Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Амстердам қаласында (Нидерланды Корольдiгi) Қазақстан Республикасының Бас Консулдығын ашу туралы" Жарлығының жобасы туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 6 маусымдағы N 535 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:
      Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Амстердам қаласында (Нидерланды Корольдiгi) Қазақстан Республикасының Бас Консулдығын ашу туралы" Жарлығының жобасы Қазақстан Республикасы Президентiнiң қарауына енгізiлсiн.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Жоба

Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы

Амстердам қаласында (Нидерланды Корольдігі) Қазақстан Республикасының Бас Консулдығын ашу туралы

      Қаулы етемін:
      1. Амстердам қаласында (Нидерланды Корольдiгi) Қазақстан Республикасының Бас Консулдығы ашылсын.
      2. Амстердам қаласындағы (Нидерланды Корольдiгі) Қазақстан Республикасының Бас Консулына айына 2850 (екi мың сегiз жүз елу) АҚШ доллары мөлшерiнде шетелдiк валютадағы лауазымдық жалақы белгiленсiн.
      3. Қазақстан Республикасының Үкiметi осы Жарлықтан туындайтын қажеттi шараларды қабылдасын.
      4. Осы Жарлық қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.

      Қазақстан Республикасының
      Президентi

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады