "1) фискальдық жады бар бақылау-касса машиналарын тiркеу (eceпке қою, тiркеу деректерiндегi өзгерiстер) қызметiн жүзеге асыру орны бойынша бақылау-касса машиналарын тiркеу карточкасын берумен, сондай-ақ есептен шығару салық органдарында жүргiзiледі. Фискальдық жады бар бақылау-касса машиналарын тiркеу салық органында қызмет басталғанға дейiн жүргiзiледі;".
      2-бап. Осы Заң 2004 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi.

      Қазақстан Республикасының
      Президентi

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады