Қоршаған ортаның сапасын тұрақтандыру мәселелерi жөнiнде комиссия құру туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 1 тамыздағы N 776 қаулысы. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2007 жылғы 23 қазандағы N 987 Қаулысымен

       Ескерту. Қаулының күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2007 жылғы 23 қазандағы  N 987 Қаулысымен.

       Ескерту. Тақырыпта және мәтiн бойына "ведомствоаралық" деген сөз алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 2005.03.01. N 177  қаулысымен .

         Министрлiктердің, агенттiктер мен ведомстволардың қоршаған ортаны қорғау саласындағы қызметiн үйлестiрудi күшейту жөнiндегi ұсыныстарды әзiрлеу мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:

      1. Қосымшаға сәйкес құрамда Қоршаған ортаның сапасын тұрақтандыру мәселелерi жөнінде комиссия құрылсын.

      2. Қоса берiліп отырған Қоршаған ортаның сапасын тұрақтандыру мәселелерi жөнiнде комиссия туралы ереже бекiтiлсiн.

      3. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Қазақстан Республикасы  
Yкiметінiң        
2003 жылғы 1 тамыздағы  
N 776 қаулысына     
қосымша         

Қоршаған ортаның сапасын тұрақтандыру мәселелерi жөнiндегi
                       комиссияның құрамы

      Ысқақов                 - Қазақстан Республикасының Қоршаған
      Нұрлан Әбдiлдәұлы         ортаны қорғау министрi, төраға

      Бiрәлиев                - Қазақстан Республикасының Қоршаған
      Әлжан Хамидулаұлы         ортаны қорғау вице-министрi,
                                төрағаның орынбасары

      Ыдырысова               - Қазақстан Республикасы Қоршаған
      Светлана Кирилқызы        ортаны қорғау министрлiгiнiң
                                Табиғатты қорғауды бақылау комитетi
                                төрағасының орынбасары, хатшы

      Әбдiмомынов             - Қазақстан Республикасының Бiлiм
      Азамат Құрманбекұлы       және ғылым вице-министрi

      Бектұров                - Қазақстан Республикасының Көлiк
      Азат Ғаббасұлы            және коммуникация вице-министрi

      Палымбетов              - Қазақстан Республикасының
      Болат Әбiлқасымұлы        Экономика және бюджеттiк жоспарлау
                                вице-министрi

      Петров                  - Қазақстан Республикасының Төтенше
      Валерий Викторович        жағдайлар вице-министрi

      Райымбеков              - Қазақстан Республикасының Жер
      Каналбек Өтжанұлы         ресурстарын басқару агенттiгi
                                төрағасының орынбасары

      Белоног                 - Қазақстан Республикасы Денсаулық
      Анатолий Александрович    сақтау министрлiгi Мемлекеттiк
                                санитарлық-эпидемиологиялық
                                қадағалау комитетiнiң төрағасы -
                                Қазақстан Республикасының Бас
                                мемлекеттiк санитарлық дәрiгерi

      Сүлейменов              - Қазақстан Республикасы Қоршаған
      Нәсiполла Зейнуллұлы      ортаны қорғау министрлiгi Табиғатты
                                қорғауды бақылау комитетiнiң
                                төрағасы

      Сүлейменов              - Қазақстан Республикасының Ауыл
      Қанат Бостанұлы           шаруашылығы министрлiгi Балық
                                шаруашылығы комитетiнiң төрағасы

      Бертiсбаев              - Қазақстан Республикасының
      Несiпқұл Бертiсбайұлы     Энергетика және минералдық
                                ресурстары министрлiгi Электр
                                энергетикасы және қатты отын
                                департаментiнiң директоры
       Ескерту. Құрам жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2006.05.25. N  451 қаулысымен.

  Қазақстан Республикасы   
Yкiметінiң         
2003 жылғы 1 тамыздағы   
N 776 қаулысымен      
бекітілген         

Қоршаған ортаның сапасын тұрақтандыру мәселелерi
жөнiндегі ведомствоаралық комиссия туралы
ЕРЕЖЕ

  1. Жалпы ережелер

      1. Қоршаған ортаны қорғау сапасын тұрақтандыру мәселелерi жөнiндегi ведомствоаралық комиссия (бұдан әрi - Комиссия) Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң жанындағы консультативтiк-кеңесшi орган болып табылады.

      2. Комиссия өз қызметiнде Қазақстан Республикасының  Конституциясын , Қазақстан Республикасының заңдарын, Қазақстан Республикасы Президентiнiң және Үкiметiнiң кесiмдерiн, өзге де нормативтiк құқықтық кесiмдерiн, сондай-ақ осы Ереженi басшылыққа алады.

  2. Комиссияның негiзгi мiндеттерi мен функциялары

      3. Комиссияның негiзгi мiндетi министрлiктер, агенттiктер мен ведомстволардың Қазақстан Республикасының қоршаған ортаның сапасын тұрақтандыру мәселелерi бойынша қызметiн үйлестiрудi қамтамасыз ету жөнiнде ұсыныстар әзiрлеу болып табылады.

      4. Комиссияның функциялары:
      шаруашылық қызметтiң экологиялық қауiптi түрлерiн бағалау мен болжауды жүргiзу және оның қоршаған ортаға әсерiн азайту жөнiндегi ұсыныстарды әзiрлеу;
      Қазақстан Республикасының заңнамасын экологияландыру бойынша ұсыныстарды қарау және дайындау;
      қоршаған ортаны қорғауды және табиғатты пайдалануды басқару жүйелерiн оңтайландыру бойынша ұсынымдар дайындау;
      табиғат қорғау қызметiнде қоршаған ортаны қорғауды көтермелеудiң экономикалық құралдарын енгiзу бойынша ұсыныстар дайындау;

  3. Комиссияның құқықтары

      5. Комиссия:
      табиғатты пайдалану процестерін реттеу және қолданыстағы табиғат қорғау заңнамасын жалпы қабылданған халықаралық талаптарға сәйкес келтiру бойынша ұсыныстарды Қазақстан Республикасының Үкiметiне белгiленген тәртiппен енгiзуге;
      Комиссияның құзыретiне енетiн мәселелер бойынша экологиялық қауiптi қызмет түрлерiмен айналысатын шаруашылық жүргiзушi субъектiлер өкілдерiн және мемлекеттiк органдардың өкiлдерiн Комиссияның отырысына шақыруға және оларды тыңдауға;
      Комиссияның мiндеттерiн iске асыру үшiн қажеттi материалдарды Қазақстан Республикасының мемлекеттiк органдарынан заңнамада белгiленген тәртiппен сұратуға және алуға.

  4. Комиссияның қызметiн ұйымдастыру

      6. Комиссияны Төраға басқарады.

      7. Комиссияның жұмысын ұйымдастыруды, тиiстi материалдарды, ұсыныстарды дайындауды комиссияның хатшысы жүзеге асырады.

      8. Комиссияның төрағасы комиссияға басшылық жасауды жүзеге асырады; комиссия отырысының күн тәртiбiн белгiлейдi.

      9. Комиссия төрағасының орынбасары ол болмаған кезеңде төрағаны ауыстырады.

      10. Комиссияның хатшысы комиссия отырысының күн тәртiбi бойынша ұсыныстарды, қажеттi құжаттарды, материалдарды дайындайды және ол өткеннен кейiн хаттаманы ресiмдейдi.

      11. Комиссияның отырысы қажеттiлiгiне қарай, бiрақ кемiнде жарты жылда бiр рет өткiзiледi.

      12. Отырыстың күн тәртiбiн, сондай-ақ отырыстың өткiзiлетiн уақыты мен орнын комиссияның төрағасы белгiлейдi.

      13. Комиссияның шешiмi ашық дауыспен қабылданады және егер оған комиссия мүшелерi жалпы санының көпшiлiгi дауыс берсе, қабылданған болып саналады, хаттамамен ресiмделедi және ұсынымдық сипатқа ие.

      14. Шешiм қабылдау кезiнде Комиссия мүшелерi тең дауысқа ие. Дауыстар тең болған жағдайда төраға дауыс берген шешiм қабылданды деп саналады.

      15. Комиссияның шешiмi Қазақстан Республикасының мүдделi мемлекеттiк органдары мен ұйымдарына комиссия отырысының хаттамасы түрiнде жеткiзiледi.

      16. Қазақстан Республикасының Қоршаған ортаны қорғау министрлiгi комиссияның жұмыс органы болып табылады.

  5. Комиссияның қызметiн тоқтату

      17. Комиссияға бұған дейiн жүктелген мiндеттердi жүзеге асыратын мемлекеттiк орган немесе өзге де комиссия құрылған;
      комиссияның мiндетiн орындай алмайтындай не оның орындалуын орынсыз ететiн өзге де жағдайларда комиссия өз қызметiн тоқтатады.

      18. Комиссияның қызметiн тоқтатуға әкеп соғатын жағдайлар туындаған кезде, комиссияның төрағасы Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң Регламентiмен белгiленген тәртiппен Үкiмет шешiмiнiң тиiстi жобасын Үкiметке енгiзедi.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады