"Бюджет жүйесi туралы" Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 1 сәуiрдегi Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:
1. Қазақстан Республикасы Үкiметiнің кейбiр шешiмдерiне мынадай өзгерiстер мен толықтырулар енгізiлсiн:
1) "2003 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының Заңын iске асыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнің 2002 жылғы 26 желтоқсандағы N 1379
қаулысына
:
көрсетілген қаулыға 1-қосымшада:
IV "Шығындар" деген бөлiмде:
12 "Көлiк және байланыс" деген функционалдық топта:
215 "Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрлiгi" деген әкімшi бойынша:
036 "Республикалық маңызы бар автомобиль жолдарын салу және оны қайта жаңарту" деген бағдарламада:
035 "Астана - Бурабай автомобиль жолының учаскесiн қайта жаңарту" деген кiшi бағдарламадағы "2200000" деген сандар "2448758" деген сандармен ауыстырылсын;
049 "Астана қаласының Солтүстiк айналма жолын 0-6,5 км "Солтүстiк - Батыс учаскесi" учаскесінде қайта жаңарту" деген кішi бағдарламадағы "749 950" деген сандар "662740" деген сандармен ауыстырылсын;
051 "Ресей Федерациясының шекарасы - Орал - Ақтөбе автожолын қайта жаңарту" деген кiшi бағдарламадағы "849508" деген сандар "860168" деген сандармен ауыстырылсын;
058 "Астана қаласының айналма жолын қалыпқа келтiру" деген кiшi бағдарламадағы "612600" деген сандар "533325" деген сандармен ауыстырылсын;
060 "Қарағанды қаласы арқылы өту учаскесiн қайта жаңарту" деген кiшi бағдарламадағы "1100000" деген сандар "1007067" деген сандармен ауыстырылсын;
2) "2003 жылға арналған республикалық бюджеттiк бағдарламалардың паспорттарын бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2002 жылғы 29 желтоқсандағы N 1429 қаулысына:
көрсетiлген қаулыға 226-қосымшада:
6-тармақтың кестесiнiң 5-бағанында:
035 кiшi бағдарламада:
"77,615" деген сандар "117,50" деген сандармен ауыстырылсын;
048 кiшi бағдарламада:
"10" деген сандар "17" деген сандармен ауыстырылсын;
051 кiшi бағдарламада:
"қашықтығы 10 км. автомобиль жолын" деген сөздерден кейін "және 195-205 км учаскедегi 2 көпiрдi және Орал-Атырау (Самара-Шымкент) автожолына жанаса отырып, Орал қаласының ауданында Жайық өзенi арқылы өтетiн көпiрге шығатын автожолға 6,2 км оң жақ жағалаудағы кiреберiстi" деген сөздермен толықтырылсын;
053 кiші бағдарламада:
"6" деген сан "18" деген сандармен ауыстырылсын;
060 кiшi бағдарламада:
"6" деген сан "13,5" деген сандармен ауыстырылсын;
7-тармақта:
"232,8" деген сандар "305,4" деген сандармен ауыстырылсын;
көрсетілген қаулыға 233-қосымшада:
6-тармақтың кестесiнің 5-бағанында:
036 кiші бағдарламада:
"мемлекеттiк" деген сөзден кейiн "және экологиялық" деген сөздермен толықтырылсын;
көрсетiлген қаулыға 255-қосымшада:
6-тармақтың кестесiнiң 5-бағанында:
"Ақмола облысы" деген сөздерден кейiн "167" деген сандар "95" деген сандармен ауыстырылсын;
"Алматы облысы" деген сөздерден кейiн "245,5" және "6/258" деген сандар "338" және "7/272, 1/134" деген сандармен ауыстырылсын;
"Павлодар облысы" деген сөздерден кейiн "120" деген сандар "125" деген сандармен ауыстырылсын;
"Солтүстiк Қазақстан облысы" деген сөздерден кейiн "81" деген сандар "86" деген сандармен ауыстырылсын;
"Оңтүстiк Қазақстан облысы" деген сөздерден кейiн "79" деген сандар "82" деген сандармен ауыстырылсын;
7-тармақта:
"1429,5" деген сандар "1458" деген сандармен ауыстырылсын;
көрсетілген қаулыға 256-қосымшада:
6-тармақтың кестесiнің 5-бағанында:
"Авторлық қадағалау," деген сөздерден кейiн "жер бөлу," деген сөздермен толықтырылсын;
"жамылғыны жөндеу және басқа жұмыстар" деген сөздерден кейiн "және көпiр мен Р.Ф. шекарасынан қашықтығы 5 км "Ақтөбе-Ор" а/ж телімiне жобалау-сметалық құжаттаманы дайындау" деген сөздермен толықтырылсын;
"айналма жолдың құрылғысын күрделi жөндеу және басқа жұмыстар" деген сөздерден кейiн мынандай сөздермен толықтырылсын:
"Жамбыл облысы - жобалау-сметалық құжаттаманың мемлекеттiк және экологиялық сараптамасын жүргiзу және "571 км Алматы - Ташкент - Термез" а/жолындағы Терiс өзенi арқылы өтетiн көпiр өткелiн күрделi жөндеу";
Ақмола облысы - және "Макинск-Ақсу-Торғай", "Көкшетау-Рузаев" және "Көкшетау-Атбасар" автожолы бойынша автожолдар және көпiрлер телiмдеріне арналған жобалау-сметалық құжаттаманы дайындау;
Батыс Қазақстан облысы - 35 км "Орал-Теплое-РФ шекарасы" сауда балкасы және "Подстепное-Федоровка-РФ шекарасы" а/ж 142 км-дағы Елек саласы арқылы жобалау-сметалық құжаттаманы дайындау;
Атырау облысы - "Ақтөбе-Астрахань" а/ж бойынша қашықтығы 19 км және 755 км теліміндегі көпiрді жайластыруға Мақат кентiн айналып өту жобасын қайта eceптеу;
Қарағанды облысы - 906 км "Қызылорда-Павлодар" автожолының т/ж арқылы жол өткелiне".
2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі