Кейбiр объектiлердi республикалық меншiктен Астана қаласының коммуналдық меншiгiне беру туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 3 маусымдағы N 518 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:

      1. Ащысай өзенi арқылы өтетiн жаяу жүргiншiлер көпірi Ащысай өзенiнің сол жақ жағалауын көрiктендiру және оған жарық беру объектiлерiмен қоса республикалық меншiктен Астана қаласының коммуналдық меншiгiне берiлсiн.

      2. Қазақстан Республикасының Iшкi iстер министрлiгi Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнің Мемлекеттік мүлiк және жекешелендіру комитетiмен, Астана қаласының әкiмдiгiмен бiрлесiп, заңнамада белгіленген тәртіппен осы қаулының 1-тармағында көрсетiлген объектiлердi қабылдап алу-беру жөнiндегі қажеттi ұйымдастырушылық iс-шараларды жүзеге асырсын.

      3. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады