Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң резервiнен қаражат бөлу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 3 шілдедегі N 650 қаулысы

      "2003 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 12 желтоқсандағы Заңына , "Қазақстан Республикасының Yкiметi резервiнiң қаражатын пайдаланудың тәртiбiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 1999 жылғы 18 қыркүйектегi N 1408 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Yкiметi қаулы етеді:

      1. Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiне "Энро Ст Лимитед" компаниясының талабы бойынша төрелiк анықтауда Инвестициялық дауларды реттеу жөнiндегi халықаралық орталықтың болашақтағы шығыстары есебiне аванс төлеу үшiн 2003 жылға арналған республикалық бюджетте табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайларды жоюға және өзге де күтпеген шығыстарға көзделген Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң резервiнен 50000 (елу мың) АҚШ долларына баламалы сомада қаражат бөлiнсiн.

      2. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi бөлiнген қаражаттың мақсатты пайдалануын бақылауды жүзеге асырсын.

      3. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады