Қазақстан Республикасы Yкiметінің резервiнен қаражат бөлу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 20 маусымдағы N 589 қаулысы

      Қазақстан-қытай шекарасындағы Қорғас өзенi бойында су тасқынынан туындаған өңірлік төтенше жағдайдың зардаптарын жою үшiн Қазақстан Республикасының Yкiметі қаулы етеді:

      1. Алматы облысының әкiмiне 2003 жылға арналған республикалық бюджетте табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды жоюға және күтпеген шығыстарға көзделген Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң резервiнен Қорғас өзенi бойында шұғыл авариялық-қайта қалпына келтiру, жағалауларды бекiту жұмыстарын жүргiзуге және өзен арнасының түбiн тазартуға 80 (сексен) миллион теңге бөлiнсiн.

      2. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi бөлiнген қаражаттың мақсатты пайдаланылуын бақылауды қамтамасыз етсiн.

      3. Алматы облысының әкiмi 2003 жылдың қорытындылары бойынша Қазақстан Pecпубликасының Төтенше жағдайлар жөнiндегi агенттігіне орындалған жұмыстардың көлемi мен құны туралы есеп ұсынсын.

      4. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады