9х19 патрондардың импортына рұқсат беру туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 9 маусымдағы N 544 қаулысы

      "Экспорттық бақылау туралы" Қазақстан Республикасының 1996 жылғы 18 маусымдағы Заңына және "Қазақстан Республикасында тауарлардың (жұмыстардың, қызмет көрсетулердің) экспорты мен импортын лицензиялау туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1997 жылғы 30 маусымдағы N 1037 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:

      1. "Victory LTD" ЖШС мен "Banzai Ltd" фирмасы (Чехия Республикасы) арасында жасалған 2003 жылғы 4 наурыздағы N V01/2003 келісім-шартқа сәйкес "Victory LTD" ЖШС-ға саны 55000 дана 9х19 патрондардың (СЭҚ ТН коды 930621000) импортына рұқсат берілсін.

      2. Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда министрлігі заңнамада белгіленген тәртіппен "Victory LTD" ЖШС-ға осы қаулының 1-тармағында көрсетілген 9х19 патрондардың импортына лицензия берсін.

      3. Қазақстан Республикасының Кедендік бақылау агенттігі Қазақстан Республикасының кеден заңнамасында белгіленген тәртіппен жоғарыда көрсетілген өнімді бақылау мен кедендік ресімдеуді қамтамасыз етсін.

      4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады