"Сырдария өзенiнiң арнасын реттеу және Арал теңiзiнiң солтүстiк бөлігін сақтау (1 фаза)" жобасын iске асыруды қамтамасыз ету мәселелерi жөнiндегi ведомствоаралық үйлестiру комиссиясын құру туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 24 шілдедегі N 742 қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 20 мамырдағы № 453 Қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2010.05.20 № 453 Қаулысымен.

      2001 жылғы 22 қазандағы Қазақстан Республикасы мен Халықаралық Қайта Құру және Даму Банкi арасындағы Заем туралы келiсiмге сәйкес ("Сырдария өзенiнiң арнасын реттеу және Арал теңiзiнiң солтүстiк бөлiгiн сақтау (1 фаза)" жобасы) Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:

      1. Қосымшаға сәйкес құрамда "Сырдария өзенiнiң арнасын реттеу және Арал теңiзiнiң солтүстiк бөлiгiн сақтау (1 фаза)" жобасын iске асыруды қамтамасыз ету мәселелерi жөнiндегi ведомствоаралық үйлестiру комиссиясы құрылсын.

      2. Қоса берiліп отырған "Сырдария өзенiнiң арнасын реттеу және Арал теңiзiнiң солтүстiк бөлiгiн сақтау (1 фаза)" жобасын iске асыруды қамтамасыз ету мәселелерi жөнiндегi ведомствоаралық үйлестiру комиссиясы туралы ереже бекiтiлсiн.

      3. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Қазақстан Республикасы 
Үкіметінің      
2003 жылғы 24 шілдедегі 
N 742 қаулысына    
қосымша       

      Ескерту. Қосымша жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2006.06.30 N 605 қаулысымен.

"Сырдария өзенiнiң арнасын реттеу және Арал теңiзiнiң
солтүстiк бөлiгiн сақтау (1 фаза)" жобасын iске асыруды
қамтамасыз ету мәселелерi жөнiндегi ведомствоаралық
үйлестiру комиссиясының құрамы

Есiмов                    - Қазақстан Республикасының Ауыл
Ахметжан Смағұлұлы          шаруашылығы министрi, төраға

Рябцев                    - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы
Анатолий Дмитриевич         министрлiгi Су ресурстары комитетiнiң
                            төрағасы, төрағаның орынбасары

Кеншiмов                  - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы
Әмiрхан Қадырбекұлы         министрлiгiнiң Су ресурстары комитетi
                            төрағасының орынбасары, хатшы

Қараманов                 - Қазақстан Республикасы Парламентiнiң
Ұзақбай Қараманұлы          Мәжiлiсi Экология және табиғатты
                            пайдалану мәселелерi комитетiнiң мүшесi

Қараманов                 - Қазақстан Республикасы Индустрия және
Асқар Ұзақбайұлы            сауда министрлiгiнiң Құрылыс және
                            тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық iстерi
                            комитетi төрағасының орынбасары

Темiрханов                - Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны
Кеңес Қайыргелдiұлы         қорғау министрлiгiнiң Табиғатты
                            қорғауды бақылау комитетi төрағасының
                            орынбасары

Байнақов                  - Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгi
Рахмет Ғазизұлы             Yкiметтiк қарыздарды тарту
                            департаментiнiң директоры

Бертiсбаев                - Қазақстан Республикасы Энергетика және
Несiпқұл Бертiсбайұлы       минералдық ресурстар министрлiгi Электр
                            энергетикасы және көмiр өнеркәсiбi
                            департаментiнiң директоры

Ермекова                  - Қазақстан Республикасы Экономика және
Несiпбала Әбсағитқызы       бюджеттiк жоспарлау министрлiгi Салалық
                            органдардың шығыстарын жоспарлау
                            департаментiнiң директоры

Әбiшев                    - Оңтүстiк Қазақстан облысы әкiмiнiң
Ислам Алмаханұлы            бiрiншi орынбасары

Еламанов                  - Қызылорда облысы әкiмiнiң орынбасары
Бекмырза Қайыпұлы

Қазақстан Республикасы 
Үкіметінің      
2003 жылғы 24 шілдедегі 
N 742 қаулысымен    
бекітілген     

"Сырдария өзенiнiң арнасын реттеу және Арал
теңiзiнiң солтүстiк бөлiгін сақтау (1 фаза)"
жобасын iске асыруды қамтамасыз ету мәселелерi
жөнiндегi ведомствоаралық үйлестiру комиссиясы
туралы ереже

  1. Жалпы ережелер

      1. Осы ереже Ведомствоаралық үйлестiру комиссиясының (бұдан әрi - Комиссия) "Сырдария өзенiнiң арнасын реттеу және Арал теңiзiнiң солтүстiк бөлiгiн сақтау (1 фаза)" жобасын (бұдан әрi - Жоба) iске асыруды қамтамасыз ету мәселелерi бойынша қызметiн реттейдi. Комиссия 2001 жылғы 22 қазандағы Қазақстан Республикасы мен Халықаралық Қайта құру және Даму Банкi арасындағы Заем туралы  келiсiм шеңберiнде Жобаны iске асыруды қамтамасыз ету жөнiндегi ұсыныстар әзiрлеу мақсатында құрылған.

      2. Комиссия Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң жанындағы консультациялық-кеңесшi орган болып табылады.
      Комиссия өз қызметiнде Қазақстан Республикасының  Конституциясын , Қазақстан Республикасының Заңдарын және өзге де нормативтiк құқықтық кесiмдердi, сондай-ақ осы Ереженi басшылыққа алады.

  2. Комиссияның негiзгi мiндеттерi мен функциялары

      3. Комиссияның негiзгi мiндеттерi мен функциялары:
      1) Жоба шеңберiнде Сырдария өзенi арнасының су режимiн реттеу және Арал теңiзiнiң солтүстiк бөлiгiн сақтау арқылы аймақтың экологиялық және әлеуметтiк-экономикалық жағдайын жақсарту;
      2) Қазақстан Республикасының Yкiметiне Халықаралық Қайта құру және Даму Банкi беретiн заем қаражатын тиiмдi пайдалану;
      3) Жобаны iске асыру жөнiндегi мәселелердi үйлестiру;
      4) жаңадан гидротехникалық құрылыстарды жобалауға және салуға, сондай-ақ жұмыс iстеп тұрған өзен бойындағы құрылыстарды жөндеу жұмыстарын жүргiзуге жергiлiктi еңбек және материалдық ресурстарын барынша пайдалануды қамтамасыз ету жөнiнде ұсыныстар әзiрлеу болып табылады.

  3. Комиссияның құқықтары

      4. Комиссия өзiнiң мiндеттерiне сәйкес:
      1) Комиссия өз құзыретiне қатысты мәселелер бойынша орталық және жергiлiктi мемлекеттiк органдардан қажеттi ақпаратты алуға;
      2) Жобаны iске асыру мәселелерi бойынша ұсыныстар мен ұсынымдар дайындауға;
      3) белгiленген тәртiппен Комиссияның құрамына өзгерiстер және/немесе толықтырулар бойынша ұсыныстар енгiзуге құқығы бар.

  4. Комиссияның қызметiн ұйымдастыру

      5. Комиссияны оның қызметiне басшылық жасайтын, Комиссияның отырыстарына төрағалық ететiн, оның жұмысын жоспарлайтын төраға басқарады. Төраға болмаған уақытта оның функцияларын орынбасары атқарады.

      6. Жұмыстарды ұйымдастыруды және тиiстi материалдарды дайындауды Комиссияның хатшысы жүзеге асырады.

      7. Комиссияның жұмыс органы Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгiнiң Су ресурстары жөнiндегi комитетi болып табылады.

      8. Комиссия мәжiлiсi қажеттiгiне қарай, бiрақ жарты жылдық сайын кем дегенде бiр рет өткiзіліп тұрады.

      9. Мәжiлiстiң күн тәртiбiн, сондай-ақ олардың өткiзiлетiн орны мен уақытын Комиссия мүшелерiнiң келiсiмi бойынша Комиссияның төрағасы анықтайды және нақтылайды.

      10. Комиссияның шешiмдерi ашық дауыс беру жолымен қабылданады және егер оған Комиссия мүшелерi жалпы санының көпшiлiгi дауыс бергенде қабылданды деп саналады. Дауыстар тең болған жағдайда төраға дауыс берген шешiм қабылданды деп саналады.
      Комиссия шешiмдерi хаттамамен ресiмделедi және олардың ұсынымдық сипаты бар.

  5. Комиссияның қызметiн тоқтату

      11. Жобаны iске асыру аяқталғаннан кейiн Комиссия өз қызметiн тоқтатады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады