Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
"Жер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының күші жойылды деп тану туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісінің қарауына енгізілсін.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Жоба
Қазақстан Республикасының Заңы Қазақстан Республикасының "Жер туралы" Заңының
күші жойылды деп тану туралы
Қазақстан Республикасының "Жер туралы" Заңының (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2001 ж., N 4, 21-бап; N 15-16, 228-бап; N 24, 339-бап) күші жойылды деп танылсын.
Қазақстан Республикасының
Президенті