Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
"Мемлекеттік қызмет туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 26-бабының 1-тармағына сәйкес және жазбаша өтініштерінің негізінде мыналардың орнынан түсуі қабылдансын және Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі бойынша атқарған қызметтерінен босатылсын:
Аманбаев Мұрат Ермұқанұлы - вице-министр;
Баймағамбетов Серік Нұртайұлы - вице-министр;
Власов Николай Афанасьевич - вице-министр.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі