Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің жобасы туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 30 мамырдағы N 499 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
      Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің жобасы Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісінің қарауына енгізілсін.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Жоба

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БЮДЖЕТ КОДЕКСI

      Жалпы бөлiк

      1-бөлiм. Қазақстан Республикасының бюджет жүйесi

      1-тарау. Жалпы ережелер

      1-бап. Осы Кодекспен реттелетiн қатынастар

      Осы Кодекс бюджет жүйесiнiң негiзгi ережелерiн, жұмыс iстеу қағидаттары мен тетiктерiн белгiлейдi, бюджет қаражатын құру мен пайдаланудың негізгі ережелерiн, қағидаттары мен тетiктерiн айқындап, бюджет қатынастарын реттейдi.

      2-бап. Қазақстан Республикасы бюджет жүйесiнiң қағидаттары

      Қазақстан Республикасының бюджет жүйесi мынадай қағидаттарға негізделедi:
      1) бiрлiк қағидаты - бiрыңғай бюджеттiк заңнаманы қолдануды, оның iшiнде бiрыңғай бюджет жiктелiмiн, бюджет процесiн жүйеге асырудың бiрыңғай бюджет рәсiмдерiн пайдалануды қамтамасыз ету;
      2) толықтық қағидаты - Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген барлық түсiмдер мен шығыстарды бюджеттерде және Қазақстан Республикасының Ұлттық қорында көрсету, бюджет қаражатын пайдалана отырып өзара талаптарды есепке алуға, сондай-ақ бюджет қаражаты бойынша талаптар құқықтарын беруге жол бермеу;
      3) нақтылық қағидаты - бюджет параметрлерiнiң экономиканың ағымдағы жай-күйiнiң көрсеткiштерiне, сондай-ақ Қазақстан Республикасы мен өңiрлердi әлеуметтiк-экономикалық дамыту параметрлерi мен бағыттарына сәйкес келуi;
      4) транспаренттiлiк қағидаты - бюджет заңдары саласындағы нормативтiк құқықтық актiлердi, бекiтiлген (нақтыланған, түзетiлген) бюджеттердi және олардың атқарылуы туралы есептердi, мемлекеттiң фискальдық саясатына қатысты басқа ақпаратты мiндетті түрде жариялау, бюджет процесiнiң ашықтығы, мемлекеттiк қаржы бақылауын жүргiзу;
      5) дәйектiлiк қағидаты бюджеттiк қатынастар аясында бұрын қабылданған шешiмдердi мемлекеттiк басқару органдарының сақтауы;
      6) тиiмдiлiк пен нәтижелiлiк қағидаты - бұл нәтижелерге жету үшiн бюджеттiк бағдарламалар паспортымен көзделген қажетті бюджет  қаражатының ұтымды мөлшерiн пайдалана отырып белгiлi бiр нәтижелерге жету қажеттiлiгi негiзiнде бюджеттердiң әзiрленуi және атқарылуы;
      7) бюджеттердiң дербестiк қағидаты - түрлi деңгейдегi бюджеттер арасындағы түсiмдердi тұрақты бөлудi орнықтыру және осы Кодекске сәйкес олардың жұмсалу бағыттарын айқындау, мемлекеттiк басқарудың барлық деңгейлерiнiң құқығымен осы Кодекске, жергiлiктi бюджеттердiң атқарылуы барысында қосымша алынған кiрiстердi, жоғары тұрған бюджеттегi жергiлiктi бюджеттер қаражатының бос қалдықтарын алып қоюға жол берiлмейтiндiгiне, тиiстi өтемақысыз қосымша шығыстарды төмен тұрған бюджетке жүктеуге жол берiлмейтiндiгiне сәйкес бюджет процесiн дербес жүйеге асыру.

      3-бап. Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасы

      1. Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасы Қазақстан Республикасының Конституциясына негiзделедi, осы Кодекстен, қабылдануы осы Кодекспен көзделген нормативтiк құқықтық актiлерден тұрады.
      2. Егер Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шартпен осы Кодекстегіден өзгеше ережелер белгiленсе, аталған шарттың ережелерi қолданылады.

      4-бап. Қазақстан Республикасы бюджет заңнамасының қолданылуы

      1. Бюджет заңнамасы Қазақстан Республикасының бүкiл аумағында қолданылып, барлық жеке және заңды тұлғаларға таралады.
      2. Қазақстан Республикасының Үкiметi мен жергiлiктi атқарушы органдардың тиiстi қаржы жылына арналған республикалық және жергiлiктi бюджеттерден тиiсiнше ақша бөлу туралы актiлерi, қайтарым негiзiнде ақша бөлу туралы осы актiлердiң ережелерiн қоспағанда, ағымдағы қаржы жылы аяқталғаннан кейiн күшiн жояды.
      3. Тиiстi қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңға өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы заңдар, тиiстi қаржы жылына арналған жергiлiктi бюджет туралы мәслихаттардың шешiмiне өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы мәслихаттардың шешiмдерi, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Үкiметi мен жергiлiктi атқарушы органдардың оларды iске асыру туралы актiлерi тиiстi қаржы жылының 1 қаңтарынан бастап күшiне енгiзiледi.
      4. Егер басқа заңнамалық және өзге нормативтiк құқықтық актiлерде бюджет заңдарына қайшы келетiн нормалар көзделсе, бюджет заңдарының нормалары қолданылады.

      5-бап. Бюджет пен түсiмдерi шығыстарына әсер ететін нормативтiк құқықтық актiлер

      1. Республикалық немесе жергiлiктi бюджеттердiң шығыстарын ұлғайтуды немесе түсiмдерiн қысқартуды көздейтiн заңдар жобаларының, Президент жарлықтарының, Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулыларының ережелерiн олар енгiзiлген күннен бастап бiр ай iшiнде республикалық бюджет комиссиясы мiндетті түрде қарауға тиiс.
      2. Осы баптың 1-тармағында аталған ережелер республикалық бюджет комиссиясының оң қорытындысы болған кезде, бұл қорытынды ағымдағы жылдың бiрiншi жартысында берiлген жағдайда келесi қаржы жылынан бастап күшiне енгiзiлуi мүмкiн.
      Егер осы қорытынды ағымдағы жылдың екiншi жартысында берiлген жағдайда, егер республикалық бюджет комиссиясы туралы ережемен өзгеше көзделмесе, аталған ережелер жоспарланған жылдан кейiнгi қаржы жылынан бастап күшiне енгiзiлуi мүмкiн.
      3. Қазақстан Республикасының республикалық немесе жергiлiктi бюджеттердiң шығыстарын ұлғайтуды немесе түсiмдердi қысқартуды көздейтiн заңдары жобаларының ережелерi Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң оң қорытындысы болған кезде ғана республикалық бюджет комиссиясының қорытындысы ескерiле отырып енгiзiлуi мүмкiн.
      4. Жергiлiктi өкiлдi және атқарушы органдардың жергілікті бюджеттердiң шығындарын ұлғайтуды немесе түсiмдерiн қысқартуды көздейтiн актiлерiнiң ережелерiн олар енгiзiлген күннен бастап бiр айдың iшiнде тиiстi бюджет комиссиясы мiндеттi түрде қарауға тиiс.
      5. Осы баптың 4-тармағында аталған ережелер тиiстi бюджет комиссиясының оң қорытындысы болған кезде келесi қаржы жылынан бастап қолданысқа енгiзiлуi мүмкiн.
      6. Осы баптың 2 және 5-тармақтарында аталған нормалар республикалық бюджет туралы заңға өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы заң актiлерiне және тиiстi қаржы жылына арналған жергiлiктi бюджет туралы мәслихаттар шешiмiне өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы мәслихаттар шешiмiне, сондай-ақ оларды iске асыру туралы нормативтiк құқықтық актiлерге қолданылмайды.

      6-бап. Негізгі ұғымдар

      Осы Кодексте мынадай ұғымдар қолданылады:
      1) мемлекеттiң активтерi - өткен операциялар немесе оқиғалар нәтижесiне мемлекет меншiгiне алынған мүлiктiк және мүлiктiк емес игiлiктер мен құндық бағасы бар құқықтар;
      2) бюджет - мемлекеттiң бағыты заң жүзiнде бекiтiлген мiндеттерi мен қызметтерiн қаржылай қамтамасыз етуге арналған мемлекеттiң орталықтандырылған ақша қоры;
      3) облыс бюджетi - облыстық бюджеттi, олардың арасындағы өзара өтелетiн операциялар есепке алынбаған, аудандар (облыстық маңызы бар қалалар) бюджеттерiн бiрiктiретiн, талдамалы ақпарат ретiнде пайдаланылатын және бекiтiлуге жатпайтын жиынтық бюджет;
      4) бюджет жүйесi - бюджеттердiң және Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының, сондай-ақ бюджет процестерi мен қатынастарының  жиынтығы;
      5) бюджеттiк инвестициялар - экономикалық пайда табу немесе әлеуметтiк-экономикалық тиiмдiлiкке жету мақсатында мемлекет активтерiнiң құнын ұлғайтуға бағытталған қаржыландыру, адами ресурстарды дамыту және табиғи ресурстарды жаңғырту;
      6) бюджеттiк операциялар - бюджеттiң атқарылуы процесiнде жүзеге асырылатын операциялар;
      7) бюджеттiк қатынастар - бюджет процесiнде туындайтын қатынастар;
      8) бюджет қаражаты - мемлекеттiк меншiкке түсуi мен жұмсалуы бюджетте ақшалай нысанда көрсетiлетiн ақша мен мемлекеттiң өзге де активтерi;
      9) бюджеттiк инвестициялық жоба - шектеулi уақыт кезеңi iшiнде iске асырылатын және аяқталған сипаты бар бюджеттiк инвестицияларды жүзеге асыру жөнiндегi iс-шаралар кешені;
      10) бюджет процесi - бюджеттiң атқарылуы, мемлекеттiк қаржы бақылауы бойынша бюджет есебi мен есептiлiктi жоспарлау, қарау, бекiту, нақтылау, түзету, атқару, жүргiзу жөнiндегi, сондай-ақ мемлекеттiк байланысқан кепiлдiктердi жоспарлау мен пайдалану жөнiндегi бюджет заңнамасымен реттелген қызмет;
      11) мемлекеттiк инвестициялық саясат - ұлттық экономиканың мүдделерiне сай инвестициялық процестердi мемлекеттiк реттеудiң экономикалық және қаржылық негізделген саясаты;
      12) мемлекеттiк бағдарлама - Қазақстан Республикасының Президентi бекiтетiн және салааралық сипаты бар, жалпы ұлттық сипаттағы неғұрлым маңызды мiндеттердi шешуге және мемлекеттiң қорғаныс қабiлетiн, құқық тәртiбiн, заңдылығын және қауiпсiздiгiн қамтамасыз етуге бағытталған мәселелер жөнiнде әзiрленетiн бағдарлама;
      13) мемлекеттiк бюджет - республикалық және жергiлiктi бюджеттердi олардың арасындағы өзара өтелетiн операцияларды ескермей бiрiктiретiн, талдамалы ақпарат ретiнде пайдаланылатын және бекiтiлуге жатпайтын жиынтық бюджет;
      14) инвестициялық бағдарлама - инвестициялық мақсатқа жету мерзiмi реттелмеген және жүйелiлiк сипаты бар бюджеттiк инвестицияларды жүзеге асыру жөнiндегі iс-шаралар жиынтығы;
      15) инвестициялық ұсыныс - инвестициялық жобаның (бағдарламаның) мақсатын, оған жетудiң жолдарын көрсететiн және инвестициялық жобаны (бағдарламаны) әзiрлеудi одан ары жүргiзу үшiн оны алдын ала iрiктеудi жүзеге асыру мүмкiндiгiн қамтамасыз ететiн инвестициялық жоба (бағдарлама) тұжырымдамасы;
      16) кассалық алшақтық - қаржы жылы iшiнде бюджетке түсетiн түсiмдер мен бюджет қаражатының еркiн қалдықтары көлемiнен шығыстар көлемiнiң асып түсуi;
      17) жергiлiктi бюджет - облыстық бюджет, республикалық маңызы бар қала, астана бюджетi, ауданның (облыстық маңызы бар қала) бюджетi, облыстың бюджетi;
      18) бюджеттiк жоспарлау жөнiндегi жергiлiктi уәкiлеттi орган - жергiлiктi бюджеттен қаржыландырылатын, орта мерзiмдi кезеңге арналған жергiлiктi бюджеттiң болжамды көрсеткiштерiн және тиiстi қаржы жылына арналған жергiлiктi бюджеттiң жобасын жоспарлау жөнiндегi қызметтердi жүзеге асыратын атқарушы орган;
      19) бюджеттiң атқарылуы жөнiндегi жергiлiктi уәкiлеттi орган - жергiлiктi бюджеттен қаржыландырылатын, жергiлiктi бюджеттiң атқарылуы жөнiндегi, бюджеттiк есеппен есептiлiктiң атқарылу, жүргізiлу саласындағы қызметтердi жүзеге асыратын атқарушы орган;
      20) экономикалық жоспарлау жөнiндегi жергiлiктi уәкiлеттi орган - жергiлiктi бюджеттен қаржыландырылатын, тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бөлiнiстi әлеуметтiк-экономикалық дамытудың негiзгi бағыттарын әзiрлеу қызметін жүзеге асыратын атқарушы орган;
      21) салалық (секторлық) бағдарлама - Қазақстан Республикасының Yкiметi бекiткен, экономиканың жекелеген салаларының (секторларының) неғұрлым маңызды мiндеттерiн шешуге бағытталған бағдарлама;
      22) басым (республикалық/жергілiктi) инвестициялық жобалардың (бағдарламалардың) тiзбесi - республикалық немесе жергiлiктi бюджеттер қаражаты есебiнен қаржыландыруға жоспарланған инвестициялық жобалардың (бағдарламалардың) тiзiмi болып табылатын, республиканы немесе өңiрлердi әлеуметтiк-экономикалық дамытудың орта мерзiмдi жоспарына қосымша;
      23) бюджет қаражатын алушы - бюджет қаражатын алатын жеке немесе заңды тұлға, Қазақстан Республикасының Үкiметi және жергiлiктi атқарушы органдар;
      24) өңiрлiк бағдарлама - мәслихаттар бекiткен, өңiрдi (аумақты) әлеуметтiк-экономикалық дамыту мiндеттерiн шешуге бағытталған бағдарлама;
      25) түзетiлген бюджет - Қазақстан Республикасының Парламентiнде немесе мәслихатта нақтылаусыз Қазақстан Республикасының Үкiметi немесе жергiлiктi атқарушы органдар енгізген өзгерiстер мен толықтыруларды ескере отырып бекiтiлген немесе нақтыланған бюджет;
      26) әлеуметтік-экономикалық дамудың орта мерзiмдiк жоспары - Қазақстан Республикасының Үкiметi немесе мәслихат бекiтетiн, үш жылдық кезеңге арналған республиканы немесе өңiрдi әлеуметтiк-экономикалық дамытудың негiзгi көрсеткiштерi мен бағыттарын және оны iске асыру жөнiндегi шараларды белгiлейтiн құжат;
      27) трансферттер - бюджетке және Қазақстан Республикасының Ұлттық қорына, сондай-ақ бюджеттен, оның iшiнде жеке және заңды тұлғаларға, Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан төленетiн өтеусiз және қайтарымсыз төлемдер;
      28) бекiтiлген бюджет - тиiстi қаржы жылына арналған, Қазақстан Республикасының Парламентi немесе тиiстi мәслихат бекiткен бюджет;
      29) нақтыланған бюджет - оның атқарылуы барысында Қазақстан Республикасының Парламентi немесе тиiсті мәслихат қабылдаған өзгерiстер мен толықтыруларды ескере отырып тиiстi қаржы жылына бекiтiлген бюджет;
      30) қаржыландыру - алушыларға бюджет қаражатын бөлу;
      31) қаржы жылы - бюджеттiң атқарылуы жүзеге асырылатын, күнтiзбелiк жылдың 1 қаңтарынан басталып, 31 желтоқсанында аяқталатын уақыт кезеңi;
      32) бюджеттiк жоспарлау жөнiндегi орталық уәкiлетті орган - орта мерзiмдi кезеңге арналған мемлекеттiк бюджеттiң болжамды көрсеткiштерiн және тиiстi қаржы жылына арналған республикалық бюджет жобасын жоспарлау жөнiндегi қызметтi жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;
      33) iшкi бақылау жөнiндегi орталық уәкiлеттi орган - iшкi мемлекеттiк қаржы бақылауы қызметiн жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;
      34) бюджеттiң атқарылуы жөнiндегi орталық уәкiлеттi орган - мемлекеттiк бюджеттiң атқарылуы жөнiндегi бюджеттiк есеп пен есептiлiктi атқару, жүргізу саласындағы қызметтердi жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;
      35) экономикалық жоспарлау жөнiндегi орталық атқарушы орган - Қазақстан Республикасын әлеуметтiк-экономикалық дамытудың негiзгi бағыттарын әзiрлеу қызметiн жүзеге асыратын орталық атқарушы орган.
      2. Бюджет заңнамасының басқа да ұғымдары осы Кодекстiң тиiстi баптарында белгiленген мәндерде пайдаланылады.
      Бюджет заңнамасының ұғымдары Қазақстан Республикасы азаматтық және басқа да салалар заңдарының ұғымдарымен сәйкес келген кезде бюджеттiк қатынастарға бюджет заңдарының ұғымдары пайдаланылады.
      3. Осы Кодексте пайдаланылатын Қазақстан Республикасы заңнамасының азаматтық және басқа да салалық ұғымдары, егер осы Кодексте өзгеше көзделмесе, заңнаманың осы салаларында пайдаланылған мәнде қолданылады.

      2-тарау. Қазақстан Республикасының бюджет жүйесi

      7-бап. Қазақстан Республикасындағы бюджеттердің түрлері мен деңгейлерi

      1. Қазақстан Республикасында бюджеттердiң мынадай деңгейлерi бекiтiлiп, атқарылады және дербес болып табылады:
      республикалық бюджет;
      облыстық бюджет, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджетi;
      ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) бюджетi.
      2. Қазақстан Республикасында осы Кодекспен белгiленген жағдайларда төтенше мемлекеттiк бюджет бекiтiлуi және атқарылуы мүмкiн.

      8-бап. Республикалық бюджет

      1. Осы Кодекспен белгiленген, орталық мемлекеттiк органдардың, оларға ведомстволық бағынысты мемлекеттiк мекемелердiң мiндеттерi мен қызметтерiн қаржылай қамтамасыз етуге және елдегi мемлекеттiк саясаттың жалпы-республикалық бағыттарын iске асыруға арналған салық пен басқа да төлемдер түсiмдерiнiң есебiнен қалыптасатын орталықтандырылған ақша қоры республикалық бюджет болып табылады.
      2. Республикалық бюджет Қазақстан Республикасының заңымен бекiтiледi.

      9-бап. Облыстық бюджет, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджетi

      1. Осы Кодекспен белгіленген облыстық деңгейдегi жергiлiкті мемлекеттiк органдардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың оларға ведомстволық бағынысты мемлекеттiк мекемелердiң мiндеттерi мен қызметтерiн қаржылай қамтамасыз етуге және тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктегi мемлекеттiк саясатты iске асыруға арналған салық пен басқа да төлемдер түсiмдерiнiң есебiнен қалыптасатын орталықтандырылған ақша қоры облыстық бюджет, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджетi болып табылады.
      2. Облыстық бюджет, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджетi облыс, республикалық маңызы бар қала, астана мәслихатының шешiмiмен бекiтiледi.

      10-бап. Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) бюджеті

      1. Осы Кодекспен белгiленген, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергiлiктi мемлекеттiк органдарының, оларға бағынышты мемлекеттiк мекемелердiң мiндеттерi мен қызметтерiн қаржылай қамтамасыз етуге және тиiстi ауданда (облыстық маңызы бар қалада) мемлекеттiк саясатты iске асыруға арналған салық пен басқа да төлемдер түсiмдерiнiң есебiнен қалыптасатын ақша қоры ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) бюджетi болып табылады.
      2. Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) бюджетi аудан (облыстық маңызы бар қала) мәслихатының шешiмiмен бекiтiледi.

      11-бап. Төтенше мемлекеттік бюджет

      1. Төтенше мемлекеттiк бюджет республикалық және жергiлiктi бюджеттер негiзiнде қалыптасады және Қазақстан Республикасына төтенше немесе әскери жағдай енгiзiлген реттерде енгізiледi.
      2. Төтенше мемлекеттiк бюджетті жоспарлау жөнiндегi орталық уәкiлеттi орган жасап, ол Қазақстан Республикасы Президентiнiң Жарлығымен белгiленген заңдық тәртiппен бекiтiледi.
      3. Қазақстан Республикасы Президентiнiң Қазақстанның бүкiл аумағына төтенше немесе әскери жағдай енгiзу және оны алып тастау туралы Жарлығы төтенше мемлекеттік бюджеттi енгiзуге және оны доғаруға негiз болып табылады.
      4. Қазақстан Республикасының Парламентi төтенше мемлекеттік бюджеттің қабылданғаны туралы дереу хабардар етiледi.
      5. Төтенше мемлекеттiк бюджет қолданылған уақытта республикалық бюджет туралы және барлық деңгейдегi жергiлiктi бюджеттiң тиiстi қаржы жылына арналған бюджеттерi туралы мәслихаттар шешiмдерiнiң қолданылуы тоқтатыла тұрады.
      6. Төтенше мемлекеттiк бюджет төтенше немесе әскери жағдай енгiзiлген мерзiм iшiнде қолданылады.
      Төтенше мемлекеттiк бюджеттiң қолданылуы тоқтатылғаннан бастап республикалық және жергiлiктi бюджеттердiң атқарылуы республикалық бюджет туралы заңға және тиiстi қаржы жылына арналған барлық деңгейдегi жергiлiктi бюджеттiң бюджеттерi туралы мәслихаттар шешімдерiне сәйкес жүзеге асырылады.
      7. Қазақстан Республикасының жекелеген жерлеріне төтенше жағдай енгізілген төтенше жағдайда төтенше мемлекеттiк бюджет енгізілмейді.

      12-бап. Қазақстан Республикасының Ұлттық қоры

      1. Қазақстан Республикасының Ұлттық қоры мемлекеттiң қаржы және өзге активтерi болып табылады, Қазақстан Республикасы Үкiметінiң есебiнде Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкiнде шоғырландырылады.
      2. Қазақстан Республикасының Ұлттық қоры елдiң тұрақты әлеуметтiк-экономикалық дамуын, мемлекеттiң қаржы және өзге активтерiнiң қордалануын қамтамасыз етуге, экономиканың шикiзат секторына тәуелдiлiгiн және қолайсыз сыртқы факторлардың ықпалын төмендетуге арналған.
      3. Қазақстан Республикасының Ұлттық қоры жинақтау және тұрақтандыру қызметiн жүзеге асырады. Жинақтау қызметi мемлекеттiң қаржы және өзге активтерiнiң қордалануын қамтамасыз етедi. Тұрақтандыру қызметi шикiзат ресурстарына әлемдiк бағаның жағдаятына республикалық бюджеттiң тәуелдiлiгiн төмендетуге арналған.
      4. Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын құру мен пайдалану дүниежүзiлiк және iшкi тауар мен қаржы нарықтарының жағдаятына, елдегi және шет елдердегi экономикалық жағдайды, бұл орайда макроэкономикалық және фискальдық тұрақтылықты, Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының негiзгi мақсаттары мен мiндеттерiн сақтай отырып, республиканы әлеуметтiк-экономикалық дамытудың артықшылықтарын ескере отырып айқындалады.
      5. Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын басқару және Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын құру мен пайдалану жөнiндегi мемлекеттiк органдардың қызметi Қазақстан Республикасының Конституциясына, осы Кодекске, Қазақстан Республикасы Президентiнiң, Үкiметінің және Ұлттық Банктiң актілерiне сәйкес жүзеге асырылады.
      6. Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының түсiмi мен жұмсалуы ұлттық және валюталарымен жүргiзiледi.
      Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының операциялар жөнiндегi есебi мен есеп-қисабы ұлттық валютамен жүзеге асырылады.
      7. Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын сенiмгерлiк басқаруды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi мен Қазақстан Республикасының Үкiметi арасында жасасылған сенiмгерлiк басқару туралы шарт негiзiнде Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi жүзеге асырады.

      3-тарау. Бюджеттiң құрылымы

      13-бап. Бюджеттiң түсiмдерi мен шығыстары

      1. Кiрiстер, бюджет кредиттерiн өтеу, мемлекеттiң қаржы активтерiн сатуынан түсетiн түсiмдер, заемдар бюджеттiң түсiмдерi болып табылады.
      2. Шығындар, бюджет кредиттерi, қаржы активтерiн сатып алу, заемдар бойынша негізгi қарызды өтеу бюджеттiң шығыстары болып табылады.

      14-бап. Бюджеттің құрылымы

      1. Бюджеттiң құрылымы мынадай бөлiмдерден тұрады:
      кiрiстер:
      салық түсiмдерi;
      салықтан тыс түсiмдер;
      негізгі капиталды сатудан түскен түсiмдер;
      ресми трансферттердiң түсiмдерi;
      2) шығындар;
      3) операциялық сальдо;
      4) таза бюджеттiк кредит беру:
      бюджеттiк кредит беру;
      бюджеттiк кредиттердi өтеу;
      5) қаржы активтерiмен жасалатын операциялар бойынша сальдо:
      қаржы активтерiн сатып алу;
      мемлекеттiң қаржы активтерiн сатудан түсетiн түсiмдер;
      6) бюджет тапшылығы (профицит);
      7) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профициттi пайдалану):
      заемдардың түсiмi;
      заемдарды өтеу;
      бюджет қаражаты қалдықтарының қозғалысы.
      2. Бюджеттердi бекiту және бюджеттердiң атқарылуы туралы есептердi қалыптастыру осы баптың 1-тармағында аталған құрылым бойынша жүзеге асырылады.

      15-бап. Бюджеттің кiрiстерi

      1. Салық және басқа да мiндеттi төлемдер, ресми трансферттер, өтеусiз негiзде мемлекетке берiлетiн, қайтарымдылық сипаты жоқ және мемлекеттiң қаржы активтерiн сатуымен байланысты емес, осы Кодекске және басқа заң актiлерiне сәйкес бюджетке есептелуге тиiстi ақша бюджет кiрiстерi болып табылады.
      2. Салық түсiмдерi - Қазақстан Республикасының салық заңдарымен белгiленген салық пен бюджетке түсетiн басқа да мiндеттi төлемдер.
      3. Салықтан тыс түсiмдер - негiзгi капиталды сатудан түсетiн түсiмдерге жатпайтын, салық заңнамасымен белгіленгендегiлерден басқа, осы Кодекспен және басқа да заң актiлерiмен белгiленген, бюджетке түсетін мiндетті, қайтарымсыз төлемдер, сондай-ақ ресми трансферттерден басқа, қайтарымсыз негiзде бюджетке берiлген ақша.
      4. Негiзгi капиталды сатудан түсетiн түсiмдер мыналар болып табылады:
      мемлекеттiк мекемелерге бекiтiлiп берiлген мемлекеттiк мүлiктi сатудан түсетiн ақша;
      мемлекеттiк материалдық қорлардан, резервтерден тауарларды сатудан түсетiн ақша;
      мемлекетке тиесiлi бейматериалдық активтердi сатудан түсетiн ақша.
      5. Ресми трансферттердiң түсiмдерi - бюджеттiң бiр деңгейiнен екiншiсiне, Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан түсетiн трансферттер түсiмдерi.
      6. Кiрiстердiң жаңа түрлерiн енгiзу, қолданылып жүргендерін алып тастау немесе өзгерту осы Кодекске өзгерiстер немесе толықтырулар мiндеттi түрде енгiзiле отырып жүзеге асырылады.
      7. Мақсатты ресми трансферттердi қоспағанда, кiрiстердiң мақсатты нысанасы болмайды.

      16-бап. Мемлекеттiк мекемелердiң тауарларды (жұмыстар, көрсетiлетiн қызметтер) өткiзуден түсетiн ақша

      1. Мемлекеттiк мекемелердiң тауарларды (жұмыстар, көрсетiлетiн қызметтер) өткiзуден түсетiн ақша тиiстi бюджетке есептелуге тиiс.
      Егер мемлекеттiк мекемелердiң негiзгi атқарымдық қызметке жатпайтын тауарларды (жұмыстар, көрсетiлетiн қызметтер) өткiзуге құқығы, мiндеттi сипаты болмайтын әрi жеке және заңды тұлғамен келiсiм бойынша белгiленетiн төлем заң актiлерiнде көзделсе, мұндай тауарларды (жұмыстар, көрсетiлетiн қызметтер) өткiзуден түсетiн ақша мемлекеттiк мекеменiң билiгiнде қалуы мүмкiн.
      2. Өздерiнiң билігінде қалған тауарларды (жұмыстар, көрсетілген қызметтер) мемлекеттiк мекемелердiң өткiзуiнен түсетiн ақшаны жоспарлау мен пайдалану Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлеген, осы Koдeкскe сәйкес тәртiппен жүзеге асырылады.

      17-бап. Бюджет шығындары

      1. Қайтарымсыз негiзде бюджет қаражатын бөлу жөнiндегi операциялар бюджет шығындары болып табылады.
      2. Шығындар қатаң мақсатты нысанда жүргiзiледi.

      18-бап. Шығындар тұрпаттары

      1. Бюджет шығындары мынадай тұрпаттарға бөлінеді:
      1) мемлекеттiк мекемелер қызметiн қамтамасыз ету;
      2) тұрақты сипаты жоқ шараларды ұйымдастыру мен өткiзу;
      3) мемлекеттiк тапсырыс - мемлекеттiк саясатты iске асыру мақсатында шығарылған (мемлекеттiк органдардың жеке тұтынуына емес) тауарлар (жұмыстарға, көрсетiлетiн қызметтерге) мемлекеттiк органдардың ақы төлеуi;
      4) жекелеген тұлғаларға ақшалай төлемдер - қызметкерлерге еңбек үшiн ақшалай төлемдерден басқа, жеке тұлғаларға ақшалай нысандағы төлемдермен байланысты шығындар;
      5) заңды тұлғаларға демеуқаржылар - мемлекеттік мекемелер мен қоғамдық ұйымдар болып табылмайтын зиянды тұлғаларды өтеусiз және қайтарымсыз негiзде қаржыландыру;
      6) ресми трансферттер - бюджеттiң бiр деңгейінен екiншiсiне, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Ұлттық қорына трансферттiк төлемдер;
      7) осы тармақтың 1) - 6) тармақшаларында аталмаған мемлекет мiндеттемелерiне жұмсалатын шығындар.
      2. Демеуқаржылар мынадай түрлерге бөлiнедi:
      мақсаттық сипаты жоқ және заңды тұлғаның шығыстарын жабуға арналған жалпы сипаттағы демеуқаржылар;
      заңды тұлға шығыстардың нақты түрлерiн жүзеге асыруына арналған мақсаттық демеуқаржылар.
      3. Демеуқаржылар нақты саланы немесе қызмет аясын әлеуметтiк-экономикалық дамыту мiндеттерiн iске асырудың басқа, неғұрлым тиiмдi әдiсi болмаған, заң актiлерiмен көзделген жағдайларда ғана берiлуi мүмкiн. Заңды тұлғаларды демеуқаржыландырудың бағыттары әлеуметтiк-экономикалық дамудың орта мерзiмдiк жоспарымен анықталады.
      4. Ресми трансферттердiң жалпылама сипаты да, мақсаттық нысанасы да болуы мүмкiн. Мақсаттық сипаты бар ресми трансферттер мақсаттық трансферттер болып табылады.

      19-бап. Қазақстан Республикасының Yкiметi мен жергiлiктi атқарушы органдардың резервтерi

      1. Қазақстан Республикасының Yкiметi мен жергiлiктi атқарушы органдардың резервтерi республикалық және жергiлiктi бюджеттердi әзiрлеу кезiнде оларды болжап болмайтындықтан жоспарланбаған және ағымдағы қаржы жылында кiдiрiссiз қаржыландыруды талап ететiн шығындарды қаржыландыру үшін республикалық және жергiлiктi бюджеттер құрамында құрылады.
      2. Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң, жергiлiктi атқарушы органдардың резервi:
      төтенше резервтi;
      шұғыл шығындарға жұмсалатын резервтi:
      облыстық бюджеттердiң, республикалық маңызы бар қалалар, астана бюджеттерiнiң, аудандар (облыстық маңызы бар қалалар) бюджеттерiнiң кассалық алшақтығын жабу үшiн жұмсалатын резервтi қамтиды.
      3. Төтенше резерв Қазақстан Республикасы мен басқа мемлекеттердiң аумағындағы табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайларды жою мақсатында ғана пайдаланылады.
      4. Шұғыл шығындарға жұмсалатын резерв Қазақстан Республикасының немесе оның әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiгінiң саяси, экономикалық және әлеуметтiк тұрақтылығына, сондай-ақ адамдардың өмiрi мен денсаулығына қатер төндiретiн жағдайларды жою, Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң, орталық мемлекеттiк органдардың, соттар шешiмдерi бойынша жергiлiктi атқарушы органдарының мiндеттемелерiн орындау мақсатында ғана пайдаланылады.
      5. Облыстық бюджеттiң, республикалық маңызы бар қала, Астана бюджетiнің кассалық алшақтығын жабуға жұмсалатын резерв оларда кассалық алшақтық пайда болған кезде облыс бюджетiне, республикалық маңызы бар қала, астана бюджетiне кредит беру үшiн республикалық бюджетте көзделедi.
      6. Аудандар (облыстық маңызы бар қалалар) бюджеттерiнiң кассалық алшақтығын жабуға жұмсалатын резерв оларда кассалық алшақтық пайда болған кезде аудандар (облыстық маңызы бар қалалар) бюджеттерiне кредит беру үшiн облыстық бюджетте көзделедi.
      7. Кассалық алшақтықты жабуға қарызға алу қаржы жылы шегiнде алты айға дейiнгi мерзiмге жүзеге асырылады және республикалық немесе жергiлiктi бюджеттi нақтылау талап етiлмейдi.
      8. Қазақстан Республикасы Yкiметi резервiнiң және жергiлiктi атқарушы орган резервiнiң жалпы көлемi тиiстi бюджет түсiмдерiнiң көлемінен екi проценттен аспауға тиiс.
      9. Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң және жергiлiктi атқарушы органдардың резервтерiнен ақша бөлу Қазақстан Республикасының Үкiметi мен тиiсiнше жергiлiктi атқарушы органдардың ағымдағы қаржы жылының соңында күшiн жоғалтатын шешiмдерi бойынша тиiстi қаржы жылына арналған республикалық немесе жергiлiктi бюджетте бекiтiлген көлемдер шегінде жүзеге асырылады.
      10. Резерв құрамында көзделген ақша толық көлемде пайдаланылған жағдайда Қазақстан Республикасының Үкiметi немесе жергiлiктi атқарушы орган қажет болған кезде тиiстi қаржы жылына арналған жергiлiктi республикалық бюджет туралы заңға немесе жергiлiктi бюджет туралы мәслихат шешiмiне өзгерiстер енгiзу арқылы Қазақстан Республикасы Yкiметi немесе жергiлiктi атқарушы орган резервтерiнiң мөлшерiн ұлғайту туралы Қазақстан Республикасының Парламентiне немесе тиiстi мәслихатқа ұсыныстар енгiзедi.
      11. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң немесе жергілiктi атқарушы органның резервiнен бөлiнген ақша қаржы жылы iшiнде толық немесе iшiнара пайдаланылмаған жағдайда, бюджет бағдарламасының әкiмшiсi бөлiнген ақшаның пайдаланылмаған бөлiгi ағымдағы қаржы жылының соңына дейiн тиiстi бюджетке қайтарылуын қамтамасыз етедi.
      12. Қазақстан Республикасы Үкiметi мен жергiлiктi атқарушы органдар резервтерiнің пайдаланылу тәртiбiн Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлейдi.

      20-бап. Операциялық сальдо

      1. Операциялық сальдо бюджет кiрiстерi мен шығындары арасындағы айырмашылық ретiнде белгiленедi.
      2. Бюджет кiрiстерiнен шығындардың асып түскен сомасы терiс операциялық сальдо болып табылады.
      3. Бюджет шығындарынан кiрiстердiң асып түскен сомасы оң операциялық сальдо болып табылады.
      4. Дамудың бюджеттiк бағдарламаларының шығындарында терiс операциялық сальдоның болуына жол берiледi.
      Ағымдағы бюджеттiк бағдарламалардың жалпы көлемi бюджет кiрiстерiнiң көлемiнен асып түспеуге тиiс.
      5. Терiс операциялық сальдоның жол беруге болатын шектiк мөлшерi орта мерзiмдi фискальдық саясатпен айқындалады.

      21-бап. Таза бюджеттiк кредит беру

      1. Таза бюджеттiк кредит беру мыналарды қамтиды:
      бюджеттiк кредиттер;
      бюджеттiк кредиттердi өтеу.
      2. Таза бюджеттiк кредит берудiң көлемi бюджеттiк кредиттер мен бюджеттiк кредиттердi өтеудiң арасындағы айырмашылық ретiнде айқындалады.

      22-бап. Қаржы активтерiмен жасалатын операциялар

      1. Қаржы активтерiмен жасалатын операциялар мыналарды қамтиды:
      қаржы активтерiн сатып алу;
      мемлекеттiң қаржы активтерiн сатудан түсетiн түсiмдер.
      2. Қаржы активтерiн сатып алу - қатысу үлесiн, халықаралық ұйымдар мен заңды тұлғалардың бағалы қағаздары мен туынды бағалы қағаздарын мемлекеттiк меншiкке сатып алу операцияларымен байланысты бюджет шығыстары.
      3. Мемлекеттiң қаржы активтерiн сатудан түсетiн түсiмдер - қатысу үлесiн, халықаралық ұйымдар мен заңды тұлғалардың бағалы қағаздары мен туынды бағалы қағаздарын, мемлекеттiк мекемелер мен мемлекеттiк кәсіпорындардағы мүлiктiк кешен түрiндегi, сондай-ақ мемлекеттiк кәсiпорындардың жедел басқаруындағы немесе шаруашылық жүргiзуiндегi мемлекеттік мүлiктi мемлекеттiк меншiктен сату жөнiндегi операциялармен байланысты бюджетке түсетiн түсiмдер.
      4. Мемлекеттiң қаржы активтерiмен жасалатын операциялар бойынша сальдо көлемi мемлекеттiң қаржы активтерiн сатып алудан түсетiн түсiмдер мен сатудың арасындағы айырмашылық ретiнде айқындалады.
      5. Қаржы активтерiн сатып алу мен мемлекеттiң қаржы активтерiн сатудан түсетiн түсiмдер Қазақстан Республикасының заң актiлерiне және әлеуметтiк-экономикалық дамудың орта мерзiмдiк жоспарына сәйкес жүзеге асырылады.

      23-бап. Бюджет тапшылығы (профицитi)

      1. Бюджет тапшылығы (профицитi) таза бюджеттiк кредит беру мен қаржы активтерiмен жасалатын операцияларды шегерiп тастағандағы операциялық сальдоға тең.
      Tepic белгiсi бар алынған шама - бюджет тапшылығы, оң белгiсi бар шама бюджет профицитi болып табылады.
      2. Бюджет тапшылығының жол беруге болатын шектiк мөлшерi әлеуметтiк-экономикалық дамудың орта мерзiмдiк жоспарымен белгiленедi.

      24-бап. Бюджет тапшылығын қаржыландыру (профициттi пайдалану)

      1. Бюджет тапшылығын қаржыландыру - қарыз алу және бюджет қаражатының еркiн қалдықтары есебiнен бюджет тапшылығының орнын толтыруды қамтамасыз ету.
      Бюджет тапшылығын қаржыландырудың көлемi қарыздар бойынша негiзгi борышты өтеу сомасынан алынған қарыздар сомасының бюджет қаражаты қалдықтары қозғалысының асып түсуi ретiнде белгiленедi.
      Бюджет тапшылығын қаржыландырудың маңызы оң белгiмен белгіленеді және бюджет тапшылығының маңызынан кем бола алмайды.
      2. Бюджет профицитiн пайдалану - қарыздар бойынша негiзгi борышты өтеуге бюджет профицитiн, қарыздар қаражатын, бюджет қаражатының еркiн қалдықтарын жұмсау.
      Бюджет профицитiн пайдаланудың көлемi алынған қарыздар және бюджет қаражаты қалдықтары қозғалысының сомасынан қарыздар бойынша негiзгi борышты өтеу сомасының асып түсуi ретiнде белгiленедi.
      Бюджет профицитiн пайдаланудың маңызы терiс белгiмен белгіленедi және бюджет профицитiнiң маңызынан көп бола алмайды.

      4-тарау. Қазақстан Республикасының Ұлттық қоры

      25-бап. Қазақстан Республикасы Ұлттық қорын құрудың көздерi

      1. Қазақстан Республикасы Ұлттық қорын құрудың көздерi мыналар болып табылады:
      1) тиістi қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда бекiтiлген олардың жылдық көлемдерi шикiзаттық сектор ұйымдарынан республикалық бюджетке iс жүзiнде түсетiн түсiмдердiң асып түсуi ретiнде айқындалған республикалық бюджеттен ресми трансферттер;
      2) республикалық меншiкте тұрған, кен өндiрушi және өңдеушi салаларға жататын мемлекеттік мүлікті жекешелендіруден түсетін түсімдер есебiнен белгiленетiн мемлекеттiк бюджеттен ресми трансферттер;
      3) шикiзат секторы ұйымдарынан республикалық бюджетке түсетiн түсiмдер сомасының республикалық бюджетте жоспарланған 10 процентi мөлшерiнде есептелген республикалық бюджеттен ресми трансферттер;
      4) Қазақстан Республикасы Ұлттық қорын басқарудан түсетiн инвестициялық кiрiстер;
      5) Қазақстан Республикасының заңнамасымен тыйым салынбаған өзге де түсiмдер мен кiрiстер.
      2. Негiзгi қызметтi табиғи ресурстарды өндiру мен өңдеу болып табылатын заңды тұлғалар шикiзат секторының ұйымдары болып табылады. Шикiзат секторы ұйымдарының тiзбесiн Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлейдi.
      3. Шикiзат секторы ұйымдарынан түсетiн түсiмдер - салықтың мынадай түрлерi бойынша шикiзат секторы ұйымдарынан түсетiн түсiмдердiң жиынтығы:
      корпорациялық табыс салығы;
      қосылған құнға салынатын салық;
      үстеме пайдаға салынатын салық;
      бонустар;
      роялти;
      жасасылған келiсiм-шарттар бойынша өнімді бөлу жөнiнде Қазақстан Республикасының үлесi.
      4. Шикiзат секторы ұйымдарынан түсетiн түсiмдердi болжау республиканы әлеуметтiк-экономикалық дамытудың орта мерзiмдi жоспарында белгiленген шикiзат секторының тауарларына тұрақты дүниежүзiлiк баға есептерiне негiзделедi.
      5. Осы баптың 1-тармағының 1) тармақшасында аталған ресми трансферттердi, сондай-ақ мемлекеттiк меншiкте тұрған, кен өндiрушi және өңдеушi салаларға жататын мемлекеттiк мүлiктi жекешелендiруден түсетiн жоспардан тыс түсiмдер есебiнен белгiленетiн республикалық бюджеттен ресми трансферттердi Қазақстан Республикасының Парламентiнде нақтылаудың республикалық бюджеттiң атқарылу барысында бюджеттiң атқарылуы жөніндегі орталық уәкiлеттi орган айқындайды және республикалық бюджеттен Қазақстан Республикасының Ұлттық қорына аударады.
      6. Осы баптың 1-тармағының 3) тармақшасында аталған ресми трансферттер, сондай-ақ мемлекеттiк меншiкте тұрған, кен өндiрушi және өңдеушi салаларға жататын мемлекеттiк мүлiктi жекешелендiруден түсетiн жоспарлы түсiмдер есебiнен белгiленетiн республикалық бюджеттен ресми трансферттер тиiстi қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңмен бекiтiледi.
      7. Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын басқарудан инвестициялық кiрiстер Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын қаржы активтерiне орналастырудан түзiледi.

      26-бап. Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын пайдалану

      1. Қазақстан Республикасының Ұлттық қоры:
      1) тұтас алғанда ағымдағы қаржы жылы бойынша шикiзат секторы ұйымдарынан республикалық бюджетке түсетiн түсiмдердiң бекiтiлген және iс жүзiндегi көлемдерi арасындағы айырмашылық ретiнде белгiленетiн республикалық бюджеттiң шығынының өтемақысына жұмсалады.
      Өтемақы мөлшерi түсiмдер бойынша республикалық бюджеттiң толық орындалмаған жалпы сомасынан аспауға тиiс.
      Түсiмдердiң жалпы iс жүзiндегі көлемi олардың бекiтiлген көлемiнен асып түскен жағдайда өтемақы жүзеге асырылмайды.
      2) Қазақстан Республикасының Президентi белгiлеген мақсаттарына арналған республикалық бюджетке Қазақстан Республикасы Ұлттық қорынан берiлген мақсаттық трансферттер түрiнде;
      3) Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын басқарумен және жыл сайын сыртқы аудит өткiзумен байланысты шығыстарды жабуға жұмсалады.
      2. Қазақстан Республикасының Ұлттық қоры рұқсат етiлген қаржы және өзге активтерiне:
      Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын сақтау;
      Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының жеткiлiктi өтемпаздық деңгейiн сақтау;
      тәуекел деңгейi төмен кезде ұзақ мерзiмдi перспективада Қазақстан Республикасы Ұлттық қоры табыстылығының жеткiлiктi түрдегi жоғары деңгейiн қамтамасыз ету;
      инвестициялық кiрiстер алу мақсатында орналастырылады.
      3. Рұқсат етiлген қаржы және өзге активтерiнiң тізбесiн Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын басқару жөнiндегi кеңестiң ұсынысы бойынша Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкiмен бiрге Қазақстан Республикасының Үкiметi айқындайды.
      4. Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын жеке және заңды тұлғаларға кредит беруге және мiндеттемелердi қамтамасыз ету ретiнде пайдалануға болмайды.
      5. Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының есебiнен республикалық бюджет шығынының өтемақысы Қазақстан Республикасы Парламентiнде республикалық бюджеттi нақтылаусыз оның атқарылуы барысында Республиканың Ұлттық қорын басқару жөнiндегi кеңестiң келiсiмiмен қаржы жылының қорытындылары бойынша жүзеге асырылады.
      6. Республикалық бюджетке Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан түсетiн мақсаттық трансферттер тиiстi қаржы жылына арналған республикалық бюджетте бекiтiледi.
      7. Қазақстан Республикасының Ұлттық қорындағы активтердi есептеу және Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын пайдалану тәртiбiн Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлейдi.

      27-бап. Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын басқару жөнiндегi кеңес

      1. Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын басқару жөнiндегi кеңес - Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын тиiмдi пайдалану және оның қаржылық және өзге активтерге орналастыру жөнiндегi ұсынысты әзiрлейтiн Қазақстан Республикасының Президентi жанындағы консультациялық-кеңесшi орган.
      2. Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын басқару жөнiндегi кеңестiң қызметтерi:
      Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын құру мен пайдаланудың тиiмдiлiгiн арттыру жөнiндегi ұсыныстарды әзiрлеу;
      Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын пайдаланудың көлемдерi мен бағыттары жөнiндегi ұсыныстарды қарау және мақұлдау;
      Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын орналастыру үшiн рұқсат етiлген қаржы және өзге активтерiнiң тiзбесi жөнiнде ұсыныстар әзiрлеу болып табылады.
      3. Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын басқару жөнiндегi кеңестi құру, оның құрамы туралы шешiмдi және ол туралы ереженi Қазақстан Республикасының Президентi бекiтедi.

      5-тарау. Бiрыңғай бюджет жiктемесi

      28-бап. Бiрыңғай бюджет жіктемесiнiң анықтамасы

      1. Бiрыңғай бюджет жiктемесi жiктеме объектiлерiне топтамалық кодтар бере отырып, түсiмдер мен бюджет шығыстарын атқарымдық, ведомстволық және экономикалық сипаттамалар бойынша топтастыру болып табылады. Бiрыңғай бюджет жiктемесi Қазақстан Республикасы бюджет жүйесiнiң барлық деңгейдегi бюджеттерi көрсеткiштерiнiң салыстырымдылығын қамтамасыз етедi.
      2. Бюджет процесi бiрыңғай бюджет жiктемесi негізінде жүзеге асырылады.
      3. Бiрыңғай бюджет жүктемесi бiртұтас және бюджеттердiң барлық деңгейлерi үшiн мiндеттi болып табылады.
      4. Бiрыңғай бюджет жiктемесi заң актiлерiнiң, Президент жарлықтарының, Қазақстан Республикасы Үкiметi қаулыларының негiзiнде жасалады.
      5. Бiрыңғай бюджет жiктемесiн бюджеттiк жоспарлау жөніндегi орталық уәкiлеттi орган жасайды және Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiтедi.

      29-бап. Бiрыңғай бюджет жiктемесiнiң құрамы

      Бiрыңғай бюджет жiктемесi:
      бюджет түсiмдерiнiң жiктемесiн;
      бюджет шығыстарының атқарымдық жiктемесiн;
      бюджет шығыстарының экономикалық жiктемесiн қамтиды.

      30-бап. Бюджет түсiмдерінің жiктемесi

      1. Бюджет түсiмдерiнiң жiктемесi Қазақстан Республикасының бюджет заңдарына негiзделген белгiлi бiр сипаттама бойынша Қазақстан Республикасының барлық деңгейдегi бюджеттерiнiң түсiмдерiн топтау болып табылады.
      2. Бюджет түсiмдерi жiктемесiн топтау санаттан, сыныптан, кiшi сыныптан және өзiне тән өзгешелiктен тұрады.
      Санаттар түсiмдердi экономикалық белгiлер бойынша топтау болып табылады.
      Сыныптар мен кіші сыныптар түсімдерді олардың көздері мен түрлері бойынша топтастырады.
      Өзiне тән өзгешелiк төлем немесе бюджетке түсетін түсiм түрiн айқындайды.

      31-бап. Бюджет шығыстарының атқарымдық жiктемесi

      1. Бюджет шығыстарының атқарымдық жiктемесi мемлекет қызметтерiнiң орындалуын, республикада мемлекеттiк саясатты iске асыруды бейнелейтiн атқарымдық және ведомстволық белгiлер бойынша бюджет қаражатының жұмсалу бағытын белгiлейтiн барлық деңгейдегi бюджеттер шығыстарын топтастыру болып табылады.
      2. Бюджет шығыстарының атқарымдық жiктемесiнiң тобы атқарымдық топтардан, атқарымдық кiшi топтардан, бюджет бағдарламаларының, бағдарламалар мен кiшi бағдарламалардың әкiмшiлерiнен тұрады.
      3. Атқарымдық топ - салалық белгiлер мен атқарымдық бағыт бойынша бюджет шығыстарын бiрiктiру.
      Атқарымдық кiшi топ атқарымдық топ iшiнiң бюджет қаражатының жұмсалу бағытын нақтылайды.
      4. Бюджет бағдарламаларының әкiмшiлерi бойынша бюджет бағдарламаларының шығыстарын топтастыру болып табылатын бюджет шығыстарының ведомстволық жiктемесi бюджет шығыстарының атқарымдық жiктемесi қалыптастырылуы мүмкiн.
      5. Ведомстволық жiктеме бюджет бағдарламаларының, атқарымдық топтар мен бюджет бағдарламаларының (кiшi бағдарламаларының) әкiмшiлерiнен тұрады.

      32-бап. Бюджет бағдарламалары әкiмшісінiң анықтамасы

      1. Бюджет бағдарламаларының әкiмшiсi - бюджет бағдарламаларын жоспарлауға, негiздеу мен iске асыруға жауапты мемлекеттiк орган.
      Бюджет бағдарламаларының әкiмшiсi өзiне жүктелген қызметтер мен өкiлеттіктерге сәйкес белгiленедi.
      2. Бюджет бағдарламаларының әкiмшiсi бюджет қаражатын бюджет бағдарламаларының мақсаттары мен мiндеттерiне сәйкес бекiтiлген (нақтыланған, түзетiлген) бюджет шегiнде дербес пайдаланады, олардың тиімді, нәтижелi және мақсатты пайдаланылуына жауап бередi.
      3. Мемлекеттiк органдардың құрылымдық және аумақтық бөлiмшелерi бюджет бағдарламаларының әкiмшiлерi бола алмайды.

      33-бап. Республикалық бюджет бағдарламаларының әкiмшiлерi

      Орталық атқарушы және өзге де орталық мемлекеттiк органдар республикалық бюджет бағдарламаларының әкiмшiлерi болып табылады.

      34-бап. Жергілiктi бюджет бағдарламаларының әкiмшiлерi

      1. Жергілiкті бюджет бағдарламаларының әкiмшiлерi Қазақстан Республикасының Үкiмет бекiтетiн жергiлiктi мемлекеттiк басқарудың үлгі құрылымы негiзге алына отырып белгiленедi.
      2. Жергiлiктi мемлекеттiк басқарудың жекелеген қызметтерiн жүзеге асыруға облыс, республикалық маңызы бар қала, астана әкiмдiгi уәкiлеттiк берген, облыс бюджетiнен, республикалық маңызы бар қала, астана, әкiмнiң аппараты және облыс, республикалық маңызы бap қала, астана мәслихаты бюджетiнен қаржыландырылатын атқарушы органдар облыстық бюджет бағдарламаларының, республикалық маңызы бар қалалар, астана бюджет бағдарламаларының әкiмшiлерi болып табылады.
      3. Жергілiктi мемлекеттiк басқарудың жекелеген қызметтерiн жүзеге асыруға аудан (облыстық маңызы бар қала) әкiмi уәкiлеттiк берген, аудан (облыстық маңызы бар қала), әкiм аппараты және аудан (облыстық маңызы бар қала) мәслихаты бюджетiнен қаржыландырылатын атқарушы органдар аудандық (қалалық бюджет бағдарламаларының әкiмшiлерi болып табылады.
      4. Осы әкiмшiлiк-аумақтық бiрлестiктер әкiмдерiнiң аппараттары қаладағы ауданның, аудандық маңызы бар қаланың, кенттiң, ауылдың (селоның), ауылдық (селолық) округтiң бюджет бағдарламаларының әкiмшiлерi болып табылады.

      35-бап. Бюджет бағдарламаларының анықтамасы

      1. Бюджет бағдарламасы - мемлекеттік басқару қызметтерi мен мемлекеттiк саясатты iске асыру жөнiндегi бюджет шығыстары.
      2. Бюджет бағдарламасы бюджет бағдарламасы шеңберiндегi бюджет шығыстарының бағыттарын нақтылайтын кiшi бағдарламаларға бөлінуi мүмкін.
      3. Бюджет бағдарламасының өз мақсаты мен мiндеттерi болуы тиiс.
      Бағдарламаның мақсаты бюджет бағдарламасын орындау кезiнде қол жетуге тиiстi белгiлi бiр түпкi нәтиже болып табылады. Бюджет бағдарламасының мақсаты дәл, нақтылы және қол жетерлiк болуы тиiс.
      Бюджет бағдарламасының мақсаты жекелеген мiндеттерге бөлiнедi, олар бюджет бағдарламасы мақсатына жетудiң жолдары болып табылады.
      4. Бюджет бағдарламасының атауы мен мазмұны заң актiлерiнде көзделген мемлекеттiк қызметтердi, сондай-ақ дамудың мемлекеттiк, салалық (секторлық) бағдарламаларымен белгiленген елдi әлеуметтiк-экономикалық дамыту мақсаттарын көрсетуге тиiс.

      36-бап. Бюджет бағдарламаларының түрлерi

      1. Экономикалық нәтижелерге байланысты бюджет бағдарламалары:
      тұрақты сипаты бар немесе дамудың бюджет бағдарламаларына қатыссыз бiржолғы шараларды өткiзудi көздейтiн заң актiлерiне сәйкес мемлекеттiк басқару қызметтерi мен мемлекет мiндеттемелерi орындалуын қамтамасыз етуге бағытталған ағымдағы бюджет бағдарламаларына;
      бюджет инвестицияларын жүзеге асыруға бағытталған дамудың бюджет бағдарламаларына бөлiнедi.
      2. Белгiлi бiр қызметтердi атқаратын мемлекеттiк басқару деңгейiне байланысты бюджет бағдарламалары:
      республикалық бюджетте бекiтiлетiн республикалық бағдарламаларға;
      облыстық бюджетке, республикалық маңызы бар қала, астана бюджетiнде бекiтiлетiн облыстық, республикалық маңызы бар қалалар, астана бағдарламаларына;
      аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджетiнде бекiтiлетiн аудандық (қалалық) бағдарламаларға;
      ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) бюджетiнде, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджетінде бекiтiлетiн қаладағы ауданның, аудандық маңызы бар қаланың, кенттiң, ауылдың (селоның), ауылдық (селолық) округтiң бюджет бағдарламаларына бөлiнедi.
      Облыстық (республикалық маңызы бар қалалар, астана), аудандық (қалалық), сондай-ақ республикалық маңызы бар қаладағы (астанадағы) ауданның, аудандық маңызы бар қаланың, кенттiң, ауылдың (селоның), ауылдық (селолық) округтiң бюджеттiк бағдарламалары жергілiктi бюджет бағдарламалары болып табылады.
      3. Iске асыру әдiсiне байланысты бюджет бағдарламалары:
      бiр әкiмшi iске асыратын жеке-дара бюджет бағдарламаларына;
      бюджет бағдарламаларының бiр әкiмшiсi бойынша бюджетте бекiтiлетiн және бюджет бағдарламаларының түрлi әкiмшiлерi арасында қаржы жылы iшiнде бөлiнуге тиiстi бөлiнетiн бюджет бағдарламаларына бөлiнедi. Мұндай бюджет бағдарламаларын бөлу Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қаулысымен немесе жергiлiктi атқарушы органның нормативтiк құқықтық актiсiмен белгiленедi.

      37-бап. Бюджет бағдарламаларының тиiмдiлiгiн бағалау

      1. Бюджет бағдарламаларының тиiмдiлiгiн бағалау - бюджет бағдарламаларын негiздеудi, олардың орындалу барысын, елдiң әлеуметтiк экономикалық жағдайына олардың ықпалын eceптeу және талдау, бюджет бағдарламаларының тиiмдiлiгi мен нәтижелiлiгiн арттыру жөнiнде ұсыныстар әзiрлеу.
      2. Бюджет бағдарламаларын бағалау үш сатыда:
      бюджет жобасын әзiрлеу кезiнде;
      бюджеттiң атқарылуы кезiнде;
      бюджеттiң атқарылуын бақылау кезiнде жүзеге асырылады.
      3. Бюджет бағдарламаларының тиiмдiлiгiн бағалау бюджеттiк өтiнiмдер, паспорттар, бюджет бағдарламасының iске асырылу барысы туралы есептер, бюджет бағдарламаларын қаржыландыру жоспарлары негiзiнде жүргiзiледi.
      4. Бюджет бағдарламаларының тиiмдiлiгiн бағалаудың тәртiбiн Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлейдi.

      38-бап. Бюджет шығыстарының экономикалық жiктемесi

      1. Бюджет бағдарламаларын iске асыру үшiн мемлекеттік мекемелер жүзеге асыратын операцияларды бейнелейтiн экономикалық сипаттама бойынша бюджет шығыстарын топтастыру бюджет шығыстарының экономикалық жiктемесi болып табылады.
      2. Бюджет шығыстары экономикалық жiктемесiн топтастыру санаттан, сыныптан, кiшi сыныптан және өзiндiк өзгешелiктен тұрады.
      Санат экономикалық белгiлер бойынша шығыстарды топтастырады.
      Сынып пен кiшi сынып мемлекеттiк мекемелер жүргiзетiн операциялардың негiзгi түрлерi бойынша шығыстарды топтастырады.
      Өзiндiк өзгешелiк бюджет бағдарламасын iске асыру үшiн мемлекеттiк мекеме жүргiзетiн операцияның түрiн белгiлейдi.

      2-бөлiм. Бюджетаралық қатынастар және бюджет деңгейлері арасындағы түсімдер мен шығыстарды бөлу

      6-тарау. Бюджетаралық қатынастар

      39-бап. Бюджетаралық қатынастар туралы жалпы ережелер

      1. Бюджет процесiнде бюджеттердiң жоғары тұрған және төмен тұрған деңгейлерi арасындағы қатынастар бюджетаралық қатынастар болып табылады.
      2. Бюджет процесінде республикалық бюджеттiң аудандар (облыстық маңызы бар қалалар) бюджеттерiнен өзара қатынастарына жол берiлмейдi.
      3. Бюджет процесiнде облыстық бюджеттiң, республикалық маңызы бар қала, астана бюджетiнiң басқа облыстық бюджеттермен, республикалық маңызы бар қала, астана бюджеттерiмен өзара қатынастарына жол берiлмейдi.
      4. Бюджет процесiнде аудандар (облыстық маңызы бар қалалар) бюджеттерiнiң бiр бiрiмен өзара қатынастарына жол берiлмейдi.
      5. Бюджетаралық қатынастар мемлекеттiк басқарудың деңгейлерi арасындағы қызметтер мен өкiлеттiктердi дәл анықтап айыруға, бюджеттер деңгейлерi арасындағы түсiмдер мен шығыстарды бiрыңғай бөлуге, сондай-ақ бюджетаралық қатынастарды анықтау әдiстерiнiң бiртұтастығы мен ашықтығына негiзделген.
      6. Қазақстан Республикасының Yкiметi мен орталық мемлекеттiк органдардың, облыстардың жергiлiктi атқарушы органдарының, осы Кодексте көзделген жағдайларды қоспағанда, тиісiнше облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың және аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) бюджет процесiне араласуына жол берiлмейдi.
      7. Шығыс өкiлеттiктерiн немесе түсiмдердiң жекелеген түрлерiн бюджеттiң бiр деңгейiнен басқасына беру осы Кодекске өзгерiстер енгiзiлген кезде ғана жүзеге асырылады.

      40-бап. Бюджетаралық қатынастардың қағидаттары

      Бюджетаралық қатынастар мынадай қағидаттарға негiзделедi:
      республикалық бюджетпен өзара қатынастарда облыстар, республикалық маңызы бар қалалар бюджеттерінiң, жоғары тұрған облыстық бюджетпен өзара қатынастарда облыстық маңызы бар аудандар (қалалар) бюджеттерiнiң теңдiгi;
      Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктерiнiң ең аз бюджеттік қамтамасыз етiлуiнiң деңгейлерiн теңестiру;
      жергiлiктi атқарушы органдардың мемлекеттiк қызмет көрсетулердiң бiрдей деңгейiн беруiн қамтамасыз ету;
      мемлекеттік қызмет көрсетулердiң барынша тиiмдiлiгі мен нәтижелiлiгi - мейлiнше тиiмді де нәтижелi өндірісті және мемлекеттiк қызметтер көрсетудi қамтамасыз ете алатын билiк деңгейiмен мемлекеттік қызметтер көрсетудi баянды ету;
      мемлекеттiк қызметтер көрсету деңгейiн оны алушыларға барынша жақындату - оларды алушылардың қажеттiлiктерiн жақсы есепке алу және мемлекеттiк қызметтер көрсету сапасын арттыру мақсатында, бюджет жүйесiнiң неғұрлым төмен деңгейiне көрсетiлетiн қызметтердi атқаруды беру;
      бюджеттiң әрбiр деңгейiнiң алынған ресми трансферттер мен кредиттердiң тиiмдi және нысаналы пайдаланылуы үшiн жауаптылығы.

      41-бап. Бюджетаралық қатынастарды реттеудiң нысандары

      1. Бюджетаралық қатынастар:
      ресми трансферттермен;
      бюджет кредиттерiмен реттеледi.
      2. Ресми трансферттер жалпы сипаттағы трансферттер, ағымдағы мақсаттық трансферттер, дамытуға арналған мақсаттық трансферттер болып бөлiнедi.
      3. Бюджетаралық қатынастарды реттеу нысандарын айқындаған кезде бюджеттер деңгейлерiнiң әрбiрiнiң салықтық әлеуетi, өңiрлердiң объективтiк бюджеттiк қажеттiлiктерiн бағалау нәтижелерi, белгiленген нақты нормалар ескерiледi.
      4. Бюджетаралық қатынастарды реттеудiң нысандары орта мерзiмдiк фискальдық саясатқа сәйкес белгiленедi.
      5. Мақсаттық трансферттер мен кредиттердi жергiлiктi атқарушы органдар олардың мақсаттық мiндетiне сәйкес қана пайдаланады.
      6. Мақсаттық трансферттер мен кредиттердiң қаржы жылы iшiнде пайдаланылмаған немесе мақсаттық мiндетiне сай келмей пайдаланылған сомасы жоғары тұрған, осы трансферттер мен кредиттердi бөлген бюджетке мiндеттi түрде қайтарылуға тиiс.

      42-бап. Жалпы сипаттағы ресми трансферттер

      1. Жалпы сипаттағы ресми трансферттер бюджеттiк субвенциялар мен бюджеттік алып қоюлар болып табылады.
      2. Жоғары тұрған бюджеттерден төменгi тұрған бюджеттерге республикалық немесе облыстық бюджетте бекiтiлген сома шегінде берiлген ресми трансферттер бюджет субвенциялары болып табылады.
      3. Төменгi тұрған бюджеттерден жоғары тұрған бюджеттерге республикалық немесе облыстық бюджетте бекiтiлген сома шегiнде берiлген ресми трансферттер бюджеттiк алып қоюлар болып табылады.
      4. Жалпы сипаттағы ресми трансферттердiң көлемдерi жылдар бойынша бөлiне отырып үш жылдық кезеңге:
      республикалық бюджет пен облыстық, республикалық маңызы бар қала, астана бюджеттерiнiң арасында - заңмен;
      облыстық бюджет пен облыстық маңызы бар аудандар (қалалар) бюджеттерi арасында - облыстық мәслихат шешiмiмен белгiленедi.
      Жалпы сипаттағы ресми трансферттердiң көлемдерi әрбiр үш жылда өзгертiлуге тиiс.
      5. Жалпы сипаттағы ресми трансферттер жергiлiктi бюджеттердiң бюджет қаражатымен қамтамасыз етiлуiн көлбеу теңестiруге және бюджеттiң әрбiр деңгейi үшiн осы Кодекспен бекiтiлген шығыстық өкiлеттiктерге сәйкес мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтерге стандарттық деңгей беру үшiн бiрдей фискальдық мүмкiндiктердi қамтамасыз етуге бағытталған.
      6. Бюджеттiк алуларды төменгi тұрған бюджеттерден жоғары тұрған бюджетке және бюджет субвенцияларын жоғары тұрған бюджеттен төменгi тұрған бюджетке аудару тәртiбi мен кезеңдiлiгiн Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлейдi.

      43-бап. Жалпы сипаттағы ресми трансферттердi есептеу әдiстемесi

      1. Жалпы сипаттағы ресми трансферттердiң көлемдерi тиiстi жергiлiктi бюджеттiң кiрiстерi мен шығындары көлемдерiнiң арасындағы айырмашылық ретiнде айқындалады.
      2. Жергiлiктi бюджет шығындарының болжамды көлемiнен кiрiстерiнiң болжамды көлемi асып түскен кезде жергiлiктi бюджеттен жоғары тұрған бюджетке бюджеттiк алулар белгiленедi, керiсiнше жағдайда жергiлiктi бюджетке жоғары тұрған бюджеттен бюджеттік субвенциялар белгіленедi.
      3. Жергiлiктi бюджеттер шығындарының болжамды көлемдерi ағымдық бюджет бағдарламалары мен дамудың бюджет бағдарламаларына олардың бөлiнуін, белгiленген нақты нормаларды ескере отырып және бюджеттер деңгейлерi арасында шығыстардың бөлiнуi негізiнде есептеледi.
      4. Жалпы сипаттағы ресми трансферттердiң үш жылдық кезеңге арналған көлемдерiн, әрбiр үш жыл сайын олардың өзгеруiн айқындау Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлеген жалпы сипаттағы pecми трансферттердi есептеу әдiстемесi негiзiнде жүргiзiледi.
      5. Жалпы сипаттағы ресми трансферттердiң көлемдерiн есептеу кезiгуде мақсаттық трансферттер мен бюджет кредиттерi ескерiлмейдi.
      6. Егер бюджеттiк алулар мен субвенцияларды есептеу кезiнде ескерiлген шығыстар бекiтiлген (нақтыланған, түзетiлген жергiлiктi бюджет көзделмесе, Қазақстан Республикасының Үкiметi мен облыстың жергiлiктi атқарушы органы қаржы жылы iшiнде тиiстi шамаға бюджет субвенцияларын азайту немесе бюджеттiк алуды ұлғайту туралы шешiм қабылдайды.

      44-бап. Мақсаттық ағымдағы трансферттер

      1. Жекелеген ағымдағы бюджет бағдарламаларын iске асыру үшiн республикалық немесе облыстық бюджетте бекiтiлген, бюджеттiк алуларды (бюджет субвенцияларын) есептеу кезiнде ескерiлмеген сома шегiнде жоғары тұрған бюджеттер төменгi тұрған бюджеттерге беретiн ресми трансферттер мақсаттық ағымдағы трансферттер болып табылады.
      Жоғары тұрған органдардың нормативтiк құқықтық актiлердi қабылдауынан туындайтын, жалпы сипаттағы ресми трансферттердiң үшжылдық көлемдерiнiң қолданылуы кезеңiнде шығыстардың ұлғаюына және/немесе кiрiстердiң азаюына әкеп соғатын төменгi тұрған бюджеттер өтемақы төлеу мақсаттық ағымдағы трансферттер бөлу арқылы жүргiзiледi.
      2. Мақсаттық ағымдағы трансферттер дамудың мемлекеттiк, салалық (секторлық) немесе өңiрлiк бағдарламаларын орындауға ғана, сондай-ақ қаржы жылы iшiнде әкiмдердiң өтiнiшi бойынша Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң резервiнен немесе облыстың жергiлiктi атқарушы органынан қаржыландырылатын шараларға ғана берiлуi мүмкiн.

      45-бап. Дамуға арналған мақсаттық трансферттер

      Мемлекеттік, салалық (секторлық) бағдарламалармен көзделген, жергiлiктi инвестициялық жобаларды (бағдарламаларды) iске асыру үшiн республикалық бюджетте бекiтілген сома шегiнде республикалық бюджеттен облыстық бюджетке, республикалық маңызы бар қала, астана бюджетiне берiлетiн;
      өңiрлiк бағдарламалармен көзделген, жергiлiктi бюджеттiк инвестициялық жобаларды (бағдарламаларды) iске асыру үшiн облыстық бюджетте бекiтiлген сома шегiнде облыстық бюджеттен аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджетiне берiлетiн ресми трансферттер дамуға арналған мақсаттық трансферттер болып табылады.

      46-бап. Төменгi тұрған бюджеттерге берiлетiн кредиттер

      1. Республикалық бюджеттен және облыстық бюджеттерден бюджеттiк кредиттер облыстық бюджеттерге, республикалық маңызы бар қалалар, астана бюджеттерiне және аудандар (облыстық маңызы бар қалалар) бюджеттерiне қаржы жылы iшiнде бюджеттiк инвестициялық жобаларды (бағдарламаларды) iске асыруға және кассалық алшақтықты жабуға берiлуi мүмкiн.
      2. Төменгi тұрған бюджеттерге бюджеттiк кредиттер осы Кодекске сәйкес берiледi.

      7-тарау. Бюджеттер деңгейлерi арасындағы түсiмдердi бөлу

      47-бап. Республикалық бюджетке түсетін түсімдер

      1. Республикалық бюджетке түсетін салық түсімдері мыналар болып табылады:
      1) корпорациялық табыс салығы;
      2) қосылған құнға, оның iшiнде Қазақстан Республикасы аумағында өндiрiлген тауарларға орындалған жұмыстар мен көрсетiлген қызметтерге және Қазақстан Республикасы аумағына импортталатын тауарларға салынатын салық;
      3) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес Қазақстан Республикасының аумағына импортталатын тауарларға акциздер;
      4) газ конденсатын қоса алғанда, шикi мұнайға акциздер;
      5) үстеме пайда салынатын салық;
      6) бонустар;
      7) роялти;
      8) жасасылған келiсiм-шарттар бойынша өнімдi бөлу жөніндегі Қазақстан Республикасының үлесi;
      9) жергiлiктi маңызы бар мемлекеттiк автомобиль жолдары бойымен автокөлiк құралдарының жүрiп өткенi үшiн алынатын алымнан басқа, Қазақстан Республикасының аумағы бойынша автокөлiк құралдарының жүрiп өткенi үшiн алынатын алым;
      10) теледидар мен радиохабар ұйымдарына радиожиiлiк спектрiн пайдалануға рұқсат беру үшiн алынатын алым;
      11) теңiз, өзен кемелерi мен көлемi шағын кемелердi мемлекеттiк тiркеу үшін алынатын алым;
      12) дәрi-дәрмек құралдарын мемлекеттік тiркеу үшiн алынатын алым;
      13) азаматтық әуе кемелерiн мемлекеттiк тiркеу үшiн алынатын алым;
      14) радиоэлектронды құралдар мен жоғары жиiлiктi құрылғыларды мемлекеттік тiркеу үшiн алынатын алым;
      15) радиожиiлiк спектрiн пайдаланғаны үшiн төленетiн төлем;
      16) республикалық маңызы бар ерекше қорғалатын аумақтарды пайдаланғаны үшiн төленетiн төлем;
      17) хайуанаттар әлемiн пайдаланғаны үшiн төленетiн төлем;
      18) кеме жүретiн су жолдарын пайдаланғаны үшiн төленетiн төлем;
      19) республикалық маңызы бар жалпы пайдаланудағы автомобиль жолдарының жиегiне сыртқы (көрiнетiн) жарнаманы орналастырғаны үшiн төленетiн төлем;
      20) әкелiнетiн және әкетiлетiн тауарларға кеден баждары;
      21) кеден бақылауын және кеден рәсiмдерiн жүзеге асырудан түсетiн түсiмдер;
      22) отандық тауар өндiрушiлердi қорғау шаралары ретiнде өндiрiп алынатын баж алымдары;
      23) консулдық алым;
      24) Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шартқа сәйкес, Қазақстан Республикасында жасалған ресми құжаттарға мемлекеттiк органдардың растама бергенi үшiн мемлекеттiк баж алымы;
      25) Қазақстан Республикасы азаматтарының паспорттары мен жеке басының куәлiктерiн бергенi үшiн мемлекеттiк баж алымы;
      26) жүргiзушi куәлiктерiн бергенi үшiн алынатын мемлекеттiк баж алымы;
      27) көлiк құралдарын мемлекеттiк тiркеу туралы куәлiктердi бергенi үшiн алынатын мемлекеттiк баж алымы;
      28) мемлекеттiк тiркеу нөмерлiк белгiлерiн бергенi үшiн алынатын мемлекеттiк баж алымы.
      2. Республикалық бюджетке салықтан тыс түсетін түсімдер мыналар болып табылады:
      1) республикалық меншiктен алынатын кiрiстер:
      республикалық мемлекеттiк кәсіпорындардың таза табысы бөлiгiнiң түсiмдерi;
      Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң таза табысы бөлiгiнiң түсiмдерi;
      республикалық меншiк болып табылатын акциялар пакеттерiне дивидендтер;
      мемлекеттiк меншiк болып табылатын ұйымдарға қатысудың мемлекеттік үлесiне кiрiстер;
      республикалық меншiкте тұратын мүлiктi жалға беруден алынатын кiрiстер;
      Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң депозиттерi және осы Кодекске сәйкес екiншi деңгейдегi банктер шоттарына орналастырылған мемлекеттiк сыртқы қарыздар бойынша сыйақылар (мүдделер);
      республикалық бюджеттен берiлген кредиттер бойынша сыйақылар (мүдделер);
      қару-жарақ пен әскери техниканы сатудан түсетiн кiрiстер;
      республикалық меншiктен түсетiн басқа да кiрiстер;
      2) республикалық бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттiк мекемелер тауарларды (жұмыстар, көрсетiлетiн қызметтер) өткiзуден түсетiн кiрiстер;
      3) республикалық бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттiк мекемелер ұйымдастыратын мемлекеттiк сатып алулар өткiзуден түсетiн ақша түсiмдерi;
      4) республикалық бюджеттен, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкiнен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелер салатын айыппұлдар, өсiмақылар, санкциялар, өндiрiп алулар;
      5) республикалық бюджетке түсетiн басқа да салықтан тыс түсiмдер.
      3. Негiзгі капиталды сатуынан республикалық бюджетке түсетiн түсiмдер мыналар болып табылады:
      1) республикалық бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттiк мекемелерге бекiтiлiп берiлген мемлекеттiк мүлiктi сатудан түсетiн ақша;
      2) мемлекеттiк қорлардан, резервтерден тауарлар сатудан түсетiн ақша;
      3) бейматериалдық активтердi сатудан түсетiн ақша.
      4. Республикалық бюджетке ресми трансферттердiң түсiмдерi мыналар болып табылады:
      1) облыстық бюджеттерден, республикалық маңызы бар қалалар, астана бюджеттерiнен ресми трансферттер;
      2) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкiнен республикалық бюджетке мақсаттық трансферттер.
      5. Республикалық бюджеттен берiлген кредиттердi өтеуден, республикалық меншiкте тұрған мемлекеттiң қаржы активтерiн сатудан, үкiметтiк қарыздардан түсетiн түсiмдер республикалық бюджетке есептеледi.

      48-бап. Облыстық бюджетке түсетiн түсiмдер

      1. Облыстық бюджетке түсетiн салық түсiмдерi мыналар болып табылады:
      1) 50% жеке табыс салығы;
      2) 50% әлеуметтiк салық;
      3) қоршаған ортаны ластағаны үшiн төлем;
      4) жергiлiктi маңызы бар ақылы мемлекеттiк автомобиль жолдары бойымен жүрiп өткенi үшiн алынатын алым;
      5) облыстық маңызы бар жалпы пайдаланудағы автомобиль жолдарының жиегiне сыртқы (көрінетiн) жарнама орналастырғаны үшiн төленетiн төлем.
      2. Облыстық бюджетке түсетiн салықтан тыс түсiмдер мыналар болып табылады:
      1) коммуналдық меншiктен түсетiн кiрiстер:
      облыстық әкiмдiктiң шешiмi бойынша құрылған коммуналдық мемлекеттiк кәсiпорындардың таза табысы бөлiгiнiң түсiмi;
      облыстық коммуналдық меншiк болып табылатын акциялар пакеттерiне дивидендтер;
      облыстық коммуналдық меншiк болып табылатын ұйымдарға қатысудың мемлекеттiк үлесiне кiрiстер;
      облыстық коммуналдық меншiктi жалға беруден түсетiн түсiмдер;
      облыстық бюджеттен берiлген кредиттер бойынша сыйақылар (мүдделер);
      уақытша бос бюджет ақшасын депозитке орналастырудан алынған сыйақылар (мүдделер);
      облыстық коммуналдық меншiктен - түсетiн басқа да кiрiстер.
      2) облыстық бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттiк мекемелердiң тауарларды (жұмыстар, көрсетiлетiн қызметтер) өткiзуден түсетiн кiрiстер;
      3) республикалық бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттiк мекемелер ұйымдастыратын мемлекеттiк сатып алулар өткiзуден түсетiн ақша түсiмдер;
      4) облыстық бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттiк мекемелер салатын айыппұлдар, өсiмпұлдар, санкциялар, өндiрiп алулар;
      5) облыстық бюджетке түсетiн басқа да салықтан тыс түсiмдер.
      3. Облыстық бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттiк мекемелерге бекiтiлiп берiлген мемлекеттiк мүлiктi сатудан түсетiн қаражат негiзгi капиталды сатудан облыстық бюджетке түсетiн түсiмдер болып табылады.
      4. Облыстық бюджетке түсетiн ресми трансферттер түсiмдерi мыналар болып табылады:
      1) аудандар (облыстық маңызы бар қалалар) бюджеттерiнен түсетiн ресми трансферттер;
      2) республикалық бюджеттен түсетiн ресми трансферттер.
      5. Облыстық бюджеттен берiлген несиелердi өтеуден, облыстық коммуналдық меншiкте тұрған мемлекеттiң қаржы активтерiн сатудан, облыстардың жергілiктi атқарушы органдарының қарыздарынан түскен түсiмдер облыстық бюджетке есептеледi.

      49-бап. Республикалық маңызы бар қала, астана бюджетіне түсетін түсімдер

      1. Республикалық маңызы бар қала, астана бюджетiне түсетiн салық түсiмдерi мыналар болып табылады:
      1) жеке табыс салығы;
      2) әлеуметтiк салық;
      3) жеке және заңды тұлғалардың, жеке кәсiпкерлердiң мүлкiне салынатын салық;
      4) жер салығы;
      5) бiрыңғай жер салығы;
      6) заңды және жеке тұлғалардан көлiк құралдарына салынатын салық;
      7) мыналарға акциздер:
      Қазақстан Республикасы аумағында шығарылған барлық спирт түрлерi;
      Қазақстан Республикасының аумағында жасалған алкоголь өнiмi;
      Қазақстан Республикасының аумағында шығарылған темекi бұйымдары;
      Қазақстан Республикасының аумағында шығарылған, құрамында темекi бар басқа да бұйымдар;
      Қазақстан Республикасы аумағында өндiрiлген бекiре мен қызыл балықтардың уылдырығы;
      Қазақстан Республикасы аумағында алтыннан, платинадан немесе күмiстен жасалған зергерлiк бұйымдар;
      Қазақстан Республикасы аумағында жасалған атыс және газ қаруы (мемлекеттiк өкiмет органдарының мұқтаждары үшiн сатып алынғанынан басқа);
      ойын бизнесi;
      лотерея ойынын ұйымдастыру және өткiзу;
      Қазақстан Республикасының аумағында жасалған жеңіл автомобильдер (мүгедектерге арналған, қолмен басқарылатын, арнаулы автомобильдерден басқа);
      бензин (авиациялық бензиндi қоспағанда) мен дизель отын;
      8) беткi көздердiң су ресурстарын пайдаланғаны үшiн төленетiн төлем;
      9) орманды пайдаланғаны үшiн төленетiн төлем;
      10) қоршаған ортаны ластағаны үшiн төленетiн төлем;
      11) жергiлiктi маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды пайдаланғаны үшiн төленетiн төлем;
      12) жер учаскелерiн пайдаланғаны үшiн төленетiн төлем;
      13) жеке кәсiпкерлердi мемлекеттiк тiркеу үшiн алынатын алым;
      14) қызметтің жекелеген түрлерiмен айналысу құқығы үшiн алынатын лицензиялық алым;
      15) заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу үшін алынатын алым;
      16) аукциондардан алынатын алым;
      17) республикалық маңызы бар қала мен астананың ақылы мемлекеттiк автомобиль жолдары бойымен жүрiп өту үшiн алынатын алым;
      18) консулдық алымнан және Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шартқа сәйкес, Қазақстан Республикасында жасалған ресми құжаттарға мемлекеттiк органдардың рұқсаттама бергенi үшiн, Қазақстан Республикасы азаматтарының паспорттары мен жеке басының куәлiктерiн бергенi үшiн, жүргiзушi куәлiктерiн, көлiк құралдарының мемлекеттiк тiркелуi және мемлекеттiк тiркеме номерлiк белгiлер туралы куәлiктер бергенi үшiн өндiрiп алынатын мемлекеттiк баждардан басқа, баж алымы;
      19) жылжымайтын мүлiкке және олармен жасалатын мәмiлелерге құқықтарды мемлекеттік тiркеу үшін алынатын алым;
      20) механикалық көлiк құралдары мен тiркемелердi мемлекеттік тiркеу үшін алынатын алым;
      21) қалалық маңызы бар жалпы пайдаланудағы автомобиль жолдарының жиегiнде және елдi мекендерде сыртқы (көрiнетiн) жарнаманы орналастыру үшiн төленетiн төлем.
      2. Республикалық маңызы бар қала, астана бюджетiне түсетiн салықтан тыс түсiмдер мыналар болып табылады:
      1) коммуналдық меншiктен түсетiн кiрiстер:
      республикалық маңызы бар қала, астана әкiмдiктерiнiң шешімi бойынша құрылған коммуналдық мемлекеттiк кәсіпорындардың таза табысы бөлiгiнiң түсiмi;
      республикалық маңызы бар қаланың, астананың коммуналдық меншiгi болып табылатын акциялар пакетiне дивидендтердiң түсiмi;
      республикалық маңызы бар қаланың, астананың коммуналдық меншiгi болып табылатын ұйымдарға қатысудың мемлекеттiк үлестерiне кiрiстер;
      республикалық маңызы бар қала, астана өкiлеттi органдарының шешiмдерi бойынша өткiзiлетiн мемлекеттiк лотереялардан кiрiстердiң түсiмi;
      республикалық маңызы бар қаланың, астананың коммуналдық меншігі мүлкiн жалға беруден түсетiн кiрiстер;
      республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджетiнен берiлген несиелер бойынша сыйақылар (мүдделер);
      уақытша бос бюджет ақшасын депозитке орналастырудан алынған сыйақылар (мүдделер);
      республикалық маңызы бар қаланың, астананың коммуналдық меншiгiнен түсетiн басқа да кiрiстер;
      2) республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджетiнен қаржыландырылатын мемлекеттiк мекемелердiң тауарлар (жұмыстар, көрсетiлетiн қызметтер) өткiзуiнен түсетiн түсiмдер;
      3) республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджетiнен қаржыландырылатын мемлекеттiк мекемелер ұйымдастыратын мемлекеттiк сатып алулар өткiзуден түсетiн ақша түсiмдерi;
      4) республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджетiнен қаржыландырылатын мемлекеттiк мекемелер салатын айыппұлдар, өсiмпұлдар, санкциялар, өндiрiп алу;
      5) республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджетiне түсетiн басқа да салықтан тыс түсiмдер.
      3. Негiзгi капиталды сатудан республикалық маңызы бар қаланың, астананың, бюджетiне түсетiн түсiмдер мыналар болып табылады:
      1) республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджетiнен қаржыландырылатын мемлекеттiк мекемелерге бекiтiлiп берiлген мемлекеттiк мүлiктi сатудан түсетiн қаражат;
      2) жер учаскелерiн және тұрақты жер пайдалану құқығын сатудан түсетiн түсiмдер.
      4. Республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджетiне түсетiн ресми трансферттердiң түсiмдерi республикалық бюджеттен түсетiн ресми трансферттер болып табылады.
      5. Республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджетiнен берiлген кредиттердi өтеуден, республикалық маңызы бар қаланың, астананың коммуналдық меншiгiнде тұрған мемлекеттiң қаржы активтерiн сатудан, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергiлiкті атқару органы қарыздарынан түсетiн түсiмдер республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджетiне есептеледi.

      50-бап. Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) бюджетiне түсетiн түсiмдер

      1. Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) бюджетiне түсетін салық түсiмдерi мыналар болып табылады:
      1) 50% жеке табыс салығы;
      2) 50% әлеуметтiк салық;
      3) жеке және заңды тұлғалардың, жеке кәсiпкерлердiң мүлкiне салынатын салық;
      4) жер салығы;
      5) бiрыңғай жер салығы;
      6) заңды және жеке тұлғалардың көлiк құралдарына салынатын салық;
      7) мыналарға акциздер:
      Қазақстан Республикасы аумағында шығарылған барлық спирт түрлерi;
      Қазақстан Республикасы аумағында жасалған алкоголь өнiмi;
      Қазақстан Республикасы аумағында шығарылған темекi бұйымдары;
      Қазақстан Республикасы аумағында шығарылған, құрамында темекi бар басқа да бұйымдар;
      Қазақстан Республикасы аумағында өндiрiлген бекiре мен қызыл балықтардың уылдырығы;
      Қазақстан Республикасы аумағында алтыннан, платинадан немесе күмiстен жасалған зергерлiк бұйымдар;
      Қазақстан Республикасы аумағында жасалған атыс және газ қаруы (мемлекеттiк өкiмет органдарының мұқтаждары үшін сатып алынғанынан басқа);
      ойын бизнесi;
      лотерея ойынын ұйымдастыру мен өткiзу;
      Қазақстан Республикасы аумағында жасалған жеңiл автомобильдер (мүгедектерге арналған, қолмен басқарылатын, арнаулы автомобильдерден басқа;
      бензин (авиациялық бензиндi қоспағанда) мен дизель отыны;
      8) беткi көздердiң су ресурстарын пайдаланғаны үшiн төленетiн төлем;
      9) орманды пайдаланғаны үшiн төленетiн төлем;
      10) жергiлiктi маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды пайдаланғаны үшiн төленетiн төлем;
      11) жер учаскелерiн пайдаланғаны үшiн төленетiн төлем;
      12) жеке кәсiпкерлердi мемлекеттiк тiркеу үшiн алынатын алым;
      13) қызметтiң жекелеген түрлерiмен айналысу құқығы үшiн алынатын лицензиялық алым;
      14) заңды тұлғаларды мемлекеттiк тiркеу үшiн алынатын алым;
      15) аукциондардан алынатын алым;
      16) аудандық маңызы бар ақылы мемлекеттiк автомобиль жолдары бойымен жүрiп өту үшiн алынатын алым;
      17) механикалық көлiк құралдары мен тiркемелердi мемлекеттiк тiркеу үшiн алынатын алым;
      18) жылжымайтын мүлiкке және олармен жасалатын мәмiлелерге құқықтарды мемлекеттiк тiркеу үшiн алынатын алым;
      19) аудандық маңызы бар жалпы пайдаланудағы автомобиль жолдарының жиегiнде және елдi мекендерде сыртқы (көрiнетiн) жарнаманы орналастыру үшiн төленетін төлем;
      20) консулдық алымнан және Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шартқа сәйкес, Қазақстан республикасында жасалған ресми құжаттарға мемлекеттiк органдардың рұқсатына бергенi үшiн, Қазақстан Республикасы азаматтарының паспорттары мен жеке басының куәлiктерiн бергенi үшiн, жүргiзушi куәлiктерiн, көлiк құралдарының мемлекеттiк тiркелуi және мемлекеттiк тiркеме нөмiрлiк белгiлер туралы куәлiктер бергенi үшiн өндiрiп алынатын мемлекеттiк баждардан басқа, баж алымы.
      2. Аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджетiне түсетiн салықтан тыс түсiмдер мыналар болып табылады:
      1) коммуналдық меншiктен түсетiн кiрiстер:
      аудан (облыстық маңызы бар қала) әкiмдiктерiнiң шешiмi бойынша құрылған коммуналдық мемлекеттік кәсiпорындардың таза табысы бөлiгiнiң түсімі;
      ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) коммуналды меншiгi болып табылатын акциялар пакетiне дивидендтердiң түсiмi;
      ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) коммуналдық меншiгi болып табылатын ұйымдарға қатысудың мемлекеттiк үлестерiне кiрiстер;
      аудан (облыстық маңызы бар қала) өкiлеттi органдарының шешiмдерi бойынша өткiзiлетiн мемлекеттiк лотереялардан кiрiстердiң түсiмi;
      ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) коммуналдық меншiгi мүлкiн жалға беруден түсетiн кiрiстер;
      ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) бюджетiнен берiлген несиелер бойынша сыйақылар (мүдделер);
      ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) коммуналдық меншiгiнен түсетін басқа да кiрiстер;
      2) ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) бюджетiнен қаржыландырылатын мемлекеттiк мекемелердiң тауарлар (жұмыстар, көрсетiлетiн қызметтер) өткiзуiнен түсетiн кiрiстер;
      3) ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) бюджетiнен қаржыландырылатын мемлекеттiк мекемелер ұйымдастыратын мемлекеттiк сатып алулар өткiзуден түсетiн ақша түсiмдерi;
      4) ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) бюджетінен қаржыландырылатын мемлекеттiк мекемелер салатын айыппұлдар, өсiмпұлдар, санкциялар, өндiрiп алулар;
      5) ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) бюджетiне түсетiн басқа да салықтан тыс түсiмдер.
      3. Негiзгi капиталды сатудан ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) бюджетiне түсетiн түсiмдер мыналар болып табылады:
      1) ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) бюджетiнен қаржыландырылатын мемлекеттiк мекемелерге бекiтiлiп берiлген мемлекеттiк мүлiктi сатудан түсетiн қаражат;
      2) жер учаскелерiн және тұрақты жер пайдалану құқығын сатудан түсетін түсімдер.
      4. Ауданның (облыстық, маңызы бар қаланың) бюджетiне түсетін ресми трансферттердiң түсiмдерi облыстық бюджеттен түсетiн ресми трансферттер болып табылады.
      5. Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) бюджетiнен берiлген кредиттердi өтеуден, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) коммуналдық меншiгiнде тұрған мемлекеттiң қаржы активтерiн сатудан, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергiлiктi атқару органы қарыздарынан түсетiн түсiмдер ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) бюджетiне есептеледi.

      8-тарау. Бюджеттер деңгейлерi арасындағы шығыстарды бөлу

      51-бап. Республикалық бюджеттiң шығыстары

      1. Республикалық бюджеттiң шығыстары мынадай бағыттар бойынша жүзегe асырылады:
      мемлекет Басшысы - Қазақстан Республикасы Президентiнiң жұмыс iстеуi;
      Қазақстан Республикасы Парламентiнiң, Үкiметi мен Конституциялық Кеңесiнiң жұмыс iстеуi;
      сайлау мен референдумдар өткiзу;
      Қазақстан Республикасын әлеуметтiк-экономикалық дамытуды стратегиялық және орташа мерзiмдiк жоспарлау;
      салық қызметi органдарының қызметі;
      республикалық бюджеттің атқарылуын және жергiлiктi бюджеттердiң есеп-кассалық қызмет көрсетуiн ұйымдастыру;
      республикалық мемлекеттiк меншiктi басқару;
      қайта құру мен банкроттықты ұйымдастыру;
      мемлекеттiк сатып алулардың бiртұтас жүйесiн ұйымдастыру;
      республикалық деңгейде мемлекеттiк қаржы бақылауы;
      кеден қызметі;
      мемлекеттiң сыртқы саяси қызметi;
      iргелi ғылыми зерттеулер жүргiзу;
      мемлекеттiк статистикалық есеп;
      мемлекеттiк қызметтiң бiртұтас жүйесiн ұйымдастыру;
      ғылыми кадрларды аттестаттау;
      заңнамаға сәйкес қызметтiң түрлi салалары мен аяларында мемлекеттік сыйлықтар мен наградалар беру;
      2) қорғаныс, қоғамдық тәртiп, қауiпсiздiк:
      елдің қорғанысын ұйымдастыру және қамтамасыз ету;
      жұмылдыруға дайындық және орталық атқарушы органдар өткiзетiн жұмылдыру;
      мемлекеттiк материалдық резервтердi қалыптастыру және сақтау;
      ұлттық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету;
      терроризмге және экстремизм мен сепаратизмнiң өзге де көрiнiстерiне қарсы күрес;
      мемлекеттiк құпияларды қорғауды қамтамасыз ету;
      республикалық маңызы бар қала, астана мен аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджетiнен қаржыландырылатын шараларды қоспағанда, жалпыға бiрдей әскери мiндеттi орындаумен байланысты шараларды ұйымдастыру;
      қоғамдық тәртiптi қорғау және Қазақстан Республикасы аумағындағы қоғамдық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету;
      күдіктi және айыпты адамдарды ұстау;
      паспорт пен виза жұмысын жүзеге асыру;
      республикалық маңызы бар мемлекеттiк объектiлердi қорғау, тұтқындалғандар мен сотталғандарды айдап жүру;
      жедел-iздестіру, тергеу қызметi;
      табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлар саласында қызметтi ұйымдастыру;
      ғаламдық немесе өңiраралық ауқымды төтенше жағдайларды болдырмау және жою;
      кәсіби авариялық-қару қызметтерi мен құрылымдардың iс-әрекетiн ұйымдастыру және қамтамасыз ету;
      мемлекеттiк өртке қарсы қызмет жұмысын қамтамасыз ету;
      азаматтық қорғаныс жүйесiн ұйымдастыру;
      азаматтық және қызметтiк қару мен оған патрондардың мемлекеттiк кадастрын енгізу;
      экономикалық және қаржы аяларындағы құқық қорғау қызметі;
      3) құқықтық, соттық, қылмыстық-орындаушылық қызмет:
      әдiлет саласындағы қызмет;
      азаматтар мен мемлекеттiң мүдделерiн құқықтық қорғау;
      заңдылық пен құқық тәртiбiн қамтамасыз ету;
      сот сараптамасы қызметi;
      сот жүйесiнiң жұмыс iстеуi;
      қылмыстық-атқарушылық жүйесінiң қызметiн, оның iшiнде түзеу мекемелерiнде мiндеттi орта жалпы және бастауыш кәсiби бiлiм берудi ұйымдастыру мен қамтамасыз ету;
      4) бiлiм беру:
      республикалық бiлiм беру ұйымдарында дарынды балаларға жалпы бiлiм беру;
      республикалық мектеп олимпиадаларын өткiзу;
      республикалық деңгейде орта кәсiби бiлiмi бар мамандар даярлау;
      жоғары кәсiби және жоғары оқу орнынан кейiнгi кәсiби бiлiмi бар мамандар даярлау;
      республикалық бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттiк мекемелер кадрларының бiлiктiлiгiн арттыру және оларды қайта даярлау;
      республикалық бiлiм беру ұйымдарын оқулықтарымен қамтамасыз ету;
      оқулықтарды, оқу-әдiстемелiк кешендердi, оқу құралдарын, бағдарламаларды әзiрлеу;
      республикалық маңызы бар ұйымдарда балаларды оңалту;
      5) денсаулық сақтау:
      жоғары мамандандырылған медициналық көмек көрсету;
      сырқат адамдарды шет елдерде емдеудi ұйымдастыру;
      ерекше қатерлi инфекцияларға қарсы күрес;
      республикалық денсаулық сақтау ұйымдарына арналған қан, оның компоненттерi мен препараттары өндiрiсi;
      көлiкте мемлекеттiк санитариялық-эпидемиологиялық қадағалауды жүзеге асыру;
      әскери қызметшiлерге, iшкi iстер органдары мен Мемлекеттiк өртке қарсы қызмет қызметкерлерiне, олардың отбасыларының мүшелерiне, сондай-ақ әскери қызметшiлер, iшкi iстер органдары мен Мемлекеттiк өртке қарсы қызмет қызметкерлерi iшiнен шыққан зейнеткерлерге медициналық қызмет көрсету;
      6) әлеуметтiк көмек және әлеуметтiк қамсыздандыру:
      республикалық бюджет қаражаты есебiнен зейнет заңдарына сәйкес зейнеттiк қамсыздандырылуға құқығы бар азаматтарға зейнетақы төлемдерiн төлеу;
      мемлекеттiк әлеуметтiк жәрдемақылар;
      мемлекеттiк арнаулы жәрдемақылар;
      арнаулы мемлекеттiк жәрдемақылар;
      баланың тууына байланысты әлеуметтiк төлемдер;
      экологиялық апат аймақтарында өмiр сүрiп жатқан адамдарға заң актілерiмен көзделген әлеуметтiк көмек;
      әскери қызметшiлердiң, құқық қорғау органдарының отбасыларына заң актiлерiмен көзделген әлеуметтiк төлемдер;
      саяси қуғын құрбандықтарына заң актiлерiмен көзделген әлеуметтiк төлемдер;
      Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң міндеттемелерi болып табылатын әлеуметтiк төлемдер;
      оралмандарды тарихи отанына көшiру және әлеуметтік қорғау;
      7) мәдениет, спорт, туризм және ақпараттық кеңiстiк:
      қазақтың ұлттық мәдениетi мен басқа да ұлттық мәдениеттердi қайта өркендету, сақтау, дамыту және тарату;
      республикалық маңызы бар театр өнерiн қолдау;
      республикалық маңызы бар әлеуметтiк мәндегi мәдени шаралар өткiзу;
      республикалық маңызы бар тарихи-мәдени құндылықтардың сақталуын қамтамасыз ету;
      республикалық деңгейде спорттың ұлттық және бұқаралық түрлерiнiң дамуын қолдау;
      биiк жетiстiктер спортын дамыту;
      республикалық маңызы бар мұрағат қорының сақталуын қамтамасыз
ету;
      республикалық кiтапханалардың жұмыс iстеуi;
      бұқаралық ақпарат құралдары арқылы республикалық деңгейде мемлекеттiк ақпарат саясатын жүргiзу;
      мемлекеттiк тiлдi және Қазақстан халықтарының басқа да тiлдерiн дамыту;
      8) ауыл, су, орман, балық шаруашылығы және қоршаған ортаны қорғау:
      өсiмдiк шаруашылығы мен мал шаруашылығында арнаулы қоймаларды (сақтауханаларды) салудан, ұстаудан басқа, ауыл шаруашылық саласындағы қызмет;
      құнарлылық пен топырақтың химиялық құрамын, суландырылатын жерлердiң мелиорациялық жай-күйiн зерттеу, олардың мониторингi және оларды жақсарту жөнiндегi шаралар;
      теңiздер мен iрi су айдындарының жағалау аймақтарындағы жерлер, топырақ және өсiмдiк жамылғысы мониторингi;
      жер кадастрiн түгендеудi жүргізу;
      мемлекеттiк геодезиялық қадағалауды жүзеге асыру және картографиялық қызмет;
      су ресурстарын қорғауды және ұтымды пайдалануды қамтамасыз ету, республикалық маңызы бар су қорғау аймақтары мен көлдердiң, өзендердiң (шағын өзендерден басқа), су қоймалары мен су шаруашылығы жүйелерiнiң жобаларын әзiрлеу;
      суды кешендi пайдаланудың бассейндiк және басты схемаларын әзiрлеу;
      республикалық маңызы бар, су берумен байланысты емес су шаруашылығы объектiлерiнiң жұмыс iстеуi;
      магистралдық және топтық су құбырларын салу және қайта құру;
      ормандар мен биоресурстардың мемлекеттiк есебiн жүргiзу;
      орман тұқым шаруашылығы;
      су биоресурстарын қорғау және қайта өркендету;
      балық аулауды және балық қорларын қорғауды мемлекеттiк реттеу;
      республикалық маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды ұстау, мемлекеттiк табиғат-қорық қорын қалпына келтiру;
      табиғи ресурстардың мемлекеттiк кадастрларын жүргiзу;
      Қазақстан Республикасы аумағы экологиялық жай-күйiнiң мемлекеттік мониторингі;
      стратегиялық және шекара аралық объектiлердiң мемлекеттiк экологиялық сараптамасын өткiзу;
      гидрометеорологиялық мониторинг;
      9) өнеркәсiп, жер қойнауын пайдалану, сәулет, қала салу қызметi:
      қорғаныс өнеркәсiбiн конверциялау;
      мемлекеттiк өнеркәсiп саясатын iске асыру;
      отын-энергетикалық кешендi дамыту;
      энергия сақтау саласындағы мемлекеттiк саясатты iске асыру;
      құрылыс нормалары мен стандарттарын иелену және әзiрлеу;
      құрылыс саласындағы жобалау-iздестipу, конструкторлық және технологиялық жұмыстар;
      технологиялық жұмыстар;
      мемлекеттік қала салу кадастрын жүргізу;
      жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану, сейсмологиялық ақпарат мониторингі;
      мемлекеттiк геологиялық зерттеу;
      геологиялық ақпаратты қалыптастыру;
      кенiштер мен шахталарды жабу мен жою, техногендiк қалдықтарды көму;
      10) көлiк және коммуникациялар:
      республикалық маңызы бар автомобиль жолдарын салу, қайта салу, жөндеу және ұстау;
      су көлігі қызметiн ұйымдастыру және реттеу;
      кеме қатынасы жолдарын, шлюздердi күтіп ұстау және кеме қатынасының қауiпсiздігін қамтамасыз ету;
      теңiз жолдарын навигациялық-гидрографиялық қамтамасыз ету;
      әуе және су көлiгiн мемлекеттiк реттеу;
      облысаралық қатынаста әлеуметтiк маңызы бойынша жолаушылар тасымалын ұйымдастыру;
      радиожелiлiк спектрi мен радиоэлектрондық құралдар мониторингi;
      магистралды темiр жолдарды дамыту;
      аэроғарыш қызметi;
      11) экономикалық қызметтi реттеу:
      стандарттау, метрология және сертификаттау;
      патенттердi, тауар таңбаларын тiркеу мен қорғау;
      мемлекеттiк инновациялық саясат;
      мемлекеттік экспорт және импорт бақылауы;
      саудалық және демпингіге қарсы ретте;
      табиғи монополияларды бәсекеден қорғау және реттеу;
      12) басқа да бағыттар:
      облыстық бюджеттерге, республикалық маңызы бар қалалар, астана бюджеттеріне берiлетiн ресми трансферттер;
      Қазақстан Республикасының Ұлттық қорына ресми трансферттер;
      үкiметтiк қарызға қызмет көрсету және оны өтеу;
      мемлекеттiк кепiлдiктер бойынша мiндеттемелердi орындау.
      2. Республикалық бюджеттен сондай-ақ мыналарға шығыстар қаржыландырылады:
      кадрларды қайта даярлауды және аталған мемлекеттік мекемелер қызметкерлерiнiң бiлiктiлiгiн арттыруды қоса алғанда, осы баптың 1-тармағында аталған қызмет түрлерiн орындайтын мемлекеттiк мекемелер қызметiн қамтамасыз ету;
      осы баптың 1-тармағында аталған бағыттар бойынша бюджеттiк инвестициялық жобалар мен бағдарламалар, халықаралық ынтымақтастық, сондай-ақ қолданбалы ғылыми зерттеулер;
      заң актiлерiмен көзделген орталық мемлекеттiк басқару органдарының өзге де қызметтерi.
      3. Орталық мемлекеттiк органдар мен олардың аумақтық бөлiмшелерiн ұстауға арналған шығындар Қазақстан Республикасының Президентi мен Үкiметiнiң актiлерiмен бекiтiлген штат санының лимитi және Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiткен нақты нормалар негiзiнде жоспарланады.

      52-бап. Облыстық бюджеттiң шығыстары

      1. Облыстық бюджеттiң шығыстары мынадай бағыттар бойынша жүзеге асырылады:
      1) жалпы сипаттағы мемлекеттiк қызметтер көрсету;
      облыстық деңгейдегi жергiлiктi өкiлеттi және атқарушы органдардың жұмыс icтeуi;
      облыстық әлеуметтiк-экономикалық дамуын орта мерзiмдiк жоспарлау;
      облыс деңгейiнде бюджеттiк жоспарлау;
      облыстық бюджеттiң атқарылуын ұйымдастыру;
      облыстық деңгейдегі коммуналдық мемлекеттiк меншiктi басқару;
      2) қорғаныс, қоғамдық тәртiп, қауiпсiздiк:
      жұмылдыру дайындығы және облыстық ауқымда жұмылдыру;
      облыстық ауқымдағы төтенше жағдайларды болдырмау және жою;
      су-құтқару қызметiнiң жұмысын қамтамасыз ету;
      облыс аумағында қоғамдық тәртiптi сақтау және қоғамдық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету;
      облыстық ауқымдағы азаматтық қорғаныс шаралары;
      3) бiлiм беру:
      арнаулы бiлiм беру бағдарламалары бойынша жалпы бiлiмге оқыту;
      арнаулы бiлiм беру ұйымдарында дарынды балаларды жалпы бiлiмге оқыту;
      облыстық ауқымда мектеп олимпиадаларын өткiзу;
      орта кәсiби бiлiм беру;
      кадрларды қайта даярлау және жергілiктi бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттiк мекемелер қызметкерлерiнің бiлiктiлiгiн арттыру;
      балалар мен жасөспiрiмдердiң психикалық денсаулығын зерттеу және халыққа психологиялық-медициналық-педагогикалық консультациялық көмек көрсету;
      дамуында проблемалар бар балалар мен жасөспiрiмдердi оңалту және әлеуметтiк бейiмдеу;
      4) денсаулық сақтау:
      республикалық бюджеттен қаржыландырылатын бағыттарды қоспағанда, халықтың санитариялық-эпидемиологиялық қолайлы жағдайын қамтамасыз ету, медициналық қызметтер және денсаулық сақтау саласында басқа да шаралар көрсету;
      5) әлеуметтiк көмек және әлеуметтiк қамсыздандыру:
      жетiмдердi, ата-аналар қамқорлығынсыз қалған балаларды әлеуметтiк қамсыздандыру;
      мүгедек балаларды қоса алғанда, қарттар мен мүгедектердi әлеуметтiк қамсыздандыру;
      6) тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық:
      елдi мекендердi газдандыру;
      7) мәдениет, спорт, туризм және ақпараттық кеңiстiк:
      облыстық деңгейде спорттық-сауықтыру шараларын өткiзу;
      жергiлiктi маңызы бар мұрағат қорының сақталуын қамтамасыз ету;
      облыстық кiтапханалардың жұмыс iстеуiн қамтамасыз ету;
      бұқаралық ақпарат құралдары арқылы жергiлiктi деңгейде мемлекеттiк ақпарат саясатын жүргiзу;
      жергілiктi деңгейде мемлекеттік тiлдi және Қазақстан халықтарының басқа да тiлдерiн дамыту;
      жастардың экономикалық белсендiлігін қолдау мен дамыту арқылы жастар саясатын жүргiзу;
      8) су, орман шаруашылығы және қоршаған ортаны қорғау:
      жергiлiктi маңызы бар гидротехникалық жүйелер мен құрылыстардың жұмыс iстеуiн қамтамасыз ету;
      ормандарды сақтау, қорғау, жаңғырту және орман өсiру;
      хайуанаттар әлемiн қорғау;
      жергiлiктi маңызы бар, ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды ұстау және қорғау;
      шағын өзендердi қорғау схемаларының жобаларын жасау;
      жергілiктi маңызы бар су қорғау аймақтары мен шағын өзендер алыптарының, су қоймалары мен су шаруашылығы жүйелерiнiң жобаларын жасау;
      экологиялық бақылауды қамтамасыз ету, табиғат қорғау шараларын өткiзу;
      9) сәулет-құрылыс қызметi:
      құрылыс пен сәулет қызметiндегi бақылауды қамтамасыз ету;
      адамдар жаппай келетiн ғимараттар тiршiлiк объектiлерiнiң сейсмикалық төзiмдiлiгi мен сенiмдi жұмыс iстеуiн қамтамасыз ету;
      ведомстволық бағыныстағы аумақта кешендi қала құрылысын жоспарлау;
      қала салу жобаларын iске асыру;
      бас жоспар жасау, тиiстi аумақта шекараларды белгiлеу және өзгерту;
      10) көлiк және коммуникациялар:
      ауданаралық (қалааралық) қатынастарда әлеуметтiк маңызы бойынша жолаушылар тасымалын ұйымдастыру;
      облыстық маңызы бар автомобиль жолдарын салу, қайта салу, жөндеу және ұстау;
      11) экономикалық қызметтi реттеу:
      кәсiпкерлiк қызметтi қолдау;
      12) басқа да бағыттар:
      аудандар (облыстық маңызы бар қалалар) бюджеттерiне ресми трансферттер;
      республикалық бюджетке ресми трансферттер;
      жергiлiктi атқарушы органдардың борышына қызмет көрсету.
      2. Облыстық бюджеттерден сондай-ақ мыналарға шығыстар қаржыландырылады:
      кадрларды қайта даярлауды және аталған мемлекеттiк мекемелер қызметкерлерiнiң бiлiктiлiгiн арттыруды қоса алғанда, осы баптың тармағында аталған қызмет түрлерiн орындайтын мемлекеттiк мекемелер қызметiн қамтамасыз ету;
      осы баптың 1-тармағында аталған бағыттар бойынша бюджеттiк инвестициялық жобалар мен бағдарламалар;
      заң актiлерiмен көзделген облыстың жергiлiктi мемлекеттiк басқару органдарының өзге де қызметтерi.
      3. Облыстық бюджеттен қаржыландырылатын жергiлiктi атқарушы органдарды ұстауға арналған шығындар Қазақстан Республикасының Yкiметi белгiлеген штат санының жалпы лимитi мен нақты нормалары негiзiнде жоспарланады.

      53-бап. Республикалық маңызы бар қала, астана бюджетiнiң шығыстары

      1. Республикалық маңызы бар қала, астана бюджетiнiң шығыстары мына бағыттар бойынша жүзеге асырылады:
      1) жалпы сипаттағы мемлекеттiк қызметтер көрсету:
      республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергiлiктi өкілді және атқарушы органдарының жұмыс iстеуi;
      республикалық маңызы бар қаланы, астананы әлеуметтiк-экономикалық дамытуды орта мерзiмдiк жоспарлау;
      республикалық маңызы бар қала, астана деңгейiнде бюджеттiк жоспарлау;
      республикалық маңызы бар қала, астана бюджетiнiң атқарылуын ұйымдастыру;
      республикалық маңызы бар қалалардың, астананың коммуналдық мемлекеттiк меншiгін басқару;
      салық салу мақсатында мүлiктi бағалауды өткiзу;
      2) қорғаныс, қоғамдық тәртiп, қауiпсiздiк:
      жұмылдыруға дайындық және республикалық маңызы бар қаланы, астананы жұмылдыру;
      әскери комиссариаттарды жабдықталған шақыру (жинау) пункттерiмен, медикаменттермен, аспаптармен медициналық және шаруашылық мүлiкпен, автомобиль көлiгiмен, байланыс құралдарымен, медициналық және техникалық қызметкерлермен, қызметкерлерге қызмет көрсететiн адамдармен қамтамасыз ету жөнiндегi жалпыға бiрдей әскери мiндеттердiң атқарылуы шеңберiндегi шаралар және медициналық комиссиялар құру;
      республикалық маңызы бар қала, астана ауқымында төтенше жағдайларды болдырмау және жою;
      су-құтқару қызметiнiң жұмысын қамтамасыз ету;
      республикалық маңызы бар қала, астана аумағында қоғамдық тәртiптi сақтау және қоғамдық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету;
      республикалық маңызы бар қаланың, астананың азаматтық қорғаныс шаралары;
      медициналық айықтырғыштардың, кәмелетке толмағандарға, тұрғылықты тұратын орны мен құжаттары жоқ адамдарға, әкiмшілiк тәртiппен тұтқынға алынғандарға арналған қабылдау орындарының жұмыс iстеуi;
      елдi мекендерде жолда жүру қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету;
      азаматтық хал актiлерiнiң жазбасы жөнiндегi қызметтi қамтамасыз ету;
      3) бiлiм беру:
      балаларды мектепке дейiнгi тәрбиелеу мен оқыту;
      оқытудың кешкi (ауысымдық) нысанын және интернаттық тұрпаттағы ұйым арқылы орта жалпы бiлiм берудi қосa алғанда, азаматтарға мiндеттi жалпы орта бiлiм берудi ұйымдастыру және қамтамасыз ету;
      арнаулы бiлiм беру бағдарламалары бойынша жалпы бiлiм берудi оқыту;
      мамандандырылған бiлiм беру ұйымдарында дарынды балаларды жалпы бiлiмге оқыту;
      республикалық маңызы бар қалалар, астана ауқымында мектеп олимпиадаларын өткiзу;
      бастауыш кәсiби бiлiм;
      орта кәсiби бiлiм;
      кадрларды қайта даярлау және жергiлiктi бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттiк мекемелер қызметкерлерiнiң бiлiктiлiгін арттыру;
      балалар мен жасөспiрiмдердiң психикалық саулығын зерттеу және халыққа психологиялық-медициналық-педагогикалық консультациялық көмек көрсету;
      дамуында проблемалар бар балалар мен жасөспiрiмдердi оңалту және әлеуметтiк бейiмдеу;
      балалар мен жасөспiрiмдерге арналған қосымша бiлiм беру;
      мiндеттi орта жалпы бiлiм беру мекемелерiне арналған оқулықтарды сатып алу және жеткiзу;
      4) денсаулық сақтау:
      халықтың санитариялық-эпидемиологиялық қолайлы жағдайын қамтамасыз ету, республикалық бюджеттен қаржыландырылатын бағыттарды қоспағанда, медициналық қызметтер көрсету және денсаулық сақтау саласында басқа да шаралар өткiзу;
      5) әлеуметтiк көмек пен әлеуметтiк қамсыздандыру:
      тұрғын үй көмегi;
      мұқтаж азаматтарға үйде әлеуметтiк көмек көрсету;
      тұрғылықты тұратын жерi жоқ адамдарды әлеуметтiк бейiмдеу;
      жетiмдердi ата-аналардың қамқорлығынсыз қалған балаларды әлеуметтiк қамсыздандыру;
      мүгедек балаларды қоса алғанда, қарттap мен мүгедектердi әлеуметтiк қамсыздандыру;
      халықтың жұмыспен қамтылуын қамтамасыз ету;
      мемлекеттiк атаулы әлеуметтiк көмек;
      жергiлiктi өкiлдi органдардың шешiмдерi бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтiк көмек;
      6) тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық:
      республикалық маңызы бар қаланың, астананың мемлекеттік тұрғын үй қорының сақталуын ұйымдастыру;
      заң актiлерiне сәйкес азаматтардың жекелеген санаттарын тұрғын үймен қамтамасыз ету;
      мемлекеттік мұқтаждықтар үшiн тұрғын үйлер мен жер учаскелерiн алып қою және сатып алу;
      коммуналдық меншiкте тұрған тазарту, дренаж жүйелерiнiң су құбырлары, жылу және электр желiлерiнiң жұмыс iстеуін қамтамасыз ету;
      елдi мекендердi санитариялық жағынан қамтамасыз ету;
      жерлеу орындарын ұстау және кезбелердi жерлеу;
      елдi мекендердегi көшелердi жарықтандыру;
      елдi мекендердi сумен жабдықтауды ұйымдастыру;
      елдi мекендердi газдандыру;
      7) мәдениет, спорт, туризм және ақпараттық кеңiстiк:
      жергiлiктi деңгейде қызықты мәдени-көпшiлiк шаралар өткiзу;
      жергiлiктi маңызы бар театр өнерiн қолдау:
      жергiлiктi маңызы бар тарихи-мәдени құндылықтардың сақталуын және оларға қол жеткiзудi қамтамасыз ету;
      азаматтардың тұрғылықты жерi бойынша және халықтың жаппай демалыс орындарында дене тәрбиесi мен спортпен айналысу үшiн жағдайлар жасау;
      бұқаралық дене тәрбиесi - сауықтыру қозғалысын дамыту;
      жергілiктi деңгейде спорт - сауықтыру шараларын өткiзу;
      жергiлiктi маңызы бар мұрағат қорының сақталуын қамтамасыз ету;
      қалалық кiтапханалар жұмысын қамтамасыз ету;
      бұқаралық ақпарат құралдары арқылы жергiлiктi деңгейде мемлекеттiк ақпарат саясатын жүргiзу;
      жергiлiктi деңгейде мемлекеттiк тiлдi және Қазақстан халықтарының басқа да тiлдерiн дамыту;
      жастардың экономикалық белсендiлiгiн қолдау мен дамыту арқылы жастар саясатын жүргiзу;
      зоопарктер мен дендропарктердiң жұмыс iстеуiн қамтамасыз ету;
      8) ауыл, су, орман шаруашылығы және қоршаған ортаны қорғау:
      гидротехникалық жүйелердiң және жергiлiктi маңызы бар құрылыстардың жұмыс iстеуін қамтамасыз ету;
      жергілiктi маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды ұстау және қорғау;
      ормандарды сақтау, қорғау, жаңғырту және орман өсiру;
      хайуанаттар әлемiн қорғау;
      шағын өзендердi қорғау схемаларының жобаларын жасау;
      жергілiктi маңызы бар су қорғау аймақтары мен шағын өзендер алқаптарының, су қоймалары мен су шаруашылығы жүйелерінiң жобаларын жасау;
      өсiмдiк шаруашылығы мен мал шаруашылығында пайдаланылатын арнаулы қоймаларды (сақтауханаларды) салу, ұстау;
      экологиялық бақылауды қамтамасыз ету, табиғат қорғау шараларын өткiзу;
      жер бөлу жұмыстарын ұйымдастыру;
      9) сәулет-құрылыс қызметi:
      құрылыс пен сәулет қызметiнде бақылауды қамтамасыз eту;
      адамдар жаппай келетiн ғимараттар мен тiршiлiк объектiлерiнiң сейсмикалық төзiмдiлiгiн және сенiмдi жұмыс iстеуiн қамтамасыз ету;
      республикалық маңызы бар қала, астана аумағында кешендi қала құрылысын жоспарлау;
      қала салу жоспарларын iске асыру;
      бас жоспар жасау, республикалық маңызы бар қала, астана аумағындағы шекараларды белгiлеу мен өзгерту;
      10) көлiк және коммуникациялар:
      iшкi қатынастарға әлеуметтік маңызы бойынша жолаушылар тасымалдарын ұйымдастыру; жергiлiктi маңызы бар автомобиль жолдарын салу, қайта салу, жөндеу және ұстау;
      11) экономикалық қызметтi реттеу:
      кәсiпкерлiк қызметті қолдау;
      12) басқа да бағыттар:
      республикалық бюджетке ресми трансферттер;
      жергiлiктi атқарушы органдардың борышына қызмет көрсету.
      2. Республикалық маңызы бар қалалардың, астананың бюджеттерiнен сондай-ақ мыналарға шығындар қаржыландырылады:
      кадрларды қайта даярлауды және аталған мемлекеттiк мекемелер қызметкерлерiнiң бiлiктiлiгiн арттыруды қоса алғанда, осы баптың 1-тармағында аталған қызмет түрлерiн орындайтын мемлекеттiк мекемелер қызметiн қамтамасыз ету;
      осы баптың 1-тармағында аталған бағыттар бойынша бюджеттік инвестициялық жобалар мен бағдарламалар;
      республикалық маңызы бар, заң актiлерiнде көзделген қаланы, астананы мемлекеттiк басқарудың жергiлiктi органдарының өзге де қызметтерi.
      3. Республикалық маңызы бар қаланың бюджетiнен қаржыландырылатын жергiлiктi атқарушы органдарды ұстауға арналған шығындар Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлеген штат санының жалпы лимитi мен нақты нормалары негiзiнде жоспарланады.

      54-бап. Аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджетiнiң шығыстары

      1. Аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджетiнiң шығыстары мына бағыттар бойынша жүзеге асырылады:
      1) жалпы сипаттағы мемлекеттік қызметтер көрсету:
      аудандық (қалалық) деңгейдегi жергiлiктi өкiлдi және атқарушы органдардың жұмыс iстеуi;
      аудандық (қалалық) деңгейде экономикалық және бюджеттiк жоспарлау;
      аудандық (қалалық) бюджеттiң атқарылуын ұйымдастыру;
      салық салу мақсатында мүлiктi бағалауды өткiзу;
      аудандық (қалалық) деңгейдегi коммуналдық мемлекеттiк меншiктi басқару;
      2) қорғаныс, қоғамдық тәртiп, қауiпсiздiк:
      әскери комиссариаттарды жабдықталған шақыру (жинау) пункттерiмен, медикаменттермен, аспаптармен, медициналық және шаруашылық мүлiкпен, автомобиль көлiгiмен, байланыс құралдарымен, медициналық және техникалық қызметкерлермен, қызметкерлерге қызмет көрсететiн адамдармен қамтамасыз ету жөнiндегi жалпыға бiрдей әскери мiндеттердiң атқарылуы шеңберiндегi шаралар және медициналық комиссиялар құру;
      аудандық (қалалық) ауқымды төтенше жағдайларды болдырмау және жою;
      аудан (облыстық маңызы бар қала) аумағында қоғамдық тәртiптi сақтау және қоғамдық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету;
      медициналық айықтырғыштардың, кәмелетке толмағандарға, тұрғылықты тұратын орны мен құжаттары жоқ адамдарға, әкiмшiлiк тәртіппен тұтқынға алынғандарға арналған қабылдау орындарының жұмыс iстеуi;
      елдi мекендерде жолда жүру қауіпсiздiгін қамтамасыз ету;
      азаматтық хал актiлерiнiң жазбасы жөнiндегi қызметтi қамтамасыз ету;
      3) бiлiм беру:
      балаларды мектепке дейiнгi тәрбиелеу мен оқыту;
      оқытудың кешкi (ауысымдық) нысанын және интернаттық тұрпаттағы ұйым арқылы орта жалпы бiлiм берудi қоса алғанда, азаматтарға мiндеттi жалпы орта бiлiм берудi ұйымдастыру және қамтамасыз ету;
      бастауыш кәсiби бiлiм;
      аудандық (қалалық) ауқымда мектеп олимпиадаларын өткiзу;
      балалар мен жасөспiрiмдерге арналған қосымша бiлiм беру;
      мiндеттi орта жалпы бiлiм беру мекемелерiне арналған оқулықтарды сатып алу және жеткiзу;
      4) әлеуметтiк көмек пен әлеуметтiк қамсыздандыру:
      тұрғын үй көмегi;
      мұқтаж азаматтарға үйде әлеуметтiк көмек көрсету;
      тұрғылықты тұратын жерi жоқ адамдарды әлеуметтiк бейiмдеу;
      халықтың жұмыспен қамтылуын қамтамасыз ету;
      мемлекеттiк атаулы әлеуметтiк көмек;
      жергілiктi өкiлдi органдардың шешiмдерi бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтiк көмек;
      5) тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық:
      ауданның (облыстық маңызы бар қаланың мемлекеттiк тұрғын үй қорының сақталуын ұйымдастыру;
      заң актiлерiне сәйкес азаматтардың жекелеген санаттарын тұрғын үймен қамтамасыз ету;
      мемлекеттік мұқтаждықтар үшін тұрғын үйлер мен жер учаскелерiн алып қою және сатып алу;
      коммуналдық меншiкте тұрған тазарту, дренаж желiлерiнiң, су құбырлары, жылу және электр желiлерiнiң жұмыс iстеуiн қамтамасыз ету;
      елдi мекендердi санитариялық жағынан қамтамасыз ету;
      жерлеу орындарын ұстау және кезбелердi жерлеу;
      елдi мекендердегі көшелердi жарықтандыру;
      елдi мекендердi көркейту мен көгалдандыру;
      елдi мекендердi сумен жабдықтауды ұйымдастыру;
      6) мәдениет және спорт:
      жергiлiктi маңызы бар театр өнерiн қолдау;
      жергiлiктi маңызы бар тарихи-мәдени құндылықтардың сақталуын және оларға қол жеткiзудi қамтамасыз ету;
      жергiлiктi деңгейде қызықты мәдени-бұқаралық шаралар өткiзу;
      аудандық (қалалық) кiтапханалардың жұмыс iстеуi;
      азаматтардың тұрғылықты жерi бойынша және халықтың жаппай демалыс орындарында дене тәрбиесi мен спортпен айналысу үшiн жағдайлар жасау;
      бұқаралық дене тәрбиесi-сауықтыру қозғалысын дамыту;
      аудандық деңгейде спорт-сауықтыру шараларын өткiзу;
      зоопарктер мен дендропарктердiң жұмыс істеуін қамтамасыз ету;
      7) ауыл шаруашылығы:
      өсiмдiк шаруашылығы мен мал шаруашылығында пайдаланылатын арнаулы қоймаларды (сақтауханаларды) салу, ұстау;
      жердi бөлу жөнiндегi жұмыстарды ұйымдастыру;
      8) көлiк және коммуникациялар:
      аудандық (қалалық) маңызы бар автомобиль жолдарын салу, қайта құру, жөндеу және ұстау;
      поселке iшiндегі (қала iшiндегi) қоғамдық жолаушылар тасымалдарын ұйымдастыру;
      9) басқа да бағыттар:
      облыстық бюджетке ресми трансферттер.
      2. Аудандар (облыстық маңызы бар қалалар) бюджеттерiнен мыналарға шығындар қаржыландырылады:
      осы баптың 1-тармағында аталған қызмет түрлерiн орындайтын мемлекеттiк мекемелер қызметiн қамтамасыз ету;
      осы баптың 1-тармағында аталған бағыттар бойынша бюджеттiк инвестициялық жобалар мен бағдарламалар;
      заң актiлерiнде көзделген ауданды (облыстық маңызы бар қаланы) мемлекеттік басқарудың жергiлiктi органдарының өзге де қызметтерi.
      3. Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) бюджетiнен қаржыландыратын жергiлiктi атқарушы органдарды ұстауға арналған шығындар Қазақстан Республикасының Yкiметi белгiлеген штат санының жалпы лимитi мен нақты нормалары негiзiнде жоспарланады.

      3-бөлiм. Бюджет қатынастарын реттеу саласындағы мемлекеттiк басқару

      9-тарау. Бюджет қатынастарын реттеу саласындағы мемлекеттiк басқару органдарының құзыреті

      55-бап. Бюджет қатынастарын реттеу саласындағы мемлекеттiк басқарудың құрылымы

      Бюджет қатынастарын реттеу саласындағы мемлекеттiк басқару құрылымын:
      Қазақстан Республикасының Президентi;
      Қазақстан Республикасының Парламентi;
      Республикалық бюджеттiң атқарылуын бақылау жөнiндегi есеп комитеті;
      Қазақстан Республикасының Yкiметi;
      экономикалық жоспарлау жөнiндегі орталық уәкiлеттi орган;
      бюджеттiк жоспарлау жөнiндегі орталық уәкiлеттi орган;
      бюджеттiң атқарылуы жөнiндегi орталық уәкiлеттi орган;
      iшкi бақылау жөнiндегі орталық уәкiлеттi орган;
      мәслихат;
      жергілiктi атқарушы орган құрайды.

      56-бап. Қазақстан Республикасы Президентiнiң құзыретi

      Қазақстан Республикасының Президентi бюджет қатынастарын реттеу саласында:
      республикалық бюджет жобасын әзiрлеу және оның атқарылуы туралы есеп тәртiбін белгiлейдi;
      республикалық бюджет комиссиясын құрып, ол туралы ереженi бекiтедi, оның құрамын белгiлейдi;
      Қазақстан Республикасы аумағында төтенше мемлекеттік бюджет енгiзу туралы шешiм қабылдайды және оның әзiрлеу тәртiбiн белгілейдi;
      елдегі жағдай мен республика iшкi және сыртқы саясатының негізгі бағыттары туралы Қазақстан халқына жыл сайынғы жолдауда алдағы жылға арналған Қазақстан Республикасының бюджет саясатының негiзгi бағыттарын белгiлейдi;
      Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын басқару жөнiндегi кеңес құрады және ол туралы ереженi бекiтедi;
      Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын құру мен пайдалану тиiмдiлiгiн арттыру жөнiнде, сондай-ақ оны пайдаланудың көлемi мен бағыттары жөнiнде шешiмдер қабылдайды;
      Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын құру және пайдалану туралы есептердi бекiтедi;
      Осы Кодекспен көзделген жағдайларда тиiстi қаржы жылының бiрiншi тоқсанына арналған республикалық қаржы жоспарын бекiтедi.

      57-бап. Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөнiндегi есеп комитетiнiң құзыретi

      Республикалық бюджеттiң атқарылуын бақылау жөнiндегi есеп комитетi бюджет қатынастарын реттеу саласында:
      республикалық бюджеттiң атқарылуын сыртқы бақылауды жүзеге асырады;
      төтенше мемлекеттiк бюджеттiң атқарылуын бақылауды жүзеге асырады;
      мемлекеттiк қаржы бақылауының cтандарттарын және мемлекеттік қаржы бақылауы органдары қызметкерлерiнiң этика кодексiн бекiтедi;
      республикалық бюджеттiң атқарылуына сыртқы бақылау жүргiзу тәртiбiн белгiлейдi;
      бақылау шараларының қорытындылары бойынша қабылданған шешiмдердiң орындалуын бақылауды жүзеге асырады.
      Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де өкілеттіктердi жүзеге асырады.

      58-бап. Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң құзыретi

      Қазақстан Республикасының Yкіметі бюджет қатынастарын реттеу саласында:
      Қазақстан Республикасының Парламентiне республикалық бюджеттi және оның атқарылуы туралы есептi ұсынады;
      республикалық бюджеттiң атқарылуы туралы жылдық есептi Республикалық бюджеттiң атқарылуын бақылау жөнiндегi есеп комитетiне табыс етедi;
      жергiлiктi бюджеттер жобаларын әзiрлеу тәртiбiн белгілейдi;
      республикалық бюджеттiң атқарылуын қамтамасыз етедi, республикалық және жергiлiктi бюджеттердiң атқарылу тәртiбiн белгiлейдi;
      тиiстi қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңды iске асыру туралы қаулы қабылдайды;
      үкiметтiк қарызды жүзеге асырады;
      шикiзат секторы ұйымдарының тiзбесiн бекiтедi;
      орта мерзiмдiк фискальдық саясат жасау тәртiбiн белгiлейдi;
      инвестициялық жобаларды (бағдарламаларды) қарау тәртiбiн белгiлейдi;
      үшжылдық кезеңге арналған республикалық бюджеттiң болжамды көрсеткiштерiн бекiтедi;
      мемлекеттiк бюджетке салықтан тыс төлемдер түсiмдерiн өндiрiп алуғa және оларға бақылау жасауға жауапты уәкiлеттi мемлекеттiк органдардың тiзбесiн, олардың бюджетке аударылу тәртiбiн белгiлейдi;
      Қазақстан Республикасы резиденттерiнiң мемлекеттiк емес қарыздары бойынша мемлекеттiк кепiлдiктер беру қажеттiгi туралы шешiмдер қабылдайды;
      Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң мемлекеттiк емес заемдар бойынша мемлекеттік кепiлдiктер беру тәртiбiн, мемлекеттiк және мемлекет кепiлдiк берген қарыздар алу, пайдалану, өтеу және қызмет көрсету, оларды тiркеу мен есепке алу тәртiбiн, мемлекеттiк және мемлекет кепiлдiк берген қарыз мониторингi және оны басқару тәртiбiн белгiлейдi;
      мемлекеттік мекемелердiң өз иелiгінде қалған тауарларды (жұмыстар, көрсетiлетiн қызметтер) өткiзуден түсетiн ақшаны жоспарлау мен пайдалану тәртiбiн белгiлейдi;
      Қазақстан Республикасының Ұлттық қорына активтердi есептеу, Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң және жергiлiктi атқарушы органдардың резервiн қалыптастыру және пайдалану тәртiбiн белгiлейдi;
      Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын пайдалану тәртiбiн және рұқсат етiлген қаржы және өзге активтерiнiң тiзбесiн белгiлейдi;
      Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының жыл сайынғы сыртқы аудитi өткiзiлуін қамтамасыз етедi;
      бюджеттік алымдарды төменгi тұрған бюджеттерден жоғары тұрған бюджетке және бюджеттiк субвенцияларды жоғары тұрған бюджеттен төменгі тұрған бюджеттерге аударудың тәртiбi мен кезеңдiлiгiн белгiлейдi;
      жалпы сипаттағы ресми трансферттер көлемдерi есептерiнiң әдiстемесiн белгiлейдi;
      Yкiметтiң орта мерзiмдi фискальдық саясатын бекiтедi;
      нақты нормаларды бекiтедi;
      бiрыңғай бюджеттiк жiктеменi бекітедi және оны жасау тәртiбiн анықтайды;
      бюджет бағдарламалары тиiмдiлiгiн бағалау тәртiбiн белгiлейдi;
      iшкi бақылау өткiзу тәртiбiн белгiлейдi;
      орталық атқарушы органдардың, сондай-ақ олардың аумақтық органдары мен оларға ведомстволық бағынысты мемлекеттiк мекемелердiң штат санының лимитiн бекiтедi;
      жергiлiктi мемлекеттiк басқарудың үлгi құрылымын және жергiлiктi атқарушы органдардың штат саны лимитiн бекiтедi;
      Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкiмен бiрлесе отырып Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын құру және пайдалану туралы жылдық есеп жасайды.

      59-бап. Бюджеттiк жоспарлау жөнiндегi орталық уәкiлеттi органның құзыретi

      Бюджеттiк жоспарлау жөнiндегi орталық уәкiлеттi орган:
      Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң орта мерзiмдi фискальдық саясатын жасайды;
      тиiстi қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заң жобасын жасайды және Қазақстан Республикасы Үкiметiне қарауға ұсынады;
      тиiстi қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңды iске асыру туралы қаулының жобасын жасайды;
      бюджеттiк өтiнiш жасау мен беру тәртiбiн белгiлейдi;
      мемлекеттiк мекемелердiң өз иелiгiнде қалған тауарларды (жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi) өткiзуден түсетiн түсiмдер мен ақша шығыстарының болжалын жасау нысанын белгiлейдi;
      бюджет түсiмдерiн болжау әдiстемесiн айқындайды:
      бiрыңғай бюджет жiктемесiнiң жобасын жасайды;
      жылдық қаржыландыру жоспарын жасайды және бекiтеді;
      республикалық бюджеттi нақтылау (түзету) жөнiнде ұсыныстар енгiзедi;
      бюджет бағдарламаларының тиiмдiлiгiн бағалауды жүзеге асырады;
      мемлекеттiк және мемлекет кепiлдiк берген қарыз саясатын әзiрлейдi;
      мемлекеттiк және мемлекет кепiлдiк берген қарыз бен қарызды жоспарлау мен талдауды жүзеге асырады;
      бюджеттiк кредиттеу саясатын әзiрлейдi;
      бюджеттiк кредиттеудi жоспарлау мен талдауды жүзеге асырады;
      Қазақстан Республикасының заңнамасымен көзделген өзге де өкiлеттiктердi жүзеге асырады.

      60-бап. Экономикалық жоспарлау жөніндегі орталық уәкiлеттi органның құзыретi

      Экономикалық жоспарлау жөнiндегi орталық уәкiлеттi орган бюджет қатынастарын реттеу саласында:
      республиканы әлеуметтiк-экономикалық дамытудың орта мерзiмдi жоспарының жобасын әзiрлейдi;
      басым инвестициялық жобалардың (бағдарламалардың) тiзбесiн қалыптастырады;
      мемлекеттiк кепiлдiктердi тартуға басым өтiнiмдер тiзбесiн қалыптастырады және оны Қазақстан Республикасының Yкiметiне бекiтуге енгiзедi;
      бюджет инвестициялары мен мемлекеттiк кепiлдiктердiң тиiмдiлiгiне баға бередi;
      Қазақстан Республикасының заңдарымен көзделген өзге де өкiлеттiктердi жүзеге асырады.

      61-бап. Бюджеттiң атқарылуы жөніндегi орталық уәкiлетті органның құзыреті

      Бюджеттiң атқарылуы жөнiндегi орталық уәкiлеттi орган:
      республикалық бюджеттi атқарады және жергiлiкті бюджеттердiң атқарылуына қызмет көрсетедi;
      тиiстi жылға арналған республикалық бюджет туралы заң жобасын жасауға қатысады;
      тиiстi жылға арналған республикалық бюджет туралы заңды iске асыру туралы қаулының жобасын жасауға қатысады;
      бюджетке түсетiн түсiмдердi болжауға және мемлекеттік бюджетке кiрiстердiң түсуi саласындағы мемлекеттiк саясаттың мақсаттары мен басым бағыттарын белгiлеуге қатысады;
      республикалық бюджеттiң түсiмдерi мен оны қаржыландырудың жиынтық жоспарларын бекiтедi және оған өзгерiстер енгiзедi;
      республикалық бюджет бағдарламаларының әкiмшiлерiне рұқсаттар бepeдi;
      мемлекеттiк мекемелердiң азаматтық-құқықтық мәмiлелерiн тiркеудi жүзеге асырады;
      мемлекеттiк мекемелердiң мiндеттемелерi бойынша төлемдердi жүзеге асырады;
      уақытша бос бюджет ақшасын Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкiне салымдарға (депозиттерге) орналастырады;
      банктiк шоттардан шетел валютасын қайта айырбастау тәртiбiн белгiлейдi:
      осы Кодекспен көзделген жағдайларда қаржыландыруды тоқтата тұрады;
      бюджеттiң атқарылуы жөнiндегі орталық уәкiлетті органдағы мемлекеттік мекемелердiң шоттарын ашу, жабу және жүргiзу тәртiбiн белгiлейдi;
      бюджет есебiн жүргізу тәртiбiн белгiлейдi;
      есеп-қисап жасау және ұсыну тәртiбiн белгiлейдi;
      үкiметтік қарыздарды алады, пайдаланады, тiркейдi, өтейдi және оларға қызмет көрсетедi, бағалы қағаздардың ұйымдастырылған рыногында өзi айналысқа салған мемлекеттiк эмиссиялық бағалы қағаздарды сатып алу мен сатуды жүзеге асырады;
      Қазақстан Республикасы резиденттерiнiң мемлекеттiк емес қарыздарының мемлекеттiк кепiлдiктерi бойынша мiндеттемелердiң орындалуын қамтамасыз етедi;
      бюджет қаражатын игеру мониторингiн жүзеге асырады;
      республикалық бюджеттiң атқарылуы барысында республикалық бюджет бағдарламаларының тиiмдiлiгiн бағалауды жүзеге асырады;
      республикалық және жергілiктi бюджеттердiң атқарылуы, бюджеттiк есеп, есептiлiк жөнiндегi әдiснамалық басшылықты жүзеге асырады;
      Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң тапсырмасы бойынша келiссөздер жүргізедi, үкiметтiк қарыздар шарттарына қол қояды, Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң мемлекеттiк эмиссиялық бағалы қағаздарын шығарады, Қазақстан Республикасы резиденттерiнiң мемлекеттiк емес қарыздары бойынша мемлекеттiк кепiлдiктер бередi;
      мемлекеттiк кепiлдiктерi бар үкiметтiк және мемлекеттік емес қарыздарға қызмет көрсетуге екiншi деңгейдегi банктердi iрiктеп алады, конкурстық негiзде белгiлейдi және оларға уәкiлеттiк бередi;
      республикалық бюджет қаражаты есебiнен бюджет кредиттерi мақсатты пайдалануына берiлуiне, қызмет көрсетуге, қайтаруға және бақылау жасайды, оларды есепке алуды, мониторингiн қамтамасыз етедi;
      Қазақстан Республикасының заңнамасымен көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

      62-бап. Iшкi бақылау жөнiндегi орталық уәкiлеттi органның құзыретi

      Iшкi бақылау жөнiндегi орталық уәкiлеттi орган:
      республикалық және жергiлiктi бюджеттерге iшкi бақылауды жүзеге асырады;
      республикалық және жергiлiктi бюджеттepдiң атқарылуы туралы Қазақстан Республикасының бюджет заңдары талаптарының бұзылу себептерiне баға бередi;
      бюджет бағдарламалары (кiшi бағдарламалары) орындалуының тиiмдiлiгi мен нәтижелiгiне баға бередi;
      Қазақстан Республикасының заңнамасымен көзделген өзге де өкiлеттiктердi жүзеге асырады.

      63-бап. Облыс, республикалық маңызы бар қала, астана, аудан (облыстық маңызы бар қала) мәслихатының құзыретi

      Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) мәслихаты:
      жергiлiктi бюджеттi және оның атқарылуы туралы есептердi бекiтедi;
      жергiлiктi бюджеттiң атқарылуын iшкi бақылауды жүзеге асыратын тексеру комиссиясын сайлайды;
      жергiлiктi бюджеттiң атқарылуына iшкi бақылау жүргiзу туралы есептердi қарайды.

      64-бап. Облыс, республикалық маңызы бар қала, астана, аудан (облыстық маңызы бар қала) әкiмдiгiнiң құзыретi

      Облыс, республикалық маңызы бар қала, астана, аудан (облыстық маңызы бар қала) әкiмдiгi:
      жергiлiктi бюджет жобасы мен оның атқарылуы туралы есептi мәслихатқа табыс етедi;
      жергiлiктi бюджеттi әзірлейді және оның атқарылуын қамтамасыз етедi;
      тиiстi қаржы жылына арналған жергiлiктi бюджет туралы жергiлiкті өкiлдi органның шешiмдерiн iске асыру туралы қаулы қабылдайды;
      жергiлiктi атқарушы органның орта мерзiмдi фискальдық саясатын бекiтедi;
      экономикалық, бюджеттiк жоспарлау, бюджеттiң атқарылуы жөнiндегi жергiлiктi уәкiлеттi органдарды құрады;
      облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың ауданның (аудандық маңызы бар қаланың) бюджет комиссиясын құрады, ол туралы ереженi бекiтедi, оның құрамын белгiлейдi;
      осы Кодекспен көзделген жағдайларда тиiстi қаржы жылының бiрiншi тоқсанына арналған жергілiктi қаржы жоспарын бекiтедi;
      Қазақстан Республикасының заңнамасымен көзделген өзге де өкiлеттiктердi жүзеге асырады.

      10-тарау. Бюджет комиссиялары

      65-бап. Бюджет комиссиялары туралы негiзгi ережелер

      1. Бюджет комиссиясы - бюджет жобасын уақтылы және сапалы әзiрлеу мен бюджеттi нақтылау және атқару жөнiнде ұсыныстар жасауды қамтамасыз ету мақсатында құрылатын комиссия.
      2. Бюджет комиссиялары қызметiнiң құқықтық негiзiн Қазақстан Республикасының Конституциясы, осы Кодекс, Қазақстан Республикасының заң және өзге де нормативтiк құқықтық актiлерi құрайды.
      3. Республикалық бюджет комиссиясы және облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, ауданның (облыстық маңызы бар қалалардың) бюджет комиссиялары өз қызметiн тұрақты негiзде жүзеге асырады.

      66-бап. Бюджет комиссияларының құзыретi

      Бюджет комиссияларының құзыретiне:
      алдағы үш жылдық кезеңге арналған орта мерзiмдiк фискальдық саясат жөнінде ұсыныстар әзiрлеу;
      тиiстi қаржы жылына арналған бюджеттер жобаларының көрсеткiштерiн белгiлеу;
      алдағы үш жылдық кезеңде және жоспарланып отырған қаржы жылы қаржыландыруға арналған бюджеттiк бағдарламаларды iрiктеу, орта мерзiмдiк фискальдық саясатты негiзге ала отырып оларды iске асыру тетiгiн белгiлеу;
      республикалық немесе жергiлiктi бюджеттердiң шығыстарын ұлғайтуды немесе түсiмдерiн қысқартуды көздейтiн нормативтiк құқықтық актiлердiң жобалары бойынша ұсыныстар әзiрлеу;
      тиiстi қаржы жылына арналған бюджеттердi нақтылау жөнiнде ұсыныстар әзiрлеу;
      бюджет бағдарламаларының іске асырылуын бағалау нәтижелерін қарау;
      осы Кодекспен, сондай-ақ бюджет комиссиялары туралы ережелермен көзделген өзге де өкiлеттiктер кiредi.

      67-бап. Бюджет комиссияларының органдары

      1. Мыналар:
      бюджет комиссиясының төрағасы;
      бюджет комиссиясы төрағасының орынбасарлары;
      бюджет комиссиясының хатшысы;
      бюджет комиссиясының жұмыс органы - бюджеттiк жоспарлау жөнiндегi орталық немесе жергiлiктi уәкiлеттi орган бюджет комиссияларының органдары болып табылады.
      2. Бюджет комиссиясының төрағасы оның қызметiн басқарады, бюджет комиссиясының отырыстарында төрағалық етедi, оның жұмысын жоспарлайды, оның шешiмдерiнiң iске асырылуына жалпы бақылау жасайды және комиссия жүзеге асыратын қызметке жауап бередi. Бюджет комиссиясының төрағасы болмаған кезде оның мiндеттерiн төраға тағайындаған бюджет комиссиясы төрағасының орынбасары орындайды.
      3. Бюджет комиссиясының хатшысы бюджет комиссиясының қызметiн қамтамасыз ету жөнiндегi жұмыстарды үйлестiредi, бюджет комиссиясы отырыстарының хаттамаларын дайындайды.
      4. Жұмыс органы бюджет комиссиясы белгiлейтiн мерзiмдер мен күн тәртіптерiне сәйкес бюджет комиссиясының отырыстарына материалдар әзiрлейдi.

      Ерекше бөлiк

      4-бөлiм. Бюджетті әзiрлеу және бекiту

      11-тарау. Бюджеттi жоспарлау негіздерi

      68-бап. Бюджеттi жоспарлау туралы жалпы ережелер

      1. Бюджеттi жоспарлау жоспарланып отырған кезеңге арналған бюджет түсiмдерiнiң көлемiн және олардың басымдығын ескере отырып, елдiң әлеуметтiк-экономикалық даму мiндеттерiне сәйкес оларды пайдалану бағыттарын белгiлеу жөнiндегi шешiмдердi әзiрлеу процесi болып табылады.
      2. Бюджет бiр қаржы жылына жоспарланады. Кезектi қаржы жылына арналған бюджеттiң жобасымен бiр мезгiлде бюджеттiң алдағы үш жылдық кезеңге арналған болжамы жасалады.
      3. Республикалық бюджеттiң жобасын әзiрлеу тәртiбiн Қазақстан Республикасының Президентi белгiлейдi. Жергiлiктi бюджеттердiң жобаларын әзiрлеу тәртiбiн Қазақстан Республикасының Yкiметi белгiлейдi.

      69-бап. Бюджеттi жоспарлау қағидаттары

      Мыналар бюджеттi жоспарлаудың негiзгi қағидаттары болып табылады:
      сабақтастық қағидаты - бюджеттi алдыңғы кезеңде негізге алынған орта мерзiмдi фискальдық саясат бағыттарын сақтап, өткен және ағымдағы жылдардың бюджетiнiң атқарылу нәтижелерiн ескере отырып жоспарлау;
      басымдық қағидаты - бюджеттi алдағы орта мерзiмдi кезеңге арналған әлеуметтiк-экономикалық дамудың басым бағыттарын сақтай отырып жоспарлау;
      негіздiлiк қағидаты - бюджеттi бюджет жобасына белгiлi бiр немесе өзге де түсiмдердi немесе шығыстарды енгiзу қажеттiгiн және олардың көлемдерiнiң дұрыстығын айқындайтын нормативтiк құқықтық актiлер мен басқа да құжаттар негiзiнде жоспарлау.

      70-бап. Алдағы үш жылдық кезеңге арналған орта мерзiмдi фискальдық саясатты белгiлеу

      1. Орта мерзiмдi фискальдық саясат алдағы үш жылдық кезеңге арналған салық-бюджет саясатын белгiлейтiн құжат болып табылады, соның iшiнде:
      мемлекеттiк, республикалық және жергiлiктi бюджеттердiң болжамдық көрсеткiштерi;
      бюджеттiк бағдарламалардың өткен кезеңнiң iшiнде iске асырылу тиiмдiлiгiн бағалау нәтижелерi;
      бюджет қаражатын жұмсаудың басым бағыттары;
      республиканың немесе өңiрдiң әлеуметтiк-экономикалық дамуының негiзгi бағыттарын iске асырудың бюджеттiк тетiктерi мен тәсiлдерi;
      бюджетаралық қатынастардың даму бағыттары;
      мемлекеттiк және мемлекет кепiлдiк берген қарыз алу мен борыш саласындағы саясат;
      мүмкiн болатын фискальдық тәуекелдер.
      2. Орта мерзiмдi фискальдық саясат республиканың немесе өңiрдiң орта мерзiмдi әлеуметтiк-экономикалық даму жоспары негізiнде, өткен қаржы жылы бекiтiлген орта мерзiмдi фискальдық саясатты, өткен қаржы жылы iшiнде бюджеттiң атқарылуын талдау мен бағалауды ескере отырып, оның негізгi бағыттарын жыл сайын түзетумен үш жылдық кезеңге әзiрленедi.
      3. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң алдағы үш жылдық кезеңге арналған орта мерзiмдi фискальдық саясатын Қазақстан Республикасының Үкiметi ағымдағы жылдың 1 сәуiрiне дейiн бекiтедi және жариялануға тиiс.
      Жергiлiктi атқарушы органның алдағы үш жылдық кезеңге арналған орта мерзiмдi фискальдық саясатын жергiлiктi атқарушы органдар ағымдағы жылдың 1 мамырына дейiн бекiтедi және жариялануға тиiс.
      4. Орта мерзiмдi фискальдық саясатты әзiрлеу тәртiбiн Қазақстан Республикасының Yкiметi белгiлейдi.

      71-бап. Нақты нормалар

      1. Нақты нормалар - қажеттi материалдық немесе материалдық емес игiлiктердi тұтынудың немесе пайдаланудың ең төмен заттай көрсеткiштерi. Нақты нормалар бюджеттi жоспарлау және атқару кезiнде мiндеттi болып табылады.
      2. Нақты нормаларды орталық мемлекеттiк органдар әзiрлейдi және Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiтедi.
      3. Орталық мемлекеттiк органдар республикалық бюджеттiң және республиканың әлеуметтiк-экономикалық дамуының болжамды көрсеткiштерiн ескере отырып, республикалық бюджет комиссиясының қарауына нақты нормаларды өзгерту немесе олардың күшiн жою туралы ұсыныстар енгiзуге құқылы.

      12-тарау. Бюджеттердiң жобаларын әзiрлеу

      72-бап. Бюджет түсімдерін болжау

      1. Бюджет түсiмдерiн болжауды республиканың немесе өңiрдiң орта мерзiмдi әлеуметтiк-экономикалық даму жоспары және алдағы үш жылдық мерзiмге арналған орта мерзiмдi фискальдық саясат негiзiнде бюджеттiк жоспарлау жөнiндегi уәкiлеттi орган жүзеге асырады.
      2. Алынған тауарлардың (жұмыстардың, қызметтер көрсетудiң) бюджетке түсетін түсiмдер көрiнуiне тек Қазақстан Республикасының заңнамасында, сондай-ақ Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шартта көзделген жағдайларда ғана жол берiледi.
      Бұл ретте шығыстарда бюджеттiк бағдарлама алынған тауарлардың (жұмыстардың, қызметтер көрсетудiң) құнына тең көлемде көзделуге тиiс.
      3. Бюджет түсiмдерiн болжау әдiстемесiн бюджеттiк жоспарлау жөнiндегi орталық уәкiлеттi орган белгiлейдi.
      4. Бюджет түсiмдерiнiң алдағы қаржы жылына арналған болжамды көрсеткiштерiн бюджет комиссиясы қарап мақұлдайды.

      73-бап. Бюджет шығыстарының лимиттерiн белгiлеу

      1. Бюджеттік жоспарлау жөніндегi уәкілетті орган орта мерзiмдi фискальдық саясат негiзiнде ағымдағы бюджеттiк бағдарламалар мен бюджеттiк даму бағдарламалары үшiн бюджет шығыстарының лимиттерiн қалыптастырады.
      2. Бюджет шығыстарының лимиттерiн бюджет комиссиясы қарап мақұлдайды.
      3. Ағымдағы бюджеттiк бағдарламаларға арналған шығыстар лимиттерiн бюджеттiк бағдарламалардың әкiмшiлерiне және бюджеттiк даму бағдарламаларына арналған шығыстар лимиттерiн бюджеттiк инвестициялық жобаларды (бағдарламаларды) iрiктеу үшiн экономикалық жоспарлау жөнiндегi уәкiлеттi органға жеткiзудi бюджеттiк жоспарлау жөнiндегi уәкілетті орган жүзеге асырады.

      74-бап. Бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің бюджеттік өтінімдер жасауы

      1. Бюджеттiк өтiнiм бюджеттiк бағдарламалардың әкiмшiлерi бюджеттi әзiрлеу кезiнде бюджеттiк бағдарламалардың қажеттiгiн негiздеу және оларды қаржыландыру сомасын айқындау үшiн жыл сайын жасап ұсынатын, алдағы қаржы жылы мен үш жылдық кезеңге арнап табыс ететiн құжаттардың жиынтығы болып табылады.
      2. Бюджеттiк өтiнiм:
      бiрыңғай бюджет жiктемесi;
      бюджет шығыстарының лимиттерi;
      өткен қаржы жылы бюджет комиссиясы мақұлдаған үш жылдық кезеңге арналған бюджеттiк өтiнiм;
      республиканың немесе өңiрдiң орта мерзiмдi әлеуметтiк-экономикалық даму жоспары және орта мерзiмдi фискальдық саясат;
      басым бюджеттік инвестициялық жобалар (бағдарламалар) тiзбесi негiзiнде жасалады.
      3. Бюджеттiк бағдарлама әкiмшiсi жыл сайын тек бiр ғана бюджеттiк өтiнiм жасайды.
      4. Бюджеттiк бағдарлама әкiмшiсiнiң бюджеттiк өтiнiмi:
      бюджеттiк бағдарламалардың (кiшi бағдарламалардың) тiзбесiн және олар бойынша шығыстар сомасын;
      бюджеттiк бағдарламаға түсіндiрме жазбаны;
      бюджеттiк өтiнiмгe енгізілген бюджеттік бағдарлама (кiші бағдарлама) паспортының жобасын;
      пайда болудың негiзгi себептерiн көрсетiп, кредиторлық берешектiң жалпы сомасын жылдар бойынша мiндеттi түрде бөле отырып, ағымдағы қаржы жылының 1 қаңтарындағы жағдай бойынша кредиторлық берешек туралы ақпаратты;
      пайда болудың негiзгi себептерiн көрсетiп, дебитор берешектiң жалпы сомасын жылдар бойынша мiндеттi түрде бөле отырып, ағымдағы қаржы жылының 1 қаңтарындағы жағдай бойынша дебиторлық берешек туралы ақпаратты;
      жұмсалу бағыттары бойынша кепiлдiктер сомасын мiндеттi түрде бөле отырып, ағымдағы қаржы жылының 1 қаңтарындағы жағдай бойынша алынған және пайдаланылған кепiлдiктер туралы ақпаратты;
      бюджеттiк өтiнiмге енгiзiлген бюджеттік бағдарлама (кiшi бағдарлама) бойынша шығыстар есептемесін қамтиды;
      басқа ақпаратты.
      Мемлекеттiк мекемелердiң олардың иелiгiнде қалатын тауарларды (жұмыстарды, қызметтер көрсетудi) сатудан түскен ақша түсiмдерi мен шығыстарының тиiстi қаржы жылына арналған болжамы бюджеттiк жоспарлау жөнiндегi орталық уәкiлеттi орган белгiлеген нысан бойынша жасалып, бюджеттiк өтiнiммен бiрге табыс етiледi.
      5. Бюджеттiк бағдарламалардың (кiшi бағдарламалардың) тiзбесi белгiленген нысан бойынша өткен жылғы есептiк деректердi, ағымдағы жылға арналған жоспарлы көрсеткіштердi және алдағы үш жылдық кезеңге арналған болжамды көрсеткiштердi көрсете отырып, алдағы үш жылдық кезеңге әкiмші жоспарлап отырған бюджеттiк бағдарламаларды айқындайды.
      6. Бюджеттiк бағдарламаға түсiндiрме жазба жоспарланып отырған бюджеттiк бағдарламаның қысқаша сипаттамасын айқындайды, оның мәнiн, республиканың немесе өңiрдiң әлеуметтiк-экономикалық дамуы үшiн қажеттiгi мен рөлiн, өткен жылғы бюджеттiк өтiнiмнен ауытқу себептерiн ашып көрсетедi.
      7. Бюджеттiк бағдарлама (кiшi бағдарлама) паспортының жобасы бюджеттiк бағдарламаның мақсаттарын, мiндеттерiн, нормативтiк-құқықтық негiздемесiн, болжалды күтiлетiн нәтижелерiн, iс-шараларын, жауапты орындаушыларын, орындау мерзiмдерiн, ұлттық валютамен көрсетiлген құнын, қаржыландыру көздерiн белгiлейдi.
      8. Бюджеттiк бағдарлама (кiшi бағдарлама) бойынша шығыстардың есептемесi белгiленген нақты нормаларды ескере отырып айқындалатын бюджеттiк бағдарламалардың сандық және құндық көрсеткiштерiн ашып көрсетедi.
      9. Бюджеттік бағдарламалардың әкiмшici бюджеттiк бағдарламаларды бюджеттiк кредит беру жолымен iске асыруды ұсынған жағдайда, осы бюджеттiк бағдарламалар бойынша бюджеттiк өтiнiм қосымша құжаттарды, оның iшiнде инвестициялық жобаларды (бағдарламаларды) дайындау мен iрiктеу кезiнде қалыптастырылған мынадай құжаттарды:
      1) бюджеттiк кредит берудiң мақсатына, қағидаттарына, өлшемдерiне бағыттарына бюджеттiк бағдарламаның сәйкестiгi негiздемесiн қоса алғанда, бюджеттiк бағдарламаны бюджеттiк кредит беру арқылы iске асыру орындылығының негiздемесiн;
      2) бюджеттік кредит беру объектiлерiне және/немесе бағыттарына қажеттiлiк негіздемесiн;
      3) бюджеттік кредиттер шарттарының негіздемесiн;
      4) бюджеттік кредит берудiң өтелiмдiлiк есебiн;
      5) еңбекке тартылған жағдайда, сенiмгерлердiң (агенттердiң) қызметiне ақы төлеу мөлшерiнiң негiздемесiн қамтуға тиiс.
      10. Бюджеттiк өтiнiмдi жасау және ұсыну тәртiбiн бюджеттiк жоспарлау жөнiндегi орталық уәкiлеттi орган белгiлейдi.

      75-бап. Бюджеттiк өтiнiмдердi қарау

      1. Бюджеттiк өтiнiмдердi бюджеттiк жоспарлау жөнiндегi уәкiлеттi орган қарап, оларға бағалау жүргiзедi және олар бойынша тиiстi қорытынды дайындайды.
      Бюджеттiк жоспарлау жөнiндегi уәкiлеттi орган жоспарланып отырған бюджет бағдарламаларының тиiмдiлiгiн бақылауды Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлеген тәртiппен жүргiзедi.
      2. Бюджет комиссиясы бюджеттiк өтiнiмдер мен бюджеттiк жоспарлау жөнiндегi уәкiлеттi органның қорытындысын қарап, олар бойынша шешiм қабылдайды.
      3. Бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiлерi мен бюджеттік жоспарлау жөнiндегi уәкiлеттi органның арасындағы келiспеушiлiктердi бюджет комиссиясы қарайды.
      4. Бюджет комиссиясы бюджеттiк бағдарламалар бойынша түпкiлiктi шешiм қабылдағаннан кейiн бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiлерiнiң қосымша өтiнiмдерi қаралмайды.

      76-бап. Тиiстi қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заң жобасын әзiрлеу

      1. Бюджеттiк жоспарлау жөнiндегi орталық уәкiлеттi орган республикалық бюджет комиссиясы қабылдаған шешiмдер негiзiнде алдағы қаржы жылына арналған республикалық бюджет жобасының түпкiлiктi нұсқасын жасап, оны республикалық бюджет комиссиясының қарауына енгiзедi.
      2. Алдағы қаржы жылына арналған республикалық бюджет жобасының түпкiлiктi нұсқасын қарау және айқындау жоспарланып отырған қаржы жылының алдындағы жылдың 1 тамызынан кешiктiрмей аяқталады.
      3. Заң жобасының мәтiнi мыналарды:
      1) алдағы қаржы жылына арналған республикалық бюджет кiрiстерiнiң, шығындарының, операциялық сальдосының, таза бюджет кредитiн беру, қаржы активтерiмен жүргiзiлетiн операцияларының, тапшылығының (профицитiнiң), тапшылығын қаржыландыру (профициттi пайдалану) көлемдерiн;
      2) айлық жалақының, зейнетақы мен айлық есептiк көрсеткiштiң ең төмен мөлшерiн;
      3) жергiлiктi бюджеттерден республикалық бюджетке алулар мөлшерiн;
      4) республикалық бюджеттен жергiлiктi бюджеттерге берiлетiн субвенциялар көлемдерiн;
      5) Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң резервi мөлшерiн;
      6) Қазақстан Республикасының мемлекеттiк кепiлдiктерi бойынша мiндеттемелердi орындау сомасын;
      7) Қазақстан Республикасының мемлекеттiк кепiлдiктер беру лимитiн;
      8) үкiметтiк борыш лимитiн;
      9) басқа да ережелердi қамтуға тиiс.
      4. Республикалық бюджет туралы заң жобасына мыналар қоса тiркеледi:
      1) осы Кодексте белгiленген құрылым бойынша тиiстi қаржы жылына арналған республикалық бюджеттiң жобасы. Бұл ретте түсiмдер -санаттар, сыныптар және iшкi сыныптар бойынша, ал шығыстар функционалдық топтар, бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiлерi және бюджеттiк бағдарламалар бойынша баяндалады. "Бюджет тапшылығын қаржыландыру (профициттi пайдалану)" бөлiмi жалпы сомамен ұсынылады;
      2) республикалық бюджетке шикiзат секторы ұйымдарынан түсетiн түсімдер көлемі;
      3) мемлекеттiк меншiкте тұрған, кен өндiрушi және өңдеуші салаларға жататын мемлекеттiк мүлiктi жекешелендiруден түсетiн түсiмдер көлемi;
      4) жергiлiктi бюджеттердiң әлеуметтiк маңызды бағдарламаларға арналған шығыстарының ең төмен көлемдерi;
      5) республикалық бюджеттiң бюджеттiк даму бағдарламаларының бюджеттiк инвестициялық жобалар мен бағдарламаларға бөлiнген тiзбесi;
      6) республикалық және жергiлiктi бюджеттердi атқару процесiнде секвестрлеуге жатпайтын республикалық және жергiлiктi бюджеттiк бағдарламалар тiзбесi;
      7) басқа да деректер.
      5. Тиiстi қаржы жылына арналған республикалық бюджеттiң бекiтiлетiн тапшылығының (профицитiнiң) мөлшерi ақшалай түрде және жалпы iшкi өнiмге процент есебiнен көрсетiледi.
      6. Алдағы қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңның жобасын бюджеттiк жоспарлау жөнiндегі орталық уәкiлеттi орган ағымдағы жылғы 15 тамыздан кешiктiрмей Қазақстан Республикасының Yкiметiне қарауға табыс етедi.
      7. Орталық мемлекеттiк органдар алдағы үш жылдық кезеңге арналған мемлекеттiк және республикалық бюджеттердiң болжамды көрсеткiштерiн ескере отырып, атқарылуы бюджет қаражатының қосымша жұмсалуына әкеп соғатын қолданылып жүрген нормативтiк құқықтық актiлергe талдау жүргiзедi және олардың күшiн жою, тоқтата тұру немесе оларға өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы ұсыныстар әзiрлейдi.

      77-бап. Тиiстi қаржы жылына арналған облыстық бюджет, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджетi туралы мәслихат шешiмiнiң жобасын әзiрлеу

      1. Бюджеттiк жоспарлау жөнiндегi жергiлiктi уәкiлеттi орган облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджет комиссиясы қабылдаған шешiмдер негiзiнде алдағы қаржы жылына арналған облыстық бюджет, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджетi жобасының түпкiлiктi нұсқасын жасап, оны облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджет комиссиясының қарауына енгiзедi.
      2. Алдағы қаржы жылына арналған облыстық бюджет, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджетi жобасының түпкiлiктi нұсқасын қарау және айқындау жоспарланып отырған қаржы жылының алдындағы жылғы 15 қыркүйектен кешiктiрiлмей аяқталады.
      3. Тиiстi қаржы жылына арналған облыстық бюджет, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджетi туралы мәслихат шешiмiнiң жобасы мыналарды:
      1) алдағы қаржы жылына арналған бюджет кiрiстерiнiң, шығындарының, операциялық сальдосының таза бюджет кредитiн беру, қаржы активтерiмен жүргiзiлетiн операцияларының, тапшылық (профицит), тапшылықты қаржыландыру (профициттi пайдалану) көлемдерiн;
      2) облыстық бюджеттен бар аудандардың (облыстық маңызы қалалардың) бюджеттерiне берiлетiн субвенциялар көлемдерiн және аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) бюджеттерiнен облыстық бюджетке алулар мөлшерiн;
      3) жергiлiктi атқарушы органның резервi мөлшерiн;
      4) облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергiлiктi атқарушы органының тиiстi қаржы жылының аяғына шаққандағы борыш лимитiн;
      5) басқа да ережелердi қамтуға тиiс.
      4. Облыстық бюджет, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджетi туралы шешiм жобасына мыналар қоса тiркеледi:
      1) осы Кодексте белгiленген құрылым бойынша тиістi қаржы жылына арналған облыстық бюджеттiң, республикалық маңызы бар қала, астана бюджетiнiң жобасы. Бұл ретте түсiмдер - санаттар, сыныптар және iшкi сыныптар бойынша, ал шығыстар функционалдық топтар, бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiлерi және бюджеттiк бағдарламалар бойынша баяндалады. "Бюджет тапшылығын қаржыландыру (профициттi пайдалану)" бөлiмi жалпы сомамен ұсынылады;
      2) облыстық бюджеттің, республикалық маңызы бар қала, астана бюджетiнiң бюджеттiк даму бағдарламаларының бюджеттік инвестициялық жобалар мен бағдарламаларға бөлiнген тiзбесi;
      3) тиiстi қаржы жылына арналған жергiлiктi бюджеттердi атқару процесiнде секвестрлеуге жатпайтын, соның iшінде тиiстi қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгiленген жергiлiктi бюджеттiк бағдарламалар тiзбесi;
      4) қаладағы әрбiр ауданның бюджеттiк бағдарламалары;
      5) басқа да деректер.
      5. Облыстық бюджеттердiң республикалық маңызы бар қалалар, астана бюджеттерiнiң бекiтiлетiн тапшылығының (профицитiнiң) мөлшерi тиiстi қаржы жылы iшiнде ақшалай түрде көрсетiледi.
      6. Алдағы қаржы жылына арналған облыстық бюджеттiң, республикалық маңызы бар қала, астана бюджетiнiң жобасын бюджеттік жоспарлау жөнiндегі жергiлiктi уәкiлеттi орган ағымдағы жылдың 1 қазанынан кешiктiрмей облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергiлiктi атқарушы органына қарауға табыс етедi.

      78-бап. Тиiстi қаржы жылына арналған ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) бюджетi туралы мәслихат шешімiнiң жобасын әзiрлеу

      1. Бюджеттiк жоспарлау жөнiндегi жергiлiктi уәкiлеттi орган ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) бюджет комиссиясы қабылдаған шешiмдер негiзiнде алдағы қаржы жылына арналған ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) бюджетi жобасының түпкiлiктi нұсқасын жасап, оны ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) бюджет комиссиясының қарауына енгiзедi.
      2. Алдағы қаржы жылына арналған ауданның (облыстық маңызы бар қаланың бюджетi жобасының түпкiліктi нұсқасын қарау және айқындау жоспарланып отырған қаржы жылының алдындағы жылдың 1 қазанынан кешiктiрiлмей аяқталады.
      3. Шешiм жобасының мәтiнi:
      1) алдағы қаржы жылына арналған бюджет кiрiстерiнiң, шығындарының, операциялық сальдосының, таза бюджет кредитiн беру, қаржы активтерiмен жүргiзiлетiн операцияларының сальдосын тапшылықты қаржыландыру (профициттi пайдалану) көлемдерiн;
      2) жергiлiктi атқарушы органның резервi мөлшерiн;
      3) ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) бюджетiнен облыстық бюджетке алулар мөлшерiн;
      4) басқа да ережелердi қамтуға тиiс.
      4. Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) бюджетi туралы шешiм жобасына мыналар қоса тiркеледi:
      1) осы Кодексте белгiленген құрылым бойынша тиiстi қаржы жылына арналған аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджетiнiң жобасы. Бұл ретте түсiмдер - санаттар, сыныптар және iшкi сыныптар бойынша, ал шығыстар функционалдық топтар, бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiлерi және бюджеттiк бағдарламалар бойынша баяндалады. "Бюджет тапшылығын қаржыландыру (профициттi пайдалану)" бөлiмi жалпы сомамен ұсынылады;
      2) аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджетiнiң бюджеттiк даму бағдарламаларының бюджеттiк инвестициялық жобалар мен бағдарламаларға бөлiнген тiзбесi;
      3) тиiстi қаржы жылына арналған жергiлiктi бюджеттi атқару процесiнде секвестрлеуге жатпайтын, соның iшiнде тиiстi қаржы жылына арналған облыстық бюджеттің бекiтiлгенi туралы облыстық мәслихаттың шешiмiмен белгіленген жергiлiктi бюджеттiк бағдарламалар тiзбесi;
      4) аудандық маңызы бар әрбiр қаланың, кенттiң, ауылдың (селоның), ауылдық (селолық) округтың бюджеттік бағдарламалары;
      5) басқа да деректер.
      5. Тиiстi қаржы жылына арналған аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджетiнiң бекiтiлетiн тапшылығының (профицитiнiң) мөлшерi ақшалай түрде көрсетiледi.
      6. Алдағы қаржы жылына арналған аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджетiнiң жобасын бюджеттiк жоспарлау жөнiндегi жергiлiктi уәкiлеттi орган ағымдағы жылғы 15 қазаннан кешiктiрмей ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергiлiктi атқарушы органына қарауға табыс етедi.

      13-тарау. Бюджет жобасын қарау және бекiту процесiнiң негiзгi ережелерi

      79-бап. Республикалық бюджет жобасын қарау және бекiту туралы жалпы ережелер

      1. Алдағы қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңның жобасын Қазақстан Республикасының Үкiметi Қазақстан Республикасының Парламентiне жоспарланып отырған жылдың алдындағы жылғы қыркүйектiң 1-iнен кешiктiрмей енгiзедi.
      Қазақстан Республикасының Үкiметi алдағы қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңның жобасымен бiр мезгілде алдағы үш жылдық кезеңге арналған орта мерзiмдi әлеуметтiк-экономикалық даму жоспарын, орта мерзiмдi фискальдық саясатын, республикалық бюджеттiк бағдарламалар паспорттарының жобаларын және алдағы қаржы жылына арналған республикалық бюджеттiң жобасына салынған шешiмдердi ашып көрсететiн түсiндiрме жазбаны табыс етедi.
      2. Алдағы қаржы жылына арналған республикалық бюджетті бекiту Қазақстан Республикасы Парламентi Палаталарының бiрлескен отырысында екi оқылымда және ағымдағы жылғы 1 желтоқсаннан кешiктiрiлмей жасалады.
      3. Қазақстан Республикасының Парламентi ағымдағы жылғы 1 желтоқсанға дейiнгi мерзiмде алдағы қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңды қабылдамаған жағдайда, Қазақстан Республикасының Президентi алдағы қаржы жылының бiрiншi тоқсанына арналған республикалық қаржылық жоспар туралы жарлық шығаруға құқылы, ол республикалық бюджеттi Қазақстан Республикасының Парламентi бекiткенге дейiн қолданылады.
      Алдағы қаржы жылының бiрiншi тоқсанына арналған республикалық қаржылық жоспар ағымдағы жылғы 30 желтоқсаннан кешiктiрiлмей алдағы қаржы жылына арналған республикалық бюджет жобасының төрттен бiр көлемiнде бекiтiледi.
      Республикалық қаржылық жоспардың атқарылуы осы Кодекстe белгiленген тәртiппен жүзеге асырылады.
      4. Кезектi қаржы жылының бiрiншi тоқсанына арналған республикалық қаржылық жоспар бекiтiлген жағдайда осы қаржы жылына арналған республикалық бюджет сол жылғы 1 наурыздан кешiктiрiлмей бекiтiлуге тиiс.

      80-бап. Жергiлiктi бюджет жобасын қарау және бекіту туралы жалпы ережелер

      1. Алдағы қаржы жылына арналған облыстық бюджет, республикалық маңызы бар қала, астана бюджетiнiң жобасын облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергiлiктi атқарушы органы жоспарланып отырған жылдың алдындағы жылғы қазанның 15-iнен кешiктiрмей тиiстi мәслихатқа енгiзедi.
      Алдағы қаржы жылына арналған аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджетiнiң жобасын ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергiлiктi атқарушы органы жоспарланып отырған жылдың алдындағы жылғы қарашаның 1-iнен кешiктiрмей тиiстi мәслихатқа енгiзедi.
      Жергiлiктi атқарушы орган алдағы қаржы жылына арналған жергiлiктi бюджеттiң жобасымен бiр мезгiлде алдағы үш жылдық кезеңге арналған орта мерзiмдi әлеуметтiк-экономикалық даму жоспарын, орта мерзiмдi фискальдық саясатын, жергiлiктi бюджеттiк бағдарламалар паспорттарының жобаларын және алдағы қаржы жылына арналған жергiлiктi бюджеттiң жобасына салынған шешiмдердi ашып көрсететiн түсiндiрме жазбаны табыс етедi.
      2. Алдағы қаржы жылына арналған облыстық бюджет, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджетi Қазақстан Республикасының Президентi тиiстi қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңға қол қойғаннан кейiн екi апта мерзiмнен кешiктiрiлмей бекiтiледi.
      Алдағы қаржы жылына арналған ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) бюджет тиiстi қаржы жылына арналған облыстық бюджетті бекiту туралы облыстық мәслихаттың шешiмiне қол қойылғаннан кейiн екi апта мерзiмнен кешіктiрiлмей бекiтiледi.
      3. Мәслихат осы баптың 2-тармағында белгіленген мерзімде алдағы қаржы жылына арналған жергiлiктi бюджет туралы шешiмдi қабылдамаған жағдайда, тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бөлiнiстiң жергiлiктi атқарушы органы алдағы қаржы жылының бiрiншi тоқсанына арналған жергiлiктi қаржылық жоспар туралы шешiм шығаруға құқылы, ол жергiлiктi бюджеттi мәслихат бекiткенге дейiн қолданылады.
      Алдағы қаржы жылының бiрiншi тоқсанына арналған жергіліктi қаржылық жоспар ағымдағы жылғы 30 желтоқсаннан кешiктiрiлмей алдағы қаржы жылына арналған жергiлiктi бюджет жобасының төрттен бiр көлемiнде бекiтiледi.
      Жергiлiктi қаржылық жоспардың атқарылуы осы Кодексте белгiленген тәртiппен жүзеге асырылады.
      4. Кезектi қаржы жылының бiрiншi тоқсанына арналған жергiлiктi қаржылық жоспар бекiтiлген жағдайда осы қаржы жылына арналған жергiлiктi бюджет сол жылғы 1 наурыздан кешiктiрiлмей бекiтiлуге тиiс.
      5. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергiлiктi атқарушы органдары аудандық (қалалық) мәслихаттар аудандар (облыстық маңызы бар қалалар) бюджеттерiн бекiту туралы шешiм қабылдағаннан кейiн бiр апта мерзiмде бекiтiлген жергiлiктi бюджеттер негiзiнде жиынтықталған облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың бюджеттерiн, сондай-ақ тиiстi қаржы жылына арналған жергiлiктi бюджеттерден қаржыландырылатын бюджеттiк инвестициялық жобалар мен бағдарламалардың тiзбесiн бюджеттiк жоспарлау жөнiндегi орталық уәкiлеттi органға табыс етедi.

      81-бап. Өкiлдi органдардың бюджет жобасын қарауының негiзгi қағидаттары

      1. Өкiлдi органдар бюджет жобасын қараған кезде мынадай қағидаттарды:
      1) негiздiлiк қағидатын;
      2) бюджеттiң теңгерiмдiлiгiн сақтау қағидатын ұстанады.
      2. Негiздiлiк қағидаты депутаттардың бюджет жобасына өзгерiстер немесе толықтырулар енгiзу туралы кез келген ұсыныстары осы түзетулердiң тиiмдiлiгi, лайықтылығы, олардың әлеуметтiк-экономикалық даму басымдықтарына сәйкестiгi жөнiндегі жазбаша негiздемемен және оларға жасалған есептермен, сондай-ақ ұсынылып отырған өзгерiстер мен толықтырулардың жалпы мемлекеттiң немесе жеке өңiрдiң әлеуметтiк-экономикалық дамуына тигiзетiн әсерiне баға берумен қабаттас болуға тиiс екендiгiн бiлдiредi.
      3. Бюджеттiң теңгерiмдiлiгiн сақтау қағидаты депутаттар бюджет жобасына кез келген өзгерiс пен толықтыру енгiзген кезде бюджет тапшылығының мөлшерiн бюджет жобасында белгiленген деңгейден асырмай сақтау үшiн негiздi түрде қосымша түсiм көздерi не қысқартылатын шығыстар айқындалуға тиiс екендiгiн бiлдiредi.

      14-тарау. Республикалық бюджет жобасын Қазақстан Республикасының Парламентiнде қарау және бекiту процесi

      82-бап. Республикалық бюджет жобасын Қазақстан Республикасы Парламентiнде қарау

      1. Тиiстi қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заң жобасын Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Мәжiлiсi мен Сенатының жалпы отырыстарында талқылау Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң уәкiлеттi тұлғасының (тұлғаларының) Қазақстан Республикасының орта мерзiмдi әлеуметтiк-экономикалық даму бағдарламасы бойынша, орта мерзiмдi фискальдық саясат және тиiстi қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заң жобасы бойынша, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкi Төрағасының ақша-кредит саясаты бойынша баяндамаларын, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Палаталары уәкiлеттiк берген тұлғаларының заң жобасы бойынша қорытынды жасайтын баяндамаларын қамтиды.
      2. Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Палаталары жалпы отырыстарында алдағы қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заң жобасы бойынша республикалық бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiлерiнiң басшыларын тыңдауға құқылы.
      3. Алдағы қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заң жобасы Қазақстан Республикасы Парламентi Палаталарының бiрлескен отырысында екi оқылымда қаралады.
      Бiрiншi оқылымда республикалық бюджет кiрiстерiнiң, шығындарының, операциялық сальдосының, таза кредит беру, қаржы активтерiмен жүргiзiлетiн операцияларының, тапшылығының (профициттiң), тапшылығын қаржыландырудың (профициттi пайдалану) жалпы көлемдерi бекiтiледi.
      Екiнші оқылымда тиiстi жылға арналған республикалық бюджет туралы заң жобасы баптар бойынша бекiтiледi.

      83-бап. Тиiстi қаржы жылына арналған республикалық бюджеттi бекiту

      Тиiстi қаржы жылына арналған республикалық бюджетi бекiту заңды Қазақстан Республикасы Парламентi қос Палатасының бiрлескен отырыстарында мақұлдаған редакциясында қабылдау арқылы жүзеге асырылады.

      15-тарау. Жергiлiктi бюджет жобасын мәслихатта қарау және бекiту процесi

      84-бап. Жергiлiктi бюджет жобасын мәслихаттың тұрақты комиссияларында қарау

      1. Жергiлiктi бюджет жобасы тиiстi мәслихаттың тұрақты комиссияларында қаралады.
      2. Тиiстi мәслихаттың тұрақты комиссиялары комиссия мүшелерi арасынан жұмыс топтарын құрады. Жұмыс топтарына жергiлiктi уәкiлеттi органдардың өкiлдерi тартылуы мүмкiн.
      3. Тұрақты комиссиялар жұмыс топтарының пiкiрлерiн ескерумен қатар, тиiстi негiздемелер мен есептердi қоса отырып, жергілiктi бюджет жобасына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу жөнiнде ұсыныстар жасайды және оларды тиiстi мәслихат белгiлеген бас тұрақты комиссияға жiбередi.
      4. Бас тұрақты комиссия басқа тұрақты комиссиялардан түскен ұсыныстардың жиынтығын жасап, оны мәслихаттың сессиясына шығарады.
      Бұл ретте жиынтыққа тек тиiстi негіздемелерi мен есептерi бар ұсыныстар ғана енгізiледi.
      5. Тиiстi мәслихаттың сессиясында жергiлiктi бюджет жобасын талқылау тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бөлiнiс әкiмiнiң, жергiлiктi атқарушы орган уәкiлеттiк берген тұлғасының (тұлғаларының) тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бөлiндiсiнiң орта мерзiмдi әлеуметтiк-экономикалық даму бағдарламасы бойынша, орта мерзiмдi фискальдық саясат және тиiстi қаржы жылына арналған жергiлiктi бюджеттiң жобасы бойынша баяндамаларын, сондай-ақ мәслихат уәкiлеттiк берген адамдарының заң жобасы бойынша қорытынды жасайтын баяндамаларын қамтиды.
      6. Мәслихат сессияда алдағы қаржы жылына арналған жергiлiктi бюджет бойынша жергiлiктi бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiлерiнiң басшыларын тыңдауға құқылы.

      85-бап. Жергiлiктi бюджеттi мәслихатта бекiту

      Тиiстi қаржы жылына арналған жергiлiктi бюджетті бекiту мәслихат шешiмiн мәслихат депутаттарының көпшiлiк даусымен мәслихат сессиясында мақұлданған редакциясында қабылдау арқылы жүзеге асырылады.

      5-бөлiм. Бюджеттердiң атқарылуы және нақтылануы

      16-тарау. Бюджеттiң атқарылуы туралы жалпы ережелер

      86-бап. Бюджеттiң атқарылуы туралы жалпы ережелер

      1. Бюджетке түсiмдердiң түсуiн қамтамасыз ету, бюджеттiк бағдарламаларды iске асыру, сондай-ақ бюджет тапшылығын қаржыландыру (профициттi пайдалану) жөнiндегi iс-шаралар кешенiн орындау бюджеттiң атқарылуы болып табылады.
      2. Бюджеттiң атқарылуы ағымдағы қаржы жылғы 1 қаңтарда басталып, 31 желтоқсанында аяқталады.
      3. Осы кодексте көзделген жағдайларды қоспағанда, бюджеттiң атқарылуы кассалық негiзде жүзеге асырылады.
      4. Қазақстан Республикасының Үкiметi республикалық бюджеттiң атқарылуын қамтамасыз етедi.
      5. Жергiлiктi атқарушы органдар жергілiктi бюджеттердiң атқарылуын қамтамасыз етедi. Бюджеттi атқару жөнiндегi орталық уәкiлеттi орган осы Кодекске сәйкес жергiлiктi бюджеттердiң атқарылуына қызмет етудi жүзеге асырады.

      87-бап. Бюджеттiң атқарылу қағидаттары

      1. Бюджет қаражатын нысаналы пайдалану қағидаты - бюджет қаражатын тек бюджеттiк бағдарламалардың паспорттарында және бюджеттік бағдарламаларды қаржыландыру жоспарларында белгiленген мақсаттарға ғана пайдалану.
      2. Уақтылық қағидаты - бюджетке түсетiн түсiмдердi есепке алу және бюджет қаражатын белгiленген мерзiмде пайдалану.
      3. Бюджеттiң бiр қалыпты атқарылу қағидаты - қаржы жылының аяғына таман төлемдер көлемiнiң шамадан тыс қорлануына жол бермеу мақсатында бюджет қаражатын қаржы жылы процесiнде бiр қалыпты бөлу.
      4. Кассаның бiрыңғайлық қағидаты - түсiмдердiң барлығын бiрыңғай қазынашылық шотқа есепке алу және көзделген шығыстардың барлығын бiрыңғай қазынашылық шоттан ұлттық валютамен жүзеге асыру. Қазақстан Республикасы бюджет жүйесiнiң барлық деңгейдегi бюджеттерi кассаның бiрыңғайлық қағидаты негiзiнде атқарылады.

      88-бап. Бiрыңғай қазынашылық шот

      1. Бiрыңғай қазынашылық шот - аударым операцияларын және олардың есебiн жүргiзудi орталықтандырып жүзеге асыру үшiн Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiне ашылатын шот.
      2. Бiрыңғай қазынашылық шот қолма-қол ақшаны бақылау шоттарындағы қаражат қалдықтарын, мемлекеттiк мекемелер шоттарын және басқа да шоттарды қамтиды.
      Қолма-қол ақшаны бақылау шоты түскен түсiмдер мен бюджеттің тиісті деңгейiнен төленген төлемдер бойынша операцияларды есепке алуға арналған.
      Мемлекеттiк мекеме шоттары Қазақстан Республикасының виза актiлерiнде рұқсат етiлген бюджеттiк шығыстар мен өзге де қаражатты есепке алуға арналған.
      3. Шетел валютасымен түсетiн түсiмдер бойынша операцияларды жүзеге асыру және олардың есебiн жүргiзу үшiн бюджеттi атқару жөнiндегi орталық уәкiлеттi орган Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкiнде шетел валютасының түрлерi бойынша банкiлiк шот ашады.
      4. Осы Кодексте көзделген жағдайларды қоспағанда, бюджет қаражатын банк шоттарына орналастыруға жол берiлмейдi.

      89-бап. Мемлекеттік мекемелердi қаржыландыру

      1. Мемлекеттік органдарды қоспағанда, мемлекеттік мекемелер республикалық немесе жергiлiктi бюджет қаражаты есебiнен және осы Кодексте көзделген жағдайларда өзге де қаражат есебiнен қаржыландырылады.
      2. Жергілiктi бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелердi республикалық бюджеттен қаржыландыруға жол берiлмейдi.
      Республикалық бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттiк мекемелердi жергiлiктi бюджеттен қаржыландыруға жол берiлмейдi.
      Мемлекеттiк мекемелердi екi және одан көп жергiлiктi бюджеттен қаржыландыруға жол берiлмейдi.
      3. Бiр мемлекеттiк мекеменi қаржыландырудың жеке жоспары есебінен басқа мемлекеттiк мекеменiң қаржыландыруына жол берiлмейдi.
      4. Мемлекеттiк органдар қатаң түрде тиiстi бюджет қаражаты есебiнен қаржыландырылады.
      5. Осы Кодекстiң мемлекеттiк мекемелерге қатысты ережелерi Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкiне қолданылмайды.

      90-бап. Мемлекеттiк мекемелердiң шоттары

      1. Мемлекеттiк мекемелердiң мынадай шоттары болуы мүмкiн:
      бюджеттiк шоты - бюджет қаражаты есебiнен жүзеге асырылатын  операцияларды есепке алу үшiн ашылатын шот;
      тауарларды (жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi) есепке алуға арналған шот - тауарларды (жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi) өткiзуден алынатын, мемлекеттiк мекемелер иелiгiнде қалатын ақша түсiмдерi мен шығыстарын есепке алу үшiн ашылатын шот;
      спонсорлық және қайырымдылық көмек шоты - заң актiлерiне сәйкес заңды және жеке тұлғалардан қайырымдылық және демеушiлiк көмек ретiнде алынатын, ұлттық және шетел валютасымен де түсетiн ақша түсiмi мен шығысын есепке алу үшiн ашылатын шот;
      депозиттiк шот - мемлекеттiк мекеменiң уақытша иелiгіне түсетiн және белгiлi бiр жағдайлар болып қалған кезде, заң актiлерiне сәйкес өзге мақсаттарға жұмсау құқығынсыз, салушыларға қайтарылуға немесе бюджетке немесе үшінші тұлғаларға аударылуға жататын ақшаны есепке алу үшін ашылатын шот;
      бюджеттiк инвестициялық жобаның немесе бағдарламаның арнайы шоты - үкiметтiк сыртқы қарыз немесе гранттың аванстық төлемдерi арқылы қайталанатын, қарыз немесе грант туралы халықаралық шартта ескерiлген шетел валютасымен ашылған шот. Арнайы шотты бюджет бағдарламасы әкiмшiсi үкіметтiк сыртқы қарыз грант есебiнен қарыз немесе грант туралы халықаралық шартқа сәйкес тауарлар (жұмыстар, көрсетiлетiн қызметтер) сатып алуға және бюджеттiк инвестициялық жобаға немесе бағдарламаға әкiмшiлiк етуге шығарылған шығыстардың үлесiн толтыру үшiн ашады;
      бюджеттiк инвестициялық жобаның немесе бағдарламаның арнайы шотына ұлттық валютасымен төлемдер жасау үшiн ашылған шот;
      қолма қол ақша алуға арналған шот - қолма қол ақша алу үшiн  Қазақстан Республикасының екiншi деңгейдегi банктерiнде ашылатын шот;
      бюджеттiк инвестициялық жобаның жаңартылған шоты - үкiметтiк сыртқы қарыздар есебiнен берiлген кредит бойынша негiзгi борышты өтеу шотына қарызшылар қайтаратын ақшаны есептеу мен пайдалану үшiн бюджеттік инвестициялық жобаны iске асыру кезеңiнде бюджеттi атқару жөнiндегi орталық атқарушы органға ашылатын шот;
      шетел валютасымен операциялар жүргiзуге арналған шетел валютасындағы шот;
      нысаналы қаржыландыру шоты - ерекше шығыстар жасауға ақшаны есептеу мен жұмсау үшiн республикалық бюджеттiң есебiнен ұсталатын мемлекеттiк мекемеге ашылатын шот.
      2. Мемлекеттiк мекемелердiң шоттары тек бюджеттi атқару жөнiндегi орталық уәкiлеттi органда ғана ашылады. Осы Кодексте көзделген жағдайларда, Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шарттармен белгiленген банк заңнамасына сәйкес шоттарды екiншi деңгейдегi банктерде ашуға болады.

      91-бап. Бюджет қаражатының қалдықтары

      1. Бюджет қаражатының қалдықтары - есептi кезеңнiң аяғындағы жағдай бойынша пайдаланылмай қалған бюджет қаражаты.
      2. Уақытша бос бюджет ақшасы - белгiлi бiр уақыт кезеңi iшiнде icкe қосылмаған, бiрыңғай қазынашылық шотта жатқан бюджет қаражаты.
      3. Уақытша бос бюджет ақшасын бюджеттi атқару жөнiндегi орталық уәкiлетті орган Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiндегi салымдарға (депозиттерге) орналастыра алады. Уақытша бос бюджет ақшасын салымдарға (депозиттерге) орналастыру тәртiбiн Қазақстан Республикасының Yкiметi белгiлейдi.
      4. Бюджет қаражатының бос қалдықтары - өткен қаржы жылынан кейiнгi қаңтардың 1-iндегi жағдай бойынша өткен қаржы жылы бюджетiнiң атқарылу қорытындылары бойынша пайдаланылмай қалған бюджет қаражаты.
      5. Жергiлiктi бюджеттердiң бюджет қаражатының бос қалдықтары жоғары тұрған бюджетке алып қоюға жатпайды.
      6. Бюджет қаражатының бос қалдықтарын ағымдағы жылдың шығыстары бойынша жоспарлық тағайындалымдарды ұлғайтуға мынадай дәйектiлiкпен жұмсауға болады:
      1) өткен жылғы бюджетте бекiтiлген бюджеттiк инвестициялық жобаның қаржыландырылуын аяқтауға, ағымдағы жылдың бюджетiн Қазақстан Республикасының Парламентiнде немесе мәслихатта нақтыламай, Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң немесе жергiлiктi атқарушы органның қаулысы негiзiнде бекiтiлген жылдық көлемiнiң 10 процентiнен аспайтын сомаға. Мұндай шығыстар ағымдағы жылдың шығыстары болып табылады;
      2) ағымдағы жылдың бюджетiн Қазақстан Республикасының Парламентiнде немесе мәслихатта нақтыламай, Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң немесе жергілікті атқарушы органның қаулысы негiзiнде алынған қарыздар бойынша негiзгi борышты өтеуге;
      3) ағымдағы жылдың бюджетін Қазақстан Республикасының Парламентінде немесе мәслихатта нақтылау арқылы мемлекеттiк мекемелердiң кредиторлық берешегiн өтеуге;
      4) ағымдағы жылдың бюджетiн Қазақстан Республикасының Парламентiнде немесе мәслихатта нақтылау арқылы ағымдағы бюджеттiк бағдарламалардың қаржыландырылуын қамтамасыз етуге;
      5) ағымдағы жылдың бюджетiн Қазақстан Республикасының Парламентiнде немесе мәслихатта нақтылау арқылы басқа да шығыстарға.
      7. Бюджет қаражаты қалдықтарының қозғалысы - бюджет қаражатының бос қалдықтары мен есептiк кезеңнiң аяғына шаққандағы бюджет қаражаты арасындағы айырма.

      17-тарау. Бюджеттiң атқарылу негiзi

      92-бап. Бюджеттiң атқарылу негізi болып табылатын құжаттар

      Мыналар:
      1) осы Кодекс;
      2) республикалық бюджет туралы заң және тиiстi қаржы жылына арналған жергiлiктi бюджеттер туралы мәслихаттардың шешiмдерi;
      3) тиiстi қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңды немесе жергiлiктi бюджет туралы мәслихат шешiмiн iске асыру жөнiнде Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң немесе жергiлiктi атқарушы органдарының қаулылары;
      4) республикалық немесе жергiлiктi бюджеттердiң атқарылуы барысында Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң немесе жергіліктi атқарушы органның ағымдағы жылы қабылдайтын шешiмдерi;
      5) бюджеттiк бағдарламалардың паспорттары;
      6) жылдық қаржыландыру жоспары;
      7) түсiмдер мен қаржыландырудың жиынтық жоспары;
      8) осы Кодекске сәйкес бюджеттің атқарылу тәртiбiн белгiлейтiн нормативтiк құқықтық актiлер бюджеттiң атқарылу негiзi болып табылады.

      93-бап. Тиiстi қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңды және жергiлiктi бюджет туралы мәслихаттар шешiмдерiн iске асыру жөнінде Қазақстан Республикасы Үкiметi мен жергiлiктi атқарушы органдарының қаулылары

      1. Тиiстi қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңды iске асыру туралы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қаулысы жоспарланған жылдың алдындағы жылғы 20 желтоқсанға дейiн қабылданады.
      Тиiстi қаржы жылына арналған жергiлiктi бюджет туралы мәслихаттың шешiмiн iске асыру туралы жергiлiктi атқарушы органның қаулысы мәслихат жергiлiктi бюджеттi бекiткеннен кейiн екi апталық мерзiмде қабылданады.
      2. Тиiстi қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңды iске асыру жөнiнде - Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң және жергілiктi бюджет туралы мәслихат шешiмiн iске асыру жөнiнде жергiлiктi атқарушы органның қаулысы қаржы жылы басталғанға дейiн қабылданып, бюджеттік бағдарламалар әкiмшiлерiне, бюджеттiң атқарылуы жөнiндегi уәкiлеттi органға республикалық немесе жергiлiктi бюджеттiң уақтылы атқарылуын қамтамасыз ету жөнiндегi тапсырмаларды көздейдi.
      Қаулыға мыналар қоса тiркеледi:
      осы Кодексте белгiленген құрылым бойынша бекiтiлген республикалық немесе жергiлiктi бюджет. Бұл ретте түсiмдер - ерекшелiктер деңгейiне дейiн, ал бюджеттiк бағдарламалар кiшi бағдарламаларға бөлiнiп ұсынылады. "Бюджет тапшылығын қаржыландыру (профициттi пайдалану)" бөлiмi ашық түрде келтіріледі;
      республикалық бюджет туралы заңды немесе жергіліктi бюджет туралы мәслихаттың шешiмiн iске асыруға қажеттi басқа да деректер немесе көрсеткiштер, оларды белгiлеу Қазақстан Республикасы Үкiметiне немесе жергiлiктi атқарушы органға жүктелген.
      3. Тиiстi қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңды iске асыру жөнiнде - Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң және жергілiктi бюджет туралы мәслихаттар шешiмiн iске асыру жөнiнде жергiлiктi атқарушы органдардың қаулысын әзiрлеудi заңдарда белгiленген тәртiппен бюджеттiк жоспарлау жөнiндегi орталық және жергiлiктi уәкiлеттi органдар жүзеге асырады.

      94-бап. Бюджеттік бағдарламалар паспорттары

      1. Тиiстi қаржы жылына республикалық бюджеттiк бағдарламалар паспорттарын Қазақстан Республикасының Үкiметi жоспарланатын жылдың алдындағы жылғы 20 желтоқсаннан кешiктiрмей бекiтедi.
      Тиiстi қаржы жылына жергiлiктi бюджеттiк бағдарламалардың паспорттарын жергiлiктi атқарушы органдар жергiлiктi бюджеттi мәслихат бекіткеннен кейiн екi апталық мерзiмде бекiтедi.
      2. Республикалық және жергiлiктi бюджеттiк бағдарламалар паспорттары бюджеттiк өтiнiм құрамында ұсынылып отырған және бюджеттi бекiткен (нақтылаған, түзетулер енгiзген) кезде қабылданған шешiмдердi ескерiп, бюджет комиссиясы мақұлдаған бюджеттiк бағдарлама паспорты негiзiнде жасалады.
      3. Бюджеттiк бағдарлама паспорттарына өзгерiстер мынадай жағдайларда енгiзiледi:
      бюджеттi нақтылау;
      тиiстi қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңды немесе жергiлiктi бюджет туралы мәслихат шешiмiн iске асыру жөнiнде Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң немесе жергiлiктi атқарушы органдарының қаулыларына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу.
      4. Бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiлерiнiң паспорттары мемлекеттiк құпиялар туралы заңнама нормалары сақталына отырып, белгіленген тәртiппен заңдық электрондық бұқаралық ақпарат құралдарында мiндеттi түрде жариялануға тиiс.

      95-бап. Жылдық қаржыландыру жоспары

      1. Жылдық қаржыландыру жоспары - жылдық түсiмдер көлемiмен теңгерiмделген, бюджет шығыстарының экономикалық сыныптамасы бойынша бюджеттiк бағдарламалардың (кiшi бағдарламалардың) жылдық қаржыландыру көлемдерiн белгiлейтiн құжат.
      2. Жылдық қаржыландыру жоспарын бюджеттiк жоспарлау жөнiндегi уәкiлеттi орган әзiрлеп және бекiтiп, бюджеттi атқару жөнiндегі уәкiлеттi органға бередi, сондай-ақ бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiлерiне жiберiледi.
      3. Жылдық қаржыландыру жоспарын әзiрлеу тәртiбiн Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлейдi.

      18-тарау. Бюджеттiң атқарылу процесi

      96-бап. Бюджеттiң түсiмдер бойынша атқарылуы

      1. Бюджеттiң түсiмдер бойынша атқарылуы бюджеттi атқару жөнiндегi уәкiлеттi органның заңдарға сәйкес бюджетке түсетiн түсiмдердiң толық және уақтылы есепке алынуын, оларды тиiстi қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда немесе мәслихаттың жергiлiктi бюджет туралы шешiмiнде белгіленгеннен төмен емес мөлшерде қамтамасыз ету жөнiнде iс-шаралар кешенiн жүргiзу болып табылады.
      2. Бюджеттің түсiмдер бойынша атқарылуы мыналарды:
      түсiмдердi бiрыңғай қазынашылық шотқа төлеу және есепке алуды;
      осы Кодекске сәйкес түсiмдердi бюджеттер деңгейлерi арасында бөлудi;
      Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бюджеттен түсiмдер сомасын қайтаруды нe оларды салық берешегiн өтеу есебiне есепке алуды қамтиды.

      97-бап. Түсімдердi бiрыңғай қазынашылық шотқа төлеу және есепке алу

      1. Бюджетке түсетiн түсiмдер ақшалай нысанда жүзеге асырылады және бiрыңғай бюджеттiк сыныптамаға сәйкес толық көлемде бiрыңғай қазынашылық шотқа есепке алынады.
      2. Бюджетке шетел валютасымен түсетiн түсiмдер Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiмен келiсiм бойынша бюджеттi атқару жөніндегі орталық уәкiлеттi орган белгілейтін тәртіппен есепке алынады.

      98-бап. Түсiмдердi бюджеттер деңгейлерi арасында бөлу

      Түсiмдердi бюджеттер деңгейлерi арасында бөлудi осы Кодекске сәйкес әрбiр жұмыс күнi бюджеттi атқару жөнiндегi орталық уәкiлеттi орган жүзеге асырады.

      99-бап. Бюджеттен түсiмдер сомасын қайтару

      Тиiстi бюджеттен түсiмдер сомасын қайтару не оларды салық берешегiн өтеу есебiне есепке алу заң актiлерiне сәйкес жүзеге асырылады.

      100-бап. Бюджеттiң шығыстар бойынша атқарылуы

      1. Бюджеттiң шығыстар бойынша атқарылуы бюджеттi атқару жөнiндегi уәкiлеттi органның, бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiлерiнiң бюджеттiк бағдарламаларды толық және уақтылы, тиiстi қаржы жылына арналған не бюджетпен түзетiлген республикалық бюджет туралы заңда және жергілiктi бюджет туралы мәслихат шешiмiнде бекiтiлгеннен аспайтын сома шегiнде орындауға бағытталған iс-шараларды жүзеге асыруы болып табылады.
      2. Мыналар:
      мiндеттемелер мен төлемдер бойынша бюджеттiк бағдарламаларды (кiшi бағдарламаларды) қаржыландыру жоспарларын жасау және бекiту;
      түсiмдер мен қаржыландырудың жиынтық жоспарын жасау және бекiту;
      мемлекеттiк мекемелердiң мiндеттемелер қабылдауына рұқсаттар бepу;
      мемлекеттiк мекемелердiң азаматтық-құқықтық мәмiлелерiн тiркеу;
      төлемдер мен аударымдарды жүзеге асыру;
      бюджет қаражатын игеру бюджет шығыстарының негізгi атқарылу кезеңдерi болып табылады.
      3. Бюджет қаражаты есебiнен тауарлар (жұмыстар, көрсетiлетiн қызметтер) сатып алу мемлекеттiк сатып алу туралы заңнамаға сәйкес жүзеге асырылады.

      101-бап. Бюджеттiк бағдарламаларды (кiшi бағдарламаларды) қаржыландыру жоспарлары

      1. Мiндеттемелер мен төлемдер бойынша бюджеттiк бағдарламаларды (кiшi бағдарламаларды) қаржыландыру жоспарлары мемлекеттiк мекемелердiң мiндеттемелер қабылдауының жеке бюджет шығыстарының экономикалық жiктемесi бойынша оларды атқару үшiн төлемдер төлеудi жүзеге асыруының ай сайынғы кестесiн айқындайтын құжаттар (бұдан әрi - бюджеттiк бағдарламаларды (кiшi бағдарламаларды) қаржыландыру жоспарлары).
      2. Бюджеттiк бағдарламаларды (кiшi бағдарламаларды) қаржыландыру жоспарларын бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiлерi Қазақстан Республикасының Yкiметi белгiлейтiн тәртiппен әзiрлейдi.
      3. Бюджеттік бағдарламаларды (кiшi бағдарламаларды) қаржыландыру жоспарлары Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң немесе жергiлiктi атқарушы органның республикалық бюджет туралы заңды немесе тиiстi қаржы жылына арналған жергiлiктi бюджет туралы мәслихаттың шешiмiн iске асыру туралы қаулыға, жылдық қаржыландыру жоспарына, бюджеттiк бағдapламалар әкiмшiсiнiң бюджеттiк өтiнiмiне, бюджеттiк бағдарлама паспортына, бiрыңғай бюджеттiк сыныптамаға сәйкес әзiрленедi.
      4. Бюджеттiк бағдарламаны (кiшi бағдарламаны) қаржыландыру жоспарлары түсiмдер мен қаржыландырудың тиiстi жиынтық жоспарларын қалыптастыру үшiн пайдаланылады.
      5. Бюджеттi атқару жөнiндегi уәкiлеттi орган бюджеттiк бағдарламалар (кiшi бағдарламалар) бойынша төлемдер төлеудi жүзеге асырудың ай сайынғы кестесiне түсiмдердiң болжалды көлемдерiн ескере отырып, бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiлерiнiң келiсiмiмен өзгерiстер енгiзуге құқылы.
      6. Бюджеттiк бағдарламаны қаржыландыру жоспарларын түсiмдер мен қаржыландырудың жиынтық жоспары бекiтілгеннен кейiн бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiсi бекiтедi.
      7. Бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiлерi мемлекеттiк мекемелердi қаржыландырудың жеке жоспарларын әзiрлеу мен бекiтудi қамтамасыз етедi.
      Мемлекеттiк мекемелердi қаржыландырудың жеке жоспарлары бюджеттiң атқарылуы жөнiндегi орталық уәкiлеттi органға табыс етiледi.
      8. Бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiлерi бюджеттiк бағдарламаны (кiшi бағдарламаны) қаржыландыру жоспарына бюджет шығыстарының экономикалық сыныптамасы бойынша, тиiстi қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңды немесе жергiлiктi бюджет туралы мәслихат шешiмiн iске асыру жөнiндегі Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң немесе жергiлiктi атқарушы органдарының қаулысымен бекiтiлген жылдық сома шегiнде, өз бетiнше өзгерiстер енгiзуге құқылы.
      Бұл ретте мынадай талаптар сақталуға тиiс:
      бюджеттiк бағдарлама паспортына сәйкес келу;
      мемлекеттiк мекемелердiң қабылданған мiндеттемелерi орындалуын қамтамасыз ету;
      мемлекеттiк мекемелердiң кредиторлық берешегiнiң пайда болуына жол бермеу.

      102-бап. Түсімдер және қаржыландырудың жиынтық жоспары

      1. Түсiмдер мен қаржыландырудың жиынтық жоспары - бюджет түсiмдерiнiң және бюджеттік бағдарламалар (кiшi бағдарламалар) шығыстарын қаржыландырудың сыныптамасы бойынша бюджетке түсетiн түсiмдердiң ай сайынғы теңгерiмделген жоспарын айқындайтын құжат.
      2. Жиынтық қаржыландыру жоспарындағы түсiмдер және бюджеттiк бағдарламалар (кiшi бағдарламалар) бойынша жылдық сомалар бастапқы бекiтiлуi кезiнде жылдық қаржыландыру жоспарына сәйкес келуi тиiс.
      3. Түсiмдер және қаржыландырудың жиынтық жоспары Қазақстан Республикасының заң актiлерiне сәйкес бюджетке белгiленген төлемдер төлеу мерзiмiн, бюджетке алдыңғы жылдары түскен түсiмдер динамикасын, мемлекеттiк бағалы қағаздардың табыстылығын талдау динамикасын, бағалы қағаздар рыногындағы сұраныс пен ұсыныс деңгейiн, қарыздар мен гранттар туралы жасасылған келiсiмдер мен шарттардың талаптарын және бюджеттік бағдарламалар әкiмшiлерi әзiрлеген бюджеттiк бағдарламаларды (кiшi бағдарламаларды) қаржыландыру жоспарларын негiзге ала отырып жасалады.
      4. Мiндеттемелер бойынша бюджеттiк бағдарламаларды (кiшi бағдарламаларды) қаржыландыру жоспарларының негiзiнде мiндеттемелер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспары жасалады.
      5. Түсiмдер мен қаржыландырудың жиынтық жоспарын, мiндеттемелер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарын бюджеттi атқару жөнiндегi орталық және жергiлiктi уәкiлеттi орган Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлейтiн тәртiппен жасап, бекiтедi.
      6. Жылдық сомаларды қоса алғанда, түсiмдер мен қаржыландырудың жиынтық жоспарына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзудi Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлеген тәртiппен бюджеттi атқару жөнiндегi уәкiлеттi орган жүзеге асырады.
      7. Бюджеттiң атқарылуы жөнiндегi жергiлiктi уәкiлеттi орган түсiмдер мен қаржыландырудың жиынтық жоспарын, мiндеттемелер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарын бюджеттiң атқарылуы жөнiндегi орталық уәкілеттi органға табыс етедi.

      103-бап. Рұқсаттар беру

      1. Рұқсат - бюджет қаражатының көлемiн айқындайтын құжат, соның шектерiнде мемлекеттік мекемелер мiндеттемелер қабылдайды.
      2. Бюджеттiң атқарылуы жөнiндегi уәкiлеттi органдар бюджеттiк бағдарламалардың әкiмшiлерiне, бюджеттiк бағдарламалардың әкiмшiсi - ведомстволық бағыныстағы мемлекеттiк мекемелерге рұқсаттар бередi.
      3. Рұқсаттар ағымдағы қаржы жылының 31 қаңтарына дейiн жарамды.
      4. Рұқсаттар беру нысаны мен тәртiбiн бюджеттiң атқарылуы жөнiндегi орталық уәкiлеттi орган белгiлейдi.

      104-бап. Мемлекеттiк мекемелердiң мiндеттемелерi

      1. Мемлекеттiк мекемелер тиiстi қаржы жылына арналған қаржыландыру жоспарларында бекiтiлген сомалар шегiнде ғана мiндеттемелер қабылдайды.
      2. Мемлекеттiк мекемелердiң азаматтық-құқықтық мәмiлелерi оларды бюджеттi атқару жөнiндегi орталық уәкiлеттi органда  мiндеттi тiркеуден өткiзгеннен кейiн күшiне енедi.
      3. Бюджет қаражаты Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң немесе жергiлiктi уәкiлеттi органның резервiнен бөлiнген жағдайларды қоспағанда, ағымдағы қаржы жылғы 15 желтоқсаннан кейiн мемлекеттік мекемелермен азаматтық-құқықтық мәмiлелер жасасуға жол берiлмейдi.
      4. Мемлекеттiк мекемелердiң азаматтық-құқықтық мәмiлелерiн мемлекеттiк тiркеудi жүзеге асыру тәртiбiн Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлейдi.

      105-бап. Төлемдерді және аударымдарды жүзеге асыру

      1. Алдын ала ақы төлеу нысанындағы төлемдердi қоспағанда, мемлекеттiк мекемелердiң мiндеттемелерi бойынша төлемдер растайтын құжаттар негiзiнде жүзеге асырылады. Бюджеттен төленетiн төлем сомасы мемлекеттік мекемелер мiндеттемелерiнiң сомасынан аспауы керек.
      2. Растайтын құжаттар - тiркелген азаматтық-құқықтық мәмiленiң талаптарына немесе заң актiне сәйкес келетiн тауарлар жеткiзiлген, жұмыстар орындалған немесе қызметтер көрсетiлген фактiн дәлелдейтiн құжаттар.
      3. Төлемдердi жүзеге асыру төлеуге берiлетiн шоттар мен төлем құжаттарын қамтиды.
      Төлеуге берiлетiн шот - мемлекеттiк мекемелердiң мiндеттемелерiн орындағанын растайтын құжат, соның негiзiнде бюджеттi атқару жөнiндегi орталық уәкiлеттi орган төлемдердi жүзеге асырады.
      Бюджеттiк төлемдер тиiстi бюджеттің бақылау шотында бар бюджет қаражатының қалдығы шегiнде жүзеге асырылады.
      Төлем құжаттарын ресiмдеу, ұсыну және пайдалану тәртiбi Қазақстан Республикасының төлемдер және ақша аударымдары туралы заңдарымен белгiленедi.
      4. Бюджеттi атқару жөнiндегi орталық уәкiлеттi орган төлемдер жүргiзген кезде ағымдағы бақылауды жүзеге асырады, ол төлеуге берілген шоттар мен төлем құжаттарының мыналарға:
      бюджеттiк бағдарламалар паспорттарына;
      бюджеттiк бағдарламалар (кiшi бағдарламалар) жоспарларына, жеке қаржыландыру жоспарларына сәйкестiгiн тексеруден тұрады.
      5. Төлемдер мен аударымдарды жүзеге асырған кезде бюджет қаражатының тиiстi сомасы бюджеттi атқару жөнiндегi орталық уәкiлеттi органның нұсқауы негiзiнде есептен шығарылып жоспарларына бюджеттiк шотынан қабылданған мiндеттемелермен белгіленетiн бюджет қаражатын алушының шотына есептеледi.
      6. Мемлекеттік мекеменiң келiсiмiнсiз оның шотынан ақшаны алып қою Қазақстан Республикасының төлемдер және ақша аударымдары туралы заңнамасы белгiлеген тәртiппен жүргiзiледi.
      7. Мемлекеттiк мекемелер осы Кодекстiң және бюджеттiң атқарылу тәртiбiн белгiлейтiн басқа да нормативтiк құқықтық актiлердiң талаптарын бұзған жағдайда бюджеттi атқару жөнiндегi орталық уәкiлетті орган олардың төлемдерiн тоқтата тұруға құқылы.
      8. Төлемдердi және ақша аударымдарын жүзеге асыру тәсiлдерi Қазақстан Республикасының төлемдер және ақша аударымдары туралы заңнамасымен немесе Қазақстан Республикасы бекіткен халықаралық шарттармен белгiленедi.
      9. Сыртқы экономикалық қызметке байланысты төлемдер Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен валюта айырбастаудың нарықтық бағамы бойынша жүзеге асырылады.
      10. Бюджеттi атқару жөнiндегi орталық өкiлеттi органның төлемдерді жүзеге асыру тәртiбiн Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлейдi.

      106-бап. Бюджет қаражатын басқару

      1. Бюджет ақшасын басқаруды бюджеттi атқару жөнiндегі орталық және жергiлiктi уәкiлетті орган жүзеге асырады.
      2. Бюджет ақшасын басқару - бюджет түсiмдерiнiң мерзiмдерiмен өзара байланыстыра отырып, төлемдердiң уақтылығын қамтамасыз ету жөнiндегi iс-шаралар кешенi.
      3. Төлемдердiң уақтылығы мен толықтығын қамтамасыз ету үшiн бюджеттi атқару жөнiндегi уәкiлеттi орган алдағы кезеңде бюджетке түсетiн ақша түсiмдерiнiң болжалды көлемдерiн белгілейдi.
      4. Бюджетке түсетiн ақша түсiмдерiнiң болжалды көлемi тиiстi кезеңде жеткiлiксiз болған жағдайда бюджеттi атқару жөнiндегi орталық немесе жергiлiктi уәкiлеттi орган төлемдер жүргізу үшiн қарыз алу жолымен ақша тарту процесiн ұйымдастырады.
      5. Бюджет ақшасын басқару Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлейтiн тәртiппен жүзеге асырылады.

      107-бап. Бюджет қаражатын игеру

      1. Бюджет қаражатын игеру - бюджет қаражатын алушылардың оны бюджеттiк бағдарлама паспортында, мемлекеттiк мекемелер жасасқан және нормативтiк құқықтық актiлермен бекiтiлген азаматтық-құқықтық мәмілелерде көзделген мақсаттарға пайдалану; бұл ретте бюджеттiк бағдарламаларды iске асыру осы мақсаттарға сәйкес жүргізiледi.
      2. Мемлекеттiк мекеменiң өткен жылдардағы дебиторлық берешегi тиiсті бюджет кiрiсiне қайтарылуға тиiс.
      3. Бюджеттiк және экономикалық жоспарлау жөнiндегi уәкiлеттi органдар осы Кодексте көзделген есептер негiзiнде Қазақстан Республикасы Үкiметiне немесе жергiлiктi атқарушы органға бюджетті нақтылау (түзету) туралы ұсыныстар беруге құқылы.

      108-бап. Бюджет қаражатын игеру мониторингi

      1. Бюджет қаражатын игеру мониторингiн бюджеттi атқару жөнiндегi орталық және жергiлiктi органдар қаржыландыру жоспарларының жылдық сомасының ай сайын бөлiнуiн, қаржыландыру жоспарларына бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiлерi енгiзген өзгерiстердiң негiздiлiгiн талдау мен бағалау, қаржыландыру жоспарларының орындалмау себептерiн анықтау, бюджеттiк бағдарламалардың атқарылуы туралы есеп жасау арқылы жүзеге асырады.
      2. Бюджеттiк бағдарламаларды iске асыру барысында бюджеттi атқару жөнiндегi орталық және жергiлiктi органдар:
      Қазақстан Республикасының Үкiметi мен әкiмдiктерге - толық игерiлмеу себептерi көрсетiле отырып және республикалық бюджеттiң атқарылуы туралы есеп негiзiнде бюджеттiк бағдарламаларды iске асыру жөнiндегi ұсыныстармен ағымдағы бюджеттiк бағдарламалар мен бюджеттiк даму бағдарламалары бойынша бюджет қаражатының толық игерiлмеуi туралы;
      республикалық және жергiлiктi бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiлерiне бюджет қаражатын игеру қаржыландыру жоспарларынан кешеуiлдеп жүрiп жатқан бюджеттік бағдарламалар бойынша;
      тиiстi бюджет комиссияларына ағымдағы, сондай-ақ алдағы жоспарланып отырған қаржы жылдарындағы жекелеген бюджеттiк бағдарламалар (кiшi бағдарламалар) бойынша жылдың жоспарлы нысаналарды қайта қарау қажеттiгi туралы ақпарат жiбередi.

      109-бап. Мемлекеттiк мекемелердiң иелiгiнде қалатын тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетiн қызметтердi) өткiзуден түсетiн ақша бойынша орындау

      1. Мемлекеттiк мекемелердiң иелiгiнде қалатын тауарларды (жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi) өткiзуден түсетiн ақша есебiнен операцияларды жүзеге асыру үшiн мемлекеттiк мекеме Қазақстан Республикасының Yкiметi белгiлейтiн тәртiппен тауарларды (жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi) өткiзуден түсетiн ақша түсiмдерi мен шығыстарының түрлерi бойынша жыл сайын жоспар жасайды.
      2. Мемлекеттiк мекеменiң иелігiнде қалатын тауарларды (жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi) өткiзуден түсетiн ақша түсiмдерi мен шығыстарының жоспарын бюджеттi атқару жөнiндегi уәкiлеттi органның келiсiмiмен бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiсi бекiтедi.
      3. Мемлекеттiк мекемелердiң иелiгiнде қалатын тауарларды (жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi) өткiзуден түсетiн ақша түсiмдерi мен шығыстарының бекiтiлген жоспарының қолданылуы ағымдағы қаржы жылғы 31 желтоқсанда тоқтатылады.
      4. Бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiсi тиiстi бюджеттiк бағдарлама (кiшi бағдарлама) бойынша мемлекеттiк мекемелердiң иелiгінде қалатын тауарларды (жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi) өткiзуден түсетiн ақша түсiмдерi мен шығыстарының жоспарын мемлекеттiк мекемелер табыс еткен олардың иелiгiнде қалатын тауарларды (жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi) өткiзуден түсетiн ақша түсiмдерi мен шығыстарының жоспары негiзiнде жасайды.
      5. Мемлекеттiк мекемелердiң иелігiнде қалатын тауарларды (жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi) өткiзуден түсетiн ақша есебiнен тауарлар (жұмыстар, көрсетiлетiн қызметтер) сатып алу мемлекеттiк сатып алу туралы заңнамаға сәйкес жүзеге асырылады.
      6. Мемлекеттiк мекемелердiң иелігiнде қалатын тауарларды (жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi) өткiзуден түсетiн ақша есебiнен азаматтық-құқықтық мәмiлелердi тiркеу осы Кодекстiң 104-бабына сәйкес жүзеге асырылады.
      7. Қаржы жылы iшiнде мемлекеттiк мекемелердiң иелігiнде қалатын тауарларды (жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi) өткiзуден түсетін ақша түсiмдерi мен шығыстарының жоспарында көзделген сомалардан артық түскен кiрiстер ақша түсiмдерi мен шығыстарының жоспарын нақтылау кезiнде ағымдағы қаржы жылы жұмсалуы мүмкiн.
      8. Мемлекеттiк мекемелердiң иелiгiнде қалатын тауарларды (жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi) өткiзуден түсетiн ақша есебiнен жүргiзiлетiн төлемдер мемлекеттiк мекеменiң тауарларды (жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi) өткiзуден түсетiн ақшаны есепке алу үшiн ашқан шотындағы нақты ақша көлемi шегiнде жүзеге асырылады.

      110-бап. Қаржы жылының аяқталуы

      1. Ағымдағы қаржы жылының бюджет түсiмдерiн есепке алуға және бюджет төлемдерiн жүзеге асыруға байланысты операциялардың барлығы ағымдағы қаржы жылғы 31 желтоқсанда аяқталады.
      2. Бюджетке 31 желтоқсаннан кейiн есепке алынған түсiмдер жаңа қаржы жылының түсiмдерi болып есептеледi.
      3. Осы Кодексте көзделген жағдайларды қоспағанда, ағымдағы жылғы 31 желтоқсанға дейiн қоса алғандағы жоспарлық тағайындалымдар қалдықтарының күшi жойылады.

      19-тарау. Бюджеттердi нақтылау және түзету процесiнiң негiзгі ережелерi

      111-бап. Бюджеттi нақтылау

      Бюджеттi нақтылау - тиiстi қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңға немесе жергiлiктi бюджет туралы мәслихаттың шешiмiне өзгерiстер мен толықтырулар енгізу арқылы бюджет көрсеткiштерiн өзгертулер.
      Мынадай жағдайларда:
      1) бюджет түсiмдерiн қысқартуды немесе шығыстарын ұлғайтуды көздейтiн заң актiлерiн қабылдаған немесе өзгерткен жағдайда;
      2) бюджеттiң атқарылу барысында бюджет түсiмдерi олардың жылдық көлемiнен 10 проценттен артық сомаға төмендеген жағдайда бюджеттi нақтылау мiндетті түрде жүргiзiледi.
      3. Осы Кодексте көзделген жағдайларды қоспағанда, тиiстi қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда немесе жергілiктi бюджет туралы мәслихаттың шешiмiнде бекiтiлгеннен артық бюджеттен қосымша шығыстарды жүзегe асыруға бюджеттi нақтылау кезiнде ғана жол беріледі.
      4. Республикалық немесе жергiлiктi бюджеттi нақтылауға бiрiнші жарты жылдықтың қорытындылары бойынша бюджеттiң кiрiстерi жөнiндегi жылдық жоспар кем дегенде 30 процентке орындалған және қаржы жылының үш тоқсанының қорытындылары бойынша 80 проценттен асып түскен жағдайда жол берiледi.
      5. Республикалық немесе жергiлiктi бюджеттi нақтылау осы Кодексте көзделген басқа да жағдайларда жүзеге асырылуы мүмкiн.

      112-бап. Бюджеттi нақтылау қағидаттары

      Бюджеттi нақтылау кезiнде мынадай қағидаттар сақталады:
      1) уақтылық қағидаты - бюджетке нақтылауды бюджеттiк бағдарламаларды тиiмдi iске асыруға мүмкiндiк беретін мерзiмдерде жүргiзу;
      2) негіздiлiк қағидаты - енгiзiлiп отырған өзгерiстер мен толықтырулардың қажеттiгiн нормативтiк құқықтық актiлермен, тиiстi есептермен және басқа да құжаттармен дәлелдеу;
      3) тепе-теңдiктi сақтау қағидаты - депутаттардың республикалық бюджет туралы заңға немесе тиiстi қаржы жылына арналған жергiлiктi бюджет туралы мәслихат шешiмiне өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы заң жобасын немесе мәслихат шешiмiн ескере отырып, республикалық бюджет туралы заңда немесе тиiстi қаржы жылына арналған жергiлiктi бюджет туралы мәслихаттың шешiмiмен белгiленгендегiден аспайтын бюджет тапшылығының көлемiн сақтау үшiн түсiмдердiң қосымша көздерiн не қысқартылатын шығыстарды негiздей және белгiлей отырып кез келген өзгерiстер мен толықтырулар енгiзуi.

      113-бап. Секвестр

      1. Секвестр - бюджет қаражатын жұмсауға белгiлi бiр шектерде тыйым салуды көздейтiн арнайы тетiк, ол бюджеттiң атқарылу кезiнде бекiтiлген бюджет түсiмдерi қысқартылып, соның нәтижесiнде бекiтiлген бюджеттiк бағдарламалардың толық көлемде қаржыландырылуы мүмкiн болмайтын жағдайда енгiзiледi.
      2. Тиiстi қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда немесе жергiлiктi бюджет туралы мәслихаттың шешiмiнде секвестрлеуге жатпайтын республикалық және жергiлiктi бюджеттiк бағдарламалардың тiзбесi белгiленедi.
      3. Бюджеттік бағдарламаларды олардың бекiтiлген жылдық көлемiнiң 10 процентiнен кем сомаға секвестрлеу Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң немесе жергiлiктi атқарушы органның шешiмiмен, ал 10 проценттен артық сомаға - заң немесе мәслихаттың шешiмi негiзiнде жүзеге асырылуы мүмкiн.
      4. Бюджеттiк бағдарламалар қысқартылған жағдайда олардың басымдығы мен әлеуметтiк бағыттылығы ескерiледi.
      5. Тиiстi қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңды немесе жергілiктi бюджет туралы мәслихаттың шешiмiн өзгерту және толықтыру туралы заң жобасы немесе мәслихаттың шешiмi Қазақстан Республикасының Парламентiне немесе мәслихатқа енгiзiлген жағдайда бюджет атқару жөнiндегi орталық немесе жергiлiктi уәкiлеттi орган секвестрлеу белгіленген бюджеттiк бағдарламалар (кiшi бағдарламалар) бойынша төлемдердi жүзеге асыруды тоқтата тұруға құқылы.
      6. Бюджеттi секвестрлеу кезiнде бюджет қаражаты есебiнен жасалған азаматтық-құқықтық мәмiлелер бойынша пайда болған қатынастарды реттеу Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

      20-тарау. Бюджеттерді нақтылау және түзету процесi

      114-бап. Республикалық бюджетті нақтылау

      1. Республикалық бюджеттi нақтылау заң актiлерiне сәйкес Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң ұсыныстары немесе басқа да заң шығару бастамалары негiзiнде жүзеге асырылады.
      2. Республикалық бюджетті нақтылау жөнiндегi ұсыныстарды республикалық бюджет комиссиясы қарайды.
      3. Республикалық бюджеттi нақтылау кезiнде мемлекеттiк органдарға республикалық бюджеттi әзiрлеген кезде қойылатын талаптар сақталады.

      115-бап. Облыстық бюджеттi, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджетiн нақтылау

      1. Облыстық бюджеттi, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджетiн оның атқарылу барысында нақтылау осы Кодекске сәйкес тиiстi жергiлiктi атқарушы органның ұсыныстары негiзiнде жүзеге асырылады.
      2. Облыстық бюджеттi, республикалық маңызы бap қаланың, астананың бюджетiн нақтылау жөнiндегi ұсыныстарды тиiстi бюджет комиссиясы қарайды.
      3. Облыстық бюджеттi, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджетiн нақтылау кезiнде атқарушы органдарға облыстық бюджеттi, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджетiн әзiрлеген кезде қойылатын талаптар сақталады.
      4. Облыстық бюджеттi, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджетiн нақтылау тиiстi қаржы жылына арналған республикалық бюджетті нақтылауға байланысты жүргiзiлген жағдайда, мәслихаттың тиiстi шешiмi Қазақстан Республикасының Президентi тиiстi қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңға өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу жөнiндегi заңға қол қойғаннан кейiн екi апта мерзiмнен кешiктiрiлмей қабылданады.

      116-бап. Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) бюджетiн нақтылау

      1. Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) бюджетiн оның атқарылу барысында нақтылау осы Кодекске сәйкес тиiстi жергiлiктi атқарушы органның ұсыныстары негiзiнде жүзеге асырылады.
      2. Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) бюджетiн нақтылау жөнiндегi ұсыныстарды тиiстi бюджет комиссиясы қарайды.
      3. Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) бюджетiн нақтылау кезiнде атқарушы органдарға ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) бюджетiн әзiрлеген кезде қойылатын талаптap сақталады.
      4. Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) бюджетiн бюджет заңдарына сәйкес облыстық бюджет пен аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) бюджетi арасында бөлiнетiн түсiмдер бойынша нақтылау облыстың бюджеттiк жоспарлау жөнiндегi уәкiлеттi органның келiсiмiмен жүргiзiледi.
      5. Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) бюджетiн нақтылау тиiстi қаржы жылына арналған облыстық бюджеттi нақтылауға байланысты жүргiзiлген жағдайда, мәслихаттың тиiстi шешiмi тиiстi қаржы жылына арналған облыстық бюджет туралы мәслихат шешiмiне өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы шешiмге қол қойылғаннан кейiн екi апта мерзiмнен кешiктiрiлмей қабылданады.

      117-бап. Бюджеттердi түзету

      1. Бюджеттi түзету - тиiстi қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңды немесе жергiлiктi бюджет туралы мәслихат шешiмiн iске асыру жөнiндегi Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң немесе жергіліктi атқарушы органның қаулысына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу арқылы, Қазақстан Республикасының Парламентiнде немесе мәслихатта нақтылау жүргізбей, бюджет көрсеткiштерiн өзгерту.
      2. Мынадай жағдайларда:
      1) орталық мемлекеттік органдар және оларға ведомстволық бағыныстағы мемлекеттiк мекемелер құрылған, таратылған, қайта ұйымдастырылған, олардың функциялары өзгерген;
      бұл орайда аталған жағдайлармен байланысты республикалық бюджеттiң көрсеткiштерi түзетiлуге тиiс болуы мүмкiн;
      2) жоспардан тыс түсiмдер есебiнен үкiметтік борышты өтеу көлемі ұлғайған;
      3) осы Кодексте көзделген жағдайларда республикалық бюджетті түзетуге жол берiледi.
      3. Мынадай жағдайларда:
      1) қаржы жылы iшiнде Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң немесе облыстың жергiлiктi атқарушы органының шешiмiмен жоғары тұрған бюджеттен қаражат бөлiнген;
      2) жоспардан тыс түсiмдер есебiнен жергiлiктi атқарушы органдар борышын өтеу көлемi ұлғайған;
      3) осы Кодексте көзделген жағдайларда жергiлiктi бюджеттердi түзетуге жол берiледi.

      6-бөлiм. Бюджеттік есеп және есептілік

      21-тарау. Бюджеттік есеп туралы жалпы ережелер

      118-бап. Негiзгi ережелер

      Бюджеттiк есеп - бюджеттiк операциялардың үздiксiз құжаттық есебiн жүргiзу арқылы бюджеттiк операциялар туралы ақшалай түрдегi ақпаратты жинаудың, тiркеу мен қорытындылаудың реттелген жүйесi.

      119-бап. Бюджеттiк есеп жүргiзу

      1. Бюджеттiк есеп жүргiзу тәртiбiн бюджеттің атқарылуы жөніндегі орталық уәкілетті орган белгілейді.
      2. Бюджеттік есеп деректері бюджеттің атқарылуы жөнінде есептілік жасаудың негізі болып табылады.

      22-тарау. Есептiлiк туралы жалпы ережелер

      120-бап. Бюджеттiң атқарылуы жөніндегі есептiлiктiң сапалық сипаттамалары

      1. Бюджеттiң атқарылуы жөнiндегi есептiлiк мынадай сапалық сипаттамаларға сәйкес келуге тиiс:
      1) сенiмдiлiк - қателiктер мен сыңаржақтылықтың болмауы;
      2) толықтық - ақпаратты жiберiп алмау;
      3) сәйкестiк - осы Кодекстiң талаптарына және есептiлiктi жасау жөніндегі басқа да нормативтік құқықтық актiлерге сәйкес келу.
      2. Бюджеттiң атқарылуы жөнiндегi есептiлiкте алынған тауарлардың (жұмыстардың, көрсетiлетiн қызметтердiң) бюджетке түсетiн түсiмдер ретiнде көрiнуi ақшалай түрде жүзеге асырылады.

      121-бап. Бюджеттiң атқарылуы жөнiндегi есептiлiк түрлерi

      Бюджеттiң атқарылуы бойынша есептiлiк есептердiң мынадай түрлерiн қамтиды:
      1) мемлекеттiк мекемелердiң есептерi:
      мемлекеттiк мекеменiң балансы;
      қаржыландырудың жоспарларының орындалуы туралы есеп;
      тауарларды (жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi) өткiзуден түскен ақша түсiмдерi мен шығыстары жоспарларының орындалуы туралы есеп;
      демеушiлiк және қайырымдылық көмектен ақша түсуi мен жұмсалуы туралы есеп;
      бюджеттi атқару жөнiндегi орталық уәкiлеттi орган белгiлейтiн басқа да есептер.
      2) бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiлерiнiң есептерi:
      бюджеттiк бағдарламалардың iске асырылуы туралы есеп;
      бюджеттiк бағдарламаларды (кiшi бағдарламаларды) қаржыландыру жоспарының орындалуы туралы есеп;
      тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетiн қызметтердi) өткiзуден түскен ақша түсiмдерi мен шығыстары жоспарларының орындалуы туралы есеп;
      бюджеттi атқару жөнiндегi және бюджеттiк жоспарлау жөнiндегi орталық уәкiлеттi орган белгiлеген басқа да есептер.
      3) бюджеттi атқару жөнiндегi орталық уәкiлеттi органның есептерi:
      (бекiтiлген, нақтыланған, түзетiлген) мемлекеттiк бюджеттiң және облыс бюджетiнiң атқарылуы туралы есеп;
      (бекiтілген, нақтыланған, түзетiлген) республикалық немесе жергiлiктi бюджеттiң атқарылуы туралы есеп;
      бюджеттiк бағдарламалардың iске асырылуы туралы талдамалық есеп;
      түсiмдер мен қаржыландырудың жиынтық жоспарының орындалуы туралы есеп;
      Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң немесе жергiлiктi атқарушы органның талаптары мен мiндеттемелерiнiң жағдайы туралы есеп;
      бюджеттен түсiм сомаларының қайтарылуы не олардың салық берешегін өтеу есебiне есепке алу туралы есеп;
      бюджеттi атқару жөнiндегi және бюджеттiк жоспарлау жөнiндегі орталық уәкiлеттi органдар белгiлеген басқа да есептер.
      4) Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң, жергiлiктi атқарушы органның есептерi:
      республикалық немесе тиiстi жергiлiктi бюджеттiң атқарылуы туралы жылдық есеп;
      Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкiмен бiрлесiп жасайтын Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының қалыптастырылуы және пайдаланылуы туралы есеп.

      122-бап. Есептiлiктiң нысандары, кезеңдiлiгi, оны жасау және табыс ету мерзiмдерi мен тәртiбi

      1. Есептiлiктiң нысандарын, кезеңдiлiгiн, оны жасау және табыс ету мерзiмдерi мен тәртiбiн бюджеттi атқару жөніндегi орталық уәкiлетті орган белгiлейдi.
      Республикалық бюджеттiң атқарылуы туралы есептi жасау және табыс ету тәртiбiн Қазақстан Республикасының Президентi белгiлейдi.
      2. Бюджеттiк және экономикалық жоспарлау жөнiндегi орталық уәкiлеттi органдар оларды жасау мен табыс етудiң есептiлiгi мен тәртiбiн өз құзыретi шегiнде белгiлеуге құқылы.
      3. Орталық және жергiлiктi мемлекеттiк органдар, мемлекеттiк мекемелер есептiлiктi жасау және табыс ету жөнiндегi нормативтiк құқықтық актiлердi басшылыққа алуға мiндеттi.
      4. Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын құру және пайдалану туралы жылдық есеп осы Кодекстiң 129 және 130-баптарына сәйкес жасалып, табыс етiледi.

      23-тарау. Республикалық бюджеттің атқарылуы туралы есеп беру

      123-бап. Республикалық бюджеттiң атқарылуы туралы есептi табыс ету

      1. Бюджеттi атқару жөнiндегi орталық уәкiлеттi орган ай сайын есепті айдан кейiнгi айдың 1-күнгi жағдайы бойынша республикалық бюджеттiң атқарылуы туралы есептi, сондай-ақ осы Кодекстiң 121-бабының 3) тармақшасында көзделген басқа да есептердi Қазақстан Республикасының Yкiметiне, Республикалық бюджеттiң атқарылуын бақылау жөнiндегi есеп комитетiне, бюджеттiк жоспарлау жөнiндегi және мемлекеттiк қаржылық бақылау жөнiндегi орталық уәкiлеттi органдарға табыс етедi.
      2. Бюджеттi атқару жөнiндегi орталық уәкiлеттi орган есептi жылдан кейiнгі жылғы 1 сәуiрден кешiктiрмей өткен қаржы жылы бойынша республикалық бюджеттiң атқарылуы туралы жылдық есепті Қазақстан Республикасының Үкiметiне, бюджеттiк жоспарлау жөнiндегі және мемлекеттік қаржылық бақылау жөнiндегi орталық уәкiлеттi органдарға табыс етедi.
      3. Республикалық бюджеттiң атқарылуы туралы жылдық есеп бекiтiлген, нақтыланған, түзетiлген республикалық бюджетті және республикалық бюджеттің кассалық атқарылуын көрсетедi.
      4. Өткен қаржы жылы бойынша Республикалық бюджеттiң атқарылуы туралы жылдық есепке:
      түсiндiрме жазба;
      республикалық бюджеттік бағдарламалардың iске асырылуы туралы есеп қоса тiркеледi.
      5. Қазақстан Республикасының Үкiметi жыл сайын ағымдағы жылғы 1 мамырдан кешiктiрмей өткен қаржы жылы бойынша республикалық бюджеттiң атқарылуы туралы жылдық есептi Республикалық бюджеттiң атқарылуын бақылау жөнiндегi есеп комитетiне, қосымшаларымен бiрге Қазақстан Республикасының Парламентiне табыс етедi.

      124-бап. Республикалық бюджеттiң атқарылуы туралы жылдық есептi Қазақстан Республикасының Парламентiнде қарау және бекіту

      1. Қазақстан Республикасының Парламенті Республикалық бюджеттiң атқарылуын бақылау жөнiндегi есеп комитетiнiң республикалық бюджеттiң атқарылуы туралы есебiн алғаннан кейiн бiр ай iшiнде ретiмен - әуелi Мәжiлiсте, содан соң Сенатта Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң өткен қаржы жылына арналған республикалық бюджеттiң атқарылуы туралы жылдық есебiн қарайды.
      2. Республикалық бюджеттiң атқарылуы туралы есептi қараған кезде Қазақстан Республикасының Парламентi:
      Қазақстан Республикасының Үкiметiнiң республикалық бюджетті атқару жөнiнде уәкiлеттiк берген тұлғаларының (тұлғасының) баяндамасын;
      Республикалық бюджеттiң атқарылуын бақылау жөнiндегi есеп комитетi төрағасының республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау нәтижелерi туралы баяндамасын;
      Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Палаталары уәкiлеттiк берген тұлғаларының республикалық бюджеттiң атқарылуы туралы есеп бойынша қорытындылайтын баяндамаларын тыңдайды.
      Қазақстан Республикасының Парламентiнде республикалық бюджеттiң атқарылуы туралы есептi қараған кезде республикалық бюджеттiк бағдарламалар әкiмшілерiнiң республикалық бюджеттiк бағдарламалардың iске асырылуы туралы eceптepi тыңдалуы мүмкiн.
      3. Өткен қаржы жылы бойынша республикалық бюджеттiң атқарылуы туралы есеп Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Мәжiлiсi мен Сенатында дәйектiлiкпен қаралғаннан кейiн Қазақстан Республикасының Парламентi Палаталарының бiрлескен отырысында бекiтiледi.
      4. Қазақстан Республикасының Парламентi өткен қаржы жылы бойынша республикалық бюджеттiң атқарылуы туралы жылдық есептi бекiткен кезде Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң, орталық мемлекеттiк органдардың республикалық бюджеттiң атқарылу нәтижелерi бойынша тиiстi шаралар қабылдауы қажеттiгi туралы шешiм шығаруға құқылы.

      24-тарау. Облыстық бюджеттің, республикалық маңызы бар қала, астана бюджетінің атқарылуы туралы есеп беру

      125-бап. Облыстық бюджеттің, республикалық маңызы бар қала, астана бюджетiнiң атқарылуы туралы есептi табыс ету

      1. Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджеттi атқару жөнiндегi жергiлiктi уәкiлеттi органы ай сайын есептi айдан кейiнгi айдың 1-күнгi жағдайы бойынша облыстық бюджеттiң, республикалық маңызы бар қала, астана бюджетiнiң атқарылуы туралы есептi, сондай-ақ осы Кодекстiң 121-бабының 3) тармақшасымен көзделген басқа да есептердi әкiмдiкке, ақпарат түрiнде мәслихаттың тексеру комиссиясына және облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджеттiк жоспарлау жөнiндегi уәкiлеттi органына және iшкi бақылау жөнiндегi орталық уәкiлеттi органға табыс етедi.
      2. Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджетті атқару жөнiндегi жергілiктi уәкiлеттi органы есептi жылдан кейiнгi жылғы 1 сәуірден кешiктiрмей өткен қаржы жылына арналған облыстық бюджеттiң, республикалық маңызы бар қала, астана бюджетiнiң атқарылуы туралы жылдық есептi әкiмдiкке, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджеттiк жоспарлау жөнiндегi уәкiлеттi органына және iшкi бақылау жөнiндегі орталық уәкiлеттi органға табыс етедi.
      3. Жергiлiктi бюджеттiң атқарылуы туралы жылдық есеп бекiтiлген, нақтыланған, түзетiлген жергілiктi бюджетті және жергiлiктi бюджеттiң кассалық атқарылуын көрсетедi.
      4. Өткен қаржы жылы бойынша облыстық бюджеттің, республикалық маңызы бар қала, астана бюджетiнiң атқарылуы туралы жылдық есепке:
      түсiндiрме жазба;
      жергiлiктi бюджеттiк бағдарламалардың iске асырылуы туралы талдамалық есеп қоса тiркеледi.
      5. Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың әкiмшiлiгi жыл сайын есептi жылдан кейiнгi жылғы 1 мамырдан кешiктiрмей өткен қаржы жылына арналған облыстық, бюджеттiң, республикалық маңызы бар қала, астана бюджетiнiң атқарылуы туралы жылдық есептi қосымшаларымен облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың мәслихатына табыс етедi.
      6. Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергiлiктi атқарушы органы ай сайын және жыл қорытындылары бойынша облыс, республикалық маңызы бар қала, астана бюджетiнiң атқарылуы туралы есептi бюджеттің атқарылуы жөнiндегi орталық уәкiлеттi органға табыс етедi.

      126-бап. Облыстық бюджеттiң, республикалық маңызы бар қала, астана бюджетінің атқарылуы туралы жылдық есепті қарау және бекіту

      1. Мәслихат облыстық бюджеттiң, республикалық маңызы бар қала, астана бюджетiнiң атқарылуы туралы мәслихаттың тексеру комиссиясының есебiн алғаннан кейiн бiр ай iшiнде өткен қаржы жылына арналған облыстық бюджеттiң, республикалық маңызы бар қала, астана бюджетiнiң атқарылуы туралы әкiмдiктiң жылдық есебiн мәслихаттың тұрақты комиссияларында қарайды.
      2. Есептi қараған кезде мәслихат:
      облыстық бюджеттiң, республикалық маңызы бар қала, астана бюджетінің атқарылуы туралы әкімдік уәкілеттік берген тұлғалардың (тұлғаның) баяндамасын;
      мәслихаттың тексеру комиссиясы төрағасының облыстық бюджеттiң, республикалық маңызы бар қала, астана бюджетiнің атқарылуын бақылау нәтижелерi туралы баяндамасын;
      мәслихат уәкiлеттiк берген тұлғасының (тұлғаларының) облыстық бюджеттiң, республикалық маңызы бар қала, астана бюджетiнiң атқарылуы туралы есеп бойынша қорытындылайтын баяндамаларын тыңдайды.
      Мәслихатта есептi қараған кезде жергiлiктi бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiлерiнiң жергiлiктi бюджеттiк бағдарламалардың iске асырылуы туралы есептерi тыңдалуы мүмкiн.
      3. Облыстық бюджеттiң, республикалық маңызы бар қала, астана бюджетiнiң атқарылуы туралы есеп мәслихаттың тұрақты комиссияларында қаралғаннан кейiн мәслихаттың сессиясында бекiтiледi.
      4. Мәслихат өткен қаржы жылы iшiнде жергiлiктi бюджеттiң атқарылуы туралы жылдық есептi бекiткен кезде жергiлiктi атқарушы органдардың жергiлiктi бюджеттiң атқарылу нәтижелерi бойынша тиістi шаралар қабылдауы қажеттiгi туралы шешiм шығаруға құқылы.

      25-тарау. Аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджетiнiң атқарылуы туралы есеп беру

      127-бап. Аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджетiнiң атқарылуы туралы есептi табыс ету

      1. Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) бюджеттi атқару жөнiндегi жергілiктi уәкiлеттi органы ай сайын есептi айдан кейiнгi айдың 1-күнгi жағдайы бойынша аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджетiнiң атқарылуы туралы есептi, сондай-ақ осы Кодекстiң 121-бабының 3) тармақшасында көзделген басқа да есептердi әкiмдiкке, сондай-ақ ақпарат түрiнде мәслихаттың тексеру комиссиясына, облыстың бюджеттiң атқарылуы жөнiндегi жергiлiктi уәкiлетті органына, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) бюджеттiк жоспарлау жөнiндегi жергiлiктi уәкiлеттi органына және iшкi бақылау жөнiндегi орталық уәкiлеттi органға табыс етедi.
      2. Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) бюджеттi өткеру жөнiндегi жергiлiктi уәкiлеттi органы есептi жылдан кейiнгi жылғы 1 наурыздан кешіктiрмей өткен қаржы жылына арналған аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджетiнiң атқарылуы туралы жылдық есептi әкiмдiкке, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) бюджеттiк жоспарлау жөнiндегi жергілiктi уәкiлеттi органына және iшкi бақылау жөнiндегі орталық уәкiлеттi органға қосымшалармен бiрге табыс етедi.
      3. Аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджетiнiң атқарылуы туралы жылдық есеп ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) бекiтiлген, нақтыланған, түзетiлген бюджетiн және аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджетiнiң кассалық атқарылуын көрсетедi.
      4. Өткен қаржы жылына арналған аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджетiнiң атқарылуы туралы жылдық есепке:
      түсiндiрме жазба;
      жергiлiктi бюджеттiк бағдарламалардың iске асырылуы туралы талдамалық есеп қоса тiркеледi.
      5. Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) әкiмдiгi жыл сайын есептi жылдан кейiнгi жылғы 1 сәуiрден кешiктiрмей өткен қаржы жылына арналған аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджетiнiң атқарылуы туралы жылдық есептi қосымшаларымен ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) мәслихатына және облыстың бюджеттi атқару жөнiндегi жергiлiктi уәкiлеттi органына табыс етедi.

      128-бап. Аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджетiнiң атқарылуы туралы жылдық есептi қарау және бекiту

      1. Мәслихат аудан (облыстық маңызы бар қала) әкiмдiгiнiң өткен қаржы жылына арналған аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджетiнiң атқарылуы туралы жылдық есебiн мәслихаттың тексеру комиссиясының аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджетiнiң атқарылуы туралы есебiн алғаннан кейiн бiр ай iшiнде мәслихаттың тұрақты комиссияларында қарайды.
      2. Есептi қараған кезде мәслихат:
      аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджетiнiң атқарылуы туралы әкiмшiлiк уәкiлеттiк берген тұлғалардың (тұлғаның) баяндамасын;
      мәслихаттың тексеру комиссиясы төрағасының аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджетiнiң атқарылуын бақылау нәтижелерi туралы баяндамасын;
      мәслихат уәкiлеттiк берген тұлғаның (тұлғалардың) аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджетiнiң атқарылуы туралы есеп бойынша қорытындылайтын баяндамаларын тыңдайды.
      Мәслихатта есептi қараған кезде жергiлiктi бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiлерiнiң жергiлiктi бюджеттiк бағдарламалардың iске асырылуы туралы есептерi тыңдалуы мүмкiн.
      3. Аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджетiнiң атқарылуы туралы eceп мәслихаттың тұрақты комиссияларында қаралғаннан кейiн мәслихаттың сессиясында бекiтiледi.
      4. Мәслихат өткен қаржы жылы бойынша жергiлiктi бюджеттiң атқарылуы туралы жылдық есептi бекiткен кезде ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергiлiктi атқарушы органдарының аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджетiнiң атқарылу нәтижелерi бойынша тиiстi шаралар қолдануы қажеттiгi туралы шешiм шығаруға құқылы.

      26-тарау. Қазақстан Республикасының Ұлттық қорының қалыптастырылуы және пайдаланылуы туралы жылдық есеп

      129-бап. Қазақстан Республикасының Ұлттық қорының қалыптастырылуы және пайдаланылуы туралы жылдық есептi жасау

      1. Қазақстан Республикасының Ұлттық қорының қалыптастырылуы және пайдаланылуы туралы жылдық есептi Қазақстан Республикасы Үкiметi жыл сайын есептi жылдан кейiнгi жылғы 1 сәуiрден кешiктiрмей Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкiмен бiрлесiп жасайды және сыртқы бақылау жүргiзу үшiн Республикалық бюджеттiң атқарылуын бақылау жөнiндегi есеп комитетiне табыс етедi.
      2. Қазақстан Республикасының Ұлттық қорының қалыптастырылуы және пайдаланылуы туралы жылдық есеп мыналарды:
      Қазақстан Республикасының Ұлттық қорының түсiмдерi мен пайдаланылуы туралы eceптi;
      Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын сенiмгерлiкпен басқаруы бойынша қызметi туралы есебiн;
      Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын басқару жөнiндегi өзге де деректердi қамтиды.
      3. Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының қалыптастырылуы және пайдаланылуы туралы жылдық есептiң нысандары мен оны жасау тәртiбiн Үкiмет Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкiмен келiсiм бойынша бекiтедi.

      130-бап. Қазақстан Республикасының Ұлттық қорының қалыптастырылуы және пайдаланылуы туралы жылдық есепті табыс ету және бекiту

      1. Қазақстан Республикасының Үкiметi Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкiмен бiрлесе отырып жыл сайын ағымдағы жылғы 1 сәуiрден кешiктiрмей Қазақстан Республикасының Ұлттық қорының қалыптастырылуы және пайдаланылуы туралы жылдық есептi Қазақстан Республикасының Президентiне бекiтуге табыс етедi.
      2. Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының қалыптастырылуы және пайдаланылуы туралы жылдық есептi Қазақстан Республикасының Президентi бекiткеннен кейiн Қазақстан Республикасының Үкiметi Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының қалыптастырылуы және пайдаланылуы туралы ақпаратты Қазақстан Республикасының Парламентiне табыс етедi.

      7-бөлiм. Мемлекеттiк қаржылық бақылау

      27-тарау. Жалпы ережелер

      131-бап. Мемлекеттiк қаржылық бақылау туралы ұғым

      Мемлекеттiк қаржылық бақылау - бақылау объектiлерінiң республикалық және жергілiктi бюджеттердiң атқарылуы бойынша есеп пен есептiлiктiң орындалуы мен жүргiзiлуiне, олардың атқарылуын бағалауға, Қазақстан Республикасының Ұлттық қорының қалыптастырылуы және пайдаланылуына, мемлекеттiк мекемелердiң билiк етуінде қалатын тауарларды (жұмыстар мен көрсетiлетiн қызметтердi) өткiзуден түсетiн ақшаға, мемлекеттiк гранттарға қатысты қызметінің бюджет заңнамасына сәйкестігін тексеру.

      132-бап. Осы бөлімде пайдаланылатын негізгі ұғымдар

      Осы бөлiмде мынадай ұғымдар пайдаланылады:
      1) сыртқы бақылау - Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң республикалық бюджеттi атқаруына, Қазақстан Республикасының Ұлттық қорының қалыптастырылуы және пайдаланылуына, мемлекеттiк гранттардың тартылуы мен пайдаланылуына - Республикалық бюджеттiң атқарылуын бақылау жөнiндегi есеп комитетi жүзеге асыратын; жергілiктi атқарушы органдардың жергілiктi бюджеттердi атқаруына мәслихаттардың тексеру комиссиялары жүзеге асыратын мемлекеттiк қаржылық бақылау;
      2) iшкі бақылау - iшкi бақылаудың орталық уәкiлеттi органы мен мемлекеттiк органдардың ішкі бақылау қызметтері жүзеге асыратын мемлекеттік қаржылық бақылау;
      3) бюджет қаражатын мақсатсыз пайдалану - бюджет бағдарламасының паспортымен, мемлекеттiк мекемелердiң азаматтық-құқықтық мәмiлелерiмен және бюджет бағдарламасы сәйкес жүзеге асырылатын нормативтiк құқықтық актiлерiмен көзделмеген шараларға бюджет қаражатын пайдалану;
      4) мемлекеттік қаржылық бақылау объектiлерi - республикалық және жергілiктi бюджеттер есебiнен ұсталатын Қазақстан Республикасының Үкiметi мен жергілiктi атқарушы органдар, мемлекеттiк мекемелер мен бюджет қаражатын және мемлекет кепiлдiк берген қарыздарды басқа да алушылар;
      5) iшкi бақылау қызметi - өз құзыретi шегiнде мемлекеттiк органның оның аумақтық бөлiмшелерiнiң, ведомстволық бағыныстағы ұйымдарының республикалық және жергiлiктi бюджеттердiң атқаруына қаржылық есеп бақылауын жүзеге асыратын мемлекеттiк органның бөлiмшесi;
      6) қаржылық есептiлiк - егер Қазақстан Республикасының заң актiлерiнде өзгеше көзделмесе, нысаны мен көлемiн бюджетті атқару жөнiндегi уәкiлетті орган белгiлейтiн мемлекеттiк мекемелердiң қаржылық жағдайы, қызметiнiң нәтижелерi және олардың қаржылық жағдайындағы өзгерiстер туралы ақпарат.

      28-тарау. Мемлекеттiк қаржылық бақылаудың тұрпаттары, түрлерi, қағидаттары мен мемлекеттiк стандарттары

      133-бап. Мемлекеттiк қаржылық бақылаудың тұрпаттары

      1. Мемлекеттiк қаржылық бақылау мынадай тұрпаттарға бөлiнедi:
      1) сәйкестiкке бақылау жасау - сыртқы және iшкi бақылау объектiсi қызметiнiң Қазақстан Республикасы бюджеттiк заңнамасының талаптарына сәйкестiк дәрежесiн бағалау;
      2) қаржылық есептiлiгiн бақылау - бақылау объектiсiнiң қаржылық есептiлiктi жасауының және табыс етуiнiң анықтылығын, негiздiлiгiн және уақтылығын бағалау;
      3) тиiмдiлiктi бақылау - бақылау объектiсiнiң республикалық немесе жергілiктi бюджеттердiң қаражатын пайдаланылуын, мемлекеттiк мекемелердiң тауарларды (жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi) өткiзуден түскен ақшасын, мемлекеттiк гранттарды пайдалануын тексеру және оларды пайдалануының үнемдiлiгiн, нәтижелiлiгін және өнiмдiлiгiн бағалау.

      134-бап. Мемлекеттiк қаржылық бақылаудың түрлерi

      Мемлекеттiк қаржылық бақылау мынадай түрлерде жүзеге асырылады:
      кешенді бақылау - барлық бюджет бағдарламалары, жаппай әдiс бойынша бюджет процесiнде бақылау объектiсi қызметiн тексеру мен бағалау;
      тақырыптық бақылау - бюджеттiк қатынастардың жекелеген бағыттары бойынша бақылау объектiсi қызметiн тексеру мен бағалау;
      үстеме бақылау - ақпарат алу не бақылау объектiсiне қатысты оны орнықтыру қажеттiгiне байланысты үшiншi тұлғалардың бақылауы. Үстеме бақылау негізгі бақылау объектiсiмен өзара қатынастар мәселелерi бойынша және тексерiлiп отырған мәселенiң қатаң шеңберiнде ғана жүргiзiледi.

      135-бап. Қаржылық бақылаудың қағидаттары мен мемлекеттiк стандарттары

      1. Мемлекеттiк қаржылық бақылауды жүргiзу - құпиялық режимiн қамтамасыз етудi ескере отырып, тәуелсiздiк, объективтiк, анықтылық, айқындылық, құзыреттiлiк және жариялылық қағидаттарын мiндеттi түрде сақтап жүзеге асырылады.
      Тәуелсiздiк қағидаты - бақылау органдары мен олардың қызметкерлерiнiң тәуелсiздiгiне және олардың бақылау функцияларын жүзеге асыру кезiнде жүргiзiп жатқан бақылау iс-шарасының тәуелсiздiгiне знян келтіретiн кез келген түрдегi қол сұғушылыққа жол бермеу.
      Объективтiк бақылау қағидаты - бақылауды қолданылып жүрген заңдармен, бақылау стандарттарымен қатаң түрде сәйкес жүргiзу, мүдделер қақтығысына жол бермеу, бақылау нәтижелерi бойынша ашылған және құжаттармен расталған фактiлер негiзiнде ғана шешiмдер қабылдау.
      Бақылау нәтижелерiнiң анықтылық қағидаты - бақылау нәтижелерiн бухгалтерлiк, банкiлiк және бақылау объектiсiнiң өзге де құжаттарымен растау.
      Бақылаудың айқындылық қағидаты - бақылау нәтижелерiн айқын жазу, бақылау органдарының Қазақстан Республикасының Президентiне, өкiлдi органдарға, Қазақстан Республикасының Үкiметiне есеп берушiлiгi.
      Құзыреттілiк қағидаты - бақылау органдары қызметкерлерiнiң бақылауды сапалы жүзеге асыруына қажеттi кәсiби бiлiмдерi мен дағдыларының жиынтығы.
      Жариялылық қағидаты - құпиялылық режимiн, коммерциялық және заңмен қорғалатын өзге де құпияны қамтамасыз етудi ескере отырып, бақылау нәтижелерiн жариялау.
      2. Мемлекеттiк қаржылық бақылауға қойылатын бiрыңғай талаптарды қаржылық бақылаудың мемлекеттік стандарттары белгілейдi.
      3. Қаржылық бақылаудың мемлекеттiк стандарттарын, мемлекеттiк қаржылық бақылау қызметкерлерi этикасының кодексiн iшкi бақылау жөнiндегi орталық уәкiлеттi орган әзiрлеп, Республикалық бюджеттiң атқарылуын бақылау жөнiндегi есеп комитетi бекiтедi.
      4. Бақылаудың мемлекеттiк стандарттары барлық мемлекеттiк қаржылық бақылау органдары мен олардың қызметкерлерiнiң орындауы үшiн мiндетті болып табылады.

      136-бап. Мемлекеттiк органдардың бақылау нәтижелерi бойынша қабылдайтын актiлерi

      Бақылау нәтижелерi бойынша, оны жүзеге асыратын мемлекеттiк органдар, мынадай актiлердi қабылдауға құқылы:
      1) қорытынды - Республикалық бюджеттiң атқарылуын бақылау жөнiндегi есеп комитетiнiң және мәслихаттың тексеру комиссиясының бақылау жүргiзу актiлерi негiзiнде жасалған құжаты;
      2) Республикалық бюджеттiң атқарылуын бақылау жөнiндегі есеп комитетiнiң қаулысы - Республикалық бюджеттiң атқарылуы жөнiндегi есеп комитетi отырысында алқалы негiзде қабылданған және бақылау нәтижелерi бойынша оның барлық актiлерiнiң қолданылуын растайтын құқықтық актi. Республикалық бюджеттiң атқарылуын бақылау жөнiндегi есеп комитетiнiң қаулысын ол арналған барлық мемлекеттiк органдар, ұйымдар мен лауазымды адамдар орындауға мiндеттi.
      Республикалық бюджеттiң атқарылуын бақылау жөнiндегi есеп комитетінiң нормативтiк сипаты бар қаулылары белгiленген заң тәртiбiмен мемлекеттiк тiркелуге тиiс.
      Қаулының қабылдану тәртiбi Республикалық бюджеттiң атқарылуын бақылау жөнiндегi есеп комитетi туралы ережемен реттеледi.
      3) мәслихаттың тексеру комиссиясының қаулысы - Қазақстан Республикасының тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бөлiнiстер аумағындағы барлық мемлекеттiк органдардың, ұйымдардың орындауына мiндеттi, тексеру комиссиясының отырысында қабылданған нормативтiк құқықтық акт;
      4) ұсыныс - Республикалық бюджеттiң атқарылуын бақылау жөнiндегi есеп комитетінің мемлекеттiк органдарға, ұйымдар мен лауазымды адамдарға - жұмыстағы кемшiлiктердi жою туралы, құқық қорғау органдары мен соттарға - Қазақстан Республикасының заң актiлерiнде көзделген жауапкершiлiкке тарту мәселелерi бойынша жiберiлетiн құжаты;
      5) нұсқама - мемлекеттiк қаржылық бақылау жөніндегi орталық уәкiлеттi органның басшысы өз құзыретi шегінде қабылдаған және ұйымдарының лауазымды адамдарына мiндеттi түрде орындауға жiберiлген, бұзушылықтар мен жұмыстағы кемшіліктердi жою туралы белгiленген нысандағы құжат;
      6) бақылау жүргiзу актiсi - мемлекеттiк қаржылық бақылау органдары бақылау нәтижелерi бойынша жасаған құжат;
      7) бақылау жүргiзiлгенi туралы есеп - белгiлi бiр уақыт кезеңi iшiнде жүргiзiлген бақылау жұмысының нәтижелерiн сипаттайтын құжат.

      29-тарау. Сыртқы бақылауды ұйымдастыру негіздері

      137-бап. Мемлекеттік сыртқы бақылау органдары

      Республикалық деңгейде сыртқы бақылауды жүзеге асыратын мемлекеттік орган Республикалық бюджеттiң атқарылуын бақылау жөнiндегi есеп комитетi болып табылады.
      Жергiлiктi деңгейде сыртқы бақылауды жүзеге асыратын мемлекеттiк органдар мәслихаттардың тексеру комиссиялары болып табылады.

      138-бап. Мемлекеттiк сыртқы бақылау органдарының өкiлеттiктерi мен құқықтары

      1. Республикалық бюджеттегi атқарылуын бақылау жөнiндегi есеп комитетi Қазақстан Республикасының Президентiне тiкелей бағынады және есеп бередi.
      Республикалық бюджеттiң атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті туралы ереженi Қазақстан Республикасының Президенті бекiтедi.
      2. Республикалық бюджеттiң атқарылуын бақылау жөнiндегi есеп комитетi:
      1) Қазақстан Республикасының Президентiне Республикалық бюджеттiң атқарылуын бақылау жөнiндегi есеп комитетiнің жұмысы туралы тоқсан сайын ақпарат бередi;
      2) Қазақстан Республикасы Президентiнiң республикалық бюджетiн атқарылуын бақылауды талдауға, қорытындыларына және нәтижелерiне, салық және басқа да мiндеттi төлемдердiң толық және уақтылы түсуiне, бюджет қаражатының мақсатты және тиiмдi пайдаланылуына байланысты мәселелер жөнiндегi тапсырмаларды, сондай-ақ басқа да жекелеген тапсырмаларын орындайды;
      3) Қазақстан Республикасының Парламентiне 1 маусымға дейiнгі мерзiмде республикалық бюджеттiң атқарылуы туралы, өзiнiң мазмұны бойынша Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң республикалық бюджеттiң атқарылуы туралы есебi жөнiнде қорытынды болып табылатын және Қазақстан Республикасының Парламентi бекiткеннен кейiн бұқаралық ақпарат құралдарында жариялануы тиiс есеп бередi;
      4) республикалық бюджеттiң атқарылуын iшкi бақылау жөнiндегi орталық бақылау органы табыс еткен бақылау жүргiзу актiлерiн талдайды және республикалық бюджеттiң атқарылуын iшкi бақылаудың тиiмдiлiгiн арттыру жөнiнде Қазақстан Республикасының Yкiметiне ұсынымдар бередi;
      5) сыртқы бақылау объектiсiнiң лауазымды адамдарының республикалық бюджет қаражатын пайдаланудағы iс-әрекеттерiнде қылмыс белгiлерi, Қазақстан Республикасының заңдарын бұзудың өзге де фактiлерi анықталған жағдайда бақылау материалдарын құқық қорғау органдарына бередi;
      6) мемлекеттiк бюджет саясатын әзiрлеуге және iске асыруға қатысады;
      7) мемлекеттiк органдардың республикалық бюджеттің түсiмдерi мен шығыстарының көлемi, құрылымы және мақсатты тағайындалуы бойынша уақтылы атқарылу мәселелерi бойынша қызметiн бақылауды жүзеге асырады;
      8) республикалық бюджет шығыстарының тиiмдiлiгi мен нәтижелілігін айқындайды;
      9) сыртқы бақылау саласында кадрлардың бiлiктiлiгiн арттыруды және оларды қайта даярлауды ұйымдастырады.
      4. Республикалық бюджеттiң атқарылуын бақылау жөніндегi есеп комитеті:
      1) республикалық бюджет есебiнен қамтылған мемлекеттiк мекемелердiң Қазақстан Республикасының бюджет заңдарының және өзге де нормативтiк құқықтық актiлерінiң талаптарын орындауын; республикалық бюджеттiк бағдарламалардың (кiшi бағдарламалардың) орындалуын және кредиттердiң, сондай-ақ мемлекет кепiлдiк берген қарыздардың мақсатты пайдаланылуын; барлық меншiк нысанындағы мемлекеттiк органдар мен ұйымдардың республикалық бюджет түсiмдерiнiң толықтығы мен уақтылығын қамтамасыз етуге және бюджет қаражатын пайдалануға қатысты қызметiн; республикалық бюджеттен мемлекеттiң мiндеттемелерiн өтеуге арнап бөлiнген қаражатты бақылауды жүзеге асыруға;
      2) республикалық бюджеттiң есебiнен қамтылған мемлекеттік мекемелердiң қаржылық есебiн бақылауды жүзеге асыруға;
      3) республикалық бюджет қаражатының пайдаланылу тиiмдiлiгiн бақылауды жүзеге асыруға;
      4) республикалық бюджеттiк бағдарламалардың (кiшi бағдарламалардың) атқарылу тиiмдiлiгі мен нәтижелiлiгiне баға беруге;
      5) мемлекеттiк және салалық (секторлық) бағдарламалардың iске асырылуының экономикалық тиiмдiлiгiне баға беруге;
      6) бюджеттiк инвестицияларды бақылауды жүзеге асыруға;
      7) республикалық бюджеттiң атқарылуына ықпал ететiн нормативтiк құқықтық актiлердiң қолданылуы бойынша ұсыныстар әзiрлеуге және енгізуге;
      8) Қазақстан Республикасының Үкiметiнен, мемлекеттік органдардан, сондай-ақ республикалық бюджет қаржыландыратын басқа да сыртқы бақылау объектiлерiнен республикалық бюджет қаражатының түсуi мен пайдаланылуының толықтығына қатысты мәселелер бойынша қажетті құжаттар мен ақпарат сұратуға және алуға;
      9) республикалық бюджеттiң атқарылу мәселелерi бойынша сыртқы бақылау объектiлерi лауазымды адамдарының есептерiн тыңдауға;
      10) Қазақстан Республикасының Президентiне Республикалық бюджеттiң атқарылуын бақылау жөнiндегі есеп комитетi анықтаған, сыртқы бақылау объектiлерi лауазымды адамдарының республикалық бюджеттiң атқарылуы туралы нормативтiк құқықтық актiлердiң талаптарын сақтамауы фактiлерi бойынша ақпарат енгiзуге;
      11) өзi белгiлеген мерзiмде мемлекеттiк органдар мен сыртқы бақылау объектiлерiнен республикалық бюджеттiң атқарылуына сыртқы бақылау жүргiзу мәселелерi бойынша қажетті құжаттар, анықтамалар, ауызша және жазбаша түсiнiктемелер алуға;
      12) осы Кодекске және басқа да нормативтiк құқықтық актiлерге сәйкес республикалық бюджет қаражатының мақсатсыз, заңсыз және тиiмсiз пайдаланылуын анықтау, жолын кесу және болдырмау жөнiнде шаралар қолдануға;
      13) құпиялық режимiнiң, коммерциялық және заңмен қорғалатын өзге де құпияның сақталуын ескере отырып, республикалық бюджеттiң атқарылуы, Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының қалыптастырылуы және пайдаланылуы, мемлекеттiк гранттарды тарту және пайдалану мәселелерiне қатысты құжаттармен кедергiсiз танысуға;
      14) республикалық бюджеттiң атқарылуына бақылау жүргiзуге мемлекеттiк органдардың тиiстi мамандарын және қажет болған кезде республикалық бюджеттен осы мақсаттарға бөлiнген қаражат шегiнде олардың көрсеткен қызметтерiне ақы төлей отырып тәуелсiз аудиторлық ұйымдар мамандары мен сарапшыларды тартуға, iшкi бақылау жөнiндегi орталық уәкiлеттi қызметкерлерiн жоспардан тыс тексерулерге тартуға жол берiлмейдi;
      15) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де өкiлеттiктердi жүзеге асыруға құқылы.
      5. Мәслихаттың тексеру комиссиясы:
      1) өзiнiң мазмұны жағынан кейiннен оны бұқаралық ақпарат құралдарында жариялай отырып жергiлiктi бюджеттiң атқарылуы туралы жергiлiктi атқарушы органның есебi бойынша қорытынды болып табылатын жергiлiктi бюджеттiң атқарылуы туралы есептi белгiленген мерзiмде мәслихатқа бередi;
      2) мәслихат пен әкiмдiкке жергiлiктi бюджет қаражатының мақсатсыз және тиiмсiз пайдаланылу фактiлерi, сондай-ақ жергiлiктi бюджеттi пайдалану жұмысында орын алған кемшiлiктер туралы бақылау нәтижелерi бойынша ақпарат бередi;
      3) iшкi бақылау жөнiндегі орталық уәкiлеттi орган табыс еткен жергілiктi бюджеттiң атқарылуына iшкi бақылау жүргiзу актiлерiне талдау жасайды;
      4) iшкi бақылау объектiлерiнiң лауазымды адамдарының жергiлiктi бюджет қаражатын пайдаланудағы iс-әрекеттерiнде қылмыс белгiлерi, Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзудың өзге де фактiлерi анықталған жағдайда бақылау материалдарын құқық қорғау органдарына бередi.
      6. Мәслихаттың тексеру комиссиясы:
      1) жергiлiктi бюджет есебiнен ұсталатын мемлекеттік мекемелердiң бюджет заңнамасын сақтауын, жергiлiктi бюджеттен берiлген қаражатты, оның iшiнде кредиттердi мақсатты пайдалануын; жергiлiктi бюджетке қаражат түсiмiнiң толық және уақтылы болуына және оларды пайдалануға қатысты мәселелер бойынша мемлекеттiк органдар мен меншiктiң барлық нысандарындағы ұйымдардың қызметiн бақылауды жүзеге асыруға;
      2) тиiстi жергiлiктi бюджет есебiнен ұсталатын мемлекеттiк мекемелердiң қаржылық есеп беруiн бақылауды жүзеге асыруға;
      3) жергiлiктi бюджет қаражатын пайдаланудың тиiмдiлiгiн бақылауды жүзеге асыруға;
     4) құпиялық режимiн, заңмен қорғалатын коммерциялық және өзге де құпияны сақтауды ескере отырып, жергiлiктi бюджеттiң атқарылу мәселелерiне қатысты құжаттамамен кедергiсiз танысуға;
      5) жергiлiктi мемлекеттiк органдар мен жергiлiктi бюджеттiң атқарылуына сыртқы бақылау объектiлерiнен бақылау жүргiзуге байланысты мәселелер бойынша қажеттi құжаттарды, анықтамаларды, ауызша және жазбаша түсiнiктердi алуға;
      6) жергілiктi бюджеттiң атқарылуына бақылау жүргiзуге мемлекеттiк органдардың тиiсті мамандарын және қажет болған кезде жергiлiктi бюджеттен бұл мақсаттарға бөлiнген қаражат шегiнде олардың көрсеткен қызметтерiне ақы төлей отырып тәуелсiз аудиторлық ұйымдар мамандары мен сарапшыларды тартуға;
      7) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де өкiлеттiктердi жүзеге асыруға құқылы.

      30-тарау. Iшкi бақылауды ұйымдастырудың негіздері

      139-бап. Iшкi бақылаудың мемлекеттiк органы

      Iшкi бақылау жөнiндегi орталық уәкiлеттi орган, iшкi бақылау қызметтерi iшкi бақылаудың мемлекеттiк органы болып табылады.

      140-бап. Ішкi бақылау жөнiндегi орталық уәкiлеттi органның өкiлеттiктерi

      1. Iшкi бақылау жөнiндегi орталық уәкiлетті орган:
      1) iшкi бақылау қызметтерi жүзеге асыратын бақылаудың тиiмдiлiгiн арттыру жөнiнде ұсыныстар бередi;
      2) республикалық және жергiлiктi бюджеттердi Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мақсатсыз және тиiмсiз пайдаланудың жолын кесу және оған жол бермеу жөнiнде шаралар қолданады;
      3) Республикалық бюджеттiң атқарылуын бақылау жөнiндегi есеп комитетiне, мәслихаттардың тексеру комиссияларына хабардар болуы үшiн бақылаудың тиiстi жоспарларын жiбередi;
      4) бақылау шараларының қорытындылары бойынша қабылданған шешiмдердiң орындалуын бақылауды жүзеге асырады;
      5) республикалық және жергiлiктi бюджеттердiң қаражаттарын пайдалануда бақылау объектiлерi лауазымды адамдарының iс-әрекеттерiнде қылмыстық белгiлер, Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзудың өзге де фактiлерi анықталған жағдайда бақылау материалдарын құқық қорғау органдарына бередi;
      6) iшкi бақылау саласында кадрлардың бiлiктiлiгiн арттыруды және оларды қайта даярлауды ұйымдастырады.
      2. Iшкi бақылау жөнiндегi орталық уәкiлеттi орган:
      1) бюджет заңдарын iшкi бақылау объектiлерi сақтауын, республикалық және жергiлiктi бюджеттерден берiлген бюджет қаражатының, сондай-ақ мемлекет кепiлдiк берген қарыздардың мақсатты пайдаланылуын бақылауды жүзеге асыруға;
      2) республикалық және жергiлiктi бюджеттердiң есебiнен ұсталатын мемлекеттік мекемелердiң қаржылық есеп беруін бақылауды жүзеге асыруға;
      3) республикалық және жергiлiктi бюджеттер қаражатын пайдаланудың тиiмдiлiгiн бақылауды жүзеге асыруға;
      4) мемлекеттік мекемелердiң өздерiнiң иелiгiндегі тауарларды, жұмыстар мен қызметтердi сатуынан түскен ақшаны қалыптастыруын және пайдалануын бақылауды жүзеге асыруға;
      5) өздерi белгiлеген мерзiмде бақылау объектілерiнен бақылау жүргiзуге байланысты қажеттi құжаттарды, анықтамаларды, ауызша және жазбаша түсiнiктердi сұратып алуға және алуға;
      6) iшкi бақылау объектiлерiнiң лауазымды адамдарын республикалық және жергiлiктi бюджеттердiң атқарылуын бұзудың анықталған фактiлерi бойынша тыңдауға;
      7) төтенше мемлекеттік бюджеттiң атқарылуын бақылауды бақылауға қатысуға;
      8) мемлекеттiк органдардың iшкi бақылау қызметтерiнен жоспарлар, есептер мен өзге де қажеттi ақпаратты алуға;
      9) бақылау жүргізуге мемлекеттiк органдардың мамандарын, және қажет болған кезде республикалық бюджетте осы мақсаттар үшiн көзделген қаражат шегiнде олардың көрсеткен қызметтерiне ақы төлей отырып тәуелсiз аудиторлық ұйымдардың мамандары мен сараптамашыларды тартуға;
      10) республикалық және жергілiктi бюджеттердiң атқарылуы туралы мәселелерге жататын құпиялық режимiн, коммерциялық және өзге де заңмен қорғалатын құпияны сақтауды ескере отырып, құжаттамамен кедергiсiз танысуға:
      11) нормативтiк құқықтық базаны және бақылау жүргiзу әдiстемесiн жүргiзу мәселелері бойынша іс-шараларды әзiрлеуге;
      12) Қазақстан Республикасының заң актiлерiне сәйкес өзге де өкілеттiктердi жүзеге асыруға құқылы.

      141-бап. Iшкi бақылау қызметi

      1. Мемлекеттік органның iшкi бақылау қызметi Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес құрылады.
      2. Мемлекеттiк органның iшкi бақылау қызметi мемлекеттiк органның басшысына есеп берудi және мемлекеттiк органның басқа құрылымдық бөлiмшелерiнен қызметтiк, функционалдық жағынан тәуелсіз.
      3. Мемлекеттiк органның iшкi бақылау қызметi:
      1) бақылау жоспарын жасайды;
      2) мемлекеттік органның басшысына iшкi бақылау жүргiзу жоспарының орындалуы жөнiнде есеп бередi.
      4. Iшкi бақылау қызметi бар мемлекеттiк орган өзi белгілеген нысандар мен мерзiмдерде iшкi бақылау жөнiндегi орталық уәкiлеттi органға iшкi бақылау жүргiзу жоспарларының орындалуы және олардың нәтижелерi туралы есеп береді.
      Iшкi бақылау жүргізу жоспарлары туралы есептер мен ақпарат беру туралы талаптар ол туралы ақпарат мемлекеттiк құпияларға жататын шығыстарды бақылаумен байланысты жағдайларға қолданылмайды.
      5. Мемлекеттiк органның iшкi бақылау қызметi:
      1) мемлекеттiк органда және оның аумақтық бөлiмшелерi мен ведомстволық бағыныстағы ұйымдарда қаржылық есептiлiктiң iшкi бақылауын жүргiзуге;
      2) iшкi бақылау жөнінде орталық уәкілетті органның консультацияларын алуға құқылы.

      31-тарау. Мемлекеттiк қаржы бақылауының объектілері мен органдарының өзара iс-қимылы

      142-бап. Мемлекеттiк қаржы бақылауы объектiсi басшысының мiндеттерi мен құқықтары

      1. Бақылау объектiсiнiң басшысы:
      1) мемлекеттік бақылау органының қызметкерлерiн жұмыс орындарымен қамтамасыз етедi;
      2) мемлекеттiк бақылау органының қызметкерлерiн бақылау жұмысын жүзеге асыру үшiн қажеттi барлық сұратып алынатын ақпаратпен қамтамасыз етедi және оның растығы, объективтiлiгi мен толықтығы үшiн жеке жауаптылықта болады;
      3) мемлекеттiк бақылау органы қызметкерлерiнiң iс-әрекеттерiне араласпайды, адасушылыққа салмайды, бақылау жүргiзуге кедергi келтiрмейдi және бақылау ауқымын шектемейдi;
      4) кемшiлiктердi жою жөнiнде қабылданған шаралар туралы уақтылы есеп берiп отырады;
      5) жүргiзiлген бақылау нәтижелерiмен бiрге актiнi танысуға берген күннен бастап үш күндiк мерзiм iшiнде белгiленген тәртiппен бақылау актiсiне қол қояды.
      2. Бақылау объектiсiнiң басшысы:
      1) бақылаудың мақсатын, уақытын және ұзақтығын, оның нәтижелерiн, шешiмдерi мен ұсынымдарын бiлуге;
      2) тиiсiнше Республикалық бюджеттiң атқарылуын бақылау жөнiндегi есеп комитетiнiң, мәслихаттың тексеру комиссиясының тапсырмасын, iшкi бақылау жөнiндегi орталық уәкiлеттi органның бұйрығын табыс етпеген мемлекеттiк бақылау органының қызметкерлерiн бақылауға жiбермеуге;
      3) бақылау нәтижелерiмен келiспеген жағдайда бақылауды жүзеге асыратын мемлекеттiк органның бақылау aктiciнe қарсылық бiлдiруге;
      4) бақылауды жүзеге асыратын мемлекеттiк органның iс-әрекетiне Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен шағым беруге құқылы.

      143-бап. Мемлекеттiк қаржы бақылауы саласындағы мемлекеттік органдардың өзара iс-қимылы

      1. Iшкi бақылау жөнiндегi орталық уәкiлеттi орган бақылаудың тиiстi жоспарларын хабардар ету үшiн Республикалық бюджеттiң атқарылуын бақылау жөнiндегi есеп комитетiне, мәслихаттардың тексеру комиссияларына жiбередi.
      2. Мемлекеттiк қаржы бақылауы органдары келiсiм бойынша бiрлескен бақылау қызметiн жүзеге асыруы мүмкiн.
      3. Iшкi бақылау жөнiндегi орталық уәкiлеттi орган бюджет қаражаттың пайдалануда құқық бұзушылықтар фактiлерi бойынша тексеру iсi туралы қылмыстық тергеу органдарының қаулылары негiзiнде жоспардан тыс бақылау жүргiзедi.
      4. Мемлекеттік қаржы бақылауы органдары бюджет қаражатының мақсатсыз пайдаланылуы фактiлерiн не өзге де заңнама бұзушылықтарды анықтаған жағдайда мұндай фактiлер жөнiндегi материалдарды заң бұзушылықтарға кiнәлi адамдарды заң актiлерiнде белгiленген жауапкершiлiкке тарту туралы мәселенi шешу үшiн прокуратура органдарына жiберуге тиiс.

      144-бап. Мүдделер қақтығысы

      1. Мүдделер қақтығысы - мемлекеттiк сыртқы және iшкi бақылау органдарының және олардың қызметкерлерiнiң объективтiлiгi мен тәуелсiздiгiн шектеуге қабiлеттi кез келген қызмет немесе қатынастар.
      2. Мемлекеттiк сыртқы және iшкi бақылау органдарының:
      1) жақын туыстар, жекжаттар, бақылау объектiсi басшысының, құрылтайшысының немесе қатысушысының сенiмдi адамы немесе қорғаншысы болып табылатын қызметкерлерiне;
      2) онда жеке мүлiктiк мүдделерi бар бақылау объектiсiнiң қызметкерлерi, қатысушылары, лауазымды адамдары iшiнен;
      3) бақылау объектiсiнде жұмыс iстейтiн не тексерiлетiн кезеңде бақылау объектiсi басшысының, құрылтайшысының немесе қатысушысының жақын туыстары, жекжаттары, сенiмдi адамы немесе қорғаншысы болып табылатын адамдарға бақылау жүргiзуге тыйым салынады.
      3. Мүдделер қақтығысы туындаған кезде мемлекеттiк сыртқы және iшкi бақылау органы қызметкерi бақылауды тағайындаған басшыға бұл туралы хабарлауға тиiстi. Әйтпеген жағдайда мүдделер қақтығысы ахуалының туындағаны үшiн толық жауапкершiлiк мемлекеттiк сыртқы және iшкi бақылау органының қызметкерiне жүктеледi.

      145-бап. Қаржылық бақылауды жүзеге асыратын мемлекеттiк органдардың лауазымды адамдарына қызметтiк мiндеттерiн орындауына кедергi келтiргенi, анықталған бұзушылықтарды жою туралы актiлердi орындамағаны үшiн жауаптылық

      Өздерiнiң құзыреттерiне сәйкес қаржылық бақылауды жүзеге асыратын мемлекеттiк органдардың лауазымды адамдарына олардың қызметтiк мiндеттерiн орындауына бақылау жүргiзу үшiн жiберуге бас тартуды, қажетті құжаттарды, материалдарды, қызмет туралы ақпаратты және өзге де мәлiметтердi беруден бас тартуды, расталмаған ақпаратты берудi бақылауды жүзеге асыруға өзге де кедергі келтiрулердi жасауды бiлдiру, сондай-ақ анықталған бұзушылықтарды жою туралы актiлердi орындамау немесе тиiсiнше орындамау Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерiнде жауапкершiлiкке әкеп соғады.

      146-бап. Келiспеушiлiктердi шешу

      Мемлекеттiк қаржылық бақылау органдары лауазымды адамдарының, сондай-ақ бақылау объектiлерiнiң iс-әрекеттерiне Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен шағым берiлуi мүмкiн.

      8-бөлiм. Бюджеттiк инвестициялар

      32-тарау. Бюджеттiк инвестициялар туралы жалпы ережелер

      147-бап. Бюджеттiк инвестицияларды сыныптау

      1. Бюджеттiк инвестициялар бюджеттiк инвестициялық жобалар мен инвестициялық бағдарламаларды iске асыру жолымен, сондай-ақ заңды тұлғалардың қаржылық капиталын қалыптастыру мен ұлғайтуға қатысу жолымен жүзеге асырылады.
      2. Шешiлетiн мiндеттердiң маңыздылық деңгейiне қарай бюджеттiк инвестициялық жобалар (бағдарламалар) республикалық және жергiлiктi бюджеттiк инвестициялық жобалар (бағдарламалар) болып бөлiнедi.
      3. Республикалық және жергiлiктi бюджеттiк инвестициялық жобалар мен бағдарламалардың өлшемдерi:
      1) меншiк нысаны бойынша өлшем - бюджеттiк инвестициялық жобаларды (бағдарламаларды) iске асыруға байланысты нәтижеге меншiк құқығы (республикалық немесе коммуналдық) туындауына қарай республикалық немесе жергiлiктi бюджеттік инвестициялық жобаны (бағдарламаны) айқындайтын көрсеткiш;
      2) алушылар бойынша тиiмдiлiк критерийi - егер бюджеттiк инвестициялық жобаларды (бағдарламаларды) iске асырудан алынатын төзiмдiлiктiң негiзгi үлесiнiң алушылары екi немесе одан да көп облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың субъектілерi болып табылса, республикалық - егер бюджеттiк инвестициялық жобаларды (бағдарламаларды) iске асырудан алынатын тиiмдiлiктiң негізгі үлесiнiң алушылары бiр облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың субъектiлерi болып табылса, жергiлiктi бюджеттiк инвестициялық жобаны (бағдарламаны) айқындайтын көрсеткiш.
      4. Инвестициялық жобаны (бағдарламаны) республикалық ретiнде айқындау үшiн оны осы баптың 3-тармағында аталған өлшемдердiң бiрiнiң қанағаттандырылуы жеткiлiкті.
      5. Жергiлiктi инвестициялық жобаларды (бағдарламаларды) облыстық (республикалық маңызы бар қала, астана) және облыстық маңызы бар аудандық (қалалық) деп сыныптау осы баптың 3-тармағында көрсетiлген қағидат бойынша және өлшемдер негiзiнде жүзеге асырылады.
      6. Республикалық инвестициялық жобаларды орталық мемлекеттiк органдар iске асырады және республикалық қаражат есебiнен қаржыландырылады.
      7. Жергiлiктi инвестициялық жобаларды жергiлiктi атқарушы органдар iске асырады және жергiлiктi қаражат есебiнен қаржыландырылады.
      8. Жергілiктi бюджеттiк инвестициялық басым жобалардың (бағдарламалардың) келiсiлген тiзбесiн экономикалық жоспарлау жөнiндегі орталық және жергiлiктi уәкiлеттi органдар Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлеген тәртiппен аймақтардың әлеуметтiк-экономикалық дамуының орта мерзiмдiк жоспарларын келiсу шеңберiнде жүзеге асырады.

      33-тарау. Бюджеттiк инвестицияларды жоспарлау және жүзеге асыру

      148-бап. Бюджеттік инвестицияларды жоспарлау және жүзеге асыру қағидаттары

      1. Бюджеттiк инвестициялар мынадай қағидаттарға сәйкес жоспарланады және жүзеге асырылады:
      1) Қазақстан Республикасының әлеуметтiк-экономикалық дамуын жоспарлау жүйесiндегi барлық бағдарламалық және жоспарлау құжаттарының тұрақтылығы мен өзара толықтырып тұрушылығы;
      2) мемлекеттiк органдар мен лауазымды адамдардың дәйектiлiгi және қабылданған мемлекеттiк инвестициялық саясатқа шешiмдерiнiң сәйкестiгi.
      2. Бюджеттiк инвестицияларды бюджеттiк инвестициялық жобалар мен инвестициялық бағдарламаларды iске асыру арқылы жоспарлау мен жүзеге асырудың тәртiбi осы Кодекстің 149-152-баптарымен айқындалады.
      Бюджеттік инвестициялық жобаларды (бағдарламаларды) жоспарлау үш кезеңде жүзеге асырылады:
      инвестициялық ұсыныстарды қалыптастыру және iрiктеп алу;
      бюджеттiк инвестициялық жобаларды әзiрлеу және iрiктеп алу;
      3) бюджеттiк инвестициялық басым жобалардың (бағдарламалардың) тiзбесiн қалыптастыру және бекiту.
      3. Бюджеттiк инвестицияларды заңды тұлғалардың жарғылық капиталын қалыптастыруға және ұлғайтуға қатысу арқылы жоспарлау мен жүзеге асырудың тәртiбi осы Кодекстiң 153-бабымен айқындалады.

      149-бап. Инвестициялық ұсыныстарды қалыптастыру және iрiктеп алу

      1. Инвестициялық жобаларды қалыптастыру бюджеттiк инвестициялық жобаның (бағдарламаның) мақсаттарына қол жеткiзу үшiн оңтайлы стратегия мен мiндеттердi анықтау мақсатында, сондай-ақ жоспарланатын бюджеттiк инвестициялық жобаның (бағдарламаның) құрылымын және алдын ала құнын анықтау үшін жүзеге асырылады.
      2. Инвестициялық ұсыныстарды қалыптастыруды бюджеттiк бағдарламалардың әкiмшiлерi орта мерзiмдiк мемлекеттiк, салалық (секторлық) және өңiрлiк бағдарламаларды әзiрлеу сатысында жүзеге асырады.
      3. Инвестициялық ұсыныстарға баға берудi экономикалық жоспарлау жөнiндегi уәкiлеттi орган орта мерзiмдiк мемлекеттік, салалық (секторлық) және өңiрлiк бағдарламаларды Қазақстан Республикасының Yкiметi белгiлеген тәртiппен келiсу сатысында жүзеге асырады.
      4. Инвестициялық жобаларды iрiктеу инвестициялық ұсыныстарды бағалау бойынша экономикалық жоспарлау жөнiндегі уәкiлеттi органның оң қорытындысы негiзінде жүзеге асырылады.
      5. Ірiктеп алынған инвестициялық ұсыныстар жоспарланған кезеңнiң екінші немесе үшiншi жылын iске асырудың басталуымен бiрге жоспарланған бюджеттiк инвестициялық жобалар (бағдарламалар) ретiнде бюджеттiк инвестициялық басым жобалар (бағдарламалар) тiзбесiне енгiзiледi.

      150-бап. Бюджеттiк инвестициялық жобаларды әзiрлеу және iрiктеу

      1. Бюджеттiк инвестициялық жобаны (бағдарламаны) әзiрлеу бюджеттiк бағдарлама әкiмшiсiнiң бюджеттiк инвестициялық жобаны (бағдарламаны) техникалық-экономикалық негiздеудi әзiрлеудi ұйымдастыруын және оның сараптамасын жүргiзудi көздейдi.
      2. Жобаны (бағдарламаны) техникалық-экономикалық негiздеу шығындар мен тиiмдiлiктердi бiлiктi техникалық-экономикалық талдау негiзiнде жүргiзiлетiн бюджеттiк инвестициялық жобаны (бағдарламаны) жүзеге асыру мен тиiмдiлiгiн зерделеу нәтижелерi бар жоба алдындағы құжат болып табылады. Бюджеттiк инвестициялық жобаларды (бағдарламаларды) техникалық-экономикалық негiздеуге қойылатын талаптарды Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлейдi.
      3. Бюджеттiк инвестициялық жобаны (бағдарламаны) техникалық-экономикалық негiздеудi әзiрлеу оны бюджеттiк инвестициялық ұсыныс кезеңiнде инвестициялық басым жобалардың тiзбесiне енгiзген жағдайда жүзеге асырылады.
      4. Бюджеттiк инвестициялық жобаның (бағдарламаның) белгiленген техникалық-экономикалық параметрлерiн растау үшiн инвестициялық жобаны (бағдарламаны) техникалық-экономикалық негiздеуге Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген экономикалық және басқа да сараптамалар жатады.
      5. Бюджеттiк инвестициялық жобаның (бағдарламаның) экономикалық сараптамасы заңдарға сәйкес талап етiлетiн басқа сараптамалар қорытындылары негiзiнде жүргiзiледi және бюджеттік инвестициялық жобаны (бағдарламаны) оны техникалық-экономикалық негiздеудi әзiрлеу шеңберiнде жүргiзiлген экономикалық талдауды кешендi бағалаудың мiндеттi нысаны болып табылады.
      6. Республикалық бюджеттiк инвестициялық жобалардың (бағдарламалардың) экономикалық сараптамасын Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес экономикалық жоспарлау жөнiндегi орталық уәкiлеттi орган белгiлеген заңды тұлға жүзеге асырады.
      Жергілiктi бюджеттiк инвестициялық жобалардың (бағдарламалардың) экономикалық сараптамасын Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тиiстi жергiлiктi атқарушы органдар белгiлеген заңды тұлғалар жүзеге асырады.
      7. Қажет болған жағдайда экономикалық сараптаманы жүргiзуге уәкiлеттi заңды тұлғалар жүргізiлген сараптамалармен қамтылмаған немесе толық қамтылмаған мәселелер бойынша қосымша сараптаманы, сондай-ақ тәуелсiз сараптаманы жүргiзудi талап етуге құқылы.
      8. Республикалық немесе жергiлiктi бюджеттер есебiнен бюджеттiк инвестициялық жобаларды (бағдарламаларды) техникалық-экономикалық негiздеудi әзiрлеудi және сараптамалар жүргiзудi қаржыландыруды экономикалық жоспарлау жөнiндегi орталық немесе жергiлiктi уәкiлеттi органдар тиiсiнше бюджеттiк бағдарламалар шеңберiнде орталықтандыра жүзеге асырады.
      9. Экономикалық сараптамалар нәтижелерi бойынша жобаны (бағдарламаны) техникалық-экономикалық негiздеудi бюджеттiк бағдарламаның әкiмшiсi экономикалық жоспарлау жөнiндегi уәкiлеттi органның келiсiмi бойынша бекiтедi.
      10. Бюджеттік инвестициялық жобаларды (бағдарламаларды) iрiктеу экономикалық жоспарлау жөнiндегi уәкiлеттi органның оң қорытындысы негізiнде жүзеге асырылады.
      11. Iрiктелген бюджеттік инвестициялық жобалар (бағдарламалар) жоспарланатын кезеңнiң, бiрiншi немесе екiншi жылының басталуымен бiрге бюджеттiк инвестициялық басым жобалардың (бағдарламалардың) тiзбесiне енгiзiледi.

      151-бап. Бюджеттiк инвестициялық басым жобалардың (бағдарламалардың) тiзбесiн қалыптастыру және бекiту

      1. Республикалық бюджеттiк инвестициялық басым жобалардың (бағдарламалардың) тiзбесiн және жергiлiктi бюджеттiк инвестициялық басым жобалардың (бағдарламалардың) тiзбесiн экономикалық жоспарлау жөнiндегі орталық және уәкiлеттi органдар әлеуметтiк-экономикалық дамудың орта мерзiмдiк жоспары құрамында үш жылдық кезеңге жыл сайын бекiтедi және тиiсiнше бюджеттiк даму бағдарламаларын қаржыландырудың тiзбесi мен көлемiн айқындау бөлiгiнде республикалық және жергiлiктi бюджеттердi әзiрлеу үшiн негiз болып қызмет етедi.
      2. Бюджеттiк инвестициялық басым жобаларды (бағдарламаларды) қалыптастыру қолданыстағы және әзiрленген мемлекеттiк, салалық (секторлық) және аймақтық бағдарламалардың негiзiнде жүзеге асырылады, бұл орайда бюджеттiк инвестициялық басым жобалардың (бағдарламалардың) тiзбесiне енгiзу үшiн ұсынылған инвестициялық жобалар жоспарланатын кезеңнiң iске асырылуының басталуымен бiрге мынадай талаптарға сай келуге тиiс:
      1) бюджеттік инвестициялық жобалардың (бағдарламалардың) мемлекеттiк инвестициялық саясатқа сәйкес келуi;
      2) бюджеттік инвестициялық жобаның (бағдарламаның) белгiленген тәртiппен бекiтiлген техникалық-экономикалық негiздемесiнiң болуы.
      3. Бюджеттiк инвестициялық жобаларды (бағдарламаларды) бюджеттiк инвестициялық басым жобалардың (бағдарламалардың) тiзбесiне енгiзу үшiн бюджеттiк бағдарламалардың әкiмшiлерi экономикалық жоспарлау жөнiндегi орталық және жергiлiктi уәкiлеттi органдарға осы баптың 2-тармағында аталған талаптарды қанағаттандыратын инвестициялық жобалар (бағдарламалар) бойынша өтiнiмдердi Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлеген тәртiппен табыс етедi.
      4. Бюджеттiк инвестициялық жобалар (бағдарламалар) бойынша табыс етiлген өтiнiмдердi қараудың нәтижелерi бойынша экономикалық жоспарлау жөнiндегi орталық және жергiлiктi уәкiлеттi органдар бюджет комиссиясы айқындаған бюджеттiк бағдарламалар үшiн лимит шегiнде бюджеттiк инвестициялық басым жобалардың тiзбесiн қалыптастырады және мемлекеттiк, салалық (секторлық) және аймақтық кесiндiде бюджет комиссиясының қарауына табыс етедi.
      5. Бюджет комиссиясы бюджеттік инвестициялық басым жобалардың тізбесін қарау кезiнде:
      1) бюджеттiк инвестициялық жобаларды (бағдарламаларды) қаржыландырудың көзi мен тетiгiн айқындайды;
      2) бюджеттiк инвестициялық жобаларды (бағдарламаларды) қаржыландыруға бағытталған бюджеттік бағдарламалардың әкiмшiлерiн айқындайды.
      6. Бюджет комиссиясы мақұлдаған инвестициялық жобалардың (бағдарламалардың) мемлекеттiк, салалық (секторлық) және аймақтық бағдарламалардың кесiндiсiндегi үш жылдық мерзiмге жоспарланатын инвестициялық басым жобаларының тiзбесi әлеуметтiк-экономикалық дамудың орта мерзімдік жоспарының құрамында бекітіледі.
      7. Бюджеттiк инвестициялық басым жобалардың (бағдарламалардың) тiзбесiн қалыптастыру тәртібін Қазақстан Республикасының Үкiметi айқындайды.

      152-бап. Бюджеттiк инвестициялық жобаларды (бағдарламаларды) iске асыру

      1. Бюджеттiк инвестициялық жобалар (бағдарламалар) бюджеттiк инвестициялық жобаларды (бағдарламаларды) белгіленген тәртiппен бекiтiлген техникалық-экономикалық негiздерге сәйкес iске асырылады.
      2. Бюджеттiк инвестициялық жобаларды (бағдарламаларды) iске асырудың шеңберiнде көзделген құрылыс қызметi белгiленген тәртіппен
бекітілген жобалау-сметалық құжаттамаға сәйкес жүзеге асырылады.
      3. Құрылыс қызметiн жүзеге асыруды көздейтiн бюджеттiк инвестициялық жобалардың құны бекітілген жобалау-сметалық құжаттамаға негізiнде түзетілуі мүмкiн.
      4. Бюджеттiк инвестициялық жобаларды (бағдарламаларды) iске асырудың шеңберiнде көзделген құрылыс қызметiне ақы төлеу үшiн республикалық және жергiлiктi бюджеттерден төлемдердi жүргiзу белгіленген тәртiппен бекiтiлген жобалау-сметалық құжаттама болған жағдайда ғана жүзеге асырылады.

      153-бап. Заңды тұлғалардың жарғылық капиталын қалыптастыруға және ұлғайтуға қатысу арқылы бюджеттік инвестицияларды жоспарлау және жүзеге асыру

      1. Заңды тұлғалардың жарғылық капиталын қалыптастыруға және ұлғайтуға қатысу арқылы iске асырылатын бюджеттiк инвестицияларды жоспарлау әлеуметтiк-экономикалық дамудың орта мерзiмдiк жоспарын әзiрлеу негiзiнде жүзеге асырылады.
      2. Заңды тұлғалардың жарғылық капиталын қалыптастыруға және ұлғайтуға қатысу арқылы iске асырылатын бюджеттiк инвестицияларды әлеуметтiк-экономикалық дамудың орта мерзiмдiк жоспарына енгiзу инвестицияларды қаржылық-экономикалық негiздеу бойынша экономикалық жоспарлау жөнiндегi орталық уәкiлеттi орган сараптамасының қорытындысы негiзiнде жүзеге асырылады. Заңды тұлғалардың жарғылық капиталын қалыптастыруға және ұлғайтуға қатысу арқылы жүзеге асырылатын бюджеттiк инвестицияларды қаржылық-экономикалық негiздеу бюджеттiк қаражаттарды заңды тұлғалардың жарғылық капиталына салудың пайымдылығы мен тиiмдiлiгiн бағалауды қамтитын құжат болып табылады.
      3. Заңды тұлғалардың жарғылық капиталын қалыптастыруға және ұлғайтуға қатысу арқылы жүзеге асырылатын инвестицияларды қаржылық-экономикалық негiздеудi әзiрлеудi және экономикалық жоспарлау жөнiндегi орталық уәкiлеттi органға табыс етудi бюджеттiк бағдарламалардың әкiмшiлерi жүзеге асырады. Заңды тұлғалардың жарғылық капиталын қалыптастыруға және ұлғайтуға қатысу арқылы жүзеге асырылатын инвестицияларды қаржылық-экономикалық негіздеудiң құрамына, әзiрлеу тәртiбi мен қарауға қойылатын талаптарды Қазақстан Республикасының Үкiметі айқындайды.
      4. Заңды тұлғалардың жарғылық капиталын қалыптастыруға және ұлғайтуға қатысу арқылы бюджеттік инвестицияларды жүзеге асыруды Қазақстан Республикасының Yкiметi мен жергiлiктi атқарушы органдар Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен реттейді.

      34-тарау. Бюджеттік инвестицияларды іске асыру мониторингі және олардың тиімділігін бағалау

      154-бап. Бюджеттік инвестицияларды іске асырудың мониторингі

      1. Бюджеттiк инвестицияларды iске асырудың мониторингi:
      1) бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiлерiнiң инвестициялық жобалар (бағдарламалар) әзiрленуiнiң және iске асырылуының барысы мен нәтижелерi туралы ақпаратты жинауын және өңдеуiн;
      2) бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiлерiнiң бюджеттiк жоспарлау жөнiндегi орталық және жергiлiктi уәкiлеттi органдарға инвестициялық жобалар (бағдарламалар) әзiрленуiнiң және iске асырылуының барысы мен нәтижелері туралы ақпаратты ресiмдеуiн және табыс етуiн;
      3) бюджеттiң атқарылуы жөнiндегi орталық және жергiлiктi уәкiлетті органдардың бюджеттiк жоспарлау жөнiндегi орталық және жергiлiктi уәкiлеттi органдарға бюджеттiк бағдарламаларды (кiшi бағдарламаларды) дамытуды қаржыландырудың жиынтық жоспарын және бюджеттiк бағдарламаларды (кiшi бағдарламаларды) дамыту шеңберiнде төлемдердiң нақты жүзеге асырылуы бойынша ақпаратты табыс етудi;
      4) бюджеттік жоспарлау жөнiндегi орталық және жергiлiкті уәкiлеттi органдардың инвестициялық жобаларды (кiшi бағдарламаларды) iске асыру барысы туралы ақпарат және бюджеттiк бағдарламаларды (кiшi бағдарламаларды) дамыту жөнiнде төлемдердiң нақты жүзеге асырылуы бойынша ақпарат негiзiнде бюджеттiк инвестицияларды жүзеге асыру тиiмдiлiгiн ағымдағы бағалауды;
      5) бюджеттiк жоспарлау жөнiндегi жергiлiктi уәкiлеттi органның бюджеттiк жоспарлау жөнiндегi орталық уәкiлеттi органға және экономикалық жоспарлау жөнiндегi жергiлiктi уәкiлеттi органға жергiлiктi бюджет есебiнен жүзеге асырылатын бюджеттiк инвестициялардың iске асырылу барысы туралы жиынтық ақпаратты жасауды және табыс етудi;
      6) бюджеттiк жоспарлау жөнiндегі орталық уәкiлетті органның Қазақстан Республикасының Үкiметi мен экономикалық жоспарлау жөнiндегі орталық уәкiлетті органға республикалық және жергілiктi бюджеттер есебiнен жүзеге асырылатын бюджеттiк инвестициялардың iске асырылу барысы туралы жиынтық ақпаратты жасауды және табыс етудi көздейдi.
      2. Бюджеттiк инвестицияларды iске асыру мониторингiн жүзеге асыру шеңберiнде көзделген есептiлiк пен ақпаратты табыс етудiң мерзiмдерi мен нысандарын экономикалық жоспарлау жөнiндегi орталық уәкiлдi орган белгiлейдi.
      3. Бюджеттiк инвестициялар мониторингiнiң негiзiнде, сондай-ақ ағымдағы және болжамданған әлеуметтiк-экономикалық және саяси ахуалды ескере отырып, бюджеттiк жоспарлау жөнiндегi орталық және жергiлiктi уәкiлеттi органдар Қазақстан Республикасының Үкiметi мен жергiлiктi атқарушы органдарға бюджеттiк инвестицияларды тиiмдi жүзеге асыру жөнiндегi шараларды iске асыру жөнiнде ұсыныстарды енгiзуге құқылы.
      4. Бюджеттік инвестицияларды тиiмдi жүзеге асыру жөнiндегi шаралар:
      1) Қазақстан Республикасының Үкiметi мен жергiлiктi атқарушы органдардың бюджеттiк инвестицияларды тиiмдi жүзеге асыруға бағытталған нормативтiк құқықтық актiлер мен басқа да шешiмдердi қабылдауын;
      2) негiзделген жағдайларда бюджеттiк инвестицияларды жүзеге асыруды тоқтатуды және тоқтатып қоюды;
      3) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де шараларды қамтиды.

      155-бап. Бюджеттiк инвестициялардың тиiмдiлiгiн бағалау

      1. Бюджеттiк инвестициялардың тиiмдiлiгiн бағалауды жүзеге асырудың мақсаттары бюджеттiк инвестицияларды жоспарлау процесiн жетiлдiру және мемлекеттік инвестициялық саясатты қалыптастыру және жүзеге асыру жөнiндегi ұсыныстарды әзiрлеу болып табылады.
      2. Бюджеттiк инвестициялардың тиiмдiлiгiн бағалауды экономикалық жоспарлау жөнiндегi орталық және жергiлiктi уәкiлеттi органдар жүзеге асырады және бюджеттiк инвестицияларды жүзеге асыру мемлекеттiк инвестициялық саясатты iске асырудың алынған деректерi мен тиiмдiлiгiн бағалау нәтижелерi мен салдарлары туралы деректердi жинауды көздейдi.
      3. Бюджеттiк инвестициялардың тиiмдiлiгiн бағалау бюджеттік инвестицияларды жүзеге асырудың нақты және жоспарланған шығындарын және күтiлетiн нәтижелерiн салыстыру, сондай-ақ бюджеттiк инвестицияларды жүзеге асыру тиiмдiлiгiне әсер ететiн сыртқы факторларды бағалау арқылы жүзеге асырылады.
      4. Инвестициялық жобалардың тиiмдiлiгiн бағалау инвестициялық жобаларды iске асырудың аяқталуы бойынша, сондай-ақ оны аяқтаудың бiрiншi және бесiншi жылы өтуi бойынша жүзеге асырылады.
      Инвестициялық жобалардың тиiмдiлiгiн бағалау оны iске асырудың басынан бастап әрбiр үш жыл сайын, сондай-ақ оны iске асырудың аяқталуы бойынша және оны аяқтағаннан кейiн үш жылдан соң жүзеге асырылады.
      Заңды тұлғалардың жарғылық капиталын қалыптастыру мен ұлғайтуға қатысу арқылы жүзеге асырылатын инвестицияларды бағалау оны жүзеге асырғаннан кейiн үш жыл өткен соң жүзеге асырылады.
      5. Экономикалық жоспарлау жөнiндегi орталық және жергiлiктi уәкiлеттi органдарға бюджеттiк инвестициялардың тиiмдiлiгiн бағалау үшiн деректердi табыс етудi бюджеттiк бағдарламалардың әкiмшiлерi тиiсiнше экономикалық жоспарлау жөнiндегi орталық және жергiлiктi уәкiлеттi органдар белгiлеген тәртiпте және құрамда жүзеге асырады.
      6. Экономикалық жоспарлау жөнiндегi орталық және жергiлiктi уәкiлеттi органдар табыс етiлген деректердiң негiзiнде бюджеттiк инвестициялардың тиiмдiлiгiн бағалау жөнiндегi есептiлiктi қалыптастырады.
      7. Бюджеттiк инвестициялардың тиiмдiлiгiн бағалау жөнiндегi есептердi:
      1) экономикалық жоспарлау жөнiндегi жергiлiктi уәкiлеттi органдар жергiлiктi атқарушы уәкiлеттi органдар мен экономикалық жоспарлау жөнiндегi орталық уәкiлеттi органға - жыл сайын, есеп беретiн жылдан кейiнгi жылдың бiрiншi тоқсанында;
      2) экономикалық жоспарлау жөнiндегi орталық уәкiлеттi орган Қазақстан Республикасының Үкiметiне - жыл сайын, есеп беретiн жылдан кейiнгi жылдың екiншi тоқсанында табыс етедi.
      8. Бюджеттiк инвестициялардың тиiмдiлiгiн бағалау жөнiндегi есеп:
      1) бюджеттiк инвестициялық жобаны (бағдарламаны) техникалық-экономикалық негiздеу немесе заңды тұлғалардың жарғылық капиталын қалыптастыруға және ұлғайтуға қатысу арқылы жүзеге асырылған инвестицияларды қаржылық-экономикалық негіздеудi;
      2) бюджеттiк инвестициялық жобаны (бағдарламаны) iске асырудың қол жеткен нәтижелерi немесе заңды тұлғалардың жарғылық капиталын қалыптастыруға және ұлғайтуға қатысу арқылы жүзеге асырылған инвестицияларды қаржылық-экономикалық негiздеудi;
      3) бюджеттiк инвестициялардың тиiмдiлiгiн бағалау үшiн ақпарат жинаудың көздерi мен әдiстерiн;
      4) бюджеттiк инвестициялардың тиiмдiлiгiн бағалау үшiн ақпаратты өңдеу мен талдау әдiстерiн;
      5) бюджеттiк инвестициялардың тиiмдiлiгiн бағалау нәтижелерiн;
      6) мемлекеттiк инвестициялық саясатты қалыптастыру мен жүзеге асыру жөнiндегi ұсыныстарды қамтиды.
      9. Бюджеттiк инвестициялардың тиiмдiлiгін бағалау жөнiндегi есептi жасау мен табыс ету тәртiбiн экономикалық жоспарлау жөнiндегi орталық уәкiлеттi орган белгілейді.

      9-бөлiм. Мемлекеттiк гранттар

      35-тарау. Мемлекеттiк гранттар туралы жалпы ережелер

      156-бап. Осы бөлімде қолданылатын ұғымдар

      Осы бөлiмде мынадай ұғымдар қолданылады:
      1) мемлекеттiк грант - Қазақстан Республикасының мемлекеттiк мекемелерiне донорлар беретiн өтемсiз қаржылық немесе техникалық көмек;
      2) донорлар - шетел мемлекеттерi, олардың үкiметтерi мен агенттiктерi, халықаралық және шетелдер мемлекеттiк ұйымдары, шетелдердiң үкiметтiк емес қоғамдық ұйымдары мен Қазақстан Республикасының Конституциясына қызметi қайшы келмейтiн қорлар;
      3) мемлекеттік грант туралы келiсiм - Қазақстан Республикасының Үкiметi мен донорлар арасындағы Қазақстан Республикасының Yкiметiне өтемсiз қаржылық немесе техникалық көмек берудi көздейтiн шарт;
      4) өтемсiз техникалық көмек - Қазақстан Республикасының мемлекеттiк мекемелерiне донорлардың тауарларды жеткізіп беруi, жұмыстарды орындауы және қызметтерді көрсетуі;
      5) өтемсiз қаржылық көмек - Қазақстан Республикасының мемлекеттiк мекемелерiне донорлардың тауарларды жеткiзудi қаржыландыру, жұмыстарды орындауы және қызметтерді көрсетуі үшін ақша беруі.

      157-бап. Мемлекеттiк гранттарды сыныптау

      Мемлекеттiк гранттар берiлу шарты бойынша:
      1) байланысты гранттар - Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң грант беретiн донордан одан әрi қарыз алуын немесе мемлекеттiк бюджеттен қаржыландыруды көздейтiн гранттар;
      2) байланыссыз гранттар - Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң грант беретiн донордан одан әрi қарыз алуын немесе мемлекеттiк бюджеттен қаржыландыруды көздемейтiн гранттар.

      158-бап. Мемлекеттiк гранттарды жоспарлау

      1. Мемлекеттiк гранттарды жоспарлау елдiң әлеуметтiк-экономикалық дамуы мақсатында және донорлардың мемлекеттiк гранттарды беру саясатын ескере отырып оларды тарту туралы шешiм қабылдау процесi болып табылады.
      2. Мемлекеттiк гранттарды жоспарлаудың негiзi:
      Қазақстан Республикасы әлеуметтiк-экономикалық дамуының орта мерзiмдiк жоспары;
      донорлардың өтемсiз қаржылық және техникалық көмек беру туралы ұсыныстары болып табылады.
      3. Мемлекеттік гранттарды жоспарлау мемлекеттiк гранттарды тартуға өтiнiмдердi қалыптастыруды, табыс етудi және iрiктеудi қамтиды.
      4. Мемлекеттiк гранттарды тартуға өтiнiмдердi қалыптастыруды мемлекеттiк, салалық (секторлық) бағдарламалар, сондай-ақ донорлар жасаған ұсыныстар негізінде орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдар жүзеге асырады.
      5. Мемлекеттiк гранттарды тартуға өтiнiмдердi табыс етудi жергiлiктi атқарушы органдардың экономикалық жоспарлау жөнiндегi орталық уәкiлеттi органға өтiнiмдерiн ескере отырып, экономикалық жоспарлау жөнiндегі орталық уәкiлеттi орган белгiлеген тәртiппен орталық мемлекеттiк органдар жүзеге асырады.
      6. Мемлекеттiк гранттарды тартуға өтiнiмдердi iрiктеудi экономикалық жоспарлау жөнiндегi орталық уәкiлеттi орган:
      1) мемлекеттiк гранттардың тартуға өтiнiмдердiң Қазақстан Республикасының орта мерзiмдiк әлеуметтiк-экономикалық дамуының басымдықтарға сәйкестiгi;
      2) мемлекеттiк гранттарды тартуға өтiнiмдердiң донорлардың мемлекеттiк гранттарды беру саясатына сәйкестiгi негiзiнде жүзеге асырады.
      7. Мемлекеттiк гранттарды тартуға iрiктелген өтiнiмдердiң негiзiнде экономикалық жоспарлау жөнiндегi орталық уәкiлеттi орган Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiткен мемлекеттiк гранттарды тартуға басым өтiнiмдердiң тiзбесiн қалыптастырады.

      36-тарау. Мемлекеттік гранттарды тарту және пайдалану

      159-бап. Мемлекеттiк гранттарды тарту

      1. Мемлекеттiк гранттарды тартуға басым өтiнiмдер тiзбесiнiң негiзiнде экономикалық жоспарлау жөнiндегі орталық уәкiлетті орган донорларға мемлекеттiк гранттарды беруге өтiнiмдердi жолдайды.
      2. Мемлекеттiк гранттарды беруге донорларға өтiнiмдерге жолдама донорлар бекiткен нысан бойынша жүзеге асырылады, оларды толтыруды экономикалық жоспарлау жөнiндегi орталық уәкiлеттi орган сұранысы негізiнде тиiстi орталық мемлекеттiк немесе жергiлiктi атқарушы органдар жүзеге асырады.
      3. Байланыссыз мемлекеттiк гранттарды тартуға донорларға өтiнiмдердi мақұлдау кезiнде экономикалық жоспарлау жөнiндегi орталық уәкiлеттi орган тиiстi орталық мемлекеттiк немесе жергiлiктi атқарушы органдарды оны беру туралы келiсiмдi әзiрлеу және келiсу жөнiндегi жұмыстарды жүргiзу қажеттiгi туралы хабарландырады.
      4. Байланысты мемлекеттiк гранттарды тартуға донорларға өтiнiмдердi мақұлдаған жағдайда оны тартудың пайымдылығын тиiстi бюджет комиссиялары айқындайды. Экономикалық жоспарлау жөнiндегi орталық уәкiлеттi орган байланысты мемлекеттiк гранттарды тартуға өтiнiмдер тiзбесiн қалыптастырады және оны бюджеттiк жоспарлау жөнiндегi орталық уәкiлеттi органға не жергілiктi атқарушы органға тиiстi бюджет комиссияларында қарауға өтiнiмдердi енгiзу жөнiндегi жұмыстарды ұйымдастыру үшiн жiбередi.
      5. Байланысты мемлекеттiк грантты беру туралы келiсiмдi әзiрлеу және келiсу жөнiндегi жұмыстарды жүргiзу тиiстi қаржы жылына арналған республикалық және жергiлiктi бюджеттi бекiткеннен кейiн жүзеге асырылады.
      6. Экономикалық жоспарлау жөнiндегi орталық уәкiлеттi орган мемлекеттiк гранттарды тартуға арналған басым мiндеттердiң тiзбесiне сәйкес мемлекеттік гранттарды тарту туралы ақпаратты Қазақстан Республикасының Үкiметiне жыл сайын табыс етедi.

      160-бап. Мемлекеттiк гранттарды пайдалану

      1. Мемлекеттiк гранттарды пайдалануды мемлекеттiк мекемелер - мемлекеттiк гранттар туралы донорлар белгiлеген рәсiмдерге және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттiк гранттарды алушылар жүзеге асырады.
      2. Мемлекеттiк мекемелер - мемлекеттiк грантты алушылар:
      мемлекеттік грант туралы келiсiмде көзделген өзi қабылдаған мiндеттемелердi уақтылы орындауды;
      алынған мемлекеттiк гранттарды мақсатты және тиiмдi пайдалануды;
      мемлекеттік гранттар есебiнен сатып алынған жабдықтар мен материалдарды балансқа қоюды;
      мемлекеттiк гранттар есебiнен сатып алынған тауарлар импорты кезiнде кедендiк рәсiмдердi уақтылы жүргiзудi қамтамасыз етедi.
      3. Мемлекеттiк грантты пайдалануды аяқтаған бойда мемлекеттiк мекемелер - мемлекеттiк гранттарды алушылар экономикалық жоспарлау жөнiндегi орталық уәкiлеттi органға донордың уәкiлеттi өкiлi және оның өтiнiмi бойынша мемлекеттiк грантты тарту жүзеге асырылған орталық мемлекеттік органның бiрiншi басшысы қол қойған мемлекеттiк грантты пайдаланудың аяқтауы туралы түбегейлi есептi жасап, табыс етедi.

      37-тарау. Мемлекеттiк гранттарды пайдалану мониторингі және оларды пайдалану тиiмдiлiгiн бағалау

      161-бап. Мемлекеттiк гранттарды пайдалану мониторингi

      1. Мемлекеттiк гранттарды пайдалану мониторингi:
      1) орталық мемлекеттiк органдардың мемлекеттiк гранттарды пайдалану барысы және нәтижелерi туралы ақпаратын жинауды және өңдеудi;
      2) орталық мемлекеттiк органдардың мемлекеттiк гранттарды пайдалану барысы және нәтижелерi туралы есептердi экономикалық жоспарлау жөнiндегi орталық уәкiлеттi органға табыс етуiн көздейдi.
      2. Мемлекеттiк гранттарды пайдалану барысы және нәтижелерi туралы есептiлiктер мен ақпараттарды табыс етудiң мерзiмдерi мен нысанын экономикалық жоспарлау жөнiндегi орталық уәкiлеттi орган белгiлейдi.
      3. Экономикалық жоспарлау жөнiндегi орталық уәкiлетті оpган мониторингі деректерiнiң негiзiнде мемлекеттiк гранттарды пайдалану туралы ақпаратты Қазақстан Республикасының Үкiметiне, бюджеттiң атқарылуы жөнiндегi орталық уәкiлеттi органға және мемлекеттiк қаржылық бақылау органдарына жыл сайын табыс етедi.

      162-бап. Мемлекеттiк гранттардың пайдаланылу тиiмдiлiгiн бағалау

      1. Мемлекеттiк гранттардың пайдаланылу тиiмділігiн бағалауды экономикалық жоспарлау жөнiндегi орталық уәкiлетті орган жүзеге асырады және мемлекеттiк гранттарды тарту, алынған деректердi талдау мен мемлекеттiк гранттарды тарту және тиiмдiлiгін бағалау нәтижелерi мен салдарлары туралы деректердi жинауды көздейдi.
      2. Мемлекеттік гранттардың пайдаланылу тиiмдiлiгiн бағалау мемлекеттiк гранттарды тартудың жоспарланған және қол жеткен нәтижелерiн салыстыру, сондай-ақ мемлекеттік гранттарды пайдалану тиiмдiлігіне әсер ететiн сыртқы факторларды бағалау арқылы жүзеге асырылады.
      3. Мемлекеттiк гранттың пайдаланылу төзiмдiлiгiн бағалау оны пайдалану кезеңiнiң аяқталуы бойына, сондай-ақ отты пайдаланудың үшіншi жылының өтуі бойына жүзеге асырылады.
      4. Экономикалық жоспарлау жөнiндегi орталық уәкiлеттi органға мемлекеттiк гранттардың пайдаланылу тиiмдiлiгін бағалау үшiн деректердi табыс етудi орталық мемлекеттiк органдар мемлекеттiк гранттарды тарту жүзеге асырылатын өтiнiм бойынша экономикалық жоспарлау жөнiндегi орталық уәкiлеттi орган белгiлеген құрам мен тәртiпте жүзеге асырады.
      5. Экономикалық жоспарлау жөнiндегi орталық уәкiлеттi орган орталық мемлекеттiк және жергiліктi атқарушы органдардан осы органдардың құзыретiне кiретiн мәселелер бойынша мемлекеттiк гранттардың пайдаланылу тиiмдiлiгiн бағалау үшiн қажеттi ақпаратты табыс етудi сұратуға құқылы.
      6. Экономикалық жоспарлау жөнiндегі орталық уәкiлеттi орган табыс етiлген деректердiң негізiнде мемлекеттiк гранттардың пайдаланылу тиiмдiлiгін бағалау үшiн ақпаратты қалыптастырады және Қазақстан Республикасының Үкiметiне табыс етедi.

      10-бөлiм. Бюджеттiк кредиттеу

      38-тарау. Бюджеттiк кредиттеудiң жалпы ережелерi

      163-бап. Бюджеттiк кредиттеу туралы негiзгi ережелер

      1. Бюджеттік кредит - бюджеттен қайтарымды, мерзiмдi және ақылы негізде бөлiнетiн ақша.
      2. Бюджеттiк кредиттеу - бюджеттiк кредиттi табыс ету туралы шешiм қабылдауды, оны табыс етудi, пайдалануды, қызмет көрсету мен қайтаруды қамтамасыз ететiн процесс.
      3. Кредиттiк шарт (келiсiм) - кредитор мен қарызшының арасындағы бюджеттiк кредиттеу кезiнде тараптардың құқықтық қатынастарын белгiлейтiн шарт.
      Бюджеттiк кредиттер:
      орта мерзiмдiк әлеуметтiк-экономикалық даму жоспарының шеңберiнде бюджеттiк инвестициялық жобаларды (бағдарламаларды) iске асыруға;
      мемлекеттерiнiң сыртқы экономикалық қызметiн iске асыруға;
      облыс бюджеттерiнiң, республикалық маңызы бар қалалар, астана, аудандар (облыстық маңызы бар қалалар) бюджеттерінің кассалық алшақтығын жабуға жұмсалады.
      5. Бюджеттiк кредиттер бағыттар бойынша, республикалық және /немесе жергілiктi бюджетте тиiстi қаржы жылына арналған бюджеттiк бағдарламаларда көзделген сома шегiнде табыс етiледi.
      6. Бюджеттiк кредиттер заемшылардың жарғылық капиталдарын қалыптастыруға және толықтыруға, сенiм бiлдiрiлген (агенттерге) қызметтердi төлеу мен шаруашылық қызметтiң шығындарын жабуға берiлмейдi.
      7. Бюджеттiк кредиттер заемшының бюджеттiк кредиттер жөнiндегі мiндеттемелерiнiң орындалуы қамтамасыз етiлгенде ғана берiледi.
      8. Бюджеттiк кредиттер бұрын табыс етiлген бюджеттiк кредиттер бойынша берешегi жоқ қарызшыларға берiледi.
      9. Бюджеттiк кредиттер осы Кодекске, Қазақстан Республикасының Yкiметi белгiлеген Қазақстан Республикасының бюджеттік кредиттiк саясатына сәйкес жүзеге асырылады.

      164-бап. Бюджеттiк кредиттеу қағидаттары

      Бюджеттiк кредиттеу мынадай қағидаттарға:
      1) кредит шартына (келiсiмiне) сәйкес тиiстi бюджетке бюджеттiк кредиттi мiндеттi қайтаруды көздейтiн қайтарымдылық қағидатына;
      2) заң әдiстерiмен мiндеттемелердiң орындалуын қамтамасыз етудi көздейтiн қамтамасыз етiлу қағидатына;
      3) бюджеттік кредиттi пайдаланғаны үшiн қарызшыға ақы төлеудi көздейтiн ақылылық қағидатына;
      4) бюджеттiк кредиттi берудiң мерзiмiн белгiлеудi көздейтiн мерзiмдiлiк қағидатына сәйкес жүзеге асырылады.

      165-бап. Бюджеттiк кредиттеу өлшемдерi

      Бюджеттік бағдарлама мынадай өлшемдер сақталған кезде бюджеттiк кредит беру арқылы iске асырылады:
      1) орта мерзiмдiк әлеуметтiк-экономикалық даму жоспарына сәйкес келу;
      2) бюджеттiк инвестициялардың мемлекеттiк инвестициялық саясаттың басымдығына сәйкес келу;
      3) бюджеттiк инвестициялар есебiнен iске асырылатын шаралардың өзiн ақтауы;
      4) бюджеттiк кредиттеу кезеңiнде қарызшының кредиттiк қабiлетi.

      166-бап. Бюджеттiк кредиттеу субъектiлерi

      1. Бюджеттік кредиттеу субъектiлерi кредитор, бюджеттiк бағдарламаның әкiмшiсi, қарызшы, соңғы қарызшы, сенiм бiлдiрiлген (агент) болып табылады.
      2. Бюджеттiк кредиттeу субъектiлерiнiң құқықтары мен мiндеттерi кредиттiк шартта және/немесе осы Кодекс пен Қазақстан Республикасының басқа да заң актiлерiне сәйкес тапсырмалық шартта (келiсiмде) белгiленедi.

      167-бап. Кредитор

      1. Кредитор - бюджеттiк және азаматтық заң актiлерiне сәйкес бюджеттiк кредит беретiн кредит шартының тарапы.
      2. Республикалық бюджеттен бюджеттiк кредиттеу кезiнде кредитор Қазақстан Республикасының Үкiметi болып табылады.
      Бюджеттiк кредиттеу кезiнде бюджеттiң атқарылуы жөнiндегi орталық уәкiлеттi орган Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң атынан әрекет етедi.
      3. Жергілiктi бюджеттен бюджеттiк кредиттeу кезiнде кредитор жергiлiктi атқарушы орган болып табылады.
      4. Кредитор жасалған кредит шартының (келiсiмiнiң) талаптарының орындалуы үшiн бюджеттік кредиттiң уақтылы және толық қайтарылуын бақылауды жүзеге асырады, осы Кодекске және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бюджеттiк кредиттеудi қамтамасыз етедi.

      168-бап. Бюджеттiк бағдарламалардың әкiмшiсi

      Бюджеттік бағдарламалардың әкiмшiсi бюджеттiк кредиттеу кезiнде кредиттік шарттың (келiсiмнiң) тарапы болып табылады және:
      конкурстық негiзде қарызшы банктердi және сенiмгер (агенттердi) айқындауды;
      бюджеттiк кредиттердi мақсатты және тиiмдi пайдалану өтеу және оларға қызмет көрсету үшiн бақылау мен мониторингтi жүзеге асырады.

      169-бап. Бюджеттiк кредиттер қарызшылары

      1. Қарызшы - бюджеттiк кредиттi алушы, негiзгi қарызды өтеу және сыйақы, сондай-ақ кредит шарттарына (келiсiмдерiне) сәйкес басқа да төлемдердi төлеу жөнiндегi мiндеттемелердi алатын кредит шартының тарапы.
      2. Бюджеттiк кредит қарызшылары:
      жеке тұлғалар - Қазақстан Республикасының азаматтары;
      қарызшы банктер - Қазақстан Республикасының екiншi деңгейдегi банктерi және Қазақстан Республикасының банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдар, оның iшiнде қаржылық даму ұйымдары.
      жергiлiктi атқарушы органдар;
      шетел мемлекеттерi болуы мүмкiн.

      170-бап. Бюджеттiк кредиттердiң соңғы қарызшылары

      1. Соңғы қарызшы кредитор белгiлеген шарттарда қарызшы банк өзiне берген бюджет кредитiн соңғы алушы.
      2. Бюджеттiк кредиттердiң соңғы қарызшылары Қазақстан Республикасының резиденттерi болып табылатын, кәсiпкерлiк қызметтi жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалар болуы мүмкiн.
      3. Соңғы қарызшыларды iрiктеудi және кредиттеудi бюджеттiк бағдарламаны тағайындауға, сондай-ақ өздерiнiң кредиттiк саясатына сәйкес қарызшы банктер жүзеге асырады.

      171-бап. Бюджеттiк кредиттеу кезiндегi сенiм бiлдiрiлген (агенттер)

      1. Сенiм бiлдiрiлген (агент) - кредитордың (сенiм бiлдiрушiнiң) атынан, соның есебiнен және оның нұсқауларына сәйкес бюджеттiк кредиттеумен байланысты белгiлi бiр тапсырмаларды жасайтын тапсырма шартының тарапы.
      2. Бюджеттік кредиттеу кезiндегi сенiм бiлдiрiлген (агент):
      қарызшы жеке тұлғаларды анықтау және олармен кредиттiк шарттар (келiсiмдер) жасасу;
      бюджеттiк кредиттерге қызмет көрсету;
      қарызшылармен есеп айырысуды жүргiзу;
      Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес берешектердi өндiрiп алу жөнiндегi тапсырмаларды орындауы мүмкiн.
      3. Екiншi деңгейдегi банк, банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйым, оның iшiнде қаржылық даму ұйымы бюджеттiк кредиттеу кезiнде сенiм бiлдiрiлген (агент) болып табылады.
      4. Сенiм бiлдiрiлген (агенттi) бюджеттiң атқарылуы жөнiндегi уәкiлеттi орган немесе бюджеттiк бағдарламаның әкiмшiсi Қазақстан Республикасының мемлекеттiк сатып алу туралы заңнамасына сәйкес белгiлейдi.
      5. Сенiм бiлдiрiлген (агентке) тапсырмаларды орындағаны үшiн сыйақы төлеудi тиiстi бюджеттердiң қаражаты есебiнен кредитор (сенiм бiлдiрушi) жүзеге асырады.
      Сенiм бiлдiрiлген (агенттің) тапсырмаларды орындағанына сыйақы төлеу мөлшерi тапсырма шарттарында белгiленедi.

      39-тарау. Бюджеттік кредиттеу шарттары

      172-бап. Бюджеттiк кредиттердiң негiзгi шарттары

      1. Кредиттiк шарттар (келiсiмде) мiндеттi түрде бюджеттiк кредиттiң мынадай негiзгi шарттары:
      бюджеттiк кредит беру мақсаты кредит сомасы;
      кредит валютасы;
      бюджеттiк кредит мерзiмi;
      бюджеттiк кредиттi игеру кезеңi;
      кредитті пайдаланғаны үшiн сыйақы ставкасы көрсетiлуi тиiс.
      2. Бюджеттiк кредиттiң негiзгi шарттары мен қарызшылардың санаты кредитордың шешiмiмен белгiленедi.
      3. Кредиттiк шартқа (келiсiмге) қосымша, оның iшiнде бюджет кредитiн беру әдiстерiн, бюджет кредитiн өтеу және оған қызмет көрсету кестелерiн, бюджет кредитi бойынша мiндеттемелердiң атқарылуын қамтамасыз ету әдiстерiн айқындайтын шарттар енгiзiледi.

      173-бап. Бюджеттiк кредит мерзiмi

      1. Бюджеттiк кредит мерзiмi - уақыттың белгiлi бiр мерзiмi, оның iшiнде қарызшы бюджеттiк кредит алып, пайдаланады, бюджеттiк кредитке қызмет көрсетудi және оны қайтаруды жүзеге асырады.
      2. Бюджеттiк кредиттiң мерзiмi бюджеттiк кредиттiң қаражатын кредитордың шотынан аударған кезден бастап есептеледi.
      3. Берiлу мерзiмiне байланысты бюджеттiк кредиттер мынадай түрлерге бөлiнедi:
      1) қысқа мерзiмдi - қоса алғанда бiр жылға дейiн;
      2) орта мерзiмдi - бiр жылдан қоса алғанда бес жылға дейiн;
      3) ұзақ мерзiмдi - бес жылдан отыз жылға дейiн.

      174-бап. Бюджеттiк кредиттi игеру кезеңi

      1. Бюджеттiк кредиттi игеру кезеңi - қарызшы бюджеттік кредит беру мақсаттарына сәйкес шараларды iске асыру үшiн бюджет кредитiн пайдалана алатын белгiлi бiр уақыт кезеңi.
      2. Бюджеттiк кредиттiң пайдаланылмаған бөлiп игеру кезеңi аяқталған күннен бастап үш күн iшiнде тиiстi бюджетке қайтарылуға тиiс.

      175-бап. Бюджеттiк кредит бойынша мiндеттемелердiң орындалуын қамтамасыз ету әдiстерi

      1. Бюджеттiк кредит бойынша мiндеттемелердің орындалуы Қазақстан Республикасының заңнамасымен көзделген кепiлдiктермен және басқа әдiстермен қамтамасыз етедi.
      2. Бюджеттiк кредиттi қайтаруды қамтамасыз етудiң құны сыйақыны ескергендегi бюджеттiк кредит сомасынан кем болмауға тиiс.
      3. Бюджеттiк кредиттi қайтаруды қамтамасыз етудi бағалау Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
      Бюджеттік кредит бойынша мiндеттемелердiң орындалуын қамтамасыз етудi бағалау жөнiндегi қызметтерге ақы төлеудi қарызшы жүргiзедi.

      176-бап. Сыйақы ставкасы

      1. Сыйақы - қарызшы бюджеттiк кредиттi пайдаланғаны үшiн жүзеге асыратын ақы.
      2. Сыйақы ставкасы - жылдық проценттерден көрiнетiн ақы шамасы.
      3. Сыйақы ставкасы тiркелген немесе құбылмалы болуы мүмкiн.
      Тiркелген сыйақы ставкасы - сыйақы ставкасы, оның шамасы кредиттiң бүкiл кезеңiне өзгерiссiз белгiленедi.
      Құбылмалы сыйақы ставкасы - капитал рыноктарындағы жағдаятқа байланысты өзгерiп тұратын сыйақы ставкасы.
      4. Сыйақы ставкасы бюджеттiң атқарылуы жөнiндегi орталық уәкiлеттi орган белгiлеген мемлекеттiк бағалы қағаздардың тиiстi түрлерi бойынша табыстылықтың орташа безбенделген ставкасынан кем емес мөлшерде белгiленедi.
      Бюджеттiң атқарылуы жөнiндегi орталық уәкiлеттi орган белгілеген тиiстi мемлекеттiк бағалы қағаздар бойынша табыстылықтың орташа безбенделген ставкасын айқындау тәртiбiн Қазақстан Республикасының Үкiметi белгілейдi.

      177-бап. Бюджеттiк кредит беру әдiсi

      Бюджеттiк кредит:
      қарызшының төлем құжаттарын төлеу;
      бiр мерзiмде не аудару кестесiне сәйкес бөлiктер бойынша немесе қарызшының тиiстi құжаттар беруiмен қарызшының банк шотына аудару арқылы берiледi.

      178-бап. Бюджеттік кредиттi өтеу және оған қызмет көрсету кестесi

      1. Бюджеттiк кредиттi өтеу және оған қызмет көрсету кестесi бюджеттiк кредиттi өтеу және оған қызмет көрсету жөнiндегi төлемдердiң мерзiмдерiн, кезеңдiлiгін белгiлейдi.
      2. Кредиттiк шартта (келiсiмде) жеңiлдiк кезеңiн беру көзделуi мүмкiн.
      Жеңiлдiк кезеңi - бюджеттік кредит мерзiмiнiң құрамына кiретiн, заемшы кредиттi қайтаруды және/немесе сыйақы төлеудi жүзеге асырмайтын белгiлi бiр уақыт кезеңi.

      40-тарау. Бюджеттiк кредиттеу рәсiмдерi

      179-бап. Бюджеттiк кредит беру туралы шешiм қабылдау

      Бюджеттiк кредит беру туралы шешiм қабылдау:
      1) бюджеттiк жоспарлау жөнiндегi орталық уәкiлеттi орган белгiлеген тәртiппен, мемлекеттiк, салалық (секторлық), өңiрлiк бағдарламалар шараларын бюджеттiк кредиттеудiң, әлеуметтiк-экономикалық дамытудың орта мерзiмдiк жоспары мен орта мерзiмдi фискалдық саясаттың орындылығын айқындауды;
      2) бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiлерiнiң бюджеттік кредиттеу, бюджеттiк кредиттеудiң өлшемдерi арқылы iске асыруға көзделетiн бюджеттiк бағдарламаларға сәйкес келуi нысанасында бюджеттiк өтінiмдерiн бюджеттiк жоспарлау жөнiндегi уәкiлеттi органның қарауын;
      бюджеттік өтiнiмдi және бюджеттiк жоспарлау жөнiндегi уәкiлеттi органның қорытындыларын бюджет комиссиясы қарауын;
      бюджет комиссиясының оң шешiмi кезiнде тиiстi қаржы жылына арналған бюджет жобасына бюджеттiк бағдарламаларды енгiзудi қамтиды.

      180-бап. Бюджеттiк кредит беру рәсiмi

      1. Бюджеттік кредит беру рәсiмi мынадай кезеңдердi:
      бюджеттiк кредиттiң негiзгі шарттарын белгiлеудi;
      қарызшыны белгiлеудi;
      кредиттiк шарттар (келiсiмдер) мен олармен байланысты шарттар жасауын;
      қарызшыға бюджеттiк кредит берудi қамтиды.
      2. Бюджеттiк бағдарламалардың әкiмшiлерi кезектi қаржы жылына арналған тиiстi бюджеттер бекiтiлгеннен кейiн бюджеттiк кредиттердiң негiзгi шарттары туралы кредитор шешiмдерiнiң жобаларын бекiтуге енгiзедi.
      3. Қарызшылар:
      1) жеке тұлғалар - Қазақстан Республикасының азаматтарын бюджеттiк кредиттеу кезiнде тапсырма шартына сәйкес сенiм бiлдiрiлген (агенттер);
      2) қарызшы банктердiң бюджеттiк кредиттеуi кезiнде конкурс нәтижесi бойынша бюджеттiк бағдарлама әкiмшiсi болып белгiленедi.
      Қарызшы банктердi iрiктеу тәртiбiн Қазақстан Республикасының Yкiметi белгiлейдi;
      3) бюджеттiк кредиттеу кезiнде осы Кодекске сәйкес жергiлiктi атқарушы органдар;
      4) бюджеттiк кредиттеу кезiнде Қазақстан Республикасының мемлекетаралық шарттарына сәйкес шетел мемлекеттерi.
      4. Қазақстан Республикасының азаматтары заң актiлерiмен белгiленген жағдайларда бюджеттiк кредиттер алады.
      Қазақстан Республикасының азаматтарын бюджеттік кредиттеу сенiм бiлдiрiлген (агенттер) арқылы жүзеге асырылады.
      5. Шетел мемлекеттерiне бюджеттiк кредиттер республикалық бюджет қаражаты есебiнен берiледi және мемлекеттiк кредиттер болып табылады.
      Шетел мемлекеттерiнiң Қазақстан Республикасы алдындағы қарызы мемлекеттiк кредит бойынша негiзгi қарызды құрайды.
      6. Бюджеттiк кредиттi беру кредиттiк шартты (келiсiмдi) және бюджеттiк кредиттi қайтаруды қамтамасыз етудi растайтын құжаттарды ресiмдегеннен және тiркегеннен кейiн жүзеге асырылады.
      Шетел мемлекеттерiн бюджеттiк кредиттеу қарызшы кредит шартына (келiсiмiне) мiндетті күш беру үшiн қажеттi iшкi мемлекеттiк рәсiмдi өткiзген жағдайда ғана жүзеге асырылуы мүмкiн.
      Бюджеттiк кредит беру кезiнде қажеттi құжаттар тiзбесiн бюджеттiң атқарылуы жөнiндегi уәкiлеттi орган белгiлейдi.
      Бюджеттiк кредиттер беру жөнiндегi қаржылық рәсiмдер Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң шешiмiмен белгiленедi.

      181-бап. Бюджеттiк кредиттi пайдалану

      Заемшы бюджеттiк кредит қаражатын бюджеттік бағдарлама паспорты мен кредиттiк шартта (келiсiмде) көзделген мақсаттарға пайдаланады.
      Заемшы бюджеттiк кредиттi мақсатқа сай пайдаланбағаны үшiн Қазақстан Республикасының заңнамасымен көзделген жауапкершiлiктi көтередi.

      182-бап. Бюджеттiк кредиттерге қызмет көрсету

      1. Бюджеттiк кредитке қызмет көрсету - бюджеттiк кредит қаражатының пайдаланылуын есепке алу және қарызшының кредиттiк шартқа (келiсiмге) сәйкес негiзгi борышты, сыйақыны және басқа да төлемдердi өтеуге төлемдер төлеудi жүзеге асыру жөнiндегi уәкiлеттi органның қызметi уақтылы жүзеге асыруы.
      Негiзгi борыш - ол бойынша есептелген сыйақы, комиссиялық төлемдер мен айыппұлдар сомасын ескермей алынған және өтелмеген кредит (негiзгi борыш) сомасы.
      2. Негiзгi қарызға қызмет көрсету - кредиттiк шарт (келiсiм) шарттарына сәйкес, белгiлi бiр уақыт кезеңiнде сыйақы, өзге де төлемдердiң жиынтық төлемдерi.
      Берешек - бюджеттiк кредиттi өтеу және оған қызмет көрсету кестесiне (кредиттiк шартқа) сәйкес мерзiмi келген, қарызшы төлемеген төлемдер сомасы.
      3. Сыйақыны есептеу кредитордың шотынан бюджеттiк кредит аударылған күннен бастап оны толық өтеген күнге дейiн бюджеттiк кредит бойынша негiзгi қарыз сомасына қойылған сыйақы ставкасы бойынша жүргiзiледi.
      4. Сыйақыны есептеу тәртiбi кредиттiк шартта (келiсiмде) белгiленедi.
      Сыйақыны есептеу үшiн жылына 360 күн және айына 30 күн есепке алынады.
      Төлем мерзiмi басталған кезде қарызшы негiзгi борыш және сыйақы бойынша ақшалай қаражатты тиiстi бюджетке төлем тапсырмасымен аудару арқылы кезектi төлемдердi жүзеге асыруға мiндетті.
      5. Бюджеттiк кредиттерге қызмет көрсету төлемдердiң мынадай кезектiлiгiмен жүзеге асырылады:
      өсiмпұлдар мен айыппұлдарды есептеу;
      сыйақыны есептеу;
      негізгi қарызды өтеу.

      183-бап. Бюджеттiк кредиттердi өтеу

      1. Бюджеттiк кредиттi өтеу кредиттiк шартқа (келiсiмге) және Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес бюджеттiк кредит бойынша негізгі қарызды қарызшының төлеуi (қайтаруы).
      2. Бюджеттiк кредиттер қарызшыларының кредитормен немесе сенiм бiлдiрiлген (агентпен) келiсiм бойынша кредиттi мерзiмiнен бұрын қайтаруға құқығы бар.
      Кредиттiк шарттың (келiсiмнiң) талаптарын қарызшы бұзған жағдайда немесе тапсырма шартына (келiсiмiне) сәйкес сенiм бiлдiрiлген (агенттiң) бюджеттiк кредиттi мерзiмiнен бұрын қайтаруды талап етуге құқығы бар.
      3. Қарызшыда бюджеттiк кредит бойынша берешек пайда болған жағдайда немесе тапсырма шартына (келiсiмiне) сәйкес сенiм бiлдiрiлген (агенттiң) сенiм бiлдiрiлген (агент) заңдармен белгiленген тәртiппен кредитті қайтаруды қамтамасыз ететiн шаралар қабылдайды.
      4. Бюджеттiк кредиттердi өтеу жөнiнде берешектi өтеу шотына өндiрiлiп алынған мүлiк заңдармен белгiленген тәртiппен сатылуға және/немесе мемлекеттiк меншiкке қабылдануға тиiс.
      5. Бюджеттiк кредиттi өтеу шотына мемлекеттiк меншiкке қабылданған мүлiктi бағалау тиiстi бюджеттiң қаражаты есебiнен төленедi.
      6. Бюджеттiк кредит бойынша берешектi өтеу шотына мүлiктi мемлекеттiк меншiкке қабылдау кезiнде кредитордың талаптары мүлiктiң құны сомасымен тоқтатылады.
      7. Бюджеттiк кредит бойынша жергiлiктi атқарушы органда берешек пайда болған немесе оны бюджеттiк кредиттiң мақсатты мiндетiне пайдаланбаған жағдайда кредитор жергiлiктi бюджет шотынан берешек сомасын немесе Қазақстан Республикасының Yкiметi белгiлеген тәртiппен мақсатты мiндетi бойынша пайдаланылмаған соманы есептен шығаруды жүзеге асырады.

      41-тарау. Бюджеттік кредитті қайта құрылымдау және заемшыны ауыстыру

      184-бап. Бюджеттiк кредиттердi қайта құрылымдау

      1. Бюджеттiк кредиттердi қайта құрылымдау - тараптардың келiсiмi бойынша бюджеттiк кредиттер талаптарының өзгеруі.
      2. Бюджеттiк кредиттi қайта құрылымдау туралы шешiм қарызшының қаржылық жай-күйiн талдау негiзiнде, қарызшыда қаржылық жағдайды сауықтыру жөнiнде жоспар болған жағдайда қабылданады.
      3. Қайта құрылымдау:
      негiзгі борышты өтеу және/немесе сыйақыны төлеу мерзiмдерiнiң өзгеруі;
      бюджеттiк кредит, кредит бойынша сыйақы мен өзге де төлемдер жөнiнде берешектi капиталдандыру (жиынтықтау) арқылы жүзеге асырылады.
      4. Бюджеттiк кредиттердi қайта құрылымдау Қазақстан Республикасы Yкiметінiң немесе жергiлiктi атқарушы орган жанындағы бюджеттiк консультациялық-кеңесшi органның оң қорытындысы болған кезде әрбiр кредиттік шарт (келiсiм) бойынша кредитор шешiмiнiң негізiнде жүзеге асырылады.
      5. Бюджеттiк кредиттi қайта құрылымдау көп дегенде біp рет жүзеге асырылуы мүмкiн.
      Бюджеттiк кредитi қайта құрылымдау кредиттiк шартқа (келiсiмге) қосымша келiсiмге қол қою арқылы ресiмделедi.

      185-бап. Бюджет кредитi бойынша қарызшыны ауыстыру

      Бюджеттiк кредит бойынша қарызшыны ауыстыруға кредитор шешiмiнiң негiзiнде кредит шарты (келiсiмi) тараптарының келiсiмi бойынша жол берiледi.
      Қарызшыларды ауыстыру қарызды аудару арқылы, оның iшiнде өндiрiлген (көзделген) мүлiктi бюджеттiк кредит бойынша қарызды өтеу шотына беру кезiнде жүзеге асырылады.

      42-тарау. Талап мерзiмiнiң ескіруі, бюджеттiк кредит бойынша талаптардың тоқтатылуы

      186-бап. Бюджеттiк кредиттep бойынша талап мерзiмінің ескiруi

      Бюджеттiк кредиттер қарызшыларына кредитор талаптарына туыну мерзiмiнiң ескiруi қолданылмайды.

      187-бап. Бюджеттiк кредит бойынша талаптардың тоқтатылуы

      1. Бюджеттiк кредиттi өтеу жөнiндегi кредитордың талаптары қарызшылар кредиттiк шарт жөнiндегi мiндеттемелерiн тиiсiнше орындаған кезде тоқтатылады.
      2. Бюджеттiк кредиттi өтеу жөнiндегi мiндеттемелердiң орындалмаған бөлiгiндегі кредитордың талаптары Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес заемшыны тарата отырып тоқтатылады.
      3. Осы баптың 2-тармағына сәйкес кредитор талаптарының тоқтатылуы заңдарда көзделген мiндеттемелердi орындауды бағалау жөнiндегi рәсiмдер алдын ала жүргiзiлгеннен кейiн:
      республикалық бюджеттен берiлген бюджеттiк кредиттep бойынша - тиiстi қаржы жылына арналған Қазақстан Республикасының республикалық бюджет туралы заңының негізiнде;
      жергiлiктi бюджеттен берiлген бюджеттiк кредиттер бойынша - мәслихаттың шешiмi негiзiнде тоқтатылады.

      43-тарау. Бюджеттiк кредиттер бойынша бақылау, мониторинг, есепке алу

      188-бап. Бюджеттiк кредиттердi бақылау

      1. Кредитор және/немесе сенiм бiлдiрiлген (агент) бюджеттiк кредиттi мақсатты пайдалануға және ол жөнiндегi мiндеттемелердiң орындалуын қамтамасыз етудiң болуына Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлеген тәртiппен бақылау жүргiзедi.
      Бюджеттiк кредиттi мақсатты және тиiмдi пайдалануға жергiлiктi жерлерде тексерулердi бюджеттiк бағдарламалардың әкiмшiсi жүзеге асыруы мүмкiн.
      2. Бюджеттiк кредиттi мақсатты мiндетi бойынша пайдаланбау фактiсi анықталған жағдайда кредитор немесе сенiм бiлдiрiлген (агент) заемшыдан кредиттiң заңсыз пайдаланылған сомасын кредиттiк шартта (келiсiмде) белгiленген мөлшерде айыппұл ала отырып өндiрiп алады.

      189-бап. Бюджеттiк кредиттер мониторингi және есепке алу

      1. Тиiстi бюджеттерден бepiлeтiн бюджеттiк кредиттер бюджеттiң атқарылуы жөнiндегi орталық уәкiлеттi орган белгiлеген тәртiппен мiндеттi тiркеуге, есепке және мониторингке алынуға тиiс.
      2. Жергiлiктi бюджеттерден ұсынылатын барлық бюджет қаражаттары жасалған кредиттер шарттары (келiсiмдерi) туралы, бюджеттiң атқарылуы жөнiндегi орталық уәкiлеттi орган белгiлеген нысандар мен мерзiмдер бойынша бюджеттiк кредиттердi нақты ұсыну, қызмет көрсету және өтеу туралы жергiлiктi атқарушы органдардың есептiлiгi негiзiнде бюджеттiң атқарылуы жөнiндегi орталық уәкiлеттi органның орталықтанған есебiне алынуға тиiс.
      3. Кредиторлар заемшылар мен сенiм бiлдiрiлген (агенттердiң) кескiндiсiнде барлық ұсынылған бюджеттiк кредиттердің тiзiлiмiн жүргiзедi.
      4. Бюджеттiк кредиттердi пайдаланудың тиiмдiлiгiн бағалауды бюджеттiк бағдарламалардың әкiмшiлерi, бюджеттiк жоспарлау жөнiндегi уәкiлеттi орган жүзеге асырады.

      11-бөлiм. Мемлекет кепiлдiк берген мемлекеттiк қарыз алу және борыш

      43-тарау. Мемлекет кепiлдiк берген мемлекеттiк қарыз алу және борыш туралы жалпы ережелер

      190-бап. Осы бөлiмде қолданылатын ұғымдар

      Осы бөлiмде мынадай ұғымдар қолданылады:
      аваль - вексельдiк кепiлгерлiк, оны жасаған тұлға вексель бойынша мiндетті басқа тұлға үшiн вексель бойынша төлем (толығымен немесе бөлiкпен) жасауға өзiне мiндеттеме алады;
      сыртқы қарыз - қарыз берушi Қазақстан Республикасының резидент еместерi, ал қарызшы Қазақстан Республикасының Үкiметi немесе Қазақстан Республикасының резидентi болатын қарыз қарым-қатынастары;
      iшкi қарыз - қарыз берушi Қазақстан Республикасының резиденттерi, ал қарызшы Қазақстан Республикасының Үкiметi немесе Қазақстан Республикасының резидентi болатын қарыз-қарым- қатынастары;
      банк кепiлдiгi - қарызшы белгiленген мерзiмде қарыз туралы шарт (келiсiм) бойынша өзiнің есептелетiн соманы төлемеген жағдайда бюджеттің атқарылуы жөнiндегi уәкiлеттi органның алдындағы мемлекеттiк емес берешектi өтеу жөнiндегi банктiң мiндеттемесi;
      мемлекет кепiлдiк берген борыш - Қазақстан Республикасының мемлекеттiк кепiлдiгі бар, белгiлi бiр күнге алынған және өтелмеген мемлекеттiк емес қарыздар сомасы;
      мемлекет кепiлдiк берген қарыз - ол бойынша Қазақстан Республикасының мемлекеттiк кепiлдiгi бар мемлекеттiк емес қарыз;
      мемлекеттiк қарыз - қарызшы Қазақстан Республикасының Үкiметi, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi және Қазақстан Республикасының жергiлiктi атқарушы органдары болатын қарыз қарым-қатынастары;
      мемлекеттiк борыштық бағалы қағаз - қарызшы Қазақстан Республикасының Yкiметi, жергiлiктi атқарушы орган немесе Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi болатын, қарыз қарым-қатынастарында оны ұстаушының мүлiктiк құқықтарын куәландыратын борыштық бағалы қағаз;
      ақша рыногы - қысқа мерзiмдiк (бiр жылға дейiн) таратылатын қаржы құралдары;
      қарыз туралы шарт (келiсiм) - оған байланысты қарызшы қарыз қаражатын алатын және қарыз берушiнiң алдында оны қайтару жөнiнде және сыйақыны (мүдденi), сондай-ақ қарызға байланысты басқа да төлемдердi төлеу жөнiнде міндеттемелерде болатын құқықтық қатынастарды тiркейтiн құжат;
      қарыз берушi - мемлекет кепiлдiгiне мемлекеттiк немесе мемлекеттiк емес қарыздарды ұсынған Қазақстан Республикасының резидентi немесе резидент емесi;
      қарыз алу - қарыз қаражатын тарту қажеттiгі туралы шешiм қабылдау, қарыз тарту тәртiбi мен шарттарын белгiлеу, пайдалану, өтеу және қызмет көрсету рәсiмдерiн, келiссөздер, мiндеттемелердiң орындалуын қамтамасыз ету және кепiлдiк беру, қарыз бойынша тиiстi құжаттарды ресiмдеу және оларға қол қою, қарыз шартын бекiту (мемлекеттiк сыртқы қарыз алу кезiнде), тараптардың мiндеттемелердi орындауын есепке алу, бақылау және талдау рәсiмдерiн қоса алғанда қарыз қаражатын алу, пайдалану рәсiмдерiн қамтитын процесс;
      мемлекеттiк кепiлдiктердi ұсыну лимитi - тиiстi қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда бекiтiлген, оның шегiнде Қазақстан Республикасы мемлекетiнiң кепiлдiгi берiлуi мүмкiн тiркелген сома;
      жергілiктi атқарушы орган борышының лимитi - жергiлiктi атқарушы органның алынған және өтелмеген қарыздарында тиiстi қаржы жылына жергiлiктi бюджетте бекiтiлген, берiлген күнге (қаржы жылының аяғына) жергiлiктi атқарушы органның нақты борышынан асып кетпеуi тиiс тiркелген сома;
      үкiметтiк борыш лимитi - тиiстi қаржы жылына республикалық бюджет туралы заңмен бекiтiлген, Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң берiлген күнге (қаржы жылының аяғына) нақты борышынан асып кетпеу тиiс алынған және өтелмеген үкiметтiк қарыздардың тiркелген сомасы;
      борыш мониторингi - борышты есепке алу, талдау және қалыптастыру, өзгерту және қызмет көрсету процесiн бақылау жөнiндегi үкiметтің өздерiнiң уәкiлетті органы арқылы қызмет;
      мемлекеттiк емес қарыз - Қазақстан Республикасының Үкiметiн, Ұлттық Банкi мен жергiлiктi атқарушы органдарын қоспағанда, Қазақстан Республикасының резидентi қарызшы болатын қарыз қарым-қатынастары;
      сыйақының (мүдденiң) тiркелмеген (құбылмалы) ставкасы - рынок жағдаятына байланысты өзгерiстерге ұшыраған сыйақымен (мүддемен) бiрге бағалы қағаздар жөнiнде кредиттер, қарыз немесе кiрiс бойынша сыйақы (мүдде) ставкасы;
      борышқа қызмет көрсету - қарыз алу шарттарынан туындайтын уақыттың белгiлi бiр кезеңiндегі комиссиялық сыйақының (мүдденiң), айыппұлдар мен өзге де төлемдердi жиынтықты төлеу;
      қарызды өтеу - қарызшының қарыз берушiмен белгіленген шарттармен (келiсiмдермен) алынған сомаларды қайтаруы (өтелiмi), белгiленген тәртiппен басқа да борыш болатын мiндеттемелердi орындау;
      бағдарламалық қарыздар - халықаралық қаржы ұйымдарының Қазақстан Республикасының экономикасын дамыту және реформалау жөнiндегi шараларымен келiсiлген орындау шарттарымен олардың Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Ұлттық Банкiне ұсынған қарыздары;
      үкiметтік борыш - Қазақстан Республикасы алған және өтемеген, сондай-ақ заң актiлерiмен Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң белгілi бiр күнге борыштық мiндеттемелерiнiң борышына жатқызылған мемлекеттiк қарыздар;
      мемлекеттік борыштық бағалы қағаздарды орналастыру - Қазақстан Республикасы Үкiметi мемлекеттiк борыштық бағалы қағаздарын бiрiншi иеленушiнiң азаматтық-құқықтық мәмiлелер жасау арқылы иелiктен шығаруы;
      мемлекеттiк борышты қайта қаржыландыру - жаңадан қарыз алу қаражаты есебiнен мемлекеттiк борышты өтеу;
      қарызды қайта құрылымдау - тараптардың келiсiмi бойынша қарыз туралы шарт (келiсiм) бойынша мiндеттемелердi өздерiнiң орындау мерзiмдерiн, қаржылық және өзге де талаптарды өзгертуi;
      Қазақстан Республикасының резиденттерi - Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес орналасқан жерi Қазақстан Республикасында құрылған заңды тұлғалар, сондай-ақ орналасқан жерi Қазақстан Республикасы мен оның шегiнен тыс жерлердегi олардың филиалдары мен өкiлдiктерi;
      негізгi борыш сомасы - қарыз берушiге алынған және қайтарылмаған қарызды ол бойынша комиссиялық сыйақының (мүдденiң) және айыппұлдардың есептелген сомасын есепке алмастан өтелуге тиiстi сома.

      191-бап. Қарыз алу туралы жалпы ережелер

      1. Қазақстан Республикасы Үкiметi мен жергiлiктi атқарушы органдарының мемлекет кепiлдiк берген қарыз алудағы қарыз алуы Қазақстан Республикасының бюджеттiк заңдарына сәйкес жүзеге асырылады.
      Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң қарыз алуы Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi туралы заңдарымен реттеледi.
      2. Қазақстан Республикасының Үкiметiнiң, жергiлiктi атқарушы органдарының және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң қарыз алуы мемлекеттiк қарыз алу болып табылады.
      3. Мемлекеттiк емес қарыз алуды Қазақстан Республикасының резиденттерi кез келген мөлшерде дербес, кез келген валютада және кез келген нысанда Қазақстан Республикасының заңдарымен белгiленген шектеулердi есепке ала отырып жүзеге асырады.
      Мемлекеттiк мекемелер мен қазыналық кәсiпорындар мемлекеттiк емес қарыз алуды жүзеге асыруға құқылы емес.
      Мемлекеттiк емес заемдарға Қазақстан Республикасының мемлекеттік кепiлдiгiмен заңды тұлғалардың тартылуы мүмкiн.
      Мемлекет кепiлдiгiмен тартылатын мемлекеттiк емес қарыздардың қарыз туралы шарт (келiсiм) нысаны болуға тиiс.

      192-бап. Мемлекеттiк қарыздардың түрлерi мен нысандары

      1. Мемлекеттiк қарыздар қарызшыға қатысты:
      1) Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қарыздары;
      2) Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң қарыздары;
      3) Қазақстан Республикасы жергiлiктi атқарушы органдарының қарыздары болып бөлiнедi.
      2. Несие капиталының рыноктарына қарай мемлекеттiк қарыздар:
      мемлекеттiк сыртқы қарыздар;
      мемлекеттiк iшкi қарыздар болып бөлiнедi.
      3. Қарыз алу нысаны бойынша мемлекеттiк қарыздар:
      мемлекеттiк борыштық бағалы қағаздар эмиссиясы;
      қарыз туралы шарттар (келiсiмдер) жасасу болып бөлiнедi.
      4. Мемлекеттiк борыштық бағалы қағаздар қолданыстағы мерзiмiне қарай:
      1) 1 жылға дейiнгi өтiнiш мерзiмiн қоса алғанда, қысқа мерзiмдiк;
      2) 1 жылдан 5 жылға дейiнгi өтiнiш мерзiмiн қоса алғанда, орта мерзiмдiк;
      3) 5 жылдан асатын өтiнiш мерзiмiн қоса алғанда, ұзақ мерзiмдiк болып бөлiнедi.
      Мемлекеттiк борыштық бағалы қағаздар құжаттамалық және құжаттамасыз нысанда шығарылуы мүмкiн. Мемлекеттiк борыштық бағалы қағаздар талап етушiге құжаттамалық нысанда ғана шығарылуы мүмкiн. Мемлекеттiк борыштық бағалы қағаздар нақты және дисконттық құны бойынша сыйақының (мүдденiң) тiркелген және тiркелмеген (құбылмалы) ставкасымен шығарылуы мүмкiн.

      193-бап. Мемлекеттiк борыш

      1. Мемлекеттiк борыш - белгiлi бiр күнге алынған (игерiлген) және өтелмеген мемлекеттiк қарыздардың сомасы, сондай-ақ заң актiлерiмен Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң борышына немесе мәслихаттардың шешiмдерiмен - жергiлiктi атқарушы органдардың борышына жатқызылған белгiлi бiр күнге белгiленген борыштық мiндеттемелер.
      2. Мемлекеттiк борыш мемлекеттiк iшкi және сыртқы борышты қамтиды.
      3. Мемлекеттiк iшкi борыш - Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң, Ұлттық Банкiнiң және жергілiктi атқарушы органдарының Қазақстан Республикасының қарыз берушi резиденттерiнiң алдындағы мемлекеттiк iшкi қарыздар мен басқа да борыштық мiндеттемелерi бойынша мемлекеттiк борышының құрамды бөлiгi.
      4. Мемлекеттiк сыртқы қарыз - Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң, Ұлттық Банкiнiң Қазақстан Республикасының қарыз берушi резидент еместерiнiң алдындағы мемлекеттiк сыртқы қарыздар мен басқа да борыштық мiндеттемелерi бойынша мемлекеттiк борышының құрамды бөлiгі.

      194-бап. Қазақстан Республикасының Yкiметi мен жергiлiктi атқарушы органдардың мемлекеттiк қарызды өтеу және оған қызмет көрсету жөнiндегi мiндеттемелерi

      1. Қазақстан Республикасының Үкіметі Қазақстан Республикасының республикалық бюджетiнiң қаражатымен қамтамасыз етiлетiн үкiметтiк борышты өтеу және қызмет көрсету жөнiнде мiндеттiлiкте болады.
      2. Қазақстан Республикасының жергiлiктi атқарушы органдары жергiлiктi бюджеттердiң қаражатымен қамтамасыз етiлетiн өздерiнiң борышын өтеу және қызмет көрсету жөнiнде мiндеттiлiкте болады.
      3. Қазақстан Республикасының Үкiметi мен жергiлiктi атқарушы органдар бiр-бiрiнiң мiндеттемелерi бойынша жауап бермейдi.
      4. Қазақстан Республикасының Үкiметi мен жергiлiктi атқарушы органдардың мiндеттемелерi қарыз берушiге негiзгi борышты қайтарған және борышқа қызмет көрсету жөнiндегi төлемдердi толық көлемде төлеген кезде орындалған болып есептеледi.
      Қазақстан Республикасының Yкiметi мен жергілiктi атқарушы органдар тиiсiнше үкiметтiк борыш және жергiлiктi атқарушы органдардың мониторингін борышты қалыптастыру, өзгерту және қызмет көрсету процесiн есепке алуды, талдауды және бақылауды жүзеге асыру арқылы жүзеге асырады.

      195-бап. Мемлекеттiк борышты басқару

      Мемлекеттiк борышты басқару мыналарды қамтиды:
      1) алдағы орта мерзiмдiк кезеңдегi мемлекеттiк және мемлекет кепiлдiк берген қарыз алу мен борыштың жай-күйiн ондағы көрсеткiштердi үкiметтік борышты және жергiлiктi атқарушы органдар борышын өтеудiң, және қызмет көрсетудiң, лимиттің, мемлекеттiк кепiлдiктердi ұсынудың белгiленген көлемдерiне сәйкес айқындай отырып жыл сайын бағалау және болжамдау.
      Алдағы орта мерзiмдiк кезеңдегi мемлекеттiк және мемлекет кепiлдiк берген қарыз алу мен борыштың жай-күйiн жыл сайын бағалау мен болжамдауды әзiрлеудi бюджеттiк жоспарлау жөнiндегі орталық уәкiлетті орган Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкiмен бiрлесiп, бюджеттің атқарылуы жөнiндегi орталық уәкiлеттi органның қатысуымен республиканың әлеуметтiк-экономикалық дамуының орта мерзiмдiк жоспары, жинақталған мемлекеттік және мемлекет кепiлдiк берген борыштың көлемдерi мен құрылымы негізiнде жүзеге асырады;
      2) бюджеттiк жоспарлау жөнiндегі орталық уәкiлеттi органның тиiстi қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңында бекiтiлген үкiметтiк борышының лимитiн және мемлекеттiк кепілдiктердi ұсынудың лимитiн айқындау;
      3) бюджеттiң атқарылуы жөнiндегi орталық уәкiлеттi органның тиiстi қаржы жылына арналған республикалық бюджетте бекiтiлген Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қарыз алу көлемдерiн, нысандары мен шарттарын, үкiметтiк борышты өтеу мен қызмет көрсету көлемдерiн айқындау;
      4) бюджеттің атқарылуы жөнiндегі орталық уәкiлеттi органның мемлекеттiк заемдарды тiркеудi, мемлекеттiк қарыздар алу, өтеу және қызмет көрсету борыш мониторингiн жүзеге асыруы;
      5) борыш құрылымын оңтайландыру жөнiндегі, оның iшiнде борышты мерзiмiнен бұрын өтеу жөнiндегі, эмитенттiң ұйымдасқан бағалы қағаздар рыногында мемлекеттiк борыштық бағалы қағаздарды сатып алуы мен сатуы жөнiндегі, мемлекеттiк және мемлекет кепiлдiк берген борышты қайта құрылымдау, борышты қайта қаржыландыру, мемлекеттiк және мемлекет кепiлдiк берген қарыз алу қатерін басқару жөнiндегi шараларды әзiрлеу мен iске асыру.

      196-бап. Мемлекеттiк және мемлекет кепiлдiк берген борыштың жай-күйi туралы мәлiметтердi жариялау

      Қазақстан Республикасының мемлекеттiк борышының ағымдағы жай-күйi туралы, мемлекеттiк борышты өтеу есебiне төленген ақша сомасы туралы, Қазақстан Республикасының мемлекеттiк кепiлдiктерiмен берiлген және кепiлдiктер бойынша төленген ақша сомалары туралы мәлiметтер ашық болып табылады және бюджеттің атқарылуы жөнiндегi орталық уәкiлеттi орган статистикалық есеп беру нысанында тоқсан сайын ресми жариялауы тиiс.

      44-тарау. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қарыз алуы

      197-бап. Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң қарыз алу мақсаттары

      Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қарыз алуы республикалық бюджет тапшылығын қаржыландыру мақсатында жүзеге асырылады.
      Қазақстан Республикасы Yкiметi бюджетiнiң профицитi кезiнде үкiмет қарызын қайта қаржыландыру үшін қарыз алу жүзеге асырылуы мүмкiн.

      198-бап. Үкiметтiк қарыз алуды жүзеге асыру

      1. Қазақстан Республикасының қарыз алуы Қазақстан Республикасынан Үкiметi белгiлеген тәртiппен:
      1) қарыз алудың қаржылық шегiн белгiлеу;
      2) қарыз алудың инвестициялық басымдықтарын айқындау;
      3) ұсынылған үкiметтiк қарыздардың тiзiлiмiн қалыптастыру негiзiнде жүзеге асырылады.
      2. Қазақстан Республикасының Yкiметi атынан заемдар тартуды Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң қарыз немесе мемлекеттiк борыштық бағалы қағаздар түрi туралы әрбiр жекелеген шарты (келiсiмi) бойынша шешiмi негiзiнде бюджеттiң атқарылуы жөнiндегi орталық уәкiлеттi орган жүзеге асырады.
      3. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң мемлекеттiк борыштық бағалы қағаздар эмиссиясының көлемдерiн, мерзiмдерiн және шарттарын бюджеттің атқарылуы жөнiндегi орталық уәкiлеттi орган айқындайды, бюджеттiң атқарылуы жөнiндегi орталық уәкiлеттi орган осындай бағалы қағаздардың эмитентi болып табылады.

      199-бап. Үкіметтiк қарыз алуды шектеу

      Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң мемлекеттiк қарыз алуы тиiстi қаржы жылына арналған Қазақстан Республикасының республикалық бюджет туралы заңымен белгiленген үкiметтiк қарыз лимитiмен және үкiметтiк борышқа қызмет көрсетуге бағытталған бюджет қаражаты көлемiнде шектеледi.

      200-бап. Үкiметтiк борышты өтеу және қызмет көрсету

      Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң борышын өтеу және қызмет көрсету, олардың айналысқа шығарған мемлекеттiк бағалы қағаздарын бағалы қағаздардың ұйымдасқан рыногында сатып алуды тиiстi қаржы жылына арналған Қазақстан Республикасының республикалық бюджет туралы заңында көзделген бюджет қаражаты есебiнен бюджеттiң атқарылуы жөнiндегi орталық уәкiлеттi орган Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлеген тәртiппен Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi арқылы жүзеге асырады.

      45-тарау. Жергiлiктi атқарушы органдардың қарыз алуы

      201-бап. Жергiлiктi атқарушы органдардың қарыз алу мақсаттары

      1. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергiлiктi атқарушы органдарының қарыз алуы бюджеттiк инвестициялық жобаларды iске асыру мақсатында облыстық бюджеттiң, республикалық маңызы бар қала бюджетiнiң тапшылығын қаржыландыру үшiн Қазақстан Республикасы Үкiметiнен қарыз алу түрiнде жүзеге асырылады.
      2. Аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) жергiлiктi атқару органдарының қарыз алуы бюджеттiк инвестициялық жобаларды iске асыру мақсатында аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджетiнiң тапшылығын қаржыландыру үшiн, сондай-ақ кассалық алшақтықты жабуға облыстың жергiлiктi атқарушы органынан қарыз алу түрiнде жүзеге асырылады.
      3. Жергiлiктi атқарушы органның қарыздары бойынша алынған қаражаттар тиiстi қаржы жылына арналған жергiлiктi бюджеттi атқару тәртiбiмен аталған мақсаттарға пайдаланылады.

      202-бап. Жергiлiктi атқарушы органдардың қарыз алуын шектеу

      1. Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, жергiлiктi атқарушы органының мемлекеттiк қарыз алуы жергiлiктi атқарушы орган борышының белгiленген лимитiмен және жергiлiктi атқарушы органның борышын өтеуге және қызмет көрсетуге бағытталған жергiлiктi бюджет қаражаты көлемiмен шектеледi.
      2. Жергiлiктi атқарушы орган борышының лимиттi тиiстi қаржы жылына арналған жергiлiктi бюджет кiрiсiнiң 25 процентiн құрайды.
      3. Жергiлiктi атқарушы органның борышын өтеуге және қызмет көрсетуге арналған шығыстардың көлемi тиiстi қаржы жылына арналған жергiлiктi бюджет кiрiстерiнiң 10 процентiнен аспауы тиiс.

      203-бап. Жергiлiктi атқарушы органдардың борышын өтеу және қызмет көрсету

      Жергiлiктi атқарушы органдардың борышын өтеу және қызмет көрсету олар тиiстi қаржы жылына арналған жергілiктi бюджетте көзделген қаражаттар есебiнен, Қазақстан Республикасының Yкiметi белгiлейтiн тәртiппен жүзеге асырылады.

      46-тарау. Мемлекет кепiлдiк берген қарыз алу және борыш

      204-бап. Мемлекеттiк кепiлдiк

      1. Қазақстан Республикасының мемлекеттiк (үкiметтiк, егемендiк) кепiлдiгi - Қазақстан Республикасының қарызшы резидентi одан есептелетiн соманы белгiленген мерзiмде төлемеген жағдайда берешектi толық немесе iшiнара өтеуге Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қарыз берушi алдындағы мiндеттемесi.
      2. Мемлекеттiк кепiлдiктер заем берушiлерге олар алған мемлекеттiк емес қарыздар бойынша Қазақстан Республикасы резиденттерiнiң мiндеттемелерiн орындауды қамтамасыз етуi ретiнде берiледi.
      3. Қарыздар бойынша Қазақстан Республикасы атынан кепiлдiк берудiң ерекше құқығын Қазақстан Республикасы Үкiметi иеленедi.
      Мемлекеттiк кепiлдiктердi берудi Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң тапсырмасы бойынша бюджеттiң атқарылуы жөнiндегi орталық уәкiлеттi орган жүзеге асырады.
      4. Мемлекеттiк кепiлдiктердi беру Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлеген тәртiппен жүргiзiледi.

      205-бап. Мемлекеттiк кепiлдiктер берудi шектеу

      1. Мемлекеттiк кепiлдiктер тиiстi қаржы жылына арналған Қазақстан Республикасының республикалық бюджет туралы Заңымен белгіленген лимит шектерiнде берiледi.
      2. Мемлекеттiк кепiлдiктер жергiлiктi атқарушы органдардың қарыздарын қамтамасыз ету ретiнде берiлуi мүмкiн емес.
      3. Мемлекеттiк кепiлдiк беру лимитiнiң көлемi осы лимит белгiленген тиісті қаржы жылының шектерiнде ғана пайдаланылуы мүмкiн.

      206-бап. Мемлекеттiк кепiлдiктер беру шарттары

      1. Мемлекеттік кепiлдiктер Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қаулылары негiзiнде берiледi.
      2. Мемлекеттiк кепiлдiктер беру осы Кодекстiң 207-бабына сәйкес гаранттың мiндеттемесiн орындау кезiнде Қазақстан Республикасының Үкiметi шығаратын бюджет қаражаттарынан қарызшыға қайтарып беру шарттарында жүзеге асырылады.
      3. Қарызшыдан мемлекеттiк емес қарыз бойынша мемлекеттiк кепiлдiк бергенi үшiн мемлекеттiң жүз процент қатысуымен құрылған заңды тұлғалар үшiн мемлекеттiк кепiлдiк сомасының 0,2 % мөлшерiнде және өзге де заңды тұлғалар үшiн мемлекеттiк кепiлдiк сомасының 2 % мөлшерiнде алдын ала бiржолғы төлем (алым) алынады.
      4. Мемлекеттiк кепiлдiк беру мемлекеттiк кепiлдiктi атқару арқылы республикалық бюджеттен жiберiлген қаражатты қайтару жөнiндегi мiндеттемелердiң орындалуы қамтамасыз етiлгенiн растайтын iшкi кредиттiк келiсiм мен құжаттар ресiмделiп, тiркелгеннен кейiн жүзеге асырылады.
      Iшкi кредиттiк келiсiм - Қазақстан Республикасының мемлекеттік кепiлдiгi бойынша мiндеттемелердiң орындалуына байланысты жiберiлген республикалық бюджет қаражатын қайтару жөнiнде, мемлекет кепiлдiк берген қарыз шарты бойынша мiндеттемелердiң орындалуын қамтамасыз ету жөнiнде тараптардың құқықтық қатынастарын белгiлейтiн, бюджеттiң атқарылуы жөнiндегi орталық атқарушы орган, сенiм бiлдiрiлген (агент) пен мемлекет кепiлдiк берген қарыз қарызшысы арасындағы келiсiм.

      207-бап. Мемлекеттiк кепiлдiк алудан үмiткер тұлғаларға қойылатын талаптар

      1. Қарыздар бойынша мемлекет кепiлдігін алуға үмiткер заңды тұлғаларға осы заңды тұлғалар қарызшы ретiнде болғанда мынадай талаптар қойылады:
      1) кәсiпкерлiк қызметiн жүзеге асырушының Қазақстан Республикасының резидентi болуы;
      2) Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң шешiмiмен бекiтiлетiн тиiстi кезеңге арналған Қазақстан Республикасының мемлекеттiк кепiлдiгiмен мемлекеттiк емес қарыздар қаражаты есебiнен қаржыландыруға ұсынылып отырған инвестициялық жобалар тiзбесiне енгізілген жобаларды iске асыруды жүзеге асыруы;
      3) банктiк қадағалау саласындағы уәкiлеттi органның келiсiмi бойынша бюджеттiң атқарылуы жөнiндегi уәкiлеттi орган белгiлеген қарыздардың қайтарымын қамтамасыз ету талаптарын қанағаттандыратын банк кепiлдiгiнiң болуы;
      4) салалық уәкiлеттi органның оң қорытындысының болуы;
      5) бюджеттiң атқарылуы жөнiндегi орталық уәкiлеттi органның оң қорытындысының болуы;
      6) экономикалық жоспарлау жөнiндегi орталық уәкiлеттi органның оң қорытындысының болуы;
      7) бюджеттік жоспарлау жөнiндегi орталық уәкiлеттi органның оң қорытындысының болуы;
      8) мемлекеттік кепiлдiктер ретiнде бұрын алынған мемлекеттiк емес қарыздарды, ол бойынша төлем мерзiмдерi жақындаған, сондай-ақ заем берушiлер алдындағы өзге де мерзiмi өткен берешектердi өтеу және қамтамасыз ету бойынша берешектердiң болмауы;
      9) жобаның жалпы құнын жаппайтын қарыз тартылған жағдайда, ұсынылып отырған инвестициялық жобаны қоса қаржыландыру бойынша мiндеттемелердiң қамтамасыз етiлуі.
      2. Қазақстан Республикасының Үкiметi мемлекеттік емес қарыз бен инвестициялық жоба қатерiнiң шарттарына қарай мемлекеттiк кепiлдiк алудан үмiткер тұлғаларға қойылатын қосымша талаптар белгілеуi мүмкiн.

      208-бап. Мемлекеттiк кепiлдiктер беруге арналған инвестициялық жобаларды таңдап алу

      Мемлекеттік кепiлдiктер беруге арналған инвестициялық жобаларды iрiктеп алуды Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлеген тәртiппен экономикалық жоспарлау жөнiндегі орталық уәкiлеттi орган жүргiзедi.

      209-бап. Мемлекеттiк кепiлдiк нысаны

      1. Мемлекеттiк кепiлдiк қарыз берушiмен бюджеттiң атқарылуы жөнiндегi орталық уәкiлеттi орган жасасқан не мемлекеттік емес қарыз бойынша гаранттың мiндеттемесiн (кепiлдiк мiндеттемесiн) бюджеттiң атқарылуы жөнiндегi орталық уәкiлетті органның қабылдауы туралы қарыз берушiнi жазбаша хабардар еткен мемлекеттiк кепiлдiк (кепiлдiк шартын) ұсыну туралы жазбаша рәсiмделген шарт нысанында болуы тиiс.
      Мемлекеттiк емес сыртқы қарыздар бойынша Қазақстан Республикасының мемлекеттiк кепiлдiгiн ұсыну туралы шарт болған кезде бюджеттiң атқарылуы жөнiндегi орталық уәкiлеттi орган заң актiлерiнде белгiленген тәртiппен қарызшының мiндеттемесiн кепiлдендiруге мiндеттi. Кепiлдендiру борышкердiң векселiнде немесе оған қоса берiлген қосымша парақта не ол берiлген орын көрсетiле отырып, жеке актiмен кепiлдендiрушiнiң қол қоюы түрiнде рәсiмделедi.
      Осы баптың, осы Кодекстiң 210-бабының талаптарына сәйкес құжат қана мемлекеттік кепiлдiк болып танылуы мүмкiн. Қазақстан Республикасы мемлекеттiк органдарының және олардың лауазымды тұлғаларының қандай да болмасын актiлерiнiң немесе өзге де құжаттарының мемлекеттiк кепiлдiк болатын заң күшi болмайды.
      2. Әрбiр инвестициялық жоба бойынша кепiлдiк шартына, кепiлдiк берiлген мiндеттемеге, заемшының әрбiр мiндеттемесi бойынша кепілдемелерге бюджеттiң атқарылуы жөнiндегi орталық уәкiлеттi органның бiрiншi басшысы қол қояды.

      210-бап. Мемлекеттiк кепiлдiктiң мазмұны

      1. Кепiлдiк шартында немесе кепiлдiк берiлген мiндеттемелерде:
      1) соған сәйкес мемлекеттiк кепiлдiк берiлетiн Қазақстан Республикасы Yкiметi қаулыларының деректемелерi;
      2) қарызшының атауы және тұрған жерi;
      3) қарыз туралы шарттың (келiсiмнiң) тараптары және қарызшының негiзгi мiндеттемесiнiң мазмұны;
      4) кепiлдiк берiлетiн қарыз сомасы, берiлетiн мемлекеттiк кепiлдiктiң күшi қолданылатын қарыз бойынша өзге де кепiлдiк берiлетiн мiндеттемелер;
      5) мемлекеттiк кепiлдiктiң қолданысқа енгiзiлу мерзiмдерi;
      6) кепiлдiк шартына (кепiлдiк берiлген мiндеттемеге) қол қойған лауазымды тұлға көрсетiледi.
      2. Кепiлдендiру үшiн борышкердiң векселiндегi белгiлеу нысанында лауазымды тұлға - жетiлдендiрушi көрсетiледi.
      3. Шартта кепiлдiктер, кепiлдемелiк мiндеттемеде осы баптың 1-тармағының 4), 5) тармақшаларында көзделген шарттар болмаған жағдайда:
      1) мемлекеттiк кепiлдiк қарыз бойынша борышкердiң барлық мiндеттемелерiнiң орындалуын қамтамасыз етедi;
      2) мемлекеттiк кепiлдiк қарыз туралы шарттың (келiсiмнiң) қолданысқа енгiзiлу мерзiмiнде берiлдi деп есептеледi.
      Кепiлдiк шартында және кепiлдiк берiлген мiндеттемеде осы баптың 1-тармағының 1) тармақшасында көзделген не оларға қол қойылмаған, сондай-ақ уәкiлеттi емес тұлға қарызшының мiндеттемесiн кепiлдендiруде осы Кодекстiң 219-бабының 2-тармағын бұзған жағдайда мемлекеттiк кепiлдiк жарамсыз деп есептеледi.

      211-бап. Мемлекеттік кепілдiктердi және олар кепiлдiк беретiн заемдарды ұсынуды есепке алу

      Ұсынылатын мемлекеттiк кепiлдiктер және олар кепiлдiк беретiн қарыздарды бюджеттiң атқарылуы жөнiндегi орталық уәкiлеттi орган өздерi белгiлеген тәртiппен тiркеуге және есепке алуға тиiс.
      Бюджеттің атқарылуы жөнiндегi орталық уәкiлеттi орган кепiлдiк берiлген мемлекеттiк борыштың мониторингiн және оны басқаруды жүзеге асырады.
      Мемлекет кепiлдiк берген қарыз алушы қарызшының қаржылық жай-күйiнiң мониторингi Қазақстан Республикасының Yкiметi белгiлеген тәртiппен жүзеге асырылады.

      212-бап. Мемлекеттiк кепiлдiктiң орындалуы

      Егер қарыз туралы шарттың (келiсiмнiң) талаптарында өзгеше көзделмесе, қарызшы кепiлдiкпен қамтамасыз етілген қарызды төлем мерзiмi басталған күнi және тиiстi қаржы жылына арналған республикалық бюджетте көзделген қаражаттар шегінде толық немесе iшiнара өтемеген жағдайда, кепiлдiк төлем күнi басталғаннан кейiн орындалуға тиiс.
      Қазақстан Республикасының мемлекеттiк кепiлдiгi жөнiндегi мiндеттемелердiң орындалуына бағытталған қаражатты қайтару, қайта құрылымдау, борышкердi ауыстыру, талап мерзiмiнiң ескiруi, аталған қаражатты қайтару жөнiндегi талаптарды тоқтату осы Кодекстiң 182-186-баптарымен реттеледi.
      Қазақстан Республикасының мемлекеттiк кепілдiгi жөнiндегi мiндеттемелердiң орындалуына бағытталған қаражат осы Кодекстiң 176-бабына сәйкес белгiленген ставка бойынша iшкi кредиттік келiсiмде белгiленген мерзiм iшiнде мемлекеттiк бюджетке өтелуге тиiс.

      213-бап. Кепiлдiк берiлген мемлекеттiк қарыздарды қайта құрылымдау

      1. Кепiлдiк берiлген мемлекеттiк қарызды қайта құрылымдау Қазақстан Республикасының Үкiметi шешiм қабылдаған жағдайда қарыз берушi мен қарызшының келiсiмi бойынша жүзеге асырылады.
      2. Қарыз берушiнiң талабы бойынша кепiлдiк берiлген мемлекеттiк қарызды қайта құрылымдау кезiнде бұрын берiлген мемлекеттiк кепiлдiктi Қазақстан Республикасының Үкiметi растауы немесе ауыстыруы мүмкiн.
      3. Бұл реттегi кепiлдiк берiлген сома бұрын берiлген мемлекеттік кепiлдiк сомасынан артық болуы мүмкiн емес. Қайта берiлген мемлекеттiк кепiлдiкке осы Кодексте белгiленген шектеулер қолданылмайды.

      214-бап. Кепiлдiк берiлген мемлекеттiк қарыз бойынша заемшыны ауыстыру

      1. Кепiлдiк берiлген мемлекеттiк қарыз бойынша қарызшыны ауыстыруға бюджеттiң атқарылуы жөнiндегi орталық уәкiлеттi орган мақұлдаған жағдайда қарыз туралы шарт (келiсiм) тараптарының келiсiмi бойынша жол берiледi.
      2. Кепiлдiк берiлген мемлекеттiк қарыз бойынша қарызшы ауыстырылған жағдайда, мемлекеттiк кепiлдiк Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң шешiмi негiзiнде қарыз берушiнiң талабы бойынша ауыстырылуы немесе бюджеттiң атқарылуы жөнiндегi орталық уәкiлеттi орган арқылы расталуы мүмкін.
      3. Бұл ретте кепiлдiк берiлген қарыз сомасы бұрын берiлген мемлекеттiк кепiлдiк бойынша заем сомасынан артық болуы мүмкiн емес. Қайта берiлген мемлекеттiк кепiлдiкке осы Кодекстiң 205-бабымен белгiленген шектеулер қолданылмайды.

      215-бап. Мемлекеттiк кепiлдiк қолданысын тоқтату негіздері

      1. Егер:
      1) қарызшы немесе гарант Қазақстан Республикасының Yкiметi кепiлдiк берген қарыз бойынша мiндеттемелердi толық орындаса;
      2) кепiлдiк шартында (кепiлдiк мiндеттемесiнде) көрсетiлген кепiлдiк мерзiмi өтсе; егер онда өзгеше айтылмаса;
      3) қарыз туралы шартта (келiсiмде) және (немесе) кепiлдiк шартында (кепiлдiк мiндеттемесiнде) арнайы айтылған жағдайларда;
      4) кепiлдiк берiлген мемлекеттiк қарызды қайта құрылымдау кезiнде ол жаңасына ауыстырылса мемлекеттiк кепiлдiк өзiнiң қолданысын тоқтатады.
      2. Мемлекеттiк кепiлдiктiң қолданысы қарыз берушiнiң келiсiмi бойынша мерзiмiнен бұрын тоқтатылуы, ал мемлекеттiк кепiлдiк Қазақстан Республикасының Үкiметi белгілеген тәртіппен қайтарылып алынуы мүмкiн.

      216-бап. Мемлекет кепiлдiгiмен алынған қаражаттарды пайдалануды шектеу

      Мемлекет кепiлдiгiмен алынған қаражаттарды қарыз туралы шартта (келiсiмде) көзделмеген мақсаттарға, сондай-ақ Қазақстан Республикасы мемлекеттiк органдарын кредиттеуге пайдалануға тыйым салынады.

      217-бап. Мемлекеттiк кепiлдiк бар қарыз туралы шарт (келiсiм) бойынша алынған қаражатты пайдалануды бақылау мен жауаптылық

      Мемлекеттік кепiлдiк бар қарыз туралы шарт (келiсiм) бойынша алынған қаражаттарды пайдалануға Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлеген тәртiппен бақылау жүзеге асырылады.
      Мемлекеттiк кепiлдiк бар қарыз бойынша қарызшыға және кепiлдiк берген банкке Қазақстан Республикасының Yкiметi кепiлдiк берген қарыз бойынша алынған қаражаттарды мақсатсыз пайдаланғаны үшiн және қарызшы қарыз бойынша борыштық мiндеттемесiн орындамаған жағдайда мемлекеттiк кепiлдiк бойынша бюджеттiң атқарылуы жөнiндегі орталық уәкiлетті орган орындау үшiн пайдаланған қаражаттарды қайтарғаны үшiн Қазақстан Республикасының заңнамасымен көзделген жауаптылық жүктеледi.

      47-тарау. Қарыз берушінiң мүдделерiн қорғау

      218-бап. Қарыз берушi алдындағы мiндеттеменi жоюға немесе мерзiмiн кейiнге қалдыруға жол бермеу

      Қарыз берушi алдындағы мiндеттемелер, соның iшiнде, Қазақстан Республикасының мемлекеттiк кепiлдiктерiнен туындайтын мiндеттемелер бiржақты тәртiпте жойылуы немесе мерзiмi кейiнге қалдырылуы мүмкін емес.

      219-бап. Мемлекеттiк органдар мен лауазымды адамдарды заңсыз әрекеттерден қорғау

      Мемлекеттік органдар мен олардың лауазымды адамдарының Қазақстан Республикасының заңдарын бұза отырып қабылдаған және мемлекеттiк және мемлекет кепiлдiк берген қарыздарды тарту, пайдалану немесе өтеу шарттарын нашарлататын актiлерiнiң заңды күшi болмайды.

      220-бап. Дауларды шешу

      1. Қарыз туралы шарттарға (келiсiмдерге), мемлекеттік борыштық бағалы қағаздар эмиссиясына, үкіметтiк кепiлдiктерге байланысты немесе олардың қызметiне байланысты даулар мен келiспеушiлiктер, мемлекеттiк, үкiметтiк борышты, жергiлiктi атқарушы органдарының борышын немесе мемлекет кепiлдiк берген борышты басқаруды қоса алғанда, мүмкiндiгiнше келiссөздер жүргiзу арқылы не қарыз туралы шарттарда, мемлекеттік бағалы қағаздар шығару ережелерiнде белгiленген дауларды шешудiң бұрын келiсiлген рәсiмдерiне сәйкес шешiледi.
      2. Осы баптың 1-тармағының шеңберiнде қамтылмаған барлық қалған дауларды шетелдiк қарыз берушiнiң Қазақстан Республикасының заңды тұлғаларымен және азаматтарымен дауларын қоса алғанда, егер тараптардың келiсiмiмен өзгеше көзделмесе, Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес Қазақстан Республикасының соттары шешедi.

      12-бөлiм. Қорытынды және өтпелі ережелер

      48-тарау. Қорытынды және өтпелі ережелер

      221-бап. Қорытынды және өтпелі ережелер

      1. Осы Кодекс 2005 жылғы 1 қаңтардан бастап күшiне енгiзiледi.
      2. 2005 жылға арналған республикалық және жергіліктi бюджеттер осы Кодекске сәйкес әзiрленедi.
      3. Осы Кодекстiң қолданысқа енгiзiлу кезiнде қолданыста болатын Қазақстан Республикасының заңдары оған қайшы келмейтiн бөлігінде қолданылады және оны қолданысқа енгiзген күннен бастап бiр жыл iшiнде осы Кодекске сәйкес келтiрiлуге тиiс.

      Қазақстан Республикасының
      Президентi

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады