Қарағанды облысындағы әлеуметтік шиеленісті азайту және "Қарағандышахтакөмір" республикалық мемлекеттік кәсіпорынның, оның еншілес кәсіпорындарымен және 1996 жылғы 28 маусымдағы біріктірілген мүліктік кешенді сатып алу-сату шартына сәйкес мүліктік кешендері "Испат Қармет" акционерлік қоғамына сатылған кәсіпорындардың қарыздары бойынша құқықтық мұрагерлікті анықтау мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. "Қарағандышахтакөмір" жабық үлгідегі акционерлік қоғамның (бұдан әрі - Қоғам) конкурстық басқарушысы Г.Н.Михайленконың Қоғамды оған осы қаулыға қосымшада көрсетілген кәсіпорындарды қосу жолымен қайта ұйымдастыру ұсынысына келісім берілсін.
2. Осы қаулы орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары А.С.Павловқа жүктелсін.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2003 жылғы 15 шілдедегі
N 690 қаулысына
қосымша
"Қарағандышахтакөмір" жабық үлгідегі
акционерлік қоғамына қосу арқылы қайта
ұйымдастырылатын кәсіпорындардың тізбесі:
1) "Шахтинск" шахтасы
2) Ленин атындағы шахта
3) "Қазақстан" шахтасы
4) "Тентек" шахтасы
5) "Жастар" шахтасы
6) Калинин атындағы шахта
7) "Абай" шахтасы
8) "Соқыр" шахтасы
9) "Ақтас" шахтасы
10) "Саран" шахтасы
11) Күзенбаев атындағы шахта
12) КСРО-ның 50 жылдығы атындағы шахта
13) Костенко атындағы шахта
14) "Стаханов" шахтасы
15) "Қарағанды" шахтасы
16) "Шығыс" ОБФ
17) "Арнайышахтамонтаждегазация" газсыздандыру жүйелерін салу және монтаждау және өрттің алдын алу жөніндегі мамандандырылған басқармасы
18) "Арнайышахмонтаж" кен-шахта жабдықтарын монтаждау, демонтаждау және жөндеу жөніндегі басқарма
19) мамандырылған автокөлік кәсіпорны
20) "Шахтақұрғату" ұңғымаларды бұрғылау мен шахта алаңдарын құрғату жөніндегі Қарағанды құрылыс-монтаждау басқармасы
21) "Қарағандышахтакөмір" мемлекеттік кәсіпорнын басқару аппараты
22) Қарағанды жүк тиеу-көлік кәсіпорны (ҚЖКК)
23) өндірістік бірлескен автокөлік кәсіпорны
24) Тихонов автокөлік кәсіпорны
25) Жаңа Майқұдық автокөлік кәсіпорны
26) Придолинское автокөлік кәсіпорны
27) Саран автокөлік кәсіпорны
28) оқу-курстық комбинат
29) "Көмірсервис" мамандандырылған монтаждау реттеуші кәсіпорны
30) кен-көлік жабдықтарын жөндеу зауыт (ККЖЖ)
31) энергозауыт
32) материалдық-техникалық жарақтандыру басқармасы
33) мамандандырылған ЖҚБ
34) өндірістік-технологиялық байланыс басқармасы
35) "Қарағандыэнергокөмір" бірлескен кәсіпорны" ӨБ
36) стандартты емес жабдықтар мен шағын механикаландыру зауыты
37) ақпараттық-есептеу орталығы
38) көмір өткізу
39) қызметтік ғимараттарды басқару