Қазақстан Республикасы Yкiметінің 2000 жылғы 29 қарашадағы N 1787 қаулысына өзгерiстер мен толықтыру енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 28 шілдедегі N 751 қаулысы. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2005.04.20. N 367 қаулысымен

      "Мұнай өнiмдерiнiң жекелеген түрлерiн өндiрудi және олардың айналымын мемлекеттiк реттеу туралы" Қазақстан Республикасы  Заңының  талаптарын iске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Yкiметi қаулы етеді:

      1. "Қазақстан Республикасы өнiмiнiң сәйкестiгiн бақылау туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2000 жылғы 29 қарашадағы N 1787  қаулысына  (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2000 ж., N 51, 586-құжат) мынадай өзгерiстер мен толықтыру енгiзілсiн:
      1) 2-тармақтағы "Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк кiрiс министрлiгiнiң Кеден комитетi" деген сөздер "Қазақстан Республикасының Кедендiк бақылау агенттiгi" деген сөздермен ауыстырылсын;
      2) 3-тармақтағы "Экономика" деген сөз "Индустрия" деген сөзбен ауыстырылсын;
      3) көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Мiндеттi түрде сертификаттауға жататын өнiмдер мен қызмет көрсетулердiң тiзбесiнде:
      "Қазақстан Республикасында мiндеттi түрде сертификаттауға жататын қызмет түрлерiнiң номенклатурасы" деген 20-бөлiм мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:
      "Автомобильдерге май құю станцияларының және мұнай өнiмдерi базаларының қызметтер көрсетуi".

      2. Осы қаулы жарияланған күнiнен бастап бiр ай өткен соң күшiне енедi.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады