"Экспорттық бақылау туралы" Қазақстан Республикасының 1996 жылғы 18 маусымдағы Заңына және "Экспорттық бақылауға жататын өнiмдер транзитiнiң кейбiр мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1999 жылғы 11 тамыздағы N 1143 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Yкiметi қаулы етеді:
1. Ресей Федерациясынан Өзбекстан Республикасына 2003 жылғы 17 қаңтардағы N 16/2003-э келiсiм-шарт бойынша қосымшаға сәйкес номенклатурада және санда "Узавтодор" мемлекеттiк акционерлiк компаниясы бұрғыжарылыс жұмысының арнайы басқармасы үшiн (Ташкент қаласы, Өзбекстан Республикасы) "Искра" Новосибирск механикалық зауыты" федералдық мемлекеттік бiртұтас кәсiпорны (Новосибирск қаласы, Ресей Федерациясы) беретiн жарылғыш материалдардың Қазақстан Республикасының аумағы арқылы транзитiне рұқсат берiлсiн.
2. Қазақстан Республикасының Кедендiк бақылау агенттiгi және Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрлiгi заңнамада белгiленген тәртiппен Қазақстан Республикасының аумағы арқылы жарылғыш материалдар транзитiн бақылауды қамтамасыз етсiн.
3. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң
2003 жылғы 22 шілдедегі
N 726 қаулысына
қосымша
2003 жылғы 17 қаңтардағы N 16/2003-Э келiсiм-шарт
бойынша "Узавтодор" мемлекеттiк акционерлiк
компаниясы бұрғыжарылыс жұмысының арнайы басқармасы
үшiн (Ташкент қаласы, Өзбекстан Республикасы)
"Искра" Новосибирск механикалық зауыты" (Новосибирск
қаласы, Ресей Федерациясы) федералдық мемлекеттiк
біртұтас кәсiпорны беретiн тауарлардың
номенклатурасы мен саны
___________________________________________________________________
Р/с| Тауардың | СЭҚ ТН | Өлшем | Саны |Өлшем бiр. | Құны
N | атауы | коды |бiрлігі| | лігінің | АҚШ
| | | | | бағасы |долларымен
| | | | | АҚШ |
| | | | | долларымен|
___________________________________________________________________
1 ДШН-8 360300100 мың 800, 0 140,0 112000,0
тұтандырғыш метр
бау,
ИВШП
773979.013ТУ
2 ЭД-3Н ДИШВ 360300900 мың 49,896 500,0 24948,0
773.951.300ТУ дана
электртұтан.
дырғыштар
3 Жиыны 136948,0
___________________________________________________________________
Жөнелту пунктi: Пашино стансасы (Ресей Федерациясы).
Белгiленген пунктi: Бұхара-1 стансасы (Өзбекстан Республикасы). Шекаралық өту пункттерi: Локоть стансасы (Ресей Федерациясы) - Шеңгелдi стансасы (Қазақстан Республикасы).