Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясы" республикалық мемлекеттiк мекемесiн қайта ұйымдастыру туралы" 2003 жылғы 31 наурыздағы N 1051 Жарлығын iске асыру туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 27 маусымдағы N 623 қаулысы

      Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясы" республикалық мемлекеттiк мекемесiн қайта ұйымдастыру туралы" 2003 жылғы 31 наурыздағы N 1051 Жарлығын iске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:

      1. Қазақстан Республикасының Бiлiм және ғылым министрлiгi белгiленген тәртiппен "Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясы" республикалық мемлекеттiк мекемесiн қайта ұйымдастыруды жүргiзсiн.

      2. Қоса берiліп отырған Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне енгiзiлетiн өзгерiстер мен толықтырулар бекiтiлсiн.

      3. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Қазақстан Республикасы  
Үкiметiнiң        
2003 жылғы 27 маусымдағы 
N 623 қаулысымен    
бекітілген        

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне енгiзiлетiн өзгерiстер мен толықтырулар

      1. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 05.08.2013 № 796 қаулысымен.

      2. "Республиканың мал шаруашылығын дамытудың жекелеген мәселелерi туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1997 жылғы 9 шiлдедегi N 1089  қаулысына :
      6-тармақтың бiрiншi абзацында "Қазақстан Республикасының Ұлттық академиялық аграрлық зерттеулер орталығымен және" деген сөздер алынып тасталсын.

      3. "Мемлекеттiк ауыл шаруашылығын қаржылық қолдау қорынан қаражат төлеудiң тәртiбiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1998 жылғы 15 сәуiрдегi N 342  қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1998 ж., N 12, 93-құжат):
      көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Мемлекеттiк ауыл шаруашылығын қаржылық қолдау қорынан қаражат төлеудiң тәртiбiнде:
      "Ауыл шаруашылығы дақылдарын өсiрудiң озық технологияларын өндiрiске қолдануда ауыл шаруашылығы өндiрушiлерiн қолдау" деген IIІ бөлiмде:
      3) тармақшаның екiншi абзацында "Ауылшарминiнiң ауыл шаруашылығы өндiрiсiн дамыту департаментi Ұлттық академиялық аграрлық зерттеулер орталығымен бiрлесiп" деген сөздер "Ауылшарминi" деген сөзбен ауыстырылсын.

      4. <*>
       Ескерту. 4-тармақтың күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2004.10.28. N 1111  қаулысымен .
 

        5. <*>
       Ескерту. 5-тармақтың күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2004.06.01. N 604   қаулысымен .

      6. "Қазақстан Республикасында бiрiншi ұлттық ауыл шаруашылығы санағын әзiрлеу, жүргiзу және материалдарын өңдеу туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2000 жылғы 2 маусымдағы N 830  қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2000 ж., N 25, 290-құжат):
      6-тармақта "Қазақстан Республикасының Бiлiм және ғылым министрлiгi Аграрлық зерттеулердiң ұлттық академиялық орталығы және оның институттары 2004 жылғы 1 маусымға дейiн Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлiгiмен келiсiм бойынша" деген сөздер "Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлiгi 2004 жылғы 1 маусымға дейiн" деген сөздермен ауыстырылсын.

      7. "Қазақстан Республикасының машина жасау кешенiн дамытудың 2000-2003 жылдарға арналған бағдарламасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2000 жылғы 5 қыркүйектегi N 1347  қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2000 ж., N 38-39, 450-құжат):
      көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Қазақстан Республикасының машина жасау кешенiн дамытудың 2000-2003 жылдарға арналған бағдарламасында:
      "Бағдарламаның тиiмдiлiгi" деген 6-бөлiмде:
      он алтыншы абзацта "Ұлттық аграрлық зерттеулер академиялық орталығының" деген сөздер "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгiнiң" деген сөздермен ауыстырылсын.

      8. <*>
       Ескерту. 8-тармақтың күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2003.11.27. N 1191   қаулысымен .

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады