Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлiгi мен Ұлыбритания және Солтүстiк Ирландия Құрама Корольдiгiнiң Қорғаныс министрлiгi арасындағы "Дала Бүркiтi - 2003" бiрлескен әскери оқу-жаттығуын өткізу жөнiндегi өзара түсiнiстiк туралы меморандумға қол қою туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 10 шілдедегі N 680 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:

      1. Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлiгi мен Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия Құрама Корольдiгiнiң Қорғаныс министрлiгi арасындағы "Дала Бүркiтi - 2003" бiрлескен әскери оқу-жаттығуын өткiзу жөнiндегi өзара түсiнiстiк туралы меморандумға қол қоюға келiсiм берiлсiн.

      2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Жоба

  Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі мен Ұлыбритания және Солтүстiк Ирландия Құрама Корольдігінiң Қорғаныс министрлiгi арасындағы "Дала Бүркiтi - 2003" бірлескен әскери оқу-жаттығуын өткiзу жөніндегі өзара түсiнiстiк туралы
МЕМОРАНДУМ Кiрiспе

      Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлiгi мен Ұлыбритания және Солтүстiк Ирландия Құрама Корольдiгiнiң Қорғаныс министрлiгi (бұдан әрі - Тараптар деп аталатын):
      Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерiмен бiрлесiп Қазақстан Республикасының аумағында өткiзiлетін "Дала Бүркiтi - 2003" бiрлескен әскери оқу-жаттығуларына Ұлыбритания және Солтүстiк Ирландия Құрама Корольдiгi Қарулы Күштepi жеке құрамының қатысуына байланысты мәселелердi және қабылдайтын тараптың қолдау беру мәселелерiн реттеуге ниет білдipe отырып,
      олардың Қарулы Күштерiнің мәртебесiне және 1996 жылғы 31 шiлдеде Брюссельде жасалған оның Қосымша хаттамасына (бұдан әрi - PfP-SOFA деп аталатын) қатысты Солтүстiк Атлантика Шартына қатысушы мемлекеттер арасындағы және "Бейбiтшілік жолындағы әрiптестiк" бағдарламасына қатысушы басқа да мемлекеттер арасындағы Келiсiмнiң ережелерiне сүйене отырып,
      Солтүстік Атлантика Шартына қатысушы мемлекеттер арасындағы олардың күштерiнің мәртебесiне қатысты 1951 жылғы 19 маусымда Лондонда жасалған Келiсiмнiң ережелерiн (бұдан әрi - NATO-SOFA деп аталатын) ескере отырып,
      2000 жылғы 16 қарашада Лондонда жасалған Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлiгi мен Ұлыбритания және Солтүстiк Ирландия Құрама Корольдiгiнiң Қорғаныс министрлiгi арасындағы қорғаныс саласындағы ынтымақтастық туралы өзара түсiнiстiк туралы меморандумның (бұдан әрi - Қорғаныс саласындағы ынтымақтастық туралы меморандум деп аталатын) ережелерi негiзiнде iс-қимыл жасай отырып,
      төмендегiлер туралы өзара түсiнiстiкке қол жеткiздi:

1-бап
Айқындау

      Осы Меморандумда мынадай терминдер қолданылады:
      1. "Қабылдайтын Тарап" - осы Меморандумның шеңберiнде Қазақстан Республикасы қабылдайтын Тарап болып табылады және оқу-жаттығу өткiзу уақытында өз аумағына Британ Күштерiнiң бөлiмшесiн уақытша орналастырады.
      2. "Британ Күштерi" - оны өрiстету үшiн қажеттi ұшағын, көлiгiн, жабдықтары мен азық-түлiгiн қоса алғанда оқу-жаттығуға қатысатын Ұлыбритания Қарулы Күштерi бөлiмшесiнiң жеке құрамы.
      3. "Қабылдайтын тараптың қолдауы" (ҚТҚ) - оқу-жаттығу жазу уақытында Британ Күштерiн Қазақстан Республикасының әскери" және азаматтық қолдауы.
      4. "Оқу-жаттығу өткiзу ауданы" - Британ Күштерi қатысатын оқу-жаттығу өткiзу жоспарымен айқындалған Қазақстан Республикасының ауданы.
      5. "Оқу-жаттығу" - Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерi мен Ұлыбритания және Солтүстiк Ирландия Құрама Корольдiгiнiң Қарулы Күштерi жеке құрамының қатысуымен Қазақстан Республикасының аумағында өткiзiлетiн "Дала Бүркiтi-2003" бiрлескен әскери оқу-жаттығулары.

2-бап
Мақсаты

      Осы Меморандумның мақсаты Қазақстан Республикасының аумағында Британ Күштерiнiң қатысуымен оқу-жаттығу өткiзуге қатысты негiзгi қағидаттарды айқындау және оларға ҚТҚ беру болып табылады.

3-бап
Ниетi

      1. Тараптар Британ Күштерiн оқу-жаттығуға қатысуына байланысты құқықтық, материалдық-техникалық, тылдық, қаржылық және өзге де мәселелердi келiсiп шешуге ұмтылатын болады.
      2. ҚТҚ беру Британ Күштерiнiң алғашқы құрамдас бөлiгi Қазақстан Республикасының аумағына енген сәтiнен бастап жүзеге асырылады және Британ Күштерi қабылдайтын тарап мемлекетi аумағынан толық шыққанға дейiн созылады.
      3. Осы Меморандумның ережелерiн iске асыру Қазақстан Республикасының Конституциясына, Қазақстан Республикасының заңдарына және Тараптар арасында жасасылған барлық халықаралық шарттарға қайшы келмеуi тиiс.

4-бап
Қабылдайтын Тараптың мiндеттемелерi

      Осы Меморандумның ережелерi аясында және Оқу-жаттығу өткiзудiң қабылданған жоспарына сәйкес қабылдайтын Тарап мыналарға мiндеттенедi:
      а) мыналарды қамтамасыз ету үшiн санкциялау және барлық қажеттi шараларды қабылдау;
      (1) айқындалған кiру пунктiнде (-терiнде) Британ Күштерiн қарсы aлу;
      (2) оқу-жаттығу өткiзудiң айқындалған ауданына Британ Күштерiн орналастыру;
      (3) кету пунктiне (-терiне) дейiн Британ Күштерiне iлесiп жүру;
      б) оқу-жаттығу өткiзу мақсатында Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Қазақстан Республикасының әуе кеңiстiгiн пайдалануға рұқсат алуға жәрдем көрсету;
      в) Британ Күштерiне тиiстi және оқу-жаттығуға қатысу үшiн қажеттi әскери және өзге де техниканы, оқ-дәрілердi, қаруды және амуницияларды Қазақстан Республикасына енгiзуге, ел iшiнде орнын ауыстыруға және шығаруға рұқсат алуға жәрдем көрсету;
      г) Британ Күштерiнiң Қазақстан Республикасының мемлекеттiк шекарасы арқылы орнын ауыстыруға және кеден рәсiмдерiнен өтуiне жәрдем көрсету, сондай-ақ Британ Күштерiн Қазақстан Республикасының заңнамасы бойынша жарылғыш заттарды, оқ-дәрілердi, қару мен басқа да қауiптi материалдарды қауiпсiз енгiзу, ел iшiнде орнын ауыстыру және одан әкету жөнiндегi талаптары туралы хабардар ету;
      д) Қазақстан Республикасының тиiстi әскери органдары мен Британ Күштерi бөлiмшелерiнiң командирi айқындаған орында және уақытта Британ Күштерi бөлiмшелерiнiң жеке құрамы үшiн оқу-жаттығу уақытында жеке қаруы мен оқ-дәрiсiн алып жүруге рұқсат алуға жәрдем көрсету;
      e) қажет болған жағдайда Британ Күштерiне Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерiне ұсынылатын тауарлар мен қызмет көрсетулерге стандартты және кем дегенде баламалы болып табылатын тауарлар мен қызмет көрсетулер ұсыну;
      ж) оқу-жаттығу өткiзу ауданында болған кезде қауiпсiздiк шараларын сақтау жөнiндегi тиiстi құжаттамамен қамтамасыз ету.

5-бап
Британ Тарапының міндеттемелерi

      Осы Меморандумның ережелерi аясында британ Тарапы мыналарға мiндеттенедi:
      а) осы Меморандумның ережелерiне сәйкес оқу-жаттығуға қатысу, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Қазақстан Республикасының ресурстары мен жабдықтарын пайдалану;
      б) осы Меморандумның 6-бабының ережесiне сәйкес қабылдайтын Тарапқа ұсынылатын барлық материалдық-техникалық мүлiк, тылдық және өзге де қызмет көрсетулер бойынша шығыстарды өтеу;
      в) NATO-SOFA келiсiмiнiң XI-бабының ережелерiне сәйкес кедендiк бақылаудан өту жөнiндегi Қазақстан Республикасының рәсімдерін сақтау;
      г) оқу-жаттығу өткiзу кезiнде қоршаған ортаны қорғау жөнiндегi Қазақстан Республикасының барлық талаптарын сақтау.

6-бап
Материалдық-техникалық қамтамасыз ету
және қаржыландыру

      1. Тараптар мынадай принциптердi сақтайтын болады:
      а) қаржылық есеп айырысуларды жүргiзген уақытта Тараптардың бiр де бiрi қаржылық есеп айырысу уақытында ақшалай қаражатты аудару жөнiндегi операциялардан ақша ұстамайды немесе пайда таппайды;
      б) қабылдайтын Тарап оқу-жаттығуға қатысатын Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерiнiң тиiстi бөлiмшелерiне арналған жағдайлардағы сияқты Британ Күштерiне де материалдық-техникалық қамтамасыз етудi, жеткiзулердi және/немесе қызмет көрсетулердi ұсынатын болады.
      2. Егер соңғысы бұл туралы арнайы өтiнiш жасамаса, Қазақстан Республикасының әскери органдары қызмет көрсетулердi азаматтық жеткiзушiлерге Британ Күштерiнiң атынан өтiнiш жасамайды. Азаматтық жеткiзушiлердiң кез-келген жеткiзулерi мен қызмет көрсетулерi ресми келiсiм-шарттық негiзде жүзеге асырылатын болады.
      3. Тауарларға салық салу және кедендiк ресiмдеу NATO-SOFA келiсiмiне және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүргiзiлетiн болады.
      4. Британ Күштерi қабылдайтын Тарапқа ұсынуы бойынша төменде аталған тауарлар мен қызмет көрсетулердiң шығыстарын өтеуге міндеттенедi:
      а) шұғыл жедел медициналық және стоматологиялық ең қажеттi көмек көрсетуден басқа, госпитальға жатқызуды қоса алғанда, медициналық және стоматологиялық қызмет көрсету;
      б) казармадағы сияқты полигондарда да Британ Күштерiне берілетін тамақ;
      в) кiр жуу қызметiн көрсету;
      г) далалық әжетханаларды пайдалану;
      д) олардың келуi және кетуi кезiнде әуежайға байланыссыз, Британ Күштерiн қабылдау үшiн айқындалған ұшаққа қызмет көрсеткенi үшiн әуежайдың барлық белгiленген алымдары.
      5. Қабылдайтын Тараптың жоғарыда аталған барлық шоттары қызмет көрсетiлген күннен кейiн 60 күннен кешіктiрiлмей Британ Күштерiнiң әкiмшілiк аппаратына берілуi тиiс.
      6. Шоттар бойынша ақы төлеу нөмiрi Алматы қаласындағы Ұлыбритания Елшiлiгiнiң әскери бөлiмiне берiлуi тиiс Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлiгiнiң банкiлiк шотында теңгемен жүргiзiледi.
      7. Келу орнынан оқу-жаттығу өткiзу орнына дейiн және оқу-жаттығу орнынан кету орнына дейiн көлiктiк тасымалдаулар, Британ Күштерінің әскери қалашықтардың тұрғын үй жайларында тұруы, олардың полигондар мен атыс алаңдарын пайдалануы қабылдайтын тараптардың есебiнен жүзеге асырылады.

7-бап
Тәртіп және юрисдикция

      1. Британ Күштерiнiң заңды мәртебесiне қатысты NATO-SOFA келiсiмiнiң VII-бабы қолданылатын болады.
      2. Оқу-жаттығуларды өткiзу уақытында, егер Британ Күштерi жеке Құрамының әскери қызметшiсi Қазақстан Республикасының құқық қорғау органдарына тұтқынға түскен жағдайда, онда Қабылдайтын Тарап сияқты Британ Күштерi өкілдерiнiң де аға құрам офицерлерi оқыс оқиға туралы жедел хабардар етiледi.
      3. Британ Күштерiнің юрисдикциясына қатысты NATO-SOFA келiсiмiнің VII-бабы және Қазақстан Республикасының заңнамасы қолданылады.

8-бап
Шекарадан өту және кедендiк рәсiмдеу

      1. NATO-SOFA келiсiмiнiң III-бабына сәйкес алдын ала жұмыс тобын қоса алғанда, оқу-жаттығуға қатысатын Британ Күштерiнің мүшелерiне Қазақстан Республикасына кiрген және Қазақстан Республикасынан кеткен кезде виза талап етiлмейдi.
      2. Британ Күштерi қабылдайтын Тарапқа мыналарды ұсынуды міндетiне алады:
      а) дайындаушы жұмыс тобының келуiне дейiн кемiнде 20 күн қалғанда оқу-жаттығуға қатысатын жеке құрамның толық тiзiмiн;
      б) дайындаушы жұмыс тобының келуiне дейiн кемiнде 20 күн қалғанда Қазақстан Республикасына оқу-жаттығуға қатысу мақсатында әкелiнетiн қару-жарақтың, оқ-дәрілердiң және байланыс құралдарының түрлерiн толық сипаттаған декларацияны.
      3. Британ Күштерi 8.2-тармақта сипатталған осы тiзiмдер мен декларацияға өзгерiстер енгiзу құқығын өзiнде қалдырады, бұл ретте қабылдайтын Тарапты бiрiншi мүмкiндiк туған кезде осы өзгерiстер мәлiм болысымен хабардар етедi.

9-бап
Талаптар, шағымдар және мiндеттемелер

      Осы Meмopaндумның ережелерiн iске асыру барысында туындайтын талаптар мен шағымдарды Қазақстан Республикасының заңнамасына және NATO-SOFA келiсiмiнiң VII-бабының ережелерiне сәйкес Қазақстан Республикасының құзыреттi органдары қарастырады және реттейдi.

10-бап
Қауiпсiздiк

      Қауiпсiздiк мәселелерi Қорғаныс саласындағы ынтымақтастық туралы меморандумның ережелерiне сәйкес реттелетiн болады. Қабылдайтын Тарап Британ Күштерiнiң iс-әрекетiне оқу-жаттығуды өткiзу ауданының шекарасына қол сұққан құзыреттi емес органдардың араласпауын қамтамасыз етуге мiндеттенедi.

11-бап
Медициналық және стоматологиялық көмек

      Британ Күштерiне жедел медициналық және стоматологиялық көмек көрсетуге қатысты Қорғаныс саласындағы ынтымақтастық туралы меморандумның ережелерi қолданылатын болады. Ауруды (жаралыны) эвакуациялау мақсатында қабылдайтын Тарап Қазақстан Республикасының әуе кеңiстiгiн пайдалану жөнiндегi мемлекеттік рәсiмдерге сәйкес Британ Күштерiнiң медициналық эвакуациялау ұшағына Қазақстан Республикасының әуе кеңiстiгiне кiруiн қамтамасыз етедi.

12-бап
Қайғылы оқиғалар, апаттар мен оқыс оқиғалар

      1. Осы Meмopaндумның 7-бабының ережелерiне сәйкес Британ Күштерiнiң әскери қызметшiлерi қатысушылары болып табылатын қайғылы оқиғаны, апатты, немесе оқыс оқиғаны кез-келген тергеудi қабылдайтын Тарап жүргiзедi. Алайда Британ Күштерi қолбасшылығының осы оқиғалар бойынша кез келген тергеуге өз өкiлiнiң қатысуын қамтамасыз етуге құқылы. Британ Күштерiнiң әскери органдарына қайғылы оқиға, апат немесе оқыс оқиға хаттамасының көшiрмесi берiледi. Британ Күштерi өкілдерiнің егер мұндайды Ұлыбритания заңнамасы талап ететiн болса, бұдан әрi iшкi тергеу жүргiзуге құқығы бар.
      2. Британ Күштерiнiң әскери қызметшiсi қаза тапқан жағдайда қаза болу фактiсiн қабылдайтын Тараптың дәрiгерi белгiлейдi. Британ Күштерiнiң дәрiгерi өлiктiң денесiн ашу кезiнде қатысуға құқылы. Тараптар осы қаза табудың себебi мен жағдайларын анықтау және өлiктiң денесін отанына жөнелту жөніндегі барлық қажеттi шараларды қабылдайды.

13-бап
Даулар мен келiспеушiлiктердi реттеу

      Осы Меморандумды түсiндiруге немесе қолдануға қатысты кез келген даулар мен келiспеушiлiктер тек Тараптардың арасындағы келiссөздер жолымен шешіледi.

14-бап
Толықтырулар мен өзгерiстер

      Осы Меморандумға Тараптардың өзара келiсiмi бойынша осы Меморандумның ажырамас бөлiгi болып табылатын жекелеген хаттамалар жасасу жолымен өзгерiстер мен толықтырулар енгізілуi мүмкiн.

15-бап
Осы Меморандумның күшiне енуi және
қолданысын тоқтатуы

      1. Осы Меморандум оған қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi және Тараптар арасындағы оқу-жаттығуды өткiзуге байланысты барлық мәселелер шешiлгенде, оқу-жаттығулардың аяқталуы бойынша Қазақстан Республикасының аумағынан Британ Күштерi шығарылысымен өзiнiң қолданысын тоқтатады. Осы Меморандумды Тараптардың бiрi тиiстi жазбаша хабарлама жiберу жолымен тоқтатуы мүмкiн. Бұл жағдайда осы Меморандум өзiнiң қолданысын басқа Тарап жазбаша хабарламаны алған сәттен бастап кемiнде бiр айдан соң тоқтатады.
      2. Осы Меморандум қолданысын тоқтатқан жағдайда 6, 9 және 13-баптар шоттарды бiржолата төлегенге және барлық шағымдарды, даулар мен келiспеушілiктердi реттегенге дейiн күшiнде қалады.

      ___________________ қаласында 2003 жылғы "___" ____________ әрқайсысы қазақ, орыс және ағылшын тілдерiнде екi түпнұсқа данада жасалды, әрi барлық мәтiндердiң бiрдей күшi бар. Осы Меморандумның ережелерiн түсiндiруде даулар мен келiспеушіліктер туындаған жағдайда Тараптар ағылшын тiлiндегi мәтiнге жүгiнетiн болады.

      Қазақстан Республикасының        Ұлыбритания және Солтүстiк
        Қорғаныс министрлiгi         Ирландия Құрама Корольдігінiң
               үшін                       Қорғаныс министрлігі
                                                  үшін

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады