"Бюджет жүйесi туралы" Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 1 сәуiрдегі Заңына және Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2002 жылғы 18 қарашадағы N 1219 қаулысымен бекiтiлген Инвестициялық жобаларды қарау ережелерiне сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметі қаулы етеді:
1. Жергiлiктi атқарушы органның қарызға алған қаражаты есебiнен қаржыландырылатын Астана қаласының 2003 жылға арналған "Астана қаласының жаңа әкiмшiлiк орталығы сулы-көгалды бульварының бiрiншi кезегін салу" жергiлiктi инвестициялық жобасына (бұдан әрi - Жергiлiктi инвестициялық жоба) келiсiм берiлсiн.
2. Астана қаласы әкiмiнің Жергiлiктi инвестициялық жобаны iске асыруға "Мемлекеттiк және мемлекет кепiлдiк берген қарыз алу мен борыш туралы" Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 2 тамыздағы Заңына сәйкес белгiленген жергiлiктi атқарушы орган борышының лимитi шегiнде заңнамада белгiленген тәртiппен 1300000000 (бip миллиард үш жүз миллион) теңге көлемiнде қарыз алуы туралы ұсынысы қабылдансын.
3. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастан күшiне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі