Қазақстан Республикасының Yкiметi қаулы етеді:
"Қазақстан Республикасының кейбiр заң актiлерiне заңды тұлғаларды мемлекеттiк тiркеу мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы Қазақстан Республикасының Парламентi Мәжiлiсiнiң қарауына енгiзiлсiн.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
жоба
Қазақстан Республикасының Заңы Қазақстан Республикасының кейбiр заң актiлерiне
заңды тұлғаларды мемлекеттiк тiркеу мәселелерi
бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу
туралы
1-бап. Қазақстан Республикасының мынадай заң актiлерiне өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлсiн:
1. "Заңды тұлғаларды мемлекеттiк тiркеу және филиалдар мен өкiлдiктердi есептiк тiркеу туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 17 сәуiрдегi Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғары Кеңесiнiң Жаршысы, 1995 ж., N 3-4, 35-құжат; N 15-16, 109-құжат; N 20, 121-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1996 ж., N 1, 180-құжат; N 14, 274-құжат; 1997 ж., N 12, 183-құжат; 1998 ж., N 5-6, 50-құжат; N 17-18, 224-құжат; N 20, 727-құжат; 2000 ж., N 3-4, 63, 64-құжаттар; N 22, 408-құжат; 2001 ж., N 1, 1-құжат, N 8, 52-құжат; N 24, 338-құжат; 2002 ж., N 18, 157-құжат; 2003 ж., N 4, 25-құжат):
1) 5-баптың екiншi абзацында "тiркеудi" деген сөзден кейiн "және филиалдар мен өкiлдiктердi есептiк тiркеудi" деген сөздермен толықтырылсын;
2) 6-бапта:
бiрiншi бөлiкте "екi" деген сөз "үш" деген сөзбен ауыстырылсын;
бесiншi бөлiкте "құрылтайшыда - заңды тұлғада салықтар, алымдар және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер бойынша берешектiң бар немесе жоқ екендiгi туралы" деген сөздер "құрылтайшыда - заңды тұлғада салық берешегiнiң жоқ екендiгi туралы" деген сөздермен ауыстырылсын;
оныншы бөлiкте "оның филиалы немесе өкiлдiгiнiң" деген сөздер алып тасталсын;
он бiрiншi бөлiк мынадай редакцияда жазылсын:
"Бip немесе бiрнеше заңды тұлғаларды қайта ұйымдастыру нәтижесiнде туындайтын заңды тұлғаны мемлекеттiк тiркеу үшiн сондай-ақ табыстау актiсi немесе бөлiнiстiк балансы, сондай-ақ қайта ұйымдастырылатын заңды тұлғаның кредиторларын қайта ұйымдастыру туралы жазбаша хабарламаны растайтын құжаттары ұсынылады";
3) 6-1-бапта:
екiншi бөлiкте "екi" деген сөз "үш" деген сөзбен ауыстырылсын;
үшiншi бөлiк мынадай мазмұндағы екiншi сөйлеммен толықтырылсын:
Сауда тiзiлмiнен алынған көшiрме-үзiндi немесе филиал (өкiлдiк) құратын шетел заңды тұлғасын растайтын шетел заңды тұлғасының басқа құжаты шетел мемлекетiнiң заңнамасы бойынша заңды тұлға болып табылады, жария етуге жатады.";
"Филиал (өкiлдiк) құратын шетелдiк заңды тұлға шет мемлекеттiң заңдары бойынша заңды тұлға болып табылатынын куәландыратын шетелдiк заңды тұлғаның сауда тiзiлiмнен көшiрмесi немесе басқа да құжаты жария етуге жатады.";
төртiншi бөлiк алып тасталсын;
4) 7-баптың екiншi бөлiгi "акционерлiк қоғамдар" деген сөздерден кейiн ", өндiрiстiк кооперативтер" деген сөздермен толықтырылсын;
5) 9-баптың тақырыбы мен бiрiншi бөлiгi мынадай редакцияда жазылсын:
"9-бап. Заңды тұлғаларды мемлекеттiк тiркеу (қайта тiркеу) және филиалдар мен өкiлдiктердi есептік тiркеу (қайта тiркеу) мерзiмдерi.
Шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiн мемлекеттiк тiркеу (қайта тiркеу) және олардың филиалдары мен өкiлдiктерiн есептiк тiркеу (қайта тiркеу) қажеттi құжаттарды қоса арыз берiлген күннен бастап үш жұмыс күнiнен кешiктiрiлмей жүргiзiлуi тиiс.
Өзге заңды тұлғаларды мемлекеттiк тiркеу (қайта тiркеу) және олардың филиалдары мен өкiлдiктерiн есептiк тiркеу (қайта тiркеу) қажеттi құжаттарды қоса арыз берген күннен бастап он жұмыс күнiнен кешiктiрiлмей жүргiзiлуi тиiс.";
6) 11-баптың тақырыбы мен бiрiншi бөлiгi мынадай редакцияда жазылсын:
"11-бап. Мемлекеттiк (есептiк) тiркеу мен қайта тiркеуден бас тарту "Қазақстан Республикасының заң актiлерiнде белгiленген заңды тұлғаны құру мен қайта ұйымдастыру тәртiбiн бұзу, құрылтай құжаттарының Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес келмеуi, сондай-ақ өткiзу актiсiн немесе бөлiнiстiк балансты ұсынбауы не онда қайта ұйымдастырылған заңды тұлғаның құқықтық мирасқорлығы туралы ережелердiң болмауы заңды тұлғаны мемлекеттiк (есептiк) тiркеуден және қайта тiркеуден бас тартуға әкеп соғады.";
7) 13-бап мынадай редакцияда жазылсын:
"13-бап. Мемлекеттiк статистикалық есеп
Тiркеушi орган тiркеген күнiнен бастап бiр жұмыс күнi iшiнде мемлекеттiк статистика органына заңды тұлғаны, филиал мен өкiлдiктi мемлекеттiк (есептiк) тiркегенi (қайта тiркегенi), қызметiнiң тоқтатылғаны мен орналасқан жерiнiң өзгергенiн тiркегенi туралы хабарлама жiбередi.
Хабарлама нысаны мен оны мемлекеттiк статистика органдарына ұсыну тәртiбiн Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгi мемлекеттiк статистиканың уәкiлеттi органының келiсiмi бойынша бекiтедi.
Мемлекеттiк статистика органы тiркеушi органның хабарламаларының негiзiнде екi жұмыс күнi iшiнде заңды тұлғаларға, филиалдар мен өкiлдiктерге бiрiздендiрiлген теңдестiру және басқа да жүйелiк-есептiк кодтарын бередi, олар туралы мәлiметтердi Мемлекеттiк статистикалық тiркелiмге енгiзедi.
Бiрiздендiрiлген теңдестiру және басқа да жүйелiк-есептiк кодтарын бергенiн және Мемлекеттiк статистикалық тiркелiмге есепке қойылғанын куәландыратын құжат есепке қойылған күннен бастап бiр жұмыс күнi iшiнде оны тiркелген заңды тұлғаға, филиалға және өкiлдiкке беру үшiн тiркеушi органға жiберiлетiн статистикалық карточка болып табылады.
Мемлекеттiк статистика органы заңды тұлғаларға, филиалдар мен өкiлдiктерге бiрiздендiрiлген теңдестiру және басқа да жүйелiк-есептiк кодтар берген күннен бастап бiр жұмыс күнi iшiнде салық төлеушiнiң мемлекеттiк тiркелуiн жүзеге асыруы үшiн салық органдарына хабарлама жiбередi.";
8) 14-бапта:
үшiншi бөлiкте "жаңа қатысушының - заңды тұлғаның салықтар, алымдар және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер бойынша берешегiнiң бар немесе жоқ екендiгi туралы" деген сөздер "жаңа қатысушының - заңды тұлғаның салық берешегiнiң жоқ екендiгi туралы" деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы төртiншi бөлiкпен толықтырылсын:
"Шаруашылық серiктестiктердi қатысушылар құрамының өзгеру негiздемесi бойынша қайта тiркеу үшiн Қазақстан Республикасының заңдарына және құрылтай құжаттарына сәйкес шығатын қатысушының мүлiктегi (жарғылық капиталдағы) үлеске құқығын иелiктен айырғанын (жол бергенiн) немесе ауысатынын растайтын құжаттары ұсынылады.";
жетiншi бөлiкте "мемлекеттiк статистика органдары және" деген сөздер алып тасталсын;
9) 16-бапта:
мынадай мазмұндағы екiншi және үшiншi бөлiктермен толықтырылсын:
"Заңды тұлға қызметiнiң тоқтатылуын тарату негiздемесi бойынша тiркеу үшiн:
Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгi белгiлеген нысан бойынша таратылуын тiркеу туралы арызы;
заңды тұлға мүлкiн меншiктену иесiнiң немесе меншiктену уәкiлеттi органының не оған құрылтай құжаттарымен уәкiлеттi заңды тұлға органының заңды тұлғаның мөрiмен бекiтiлген шешiмi;
құрылтай құжаттарының, мемлекеттiк тiркеу (қайта тiркеу) туралы куәлiгi мен статистикалық карточкасының түпнұсқалары;
заңды тұлғаның таратылуы, кредит берушiлер қойған талап арыздарының тәртiбi мен мерзiмдерi туралы ақпараттардың баспасөз басылымдарында жарияланғанын растайтын құжаттары;
таратылатын Заңды тұлға мүлкiнiң құрамы, кредит берушiлердiң қойған талап арыздарының тiзбесi туралы мәлiметтердi, сондай-ақ оларды қарау нәтижелерi қамтылған аралық тарату балансы;
тарату балансы;
заңды тұлғаның мүлкiн меншiктену иесiнiң немесе заңды тұлғаны тарату туралы шешiм қабылдаған өзге де органның аралық және тарату баланстарын бекiту туралы заңды тұлғаның мөрiмен бекiтiлген шешiмi;
заңды тұлғаның мөрiнiң жойылғаны туралы құжаты;
таратылатын заңды тұлғаның (филиалдары мен өкiлдiктерi болған кезде) филиалдары мен өкiлдiктерiнiң есептен шығарылғанын растайтын құжаты;
салық берешегiнiң жоқ екендiгi туралы анықтамасы;
кеден органдарының кедендiк төлемдер бойынша берешектерi мен аяқталмаған сыртқы сауда мәмiлелерiнiң жоқтығы туралы анықтамасы;
уәкiлеттi органның акционерлiк қоғамның (акционерлiк қоғамдар үшiн) акциялар эмиссияларының күшiн жойғандығы туралы хабарламасы;
заңды тұлғаны мемлекеттiк тiркеу үшiн бюджетке алым төлегенiн pacтайтын түбiртегі немесе құжаттары ұсынылады.
Соттың шешiмi бойынша таратылған заңды тұлға қызметiнiң тоқтатылуын тiркеу соттың ұйғарымы негiзiнде жүзеге асырылады.";
екiншi бөлiк мынадай редакцияда жазылсын:
Егер тексеру процесiнде тарату немесе қайта ұйымдастырудың белгiленген тәртiбiн бұзушылықтар анықталмаса, тiркеушi орган 10 күн iшiнде заңды тұлға қызметiнiң тоқтатылуын тiркейдi. Тиiстi тауар рыногында үстем (монополиялық) жағдайға ие рынок субъектiсiнiң, сондай-ақ табиғи монополия субъектiлерiнiң қызметiнiң тоқтатылғанын тiркеудi тiркеушi орган монополияға қарсы органмен алдын ала келiсе отырып жүзеге асырады.
үшiншi бөлiк алып тасталсын;
10) 16-1-бапта:
екiншi бөлiк мынадай редакцияда жазылсын:
Филиалды (өкiлдiктi) есептiк тiркеуден шығару үшiн осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көрсетiлген құжаттардан басқа, филиал (өкiлдiк) орналасқан жер бойынша салық берешегiнiң жоқ екендiгi туралы салық органдарының анықтамасы талап етiледi.
2. "Өндiрiстiк кооператив туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 5 қазандағы Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғары Кеңесiнiң Жаршысы, 1995 ж., N 20, 119-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентiнің Жаршысы, 1996 ж., N 14, 274-құжат; 1997 ж., N 12, 18, 183-құжат; N 13-14, 205-құжат; 2001 ж., N 17-18, 242-құжат):
1) 4-баптың бiрiншi бөлiгiнде "жарғының не" деген сөздер алып тасталсын;
2) 5-баптың 1-тармағының бiрiншi бөлiгi мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Өндiрiстiк кооперативтiң құрылтай шарты мыналарды қамтуы тиiс:".
3. "Жауапкершiлiгi шектеулi және қосымша жауапкершiлiгi бар серiктестiктер туралы" Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 22 сәуiрдегi Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1998 ж., N 5-6, 49-құжат; 1999 ж., N 20, 727-құжат; 2002 ж., N 10, 102-құжат):
67-баптың 2 және 5-тармақтары алып тасталсын.
4. "Коммерциялық емес ұйымдар туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 16 қаңтардағы Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2001 ж., N 1, 8-құжат; N 24, 338-құжат):
1) 24-бап мынадай мазмұндағы 6-1-тармақпен толықтырылсын:
"6-1. Коммерциялық емес ұйымның филиалы мен өкiлдiгiнiң атауы оларды құрған коммерциялық емес ұйымның атауына жасалған сiлтеменi қамтуы тиiс.";
2) 27-баптың 1-тармағының екiншi бөлiгi "берешектерiн алуға" деген сөздерден кейiн ", филиалдар мен өкiлдiктердi есептен шығаруға" деген сөздермен толықтырылсын;
3) 30-бап алып тасталсын.
5. "Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы" (Салық кодексi) Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 12 маусымдағы Кодексiне (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2001 ж., N 11-12, 168-құжат; N 24, 338-құжат; N 6, 73, 75-құжат; N 19-20, 171-құжат; 2003 ж. N 1-2, 6-құжат; N 4, 25-құжат):
1) 520-1-бапта:
1-тармақтың бiрiншi бөлiгiнде "тiркеу" деген сөзден кейiн ", осы баптың 1-1-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда" деген сөздермен толықтырылсын;
мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын:
"1-1. "Салық төлеушiлердi - заңды тұлғаларды, олардың филиалдары мен өкiлдiктерiн мемлекеттiк тiркеудi уәкiлеттi мемлекеттiк орган мемлекеттiк статистика органдары ұсынған хабарламалардың негiзiнде салық төлеушiнiң тiркеу нөмiрiн бере отырып жүзеге асырады.
Хабарлау нысаны мен оны Мемлекеттiк статистика органдарына ұсыну тәртiбiн Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгi уәкiлеттi мемлекеттiк орган мен уәкiлеттi мемлекеттiк статистика органының келiсiмi бойынша бекiтедi.
Салық төлеушiнiң куәлiгiн тiркелген заңды тұлғаға, филиалға және өкiлдiкке беру үшiн салық төлеушiнiң тiркеу нөмiрiн берген күннен бастап бiр жұмыс күнi iшiнде уәкiлеттi мемлекеттiк орган Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiмен келiсiм бойынша уәкiлеттi мемлекеттiк орган белгiлеген тәртiппен әдiлет органына жiберуi тиiс.";
2) 522-бапта:
2-тармақ алынып тасталсын:
4-тармақта "1 және 2-тармақтарының" деген сөздер "1-тармақтың" деген сөздермен ауыстырылсын;
3) 523-баптың 1-тармағы "немесе мемлекеттiк статистика органдары ұсынатын хабарламаларды алғаннан" деген сөздермен толықтырылсын;
4) 524-баптың 1-тармағының екiншi бөлiгi алынып тасталсын;
5) 527-баптың 3-1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
"3-1. Қазақстан Республикасындағы қызметiн тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын резидент емес-заңды тұлғаларды мемлекеттiк тiркеу осы Кодекстiң 520-1 және 523-баптарында белгіленген тәртіппен және мерзімде жүргізіледі.".
2-бап. Осы Заң ресми жарияланған күннен бастап алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Президенті