"Қазақ Суарнажоба" мемлекеттiк жобалау институты" мемлекеттiк кәсіпорнын қайта атау туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 28 шілдедегі N 752 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:
 

      1. "Қазақ Суарнажоба" мемлекеттiк жобалау институты" мемлекеттiк кәсiпорны шаруашылық жүргiзу құқығындағы "Суарнажоба" Қазақ мемлекеттiк ғылыми-зерттеу және жобалау-iздестiру институты" республикалық мемлекеттiк кәсiпорны ("Суарнажоба ҚазмемҒЗЖIИ" РМК) (бұдан әрi - кәсiпорын) болып қайта аталсын.

      2. Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлiгiнің Құрылыс iстерi жөнiндегi комитетi кәсiпорынды мемлекеттiк басқару органы болып айқындалсын.

      3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Мемлекеттiк мүлiк және жекешелендіру комитетi заңнамаға сәйкес:
      1) кәсіпорынның Жарғысын бекiту кезiнде елдi мекендер мен инфрақұрылымның тiршiлiгiн қамтамасыз ететiн инженерлiк жүйелердi жетілдіру, сумен жабдықтау, кәрiз және онымен байланысты гидротехникалық құрылыстар, қалдықтарды жою мен көму жүйелерiн инженерлiк iздестiру және жобалау мәселелерi бойынша ғылым саласында өндiрiстiк-шаруашылық қызметтi жүзеге асыру оның қызметiнiң негiзгi мәнi деп айқындасын;
      2) кәсiпорынның әдiлет органдарында мемлекеттiк қайта тiркелуiн қамтамасыз етсiн.

      4. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 05.08.2013 № 796 қаулысымен.

      5. Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлiгiнiң Құрылыс iстерi жөнiндегi комитетi осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.

      6. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады