Қазақстан Республикасы мен Халықаралық Қайта Құру және Даму Банкі арасындағы заем туралы келісімді ("Сырдария өзенінің арнасын реттеу және Арал теңізінің солтүстік бөлігін сақтау (1 фаза)" жобасы) бекіту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасының Заңы 2002 жылғы 20 наурыз N 307-ІІ


     Астанада 2001 жылғы 22 қазанда жасалған Қазақстан Республикасы мен 
Халықаралық Қайта Құру және Даму Банкі арасындағы заем туралы келісім 
("Сырдария өзенінің арнасын реттеу және Арал теңізінің солтүстік бөлігін 
сақтау (1 фаза)" жобасы) бекітілсін. 
     
     Қазақстан Республикасының 
             Президенті 
     
                                                Заем нөмірі 4609 KZ
     
                        Қазақстан Республикасы 
                                мен 
                Халықаралық Қайта Құру және Даму Банкі 
                        арасындағы заем туралы 
                               Келісім
       ("Сырдария өзенінің арнасын реттеу және Арал теңізінің 
             солтүстік бөлігін сақтау (1-фаза)" жобасы)
     
                      2001 жылғы 22 қазан
     
     
                                                Заем нөмірі 4609 KZ
     
                         Заем туралы Келісім


      ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ (Заемшы) мен ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАЙТА ҚҰРУ ЖӘНЕ ДАМУ

БАНКI (Банк) арасындағы 2001 жылғы 22 қазандағы КЕЛІСІМ.
     Заемшы сипатталуы осы Келiсiмнiң (Жоба) 2-қосымшасында келтiрiлетiн 
жобаның орындалуына және басымдылығына кәміл сене отырып, Банкке Жобаны 
қаржыландыруға көмек көрсетуге өтiнiш жасағанын НАЗАРҒА АЛА ОТЫРЫП;
     Банк басқалардың ішінде, жоғарыда айтылғандардың негізiнде, осы 
Келiсiмде айтылған шарттар мен ережелер негiзiнде Заемшыға Заем беруге 
келiсiм бергендiгiн НАЗАРҒА АЛА ОТЫРЫП;
     ЖОҒАРЫДА АЙТЫЛҒАНДАРДЫ ЕСКЕРЕ ОТЫРЫП; 
     Тараптар осы Келiсiмде мыналар туралы келiстi: 
                            I БАП
                 Жалпы шарттар. Анықтамалар
                          1.01-Бөлiм 
     


      Банктiң 1999 жылғы 6 қазанды қоса алғанда енгiзiлген түзетулерiмен 1995 жылғы 30 мамырдағы "Заем туралы келiсiмдерге және бiрыңғай валютада Заемдар бойынша кепiлдiктерге қолданылатын жалпы ережелерi" (Жалпы шарттар) осы Келiсiмнің құрамдас бөлiгі болып табылады.

                           1.02-Бөлiм

      Егер контекстен өзгеше туындамаса, анықтамалары Жалпы шарттарда берiлетiн терминдердiң бiрқатары тиiсiнше оларда көрсетiлген мән-мағынаға ие болады және мынадай қосымша терминдердiң мынадай мағыналары болады:
      (а) "АКТ" осы Келiсiмнiң 5-қосымшасының 6-тармағына сәйкес Заемшы құратын Аңғар бойынша консультациялық топты бiлдiредi;
      (b) "СРК" Жобаны жүзеге асыратын Заемшының Табиғи ресурстар және қоршаған ортаны қорғау министрлiгiнiң Су ресурстары жөнiндегі комитетін бiлдiредi;
      (с) "Қолайлы санаттар" осы Келiсiмнiң 1-қосымшасы А.1-бөлiмінің кестесiнде айтылатын (1) және (2) санаттарды бiлдiредi;
      (d) "Қолайлы шығыстар" осы Келiсiмнiң 2.02-бөлiгiнде айтылатын тауарлар мен жұмыстарға арналған шығыстарды бiлдiредi;
      (е) "ҚОҚЖ" Заемшы дайындаған және 2001 жылғы 14 ақпанда қабылдаған Банк үшiн қолайлы Қоршаған ортаны қорғау жоспарын бiлдiредi, онда қоршаған ортаны қорғаудың әлсiреуiн, ағымдағы бақылауды және осы Келiсiмнiң 5-қосымшасында ол туралы айтылатын Жобаға сәйкес институционалдық шараларды сипаттау беріледі;
      (f) "ВҮК" осы Келiсiмге 5-қосымшаның 4-тармағына сәйкес Заемшы құратын Ведомствоаралық үйлестіру комитетiн бiлдiредi;
      (g) "ШБСТТ" осы Келiсiмге 5-қосымшаның 7-тармағына сәйкес Заемшы құратын "Шардара" бөгетi бойынша сарапшылардың тәуелсiз тобын бiлдiредi;
      (h) "ЭМРМ" Заемшының Энергетика және минералдық ресурстар министрлiгiн немесе оның кез келген құқықтық мирасқорын бiлдіредi;
      (i) "ЭСМ" Заемшының Экономика және сауда министрлiгін немесе оның кез келген құқықтық мирасқорын бiлдiредi;
      (j) "ТРҚОҚМ" Заемшының Табиғи ресурстар және қоршаған ортаны қорғау министрлiгiн немесе оның кез келген құқықтық мирасқорын бiлдiредi;
      (k) "ҚМ" Заемшының Қаржы министрлігін немесе оның кез келген құқықтық мирасқорын бiлдiредi;
      (l) "Жобаны басқару жөнiндегi есеп" осы Келiсiмнiң 4.02-Бөлiмiне сәйкес дайындалған әрбiр есептi бiлдiредi;
      (m) "Жобаға басшылық жасау жөнiндегi топ" жобаны дайындауға, орындауға және үйлестiруге жалпы жауап беретiн Су ресурстары жөнiндегi комитеттің құрамындағы Жобаға басшылық жасау жөнiндегi топты білдіреді;
      (n) "ЖБК" осы Келiсiмге 5-қосымшаның 5-тармағына сәйкес Заемшы

құратын Жобаны басқару жөнiндегi комитетті бiлдiредi;
     (о) "Жобаны дайындауға арналған қарыз" 2000 жылғы 1 ақпанда Банктiң 
атынан және 2000 жылғы 3 ақпанда Заемшының атынан қол қойылған 
келiсiм-хатқа сәйкес Заемшыға Банк ұсынған жобаны дайындауға арналған 
қарызды бiлдiредi; және
     (р) "Арнайы шот" осы Келiсiмге 1-қосымшаның В-бөлiгiнде айтылатын 
шотты бiлдiредi.
                          1.03-Бөлiм 
     
     Жалпы жағдайларда Жобаны орындаушы ұйымға жасалған әрбiр сiлтеме - 
СРК-ге сiлтеме болып саналады.
                            ІІ БАП
                             Заем
                          2.01-Бөлiм 
     


      Банк Заемшыға Заем туралы келісiмде айтылатын шарттар мен ережелерде немесе олар туралы онда айтылатын алпыс төрт миллион бес жүз мың АҚШ долларына (64,500,000 АҚШ доллары) тең соманы беруге келiсiм бередi.

                           2.02-Бөлiм

      (а) осы Заем туралы Келiсiмге 1-қосымшаның ережелерiне сәйкес Заем шотынан Заем сомасы Жоба үшiн қажет және Заем қаражатынан қаржыландырылатын тауарлар мен жұмыстардың тиiстi құнына қатысты, Заем бойынша проценттнр мен басқа да төлемдерге қатысты және осы Келiсiмнiң 2.04-бөлiмiнде айтылатын комиссиялық алымға қатысты шеккен (немесе егер Банк оған келiссе, алдағы болатын) шығыстарға алынуы мүмкін.
      (b) Келiсiм күшiне енген күннен кейiн дереу Банк Заемшының атынан шоттан алынатын және ол бойынша осындай күнге төлемге ұсынылмаған сомасы бар Жобаны дайындауға арналған қарыздың негiзгi сомасын өтеу және олар бойынша жүзеге асырылмаған барлық төлемдердi жүзеге асыру үшiн талап

етiлетiн, соманы өзiне өзi төлейдi. Жобаны дайындауға арналған қарыз 
сомасын пайдалануға рұқсат етілген, шоттан алынбаған қалдық осыдан кейiн 
күшiн жояды.
                          2.03-Бөлiм 
     
     Заем қаражатын пайдаланудың қорытынды күнi 2007 жылғы 28 ақпан немесе 
Банк белгілейтін бұдан кейінірек күн болып табылады. Банк Заемшыны осы  
неғұрлым кейінгі күн туралы дереу хабардар етедi. 
                          2.04-Бөлiм 
     
     Заемшы Банкке Заем сомасының бiр процентін (1%) құрайтын сомада 
комиссиялық алым төлейдi. Келiсiм күшiне енген күнi немесе осындай күннен 
кейiн дереу Банк Заемшының атынан жоғарыда аталған комиссиялық алымның 
сомасын Заем шотынан алады және өзiне өзi төлейдi.
                          2.05-Бөлiм 
     


      Заемшы Банкке осы сәтте шоттан алынбаған, Заемның негiзгі сомасы бойынша жылына бiр проценттің төрттен үш (1%-дың 3/4-і) ставкасы бойынша несие беру мiндеттемесi үшiн комиссиялық алым төлейдi.

                           2.06-Бөлiм

      (а) Заемшы шоттан алынатын және ол бойынша белгiлi бiр уақытта төлемге ұсынылмаған сомасы бар Заемның негiзгi сомасы бойынша, ЛИБОР базалық ставкасына ЛИБОР-дың жиынтық спредiн қосқандағыға тең проценттер есептелетiн әрбiр кезең үшiн ставка бойынша проценттер төлейдi.
      (b) Осы Бөлiмнiң мақсаты үшiн:
      (і) "Процент есептелетiн кезең" қоса алғанда осы Келiсiм күнiнен бастап содан кейін басталатын проценттерді төлеудiң бірінші күнін қоспай, сол күнге дейінгі бастапқы кезеңді, ал бастапқы кезеңнен кейін - проценттер төлеу күнiн қоса алғанда сол күннен бастап, проценттерді келесі төлеу күнін қоспай, сол күнге дейінгі әрбір кезеңді білдіреді;
      (іі) "Проценттерді төлеу күнi" осы Келісімнің 2.07-бөлiмiнде көрсететін кез келген күнді білдіреді;
      (ііі) Проценттер есептелетін әрбір кезеңге байланысты "ЛИБОР базалық ставкасы" негiздi түрде Банк анықтайтын және жылдық процентпен көрсетiлетiн сатушыға Лондон банкаралық рыногында проценттер есептелетiн осындай кезеңнiң бiрiншi күнгi алты айлық мерзімге салынған депозиттердің АҚШ долларымен бағалау проценттер есептелетiн осындай кезеңнiң бiрiншi күнгi немесе проценттер есептелетін осындай кезеңнің осындай күнінен кейінгі күнi басталатын проценттер төлеу күніндегі күнгі бағалау ставкасын бiлдiредi;
      (iv) Проценттер есептелетiн әрбiр кезеңге қатысты "ЛИБОР жиынтық спредi", мынаны бiлдiредi:
      (А) бiр проценттiң төрттен үшiн (1%-тiң 3/4);
      (В) проценттер есептелетiн осындай кезең үшiн орташа өлшемдік маржаны алу (немесе қосу), сатушылардың Лондон банкаралық рыногында Банктiк соманы төлеуге талап қойылған заемдарын, Банктiң ортақ валютамен заемдарды қаржыландыруға аударылған осындай заемдардың бөлiктерiне немесе Заем қамтитын оларға берiлетiн олардың бөлiктерiне қатысты Банк оны қалай негiздi түрде анықтайтын және жылдық процентпен көрсетiлетін алты айлық мерзiмге салынатын депозиттердiң ставкаларынан немесе депозиттер үшiн өзге бағдар ставкалардан төмен (немесе жоғары).
      (с) Банк проценттер есептелетін әрбір кезең үшiн ЛИБОР базалық ставкасы және ЛИБОР-дың жиынтық спредi туралы олар анықталғаннан кейiн дереу Заемшыны хабардар етедi.
      (d) Осы 2.06-бөлiмде айтылатын проценттiк ставкаларды анықтауға әсер ететiн нарықтық практикадағы өзгерiстерге байланысты болған әрбiр ретте Банк тұтастай алғанда өзiнiң заемшыларының да, Банктiң де мүддесi үшiн жоғарыда аталған бөлiмде көзделетiн негiзден өзгеше, Заемға қолданылатын проценттiк ставкаларды анықтау үшін негіздің қолданылуын анықтайды, Банк Заемшыны жаңа негiз туралы кемiнде алты (6) ай iшiнде хабардар ете отырып, Заемға қолданылатын проценттiк ставкаларды анықтау үшiн негiздi өзгертуi мүмкiн. Негiз хабардар ету үшiн көзделген уақыт кезеңi өткеннен кейін

күшіне енедi, егер Заемшы көрсетiлген уақыт кезеңі ішінде осындай негiзге 
қарсы өз қарсылығы туралы Банктi хабардар етпесе - жоғарыда аталған 
өзгерiс Заемға қолданылмайтын жағдай.
     
                               2.07-бөлім
     
     Заем бойынша проценттер және өзге төлемдер жарты жылда бір рет - әр 
жылдың 15 ақпанында және 15 тамызында жүзеге асырылуға және төленуге тиіс.
     
                               2.08-бөлім
     
     Заемшы осы Келісімге 3-қосымшада келтірілген борышты біртіндеп өтеу 
графигіне сәйкес Заемның негізгі сомасын өтейді.
     
                                III БАП
                             Жобаны орындау
     
                               3.01-бөлiм
     


      (а) Заемшы Жобаның мақсаттарын өзінiң жақтайтындығы туралы жариялайды және тиiсті әкімшілік, қаржылық, инженерлік-техникалық және табиғат қорғау практикасына сәйкес осы мақсатта қолданылып жүрген талаптарды сақтай және көздеп отырған нәтижелерге қол жеткiзе отырып, Жобаны СРК арқылы орындайды және қажеттілігіне қарай дереу, және де Заем туралы келiсiмге сәйкес кез келген басқа міндеттемелердi шектеусіз немесе кемiтусіз Жобаны іске асыру үшiн талап етілетін құралдарды, жабдықты және үй-жайларды және басқа ресурстарды ұсынады.
      (b) Заемшы осы Бөлімнің (а) тармағының ережесін шектемей және Заемшы мен Банк арасында өзге уағдаластық болған жағдайлардан басқа кезде, осы Келiсiмге 5-қосымшада айтылатын Жобаны орындау бағдарламасына сәйкес СРК арқылы Жобаны орындайды.

                                3.02-бөлім

      Егер Банк өзге шешім қабылдамаса, Жобаны орындау үшін қажетті және Заем қаражатынан қаржыландырылатын тауарларды және жұмыстарды сатып алу осы Келiсiмге 4-қосымшаның ережелерімен реттеледі.
                                 IV БАП



                  Қаржылық қызметтi басқару туралы ережелер

                                4.01-бөлiм

      (а) Заемшы есепке алу құжаттарын және шоттарды қоса алғанда, қаржылық қызметтi басқару жүйесiн жүргiзедi немесе жүргiзiлуiн қамтамасыз етедi және Банк үшiн қолайлы нысанда және Жобаға қатысты операцияларды және шығыстарды көрсету жөнiнде қолданылып жүрген талаптарға сай келетiн қаржылық есептердi дайындайды.
      (b) Заемшы:
      (i) Банк үшiн қолайлы тәуелсiз аудиторлары тұрақты қолданатын аудиттi жүргiзудiң тиiстi қағидаттарына сәйкес аудитi жүргiзiлген әрбiр қаржы жылы бойынша арнайы шотқа қатысты есепке алу және шот құжаттарын қоса алғанда осы бөлiмнiң (а) тармағында айтылатын есепке алу және шот құжаттарын жүргiзедi;
      (ii) Банкке дайындап болғаннан кейiн дереу, бiрақ қалай болғанда да әрбiр осындай қаржы жылы бiткеннен кейiн алты (6) айдан кешiктiрмей Банк негiздi түрде сұрайтын көлемде және егжей-тегжейлi, жоғарыда аталған аудиторлар жүргізген аудит туралы есептi ұсынады; және
      (iii) Банкке белгiлi бiр уақытта Банк сұрататын жоғарыда аталған есепке алу құжаттары мен шоттарға және оның аудитiне қатысты осындай басқа ақпаратты ұсынады.
      (с) Оларға қатысты Жобаны басқару жөнiндегі есептердiң немесе шығыстар тiзiмдемелерiнiң негiзiнде Заем шотынан қаражат алу жүргiзiлген барлық шығыстар бойынша Заемшы:
      (i) осы бөлiмнiң (а) тармағына сәйкес осындай шығыстарды көрсететiн есепке алу құжаттарын және шоттарды жүргiзедi немесе жүргiзiлуiн қамтамасыз етедi;
      (іі) Заем шотынан соңғы қаражат алу жүргiзiлген қаржы жылы үшiн аудиттiң нәтижелерi туралы есептi Банк алғаннан кейiн, кемiнде бiр (1) жыл бойы осындай шығыстарды растайтын есептiң барлық құжаттарын (келiсiм-шарттар, тапсырмалар, шот-фактуралар, шоттар, түбiртектер және басқа да құжаттар) сақтайды;
      (iii) Банктiң өкiлдерiне есепке алудың осындай құжаттарын тексеруге мүмкіндік бередi; және
      (iv) осы бөлiмнiң (b) тармағында ол туралы айтылған есепке алу мен шоттардың осындай құжаттарын жыл сайынғы аудитке қосуды қамтамасыз ету, және де осындай аудит туралы есеп сөз болып отырған шоттардан қаражатты алуды негiздеу үшiн жобаны басқару туралы есепке немесе оларды даярлауға арналып тартылған рәсiмдермен және iшкi бақылаумен бiрге осы қаржы жылы iшiнде берiлген шығыстардың ведомосына негiз жасауға бола ма, жоқ па деген жоғарыда аталған аудиторлардың жекелеген қорытындыларын қамтуы тиiс.

                                4.02-бөлім

      (а) Осы Келісімнің 4.01-бөлімнің ережелеріне шек қоймай, Заемшыға 2002 жылғы 1 шілдеден кешіктірмей немесе Банк анықтайтын неғұрлым кеш мерзімде Банк үшін қолайлы Жобаны басқару туралы тоқсандық есепті дайындау мүмкіндігін беру үшін жоғарыда аталған 4.01-бөлімнің (а) тармағында сөз болатын қаржылық қызметті басқару жүйесін нығайту жөнінде Банк үшін қолайлы белгіленген кестеге сәйкес іс-қимыл жоспарын орындайды, олардың әрқайсысында:
      (і) (А) қаражаттың іс жүзіндегі көздері және олардың Жоба үшін қолданылуы - жинақталып және жоғарыда аталған есепте қамтылатын кезең үшін, сондай-ақ жоспарланған көздер мен аталған есепке қатысты кезеңнен кейінгі ұзақтығы алты ай мерзім ішінде Жоба үшін қаражаттың қолданылуы көрсетіледі, және
      (В) аталған есепке қатысты кезең ішінде Заем қаражатынан қаржыландырылып келген шығыстар және жоғарыда аталған есепке қатысты кезеңнен кейінгі ұзақтығы алты ай мерзім ішінде Заем қаражатынан қаржыландыруға ұсынылған шығыстар жеке көрсетіледі;
      (іі) (А) Жобаның орындалу барысы жинақталып та, жоғарыда аталған есепке қатысты кезең үшін де сипатталады;
      (В) іс жүзіндегі және бұрын көзделген бақылау цифрлары арасындағы алшақтықтар түсіндіріледі; және
      (ііі) Жоба бойынша сатып алуға және жоғарыда аталған есепке қатысты кезеңнің аяғында Заем қаражатынан қаржыландырылатын келісім-шарттарға сәйкес шығыстарға байланысты істердің жай-күйі айтылады.
      (b) Осы бөлімнің (а) тармағында айтылатын іс-шаралар жоспарын орындау аяқталғаннан кейін Заемшы Банк үшін қолайлы ережелерге сәйкес осындай кезең үшін Жобаны басқару жөніндегі есепті дайындайды және әрбір күтізбелік тоқсан аяқталғаннан кейін 45 күнен кешіктірмей Банкке ұсынады.
                                 V БАП



               Күшіне енгізілетін күн. Іс-әрекеттің тоқтатылуы

                                5.01-бөлім

      Келесі оқиғалар Жалпы шарттардың 12.01 (с) бөлімі мағынасында осы Заем туралы Келісім күшіне енуінің қосымша шарттары ретінде көрсетіледі, яғни Заемшылар осы Келісімнің 4.01 (b) (і) бөлімінде айтылатын аудиторларды тағайындайды;

                                5.02-бөлім

      Осы арқылы Жалпы шарттардың 12.04-бөлімінің мақсаттары үшін осы Келісім күнінен тоқсан (90) күн өткеннен кейін басталатын күн көрсетіледі.
                                 VI БАП



                      Заемшының өкiлдерi; мекен-жайы

                                6.01-бөлiм

     Жалпы шарттардың 11.03-бөлiмiнiң мақсаттары үшiн Заемшының Өкілі 
болып Заемшының Қаржы министрi немесе Қаржы министрінің орынбасары 
тағайындалады.
                               6.02-Бөлiм
     Жалпы шарттардың 11.01-бөлiмiнiң мақсаттары үшiн мынадай мекен-жайлар 
көрсетiледi:
     Заемшының мекен-жайы:
     
     Ministry of Finance                 Қазақстан Республикасының
     33, Pobeda Ave                      Қаржы министрлігі     
     473000 Astana                       Астана 473000
     Republic of Kazakhstan              Жеңіс даңғылы, 33
     
     Теlех: 264126 (FILIN)               Телекс: 264126 (FILIN)
     Банктің мекен-жайы:
     International Bank of                 Халықаралық Қайта Құру 
     Reconstruction and Development            және Даму Банкі       
     1818 Н Strееt, N. W.              1818 Эйч-Стрит, Солтүстік-Батыс
     Wаshingtоn, D. С. 20433           Вашингтон, Колумбия Округі 20433
     United States of America              Америка Құрама Штаттары
     Cable аddrеss: INTBAFRAD          Телеграф мекен-жайы INTBAFRAD
         Wаshingtоn, D.С.                Вашингтон, Колумбия Округі
     Теlех: 248423 (MCI) or            Телекс: 248423 (MCI) немесе
           64145 (MCI)                         64145 (MCI)
     
     ОСЫНЫ КУӘЛАНДЫРА ОТЫРЫП, өздерiнiң тиiстi негiзде уәкiлеттік берiлген 
өкiлдерi арқылы әрекет ететiн осы Келiсiмдегі Тараптар жоғарыда бас 
кезiнде көрсетiлген күнi мен жылы Қазақстан Республикасының 
Астана қаласында өздерiнiң аттарынан осы Келiсiмге қол қойылуын қамтамасыз 
еттi.
     ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ                 ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАЙТА ҚҰРУ
            ҮШIН                             ЖӘНЕ ДАМУ БАНКI YШIН
     
     _________________________________     _______________________________
           Уәкiлеттi Өкiл                   Еуропа және Орта Азия аймағы   
                                               бойынша Вице-Президент


                                  1-ҚОСЫМША

Заем қаражатын шоттан алу


     А. Жалпы ережелер
     1. Төмендегi кестеде Заем қаражатынан қаржыландырылатын шығыстар 
баптарының санаттары, әрбір санат бойынша Заем сомасын бөлу және осындай 
негiзде әрбiр санатта қаржыландырылатын баптар бойынша шығыстардың проценті
көрсетiледi:
          Санаты            Заемның бөлінген          Қаржыландыру
                              сомасы (АҚШ                шығыны %
                              долларымен)
     
     (1) Инженерлiк-құрылыс
         жұмыстары             57,955,000            84%
     (2) Тауарлар              100,000               Шетел валютасымен
                                                     100% шығыстар,
                                                     жергiлiкті валютамен 
                                                     100% шығыстар (франк-
                                                     зауыт құны) және  
                                                     тұрған орнында сатып
                                                     алынатын тауарлар
                                                     үшiн жергiлiктi
                                                     валютамен 84%
                                                     шығыстар
     (3) Жобаны дайындауға     1,800,000             Осы Келiсiмнiң
         арналған несиенi өтеу                       2.02 (с) бөлiмiне
                                                     сәйкес тиесiлi сома
     (4) Комиссиондық алым     645,000               Осы Келiсiмнiң
                                                     2.04 (с) бөлiмiне
                                                     сәйкес тиесiлi сома
     (5) Бөлiнбеген сома       4,000,000
         ЖИЫНЫ                 64,500,0000
     2. Осы қосымшаның мақсаттары үшiн:


      а) "шетел валютасымен шығыстар" терминi Заемшының елiнен өзге кез келген елдiң аумағынан әкелiнетiн тауарларға Заемшының елiнен өзге кез келген елдiң валютамен шығыстарды бiлдiредi;
      (b) "жергiлiктi валютамен шығыстар" терминi Заемшының аумағынан әкелiнген тауарларға Заемшының валютамен жұмсалған шығыстарды бiлдiредi.
      3. Жоғарыдағы 1-тармақта келтiрiлген ережеге қарамастан, осы Келiсiмге қол қойылған күнге дейiн орын алған төлемдерге қатысты ешқандай шоттан қаражат алу жүргізiлмейдi.
      4. Банк Заем қаражаты мыналарға:
      (а) келiсiм-шартқа сәйкес әрқайсысының құны АҚШ долларымен есептегенде 100,000-нан төмен болатын тауарларға;
      (b) келiсiм-шарттарға сәйкес әрқайсысының құны АҚШ долларымен есептегенде 200,000-нан төмен болатын жұмыстарға, жұмсалған шығыстар ведомосының негізінде барлығы Банк Заемшыға хабарлама беретiн осындай шарттар мен ережелерге сәйкес Заем шотынан алынуын талап ете алады.

      В. Арнайы шот
      1. Заемшы есепке алудан, тәркiлеуден немесе тыйым салудан тиiстi қорғауды қоса алғанда, Банк үшiн қолайлы шарттарда және ережелерде коммерциялық банкте арнайы депозиттiк шот ашады және АҚШ долларымен жүргiзедi.
      2. Банк өзiне қолайлы арнайы шоттың ашылғаны туралы растау құжатын алғаннан кейiн, жоғарыда айтылған арнайы шотта депозитке салынған сомада Заем шотынан алынатын қаражат мынадай түрде:
      (а) банк мынадай құжаттарды:
      (i) осы Келiсiмнiң 4.02 (b) бөлiмiнде айтылған Жобаны басқару туралы бiрiншi есептi, және
      (іі) Жобаны басқару туралы есептердiң негiзiнде Заемшының қаражат алуға өтiнiмi алғанға дейiн жүргiзіледi шоттан қаражат алу осы 1-Қосымшаға А қосымшаның ережелерiне сәйкес жүргiзiледi; және
      (b) Жобаны басқару туралы есептiң негiзiнде шоттан қаражат алуға арналған Заемшының өтінімiмен қоса берiлген осы Келiсiмнiң 4.02 (b) бөлiмiне сәйкес Жобаны басқару туралы есепті Банктiң алуы бойынша кез келген кейiннен шоттан қаражат алу осы 1-қосымшаға В қосымшаның ережелерiне сәйкес жүргiзiледi.
      3. Арнайы шоттан төлемдер тек орынды шығыстарға ғана жүргiзiледi.
      Заемшы арнайы шоттан жүргiзетін әрбiр төлем бойынша Заемшы Банк негiздi түрде сұрататын мерзiмде осындай құжаттарды және төлем тек орынды шығыстарға ғана жұмсалған өзге де растау құжаттарын Банкке ұсынады.
      4. Осы қосымшаның В.2-бөлігінің ережелеріне қарамастан, егер:
      (а) Банк кез келген уақытта осы Келісімнің 4.02-бөліміне сәйкес талап етілетін ақпарат Жобаны басқару туралы есепте тиісті түрде ұсынылмағанын анықтаса;
      (b) Банк шоттан кез келген уақытта Заем шотынан кез келген кейіннен қаражат алуды Заемшы тікелей жүргізуі тиіс екендігін анықтаса; немесе
      (с) Заемшы осы Келісімнің 4.01 (b) (іі) бөлімінде көрсетілген мерзім ішінде аудитке қатысты жоғарыда аталған бөлімге сәйкес Банкке ұсыну талап етілетін аудиттің нәтижелері туралы қандайда да болмасын есептердің бірін:
      (А) есептеу құжаттары және арнайы шот бойынша есептер; немесе
      (В) есептеу құжаттары және оларға қатысты Жобаны басқару туралы есептердің негізінде шоттан қаражат алу жүргізілген шығыстарды көрсететін есептерді Банкке ұсынбаса, Банк бұдан кейін арнайы шотқа қаражатты депозитке салуды жүргізуге міндетті емес.
      5. Егер Банк кез келген уақытта жалпы шарттардың 6.02-бөлiмiне сәйкес Заем шоттарынан қаражат алуға Заемшының құқығын толық немесе iшiнара тоқтататын өзiнiң ниетi туралы Заемшыны хабардар етсе, осы қосымшаның В.2-бөлiмiнiң ережелерiне сәйкес арнайы шотта бұдан кейiн қаражатты депозитке салуды жүргiзуге мiндеттi емес. Осындай хабарламадан кейiн Банк тек өз қарауы бойынша ғана бұдан кейiн арнайы шотта қаражатты депозитке салу жүргiзiле ме, жоқ па осындай қаражатты депозитке салуды жүзеге асыру үшін қандай рәсiмдер сақталуы тиiс екендiгiн анықтайды және өзiнiң шешiмi туралы Заемшыны хабардар етедi.
      6. (а) Егер Банк кез келген уақытта арнайы шоттан қандай да бiр төлем қолайлы шот болып табылмайтын шығыстарға жұмсалғанын немесе Банкке ұсынылған растайтын құжатпен негiзделмегенiн анықтаса, Заемшы хабарламаны алғаннан кейiн Банк сұрататын осындай қосымша растауды тез арада Банкке ұсынады немесе осындай төлемнiң сомасына тең соманы арнайы шотта депозитке салады (немесе егер Банк талап етсе, Банкке қайтарады). Егер Банк өзге шешiм қабылдамаса, Заемшы осындай растаманы ұсынғанша немесе жағдайларға байланысты осындай депозитке салуды жүргiзбейiнше Банк ешқандай арнайы шотта кейiннен қаражатты депозитке салуды жүргiзбейдi.
      (b) Егер Банк кез келген уақытта арнайы шотта төлемге ұсынылмаған сома осындай шешiмнен кейiн алты айдың iшiнде орынды шығыстар бойынша төлемдердi қамтамасыз ету үшiн талап етілмейтінін анықтаса, Заемшы Банктің хабарламасын алғаннан кейiн төлемге ұсынылмаған соманы Банкке қайтарады.
      (с) Заемшы Банктің хабарламасын алғаннан кейін Банкке арнайы шотқа депозитке салынған қаражаттың барлығын немесе бөлігін қайтарады.
      (d) Осы 6-тармақтың (а), (b) немесе (с) тармақшаларына сәйкес Банкке қайтарылатын қаражат Заем туралы Келісімнің ережелеріне сәйкес шоттан кейіннен алу немесе күшін жою үшін Заем шотына жазылады.

                                1-ҚОСЫМШАҒА
                                 А толықтыру
         Шоттан қаражат алу Жобаны басқару туралы есептің негізiнде
               жүргізiлмеген жағдайларда арнайы шотты жүргiзу

      1. Осы толықтырудың мақсаттары үшiн:
      "Рұқсат етiлген аударым" терминi осы Толықтырудың 2-тармағына сәйкес Заем шотынан алынатын және арнайы шотқа депозитке салынатын, АҚШ долларымен есептегенде 1,500,000 болатын сома; алайда Банк өзге шешiм қабылдамаған жағдайда, рұқсат етiлген аударым төлемге ұсынылмаған және АҚШ долларымен есептегенде 10,000,000 болатын соманың жалпы шарттардың 5.02-бөлiмiне сәйкес Банк қабылдаған сомасы бар барлық арнайы мiндеттемелердiң жалпы сомасын қосқанда Заем шотынан алынған қаражаттың жиынтық сомасына жеткiзiлгенге немесе арттырғанға дейiн АҚШ долларымен есептегенде 750,000 болатын сомамен шектеледi.
      2. Арнайы шоттан рұқсат етiлген аударым қаражатын алу және арнайы шотты толықтыру үшiн қаражатты одан әрi алу былайша жүргiзiледi:
      (а) арнайы шоттан жоғарыда аталған рұқсат етiлген аударым қаражатын алу үшiн Заемшы Банкке жиынтығында жоғарыда аталған рұқсат етiлген аударым сомасынан аспайтын соманы немесе сомаларды арнайы шотқа депозитке салуға сұратуды немесе сұратуларды ұсынады. Әрбiр осындай сұратудың негізiнде Банк Заемшының атынан Заемшы сұрататын соманы Заем шотынан алады және жоғарыда аталған арнайы шотқа депозитке салады.
      (b) Жоғарыда аталған арнайы шотты толықтыру үшiн Заемшы Банк анықтайтын жүйелілiкпен жоғарыда аталған арнайы шотқа қаражатты депозитке салуға сұратуларды Банкке ұсынады. Әрбір осындай сұратуға дейiн немесе оны ұсынған уақытта Заемшы Банкке оларға қатысты толықтыру сұратылатын төлемге немесе төлемдерге осы Келiсiмге 1-қосымшаның В.3 бөлiгiне сәйкес талап етiлетiн құжаттар мен өзге растаманы ұсынады. Әрбiр осындай сұрату негізінде Банк Заемшының атынан, заемшы сұратқан және жоғарыда аталған арнайы шоттан орынды шығыстарға төлеуге жоғарыда аталған құжаттарда және өзге растамада көрсетiлетiн осындай соманы Заем шотынан алады және арнайы шотқа депозитке салады. Жоғарыда аталған арнайы шоттағы әрбiр осындай депозитке салу сомасын Банк Заем шотынан бiр бiрден немесе одан артық арнайы шоттың қолайлы санаттары бойынша алады.
      3. Заемның алынған сомасы алу жоғарыда аталған санаттар үшiн бөлiнген Заем қаражатынан қаржыландырылатын шығыстарға қатысты төлеуге ұсынылмаған сомасы бар және Банк Жалпы шарттардың 5.02-бөлiмiне сәйкес өзiне қабылдаған барлық арнайы мiндеттемелердiң жалпы сомасы арнайы шоттан рұқсат етiлген аударым сомасынан екi есе артық сома баламасына тең болған кезде Банк арнайы шоттағы қаражатты кейiннен депозитке салуды жүргiзуге мiндеттi емес. Осыдан кейiн жоғарыда аталған санаттар үшiн бөлiнген, алынбаған күйде қалған Заем сомасын Заем шотынан алған кезде Банк Заемшыға хабарламада хабарлайтын рәсiмдер сақталады. Осындай одан әрi шоттан қаражат алу осындай хабарлама күнiнде арнайы шотта қалған депозитке салынған барлық осындай сомалар орынды шығыстарға төлемдердi жүзеге асыру үшiн және Банк көз жеткiзген шамада пайдаланылатынына қарай Банк көз жеткiзгеннен кейiн ғана жүргiзiледi.

                               1-ҚОСЫМШАҒА
                               В Толықтыру

         Шоттан қаражат алу Жобаны басқару туралы есептердің негізінде
                жүргізілген жағдайларда арнайы шотты жүргізу

      1. Банк Заем шотынан кез келген қаражат алу кезiнде Заемшыға хабарлау жолымен өзгені көрсете алатын жағдайды қоспағанда, осындай қаражатты Банк осы Келісімге 1-қосымшаның ережелеріне сәйкес арнайы шотқа депозитке салады. Арнайы шотқа әрбiр осындай депозитке салынған қаражатты Банк бiр-бiрден немесе жоғарыда аталған арнайы шоттың қолайлы санаттары бойынша алады.
      2. Арнайы шотқа депозитке салу үшін Заем шотынан қаражат алуға

арналған әрбір өтінім Жобаны басқару туралы есеппен расталуы тиіс. 
     3. Заем шотынан қаражат алуға арналған әрбір өтінімді алғаннан кейін 
Банк Заемшының атынан:
     (а) осылайша сұратылатын сомадан; және 
     (b) осындай есеп күнінен кейін алты айдың ішінде орынды шығыстарды 
қаржыландыру үшін депозитке салуға қажет жоғарыда аталған өтініммен 
қоса жүретін Жобаны басқару туралы есептің негізінде Банк анықтаған 
сомадан төмен сомаға тең соманы Заем шотынан алады және арнайы шотқа 
депозитке салады; алайда, осылайша жоғарыда аталған Жобаны басқару туралы 
есепте көрсетілген, арнайы шотта қалған сомаға қосқан кезде депозитке 
салынатын сома АҚШ долларымен есептегенде 1,500,000 сомадан аспайды.
     
                               2-ҚОСЫМША
                            Жобаны сипаттау
     
     Жобаның мақсаттары:


      (i) Жобаның мақсаттары Солтүстiк Арал теңiзiнiң (САТ) болмысын қамтамасыз ету және Сырдария өзенiнiң өткiзу қабiлетiн жақсарту, САТ атырауында және оның маңындағы табиғатты қорғауға байланысты экологиялық және табиғат қорғау жағдайларын және биологиялық алуан түрліліктi жақсарту, бұл адамдардың және жануарлардың денсаулығын жақсартуға мүмкiндiк бередi; және
      (ii) ауылшаруашылық өнiмдерi (мал шаруашылығын қоса алғанда) мен Сырдария өзенiнiң алабындағы балық өнiмдерiн өндiрудi қолдау және молықтыру;
      Жоба Заемшы мен Банк осындай мақсаттарға жету үшiн кез келген уақытта келiсiп өзгерiстер енгiзе алатын мынадай бөлiктерден тұрады:
      А Бөлiгi: Солтүстiк Арал теңiзiн қалпына келтiру (САТ)
      САТ пен Yлкен Оңтүстiк Арал теңiзiн (YОАТ) жалғастыратын бұғаз арқылы бөгет және суағар бөгет құрылысын салу.
      В Бөлiгi. Сырдариядағы гидравликалық реттеуді жақсарту
      Мынадай жұмыстарды қоса алғанда, гидротехникалық ғимараттарды қайта жаңғырту және құрылысын салу;
      (i) Ақлақ суағар бөгетiн қайта жаңарту (және оған байланысты жұмыстар);
      (ii) Әйтек және Қарөзек су реттегiш ғимараттарын қайта жаңарту және оған байланысты жұмыстар;
      (iii) Қазалы қаласындағы бас ғимараттарды және Қызылорда қаласындағы тосқауылдарды жөндеу;
      (iv) өзен бойында биiктiгi шамалы бөгет және суағар бөгет және өзен бұғазының қиын өтетiн жерлерiн қайта жаңарту және салу;
      С Бөлігі: Шардара Бөгетін қалпына келтіру
      Суармалы Қызылқұм бас тоғанын - сужібергішті, дренаж жүйесін, қайта босату шеберлерін қалпына келтіру және су қашыртқы ғимараттарды, тезағарларды, Қараөзек суұрма құдықтарын қалпына келтіру және оған байланысты жұмыстар және бөгетке өлшеуіш приборлар орнатуды қоса алғанда, Шардара бөгетіндегі қалпына келтіру жұмыстары.
      D Бөлігі: Гидроресурстарды қалпына келтіру және балық аулау кәсіпшілігін дамыту
      (і) балық аулау кәсіпшілігін дамыту жоспарын әзірлеу және орындау; және
      (іі) Қамысбас пен Тастектегі станцияларды қалпына келтіру.
      Е Бөлігі: Ағымдағы бақылау және бағалау
      Жобаның орындалу барысын, оның ықпалын және Қызметтер көрсету, оқыту және көлiк құралдары мен жабдықтарды сатып алу арқылы қоршаған ортаны қорғау жоспарының орындалуын ағымдағы бақылау және бағалау.
      Ғ Бөлiгi: Жобаны басқару және институционалдық даму
      (i) Жобаны жалпы басқару, сатып алу, бухгалтерлiк есеп, аудит жүргiзу, құрылысты қадағалауды қоса алғанда жобаны басқару тобының (ЖБТ) қызметiн қолдау; жалпы бақылау, қоршаған ортаны қорғау жөнiндегi жоспардың орындалуын ағымдағы бақылау, бағалау және орындау; және
      (ii) Техникалық көмек көрсету және оқыту арқылы жобаны басқаруда СРК-нiң мүмкiндiгiн арттыру;
                                   ***




      Жоба 2006 жылғы 31 тамызда аяқталады деп болжанады.
                                 3-ҚОСЫМША



                         Борышты Біртіндеп Өтеу Кестесі

     Төлемнің Келісілген Күні               Негізгі Соманы Төлеу
                                              (АҚШ долларымен)*
     2007 жылғы 15 ақпан                          1,355,000
     2007 жылғы 15 тамыз                          1,395,000
     2008 жылғы 15 ақпан                          1,440,000  
     2008 жылғы 15 тамыз                          1,480,000
     2009 жылғы 15 ақпан                          1,525,000
     2009 жылғы 15 тамыз                          1,570,000
     2010 жылғы 15 ақпан                          1,620,000
     2010 жылғы 15 тамыз                          1,665,000
     2011 жылғы 15 ақпан                          1,715,000
     2011 жылғы 15 тамыз                          1,770,000
     2012 жылғы 15 ақпан                          1,820,000
     2012 жылғы 15 тамыз                          1,875,000     
     2013 жылғы 15 ақпан                          1,935,000     
     2013 жылғы 15 тамыз                          1,990,000     
     2014 жылғы 15 ақпан                          2,050,000
     2014 жылғы 15 тамыз                          2,110,000
     2015 жылғы 15 ақпан                          2,175,000
     2015 жылғы 15 тамыз                          2,240,000
     2016 жылғы 15 ақпан                          2,310,000
     2016 жылғы 15 тамыз                          2,375,000
     2017 жылғы 15 ақпан                          2,450,000
     2017 жылғы 15 тамыз                          2,520,000
     2018 жылғы 15 ақпан                          2,600,000
     2018 жылғы 15 тамыз                          2,675,000
     2019 жылғы 15 ақпан                          2,755,000
     2019 жылғы 15 тамыз                          2,840,000
     2020 жылғы 15 ақпан                          2,925,000
     2020 жылғы 15 тамыз                          3,010,000
     2021 жылғы 15 ақпан                          3,100,000
     2021 жылғы 15 тамыз                          3,210,000
     * Бұл бағандағы цифрлар Жалпы шарттардың 4,04 (d)-бөлімінде айтылған 
жағдайларды қоспағанда, өтеуге жататын АҚШ долларымен көрсетілген соманы 
білдіреді.     
     
     
                               4-ҚОСЫМША
                               Сатып алу
                                I бөлiм
                    Тауарлар мен жұмыстарды сатып алу
                                А бөлiгi
                            Жалпы мәлiметтер
     Тауарлар мен жұмыстарды сатып алу 1995 жылдың қаңтарында Банк 
жариялаған және 1996 жылдың қаңтарында және тамызында, 1997 жылдың 
қыркүйегiнде және 1999 жылдың қаңтарында қайта қаралған I "ХҚДБ Заемдары 
және ХДБ Несиелерi бойынша Сатып алу жөнiндегi басшылық" бөлiмiнiң 
ережелерiне, сондай-ақ осы қосымшаның бөлiмi ережелерiне сәйкес 
жүргiзiледi.


                                В бөлiгi



                    Халықаралық бәсекелiк сауда-саттығы

      1. Осы бөлiмнiң С бөлiгiнде өзгеше көзделетiн жағдайларды қоспағанда, тауарлар мен қызметтердi сатып алу Басшылықтың II Бөлiмiнiң және оған 1-қосымшаның 5-тармағының ережелерiне сәйкес жасалған келiсiм-шарттарға сай жүргiзiледi.
      2. Мына ережелер осы В бөлiктiң 1-тармағының ережелерiне сай жасалған келiсiм-шарттарға сәйкес сатып алынатын тауарлар мен жұмыстарға қолданылады.
      (а) Алдын ала бағалау
      Құны бағалауға сәйкес 10,000,000 АҚШ долларынан астам болатын жұмыстардың орындалуын ұсынатын сауда-саттыққа қатысушыларға Басшылықтың
2.9 және 2.10-тармақтарының ережелерiне сәйкес алдын ала баға берiледi.
      (b) Хабарлама және хабарландыруды жариялау
      Алдын ала бағалаудан өтуге немесе құны АҚШ долларымен есептегендегi бағалауға сәйкес 10,000,000 немесе одан астам болатын әрбiр келiсiм-шартты жасасу туралы ұсынысты беруге шақыруы бар хабарландыру Басшылықтың 2.8-тармағына сәйкес iрi келiсiм-шарттарда қолданылатын рәсiмдерге сәйкес жарияланады.
                                С бөлiгi



                       Сатып алудың басқа рәсiмдерi

      1. Ел шегiндегi бәсекелiк сауда-саттық
      Құны АҚШ долларымен есептегендегі бағалауға сәйкес бір келісім-шартқа 1,000,000-нан төмен болатын жұмыстар 12,000,000-нан аспайтын АҚШ долларымен есептегендегi жиынтық сомада Басшылықтың 3.3 және 3.4-тармақтарының ережелерiне сай жасалған келiсiм-шарттарға сәйкес сатып алынуы мүмкiн.
      2. Елден тыс жердегi сатып алу
      Құны АҚШ долларымен есептегендегi бағалауға сәйкес бiр келiсiм-шартқа 100,000-нан төмен болатын тауарлар 500,000-нан аспайтын АҚШ долларымен есептегендегi жиынтық сомада Басшылықтың 3.5. және 3.6-тармақтарының ережелерiне сәйкес елден тыс жердегi сатып алу рәсiмдерiнiң негiзiнде жасалатын келiсiм-шарттарға сәйкес сатып алынуы мүмкiн.
      3. Ел шегiндегi сатып алу
      Құны АҚШ долларымен есептегендегi бағалауға сәйкес бiр келiсiм-шартқа 50 000-нан төмен болатын тауарлар 500,000-нан аспайтын АҚШ долларымен есептегендегi жиынтық сомада Басшылықтың 3.5. және 3.6-тармақтарының ережелерiне сай сатып алулар рәсiмдерiнiң негiзiнде жасасқан келiсiм-шарттарға сәйкес сатып алынуы мүмкiн.
      4. Көлемi шағын жұмыстарды сатып алу
      Құны АҚШ долларымен есептегендегi бағалауға сәйкес бiр келiсiм-шартқа 50,000-нан төмен болатын жұмыстар бағалауға сәйкес 1,000,000-нан аспайтын АҚШ долларымен есептегендегi жиынтық сомада болған кезде жазбаша шақырудың жауабына берiлген үш (3) жергiлiктi мердiгерден алынған ұсыныстар негізiнде жасасқан келiсiм-шартқа сәйкес тiркелген бағамен сатып алынуы мүмкiн. Шақыру аяқталу мерзiмiн, Банк үшiн қолайлы және қажет болған кезде тиiстi сызбаларды талап етiлетін негiзгi техникалық сипаттамаларды қоса алғанда, жұмыстардың толық сипатталуын қамтуы тиіс. Келісім-шарт ең төмен бағамен ұсыныс жасаған және келiсiм-шарттың ойдағыдай орындалуы үшiн тиiстi тәжiрибесi және қаражаты бар мердiгермен жасалады.
                                D бөлiгi



                Сатып алу жөнiндегi Шешiмдердi Банктiң Қарауы

      1. Сатып алуды жоспарлау
      Қатысу үшiн алдын ала бағалаудан өту туралы кез келген шақыруларды жарияланғанға немесе келiсiм-шарттар жасасу туралы ұсыныстар бергенге дейiн Жоба бойынша сатып алудың ұсынылып отырған жоспары Басшылыққа 1-қосымшаның 1-тармағының ережелерiне сәйкес Банктiң қарауына және мақұлдауына ұсынылады.
      2. Алдын ала қарау
      (а) Құны АҚШ долларымен бағалауларға сәйкес 200,000-ды немесе одан астамды құрайтын, осы бөлiмнiң С.1 бөлiгiне сәйкес жұмыстардың орындалуына арналған әрбiр келiсiм-шартқа қатысты Басшылыққа 1-қосымшаның 2 және 3-тармақтарында айтылатын рәсiмдер қолданылады.
      (b) С бөлiгінде айтылатын рәсiмдерге сәйкес жүргiзiлетiн, тауарлар мен қызметтердi сатып алуға арналған бастапқы келiсiм-шарттарға қатысты мынадай рәсiмдер қолданылады:
      (i) сатып алу рәсiмдерiне сәйкес қандай да болмасын берушiнi iрiктеуге және қандай да болмасын келiсiм-шартты орындағанға дейiн Заемшы Банкке алынған ұсыныстарды салыстыру және бағалау туралы есептi ұсынады.
      (ii) тiкелей келiсiм-шарттар жасасу және сатып алу рәсiмдерiне сәйкес

жасасқан қандай да болмасын келiсiм-шартты орындағанға дейiн Заемшы Банкке 
техникалық шарттардың көшiрмесiн және келiсiм-шарттың жобасын ұсынады; және
     (ііi) Басшылыққа 1-Қосымшаның 2 (f), 2 (g) және 3-тармақтарында 
айтылатын рәсiмдер қолданылады.
     3. Кейiнгi қарау
     Осы бөлiктiң 2-тармағында реттелмейтiн әрбiр келiсiм-шартқа қатысты 
Басшылыққа 1-қосымшаның 4-тармағында айтылатын рәсiмдер қолданылады.
                               5-ҚОСЫМША
                      Жобаны орындау бағдарламасы
     1. Заемшы:


      (а) Заемшы мен Банк арасында келiсiлген көрсеткiштерге сәйкес Жобаны орындауды және оның мақсаттарына жетудi бақылау мен бағалауды тұрақты жүзеге асыруға мүмкiндiк беру үшiн қолданып жүрген талаптарға жауап беретiн стратегияларды және рәсiмдердi ұстанады.
      (b) осы бөлiмнiң (а) тармағына сәйкес жүргiзiлетiн бақылау және бағалау жөнiндегi деректер бiрiктiрiлетiн, жоғарыда аталған есеп беру күнiнiң алдындағы кезең iшiнде Жобаның орындалуына қол жеткiзiлген нәтижелер туралы және Жобаның ойдағыдай орындалуын қамтамасыз ету мен осындай күннен кейiнгi кезең iшiнде оның мақсаттарына қол жеткiзу үшiн ұсынылатын шаралар айтылатын есептi Банк үшiн қолайлы құзыреттiлiк шегiне сәйкес дайындайды және әрбiр жылдың 31 қаңтарында немесе шамамен осындай мерзiмдерге Банкке ұсынады.
      (с) осы тармақтың (в) тармақшасында айтылатын есептi Банк әрбiр жылдың 31 наурызында немесе Банк сұрататын осындай неғұрлым кеш күнге дейiн қарайды және содан кейiн Жобаны тиiмдi аяқтауды қамтамасыз етуге және жоғарыда аталған есептiң қорытындылары мен ұсынымдарын және Банктiң осы мәселе жөнiндегi пiкiрлерiн ескере отырып, оған қол жеткiзуге қажеттi барлық шараларды қабылдайды.
      (d) Жобаның орындалуы туралы жарты жылдық есепті Банк үшiн қолайлы құзыреттiлiк шегiне сәйкес дайындайды және әрбiр жылдың 31 қаңтары мен 31 шiлдесiнде немесе шамамен осындай мерзiмде Банкке ұсынады;
      (е) (i) Жобаның орындалу барысы туралы орта мерзiмдi шолу есебiн 2004 жылғы 31 шiлдеден кешiктiрмей Банкпен бiрлесiп дайындайды. Орта мерзiмдi шолу есебi Жобаның мақсаттарын орындауда қол жеткен нәтижелердi қамтиды; және
      (ii) Орта мерзiмдi шолу аяқталғаннан кейiн бiр айдан кеш емес мерзiм iшiнде Банкпен келiсiлген орта мерзiмдi шолуға байланысты және Банк үшiн қолайлы Жоба жөнiндегi iс-қимыл жоспарында айтылған ұсынымдарды орындайды; және
      (f) әрбiр жылдың өткен үш айы үшiн 31 қаңтардан, 30 сәуiрден, 31 шiлдеден және 31 қазаннан кешiктiрмей тиiстi нысанда ұсынылатын Жобаны орындаудың барысы туралы есептi Банк үшiн қолайлы құзыреттiлiк шегiнде дайындайды және Банкке ұсынады, жобаның өткен үш айы iшiндегi орындалу барысы туралы есептi Ведомствоаралық үйлестiру комитетiне (ВҮК) және Жобаны басқару жөнiндегi комитетке (ЖБК) және Банкке ұсынады. Тоқсан сайынғы есептерге:
      - инженерлiк-құрылыс жұмыстарына және жабдықтар мен тауарларды жеткiзiп беруге арналған келiсiм-шарттардың орындалу барысы және болжалды аяқталу күнi;
      - институционалдық құрауыштардың, оқыту және зерделеу және ЖМБ жұмысы жөнiндегi iс-шаралардың орындалу барысы;
      - қоршаған ортаны қорғау жөнiндегi жоспарды бақылау және бағалау Жобаның ықпалы;
      - сатып алу және қаржылық қызметтi басқару жөнiндегi консультанттардың жұмысы жатқызылады.
      2. Жалпы шарттардың 9.07-бөлiмiнiң мақсаттары үшiн және оның ережелерiн шектемей, Заемшы Банк үшiн қолайлы принциптер негiзiнде Жоба шеңберінде болашақ қызметтiң жобасын дайындайды және қорытынды күннен кейiнгi алты ай (6) мерзiм iшiнен кешiктiрмей немесе осы мақсаттар үшiн Заемшы мен Банк арасында келiсiлуi мүмкiн осындай неғұрлым кеш мерзiмде Банкке ұсынады заем қаражатының пайдаланылуын және Банкке жоғарыда аталған жоспар бойынша Заемшымен пiкiр алысуға тиiстi мүмкiндiк бередi.
      3. Жоба аяқталғанға дейiн Заемшы Жобаны басқару оны орындау және үшін Жобаны басқару тобының жұмыс істеуін, Жобаға байланысты қызметтi, бiлiктiлiгi мен құзыреттiлік шегi Банк үшiн қолайлы мамандармен үйлестiруді қамтамасыз етедi.
      4. Жоба аяқталғанға дейiн Заемшы Жоба шеңберiнде қызметтi үйлестiру мақсаттары үшiн ол құрған Ведомствоаралық үйлестiру комитетiнiң (ВYК) жұмыс iстеуiн қамтамасыз етедi.
      5. Заемшы 2001 жылғы 31 желтоқсаннан кешiктiрмей Жобаны басқару жөнiндегi комитеттi құрады.
      ЖБК-нiң негiзгi мiндеттерi:
      (i) Жоба шеңберiнде зерделеу жөнiндегi жұмыстарды қоса алғанда, жоба, әзiрлемелер шеңберiндегi және оның барысындағы қызмет туралы жергiлiктi халықты хабардар ету, онымен шектелместен, оны орындау, ағымдағы бақылау мен бағалаудың нәтижелері, донорлар ұсынатын немесе жүргiзетiн қызмет және бағдарламалар, осындай қызметті қаржыландыру және т.б.; және
      (ii) қоршаған ортаны қорғау және әлеуметтiк даму салаларындағы Жобада көзделетін жетiстiктерге қол жетуiн қамтамасыз ету болып табылады.
      6. Заемшы 2002 жылдың 30 маусымынан кешiктiрмей құзыреттiлiк шегi Банк үшiн қолайлы негiзгi жобаға қатысты тұлғалардан тұратын Арал теңiзiнiң алабы (АТАКТ) бойынша консультациялық топты құрады. АТАКТ-ның негiзгi мiндеттерi су алабының Қазақстандық бөлiгiнде су ресурстарын бөлу мен басқару процесiне мемлекеттiң тиiмдi қатысуын қамтамасыз ету болып табылады.
      7. Шардара бөгетiнде қауiпсiздiк шараларын сақтауды қадағалау мақсатында негiзгi мiндетi алдын алу шараларын жобалауды талдау және олардың орындалуын бақылау болып табылатын жергiлiктi де, шетелдiк те мамандардан тұратын жұмыс iстеуi, құрамы мен құзыреттiлiк шегi Банк үшiн қолайлы Сарапшылардың тәуелсiз тобы (СТТ) құрылады.
      8. Заемшы барлық қажеттi шаралармен қоршаған ортаның жай-күйін бағалау мақсатында зерделеу түрiнде дайындалған Жоба шеңберiнде қоршаған ортаны қорғау жөнiндегi жоспардың орындалуын қамтамасыз етедi. Осы мақсатта Заемшы:
      (i) жобаның шеңберінде ұсынылатын жеңiлдетiлген шараларды жұмыс жоспарына енгiзудi;
      (ii) құрылыс жұмыстары және Жобаның құралдарын кейiннен пайдалану кезiнде осындай шаралардың орындалуын;
      (iii) қоршаған ортаны тиiмдi пайдалану жөнiндегi шаралар жоспарын орындауды бақылау үшiн ЖБТ-ы тиiстi бiлiктi мамандармен жасақталады, оның құрамының біліктілігі және тәжірибесі Банк үшін қолайлы болатын кемінде екі (2) эколог және бiр (1) гидролог енедi;
      (іv) және Қоршаған ортаны қорғау жөніндегi жоспардың (ҚОҚЖ) орындалуын бақылауды қамтамасыз ету үшiн жобаны орындау кезінде тәуелсіз консультанттарды жалдау және олардың қызметі, біліктілігі және тәжірибесі Банк үшін қолайлы болып табылуын қамтамасыз етеді.
      9. Заемшы 2001 жылғы 31 желтоқсаннан кешіктірмей біліктілігі мен

тәжірибесі Банк үшін қолайлы болып табылатын консультанттарды жұмысқа 
қабылдайды және кейіннен бұл лауазымды сақтайды, бұлар ҚОҚЖ орындалуын 
бақылауға және Жобаны ықпал етуін бақылауға және бағалауға жауапты болады.
     10. Заемшы 2001 жылғы 31 желтоқсаннан кешіктірмей Банк үшін 
біліктілігі және тәжірибесі қолайлы болатын консультанттарды жұмысқа 
қабылдайды және кейіннен бұл лауазымды сақтайды, олар құрылысты әзірлеу 
және қадағалау үшін жауап беретін болады.
     
     Мамандар:
       Қасымбеков Б.А. 
       Багарова Ж.А. 
     
      
      


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады