Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2001 жылғы 28 ақпандағы N 290 қаулысына өзгерiстер мен толықтыру енгiзу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 30 маусымдағы N 630 қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 17 шiлдедегi № 602 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 17.07.2023 № 602 қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:

      1. "Кейбiр акционерлiк қоғамдар мен республикалық мемлекеттiк кәсiпорындардың (ұлттық компаниялардың) қызметiн тиiмді басқару мен бақылауды ұйымдастыру жөнiндегi шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2001 жылғы 28 ақпандағы N 290 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2001 ж., N 8, 85-құжат) мынадай өзгерiстер мен толықтыру енгiзілсiн:

      1-тармақта:

      11) тармақшада "2001 жылғы 31 наурызға дейiн" деген сөздер алынып тасталсын;

      1) тармақшаның екiншi және үшiншi абзацтары алынып тасталсын;

      2), 7) тармақшалар алынып тасталсын;

      3) тармақшада:

      "ұлттық компанияны" деген сөздер "ұлттық компанияның" деген сөздермен ауыстырылсын, "компанияның" деген сөзден кейiн "қызметi мен оны" деген сөздермен толықтырылсын;

      ", жыл сайынғы бизнес жоспарды, ұйымның бюджетiн" деген сөздер алынып тасталсын;

      9) тармақшада "және/немесе тәуелдi акционерлiк қоғамдары" деген сөздер ", тәуелдi ұйымдары және өзiнiң қатысу үлесiн есепке алу және қатысушылардың қаржылық есеп беруiнде оның ұйымдастыру-құқықтық нысандарына қарамастан, осы қызметтен алынатын активтердi, мiндеттемелердi, кiрiс пен шығысты көрсету үшiн бiрлескен қызметтi жүзеге асыратын ұйымдары (бұдан әрi - бiрлесiп бақыланатын ұйымдар)" деген сөздермен толықтырылсын;

      10) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "10) ұйымның бiрiншi басшысының қоғамның директорлар кеңесi (мемлекеттiк басқару органы - РМК үшiн) алдында еншiлес, тәуелдi және бiрлесiп бақыланатын ұйымдарды басқару туралы, сондай-ақ еншілес, тәуелдi және бiрлесiп бақыланатын ұйымдардың қаржы-шаруашылық қызметi нәтижелерiнiң негiзгi ұйым қызметiнiң көрсеткiштерiне ықпалы туралы жарты жылдық есептер бepу жүзеге асыруын;";

      11) тармақшада "жыл сайынғы және орта мерзiмдiк даму жоспарларының" деген сөздер "орта мерзiмдi жоспардың" деген сөздермен ауыстырылсын;

      3-1 тармағында "сауда" деген сөз "бюджеттiк жоспарлау" деген сөздермен ауыстырылсын;

      3-1 тармағында "мен бизнес жоспарларының" деген сөздер алынып тасталсын.

      2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшінe енедi.

Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі



Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады