Қазақстан Республикасының Yкiметi қаулы етеді:
Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлiгiнiң кәсiптiк бiлiм беретiн әскери бiлiм беру мекемелерiн қайта атау туралы" Жарлығының жобасы Қазақстан Республикасы Президентiнiң қарауына енгiзiлсiн.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Жоба
Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлiгiнiң
кәсiптiк бiлiм беретiн әскери бiлiм беру
мекемелерiн қайта атау туралы
Әскери бiлiм беру жүйесiн жетiлдiру мақсатында қаулы етемін:
1. Мыналар:
1) "Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерiнiң Әскери академиясы" мемлекеттiк мекемесi "Ұлттық қорғаныс университетi" мемлекеттiк мекемесi болып;
2) "Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерiнiң Алматы жоғары әскери училищесi" мемлекеттiк мекемесi "Құрлық әскерлерiнiң әскери институты" мемлекеттiк мекемесi болып қайта аталсын.
2. Қазақстан Республикасының Yкiметi Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртiппен:
1) мемлекеттiк мекемелердiң әдiлет органдарында мемлекеттiк қайта тiркелуiн қамтамасыз етсiн;
2) жоғарыда көрсетiлген мемлекеттiк мекемелердiң қызметiн қаржыландыру және материалдық-техникалық қамтамасыз ету Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлiгiне республикалық бюджетте көзделген қаражат есебiнен және шегiнде жүзеге асырылатын болып белгiленсiн;
3) осы Жарлықтан туындайтын шараларды қабылдасын.
3. Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерiнiң Әскери академиясы" мемлекеттiк мекемесін қайта ұйымдастыру туралы" 2002 жылғы 27 ақпандағы N 815 Жарлығына мынадай өзгерістер енгізілсін:
2-тармағының екінші абзацындағы "және орта әскери-арнаулы" деген сөздер алынып тасталсын.
4. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Президенті