Қазақстан Республиқасының Көлiк және коммуникациялар министрлiгi мен Ресей авиация-ғарыш агенттiгi арасындағы Қазақстан Республикасының сынаушы-ғарышкерiне кандидаттардың Ю.А.Гагарин атындағы Ресей ғарышкерлер даярлау мемлекеттік ғылыми-зерттеу сынау орталығында жалпығарыштық дайындықтан өту тәртiбi мен шарттары туралы хаттамаға қол қою туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 2 маусымдағы N 510 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Yкіметі қаулы етеді:

      1. Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрлігі мен Peceй авиация-ғарыш агенттігі арасындағы Қазақстан Республикасының сынаушы-ғарышкерінe кандидаттардың Ю.А.Гагарин атындағы Peceй ғарышкерлер даярлау мемлекеттік ғылыми-зерттеу сынау орталығында жалпығарыштық дайындықтан өту тәртiбi және шарттары туралы хаттамаға қол қоюға келісім берiлсiн.

      2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшіне енеді.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрлiгi мен Ресей авиация-ғарыш агенттiгi арасындағы Қазақстан Республикасының сынаушы-ғарышкерлерiне кандидаттардың Ю.А.Гагарин атындағы ғарышкерлер даярлайтын Ресей мемлекеттiк ғылыми-зерттеу сынақ орталығында жалпығарыштық дайындықтан өту тәртiбi мен шарттары туралы
ХАТТАМА

      Бұдан әрi "Жiберушi тарап" деп аталатын, Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрлiгi және бұдан әрi "Қабылдаушы тарап" деп аталатын Ресей авиация-ғарыш агенттiгi, бұдан әрi бiрге "Тараптар" деп атала отырып,
      Қазақстан Республикасының Yкiметi мен Ресей Федерациясының Yкiметi арасындағы 1994 жылғы 10 желтоқсандағы "Байқоңыр" кешенiн жалға алу шартын, Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясының арасындағы 2000 жылғы 19 маусымдағы "Байқоңыр" кешенiнiң жұмыс iстеуiн қамтамасыз ету мәселелерi бойынша бұдан арғы ынтымақтастық туралы меморандумды басшылыққа ала отырып,
      Қазақстан Республикасы Президентiнiң Ресей Федерациясы ғарыш саласының басшыларымен Мәскеу қаласында 1999 жылғы 1 сәуiрде болған кездесуiнде қол жеткiзiлген Қазақстан Республикасының екi ғарышкерiн дайындықтан өткiзу туралы уағдаластыққа opaй,
      ғарыш кеңiстiгiн бейбiт мақсаттарда зерттеу және пайдалану саласындағы екi жақты ынтымақтастықты дамытуға талпынысты негiзге ала отырып,
      төмендегiлер туралы келiстi:

1-бап

      Қабылдаушы тарап Қазақстан Республикасының сынаушы-ғарышкерлерiне екi кандидаттарды ғарышкерлер даярлайтын Ю.А.Гагарин атындағы Ресей мемлекеттiк ғылыми-зерттеу сынақ орталығында (бұдан әрi - Ю.А.Гагарин атындағы ҒДО) жалпығарыштық дайындықтан өту үшiн қабылдайды.

2-бап

      Қазақстан Республикасының сынаушы-ғарышкерлерiне екi кандидаттарды жалпығарыштық дайындықтан өткiзу бойынша шығындарды өтеу Қабылдаушы тарапқа жүктеледi.
      Көрсетiлген шығындар:
      оқытушылар құрамымен, оқу құралдарымен, зертхана жабдығымен, оқу жоспарлары және бағдарламаларына сәйкес ғарышкерлер даярлаудың техникалық құралдарымен;
      кітапханалармен, оқу процесi үшiн қажеттi оқу және спорт залдарымен өзге де үй-жайлармен;
      Ю.А.Гагарин атындағы ҒДО-дан тыс жерлердегi дайындық өткiзу орнына жеткiзу көлiгiмен;
      дәрiгерлiк қызмет көрсетумен;
      Ю.А.Гагарин атындағы ҒДО ғарышкерлерге кандидаттар үшiн қолданылып жүрген нормалар бойынша техникамен жұмыс iстеу үшiн қажеттi арнайы киiммен қамтамасыз ету шығындарын қамтиды.
      Қазақстан Республикасының сынаушы-ғарышкерлерiне кандидаттардi Ю.А.Гагарин атындағы ҒДО күтiмiне байланысты шығындар Қазақстан Республикасының республикалық бюджетiнде көзделген қаражат есебiнен жүзеге асырылады және ол:
      Қазақстан Республикасының сынаушы-ғарышкерлерiне кандидаттар үшiн белгiленген нормалар бойынша стипендия және жәрдемақы төлемдерiн;
      осы Хаттаманың 6-бабына сәйкес көлiк шығындарын;
      тұру үшiн тұрғын үй жалдау бойынша шығындарды;
      арнайы тамақтануға арналған шығындарды;
      Москва және Москва облысынан тыс жерлерде дайындық өткiзу кезiндегі iссапар шығындарын (көлiк шығындарын қоспағанда) қамтиды.
      Қазақстан Республикасының сынаушы-ғарышкерлерiне кандидаттардың қатарындағы Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерiнiң әскери қызметкерлерi ұлттық әскери киiммен жүруi мүмкiн.

3-бап

      Қазақстан Республикасының сынаушы-ғарышкерлерiне кандидаттарды даярлау орыс тiлiнде жүзеге асырылады.

4-бап

      Қазақстан Республикасының сынаушы-ғарышкерлерiне кандидаттар, соның iшiнде Ю.А.Гагарин атындағы ҒДО-ға отбасымен жiберiлгендер тұру үшiн тұрғын үймен қамтамасыз етiледi.
      Қабылдаушы тарап Қазақстан Республикасының сынаушы-ғарышкерлерiне кандидаттарді және олардың отбасы мүшелерiн уақытша тiркеу бойынша шаралар қабылдайды.

5-бап

      Қазақстан Республикасының сынаушы-ғарышкерлерiне кандидаттардiң олармен бiрге тұратын отбасы мүшелерiне Қабылдаушы тараптың медициналық мекемелерiнде тегiн шұғыл және амбулаторлық дәрiгерлiк көмек көрсетiледi.
      Қазақстан Республикасының сынаушы-ғарышкерлерiне кандидаттардiң отбасы мүшелерiн тексерудiң қымбат тұратын түрлерi және стационарлық бөлiмде емдеу Қабылдаушы тараптың медициналық мекемелерiнде ақы төлеп жүзеге асырылады.

6-бап

      Ю.А.Гагарин атындағы ҒДО-да жалпығарыштық дайындықтан өтетiн Қазақстан Республикасының сынаушы-ғарышкерлерiне кандидаттардi жыл сайын жазғы уақытта ұзақтығы 45 тәулiк кезектi демалыс берiледi.
      Қазақстан Республикасының сынаушы-ғарышкерлерiне кандидаттардiң жалпығарыштық дайындықтан өтуi үшiн Ю.А. Гагарин атындағы ҒДО-дағы жұмыс (қызмет) орнынан ауысуы және оны аяқтаған соң, жұмыс (қызмет) орнына aуысуы, сондай-ақ демалысқа шығуы мен одан келуiнiң көлiк шығындарын Жiберушi тарап өз есебiнен қамтамасыз етедi.

7-бап

      Ю.А. Гагарин атындағы ҒДО-да жалпығарыштық дайындықтан өтетiн Қазақстан Республикасының сынаушы-ғарышкерлерiне кандидаттар Ю.А.Гагарин атындағы ҒДО-ның iшкi тәртiбiн сақтауы тиiс.
      Сынаушы-ғарышкерлерге кандидаттардiң ағымдағы дайындық деңгейiн және тренажерлық құралдардың жағдайын ескере отырып, дайындықтың бағдарламасы мен жоспар-кестесiн Қабылдаушы тарап бip жақты тәртiппен өзгертуi мүмкiн.

8-бап

      Жалпығарыштық дайындық бағдарламасын талап етiлген көлемде орындаған және Қабылдаушы тараптың талаптарына сәйкес емтихан тапсырған Қазақстан Республикасының сынаушы-ғарышкерлерiне кандидаттардi сынаушы-ғарышкер мамандығы берiледi және Ю.А. Гагарин атындағы ҒДО-ның үлгiсiндегi куәлiк тапсырылады.

9-бап

      Осы Хаттаманы түсiндiру және қолдануға байланысты туындауы мүмкiн даулы мәселелердi Тараптар келiссөздер мен консультациялар арқылы шешетiн болады.
      Тараптардың өзара келiсiмi бойынша осы Хаттамаға өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлуi мүмкiн, олар осы Хаттаманың ажырамас бөлiгi болып табылатын қосымша Хаттамалармен рәсiмделетiн болады.

10-бап

      Осы Хаттама үш жыл мерзiмге жасалады және қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.

      ___________ қаласында 2003 жылғы "___"_________ қазақ және орыс тiлдерiнде, екi данада жасалды және де барлық мәтiндердiң күшi бiрдей.
      Осы Хаттаманы түсiндiру кезiнде келiспеушiлiктер туындаған жағдайда, Тараптар орыс тiлiндегi мәтiндi басшылыққа алатын болады.

      Қазақстан Республикасының              Ресей
      Көлiк және коммуникациялар          авиация-ғарыш
      министрлiгi үшiн                    агенттiгi үшiн

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады