Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008.04.23 N 381 Қаулысымен.
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда министрлігі Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетімен бірлесіп заңнамада белгіленген тәртіппен Әлихан Асханұлы Смайыловтың "Экспорттық кредиттерді және инвестицияларды сақтандыру жөніндегі мемлекеттік сақтандыру корпорациясы" акционерлік қоғамы басқармасының төрағасы болып сайлануын қамтамасыз етсін, ол бұрынғы атқарған қызметінен босатылсын.
2. Осы қаулы қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі