Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. "Акционерлік қоғамдар туралы" Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 13 мамырдағы Заңының 90-бабына сәйкес мемлекеттік қайта тіркеуге жататын заңды тұлғалар және олардың филиалдары мен өкiлдiктерi үшін "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 12 маусымдағы Кодексінің 398 , 404 , 407 , 410 , 413 , 416 , 419 , 438 және 441-баптарында көзделген мемлекеттік (есептiк) қайта тіркеу (қайта ресімдеу) кезінде алымдар бойынша нөлдік ставка белгіленсін. <*>
Ескерту. 1-тармаққа өзгеріс енгізілді, мәтін бойынша сөздер қосылды - ҚР Үкіметінің 2004.05.29. N 598 қаулысымен .
2. Осы қаулының 1-тармағында көрсетілген бюджетке алымдар төленуін растайтын түбіршекті немесе құжаттарды ұсынусыз құжаттарды мемлекеттік (есептiк) қайта тіркеу (қайта ресімдеу) үшін қажетті қабылдауды мемлекеттік (есептiк) органдар жүзеге асырсын.
3. Осы қаулының 1-тармағында көрсетілген мемлекеттік (есептiк) қайта тіркеудің (қайта ресімдеудің) әрбір объектісіне қатысты нөлдік ставка бір мәрте қолданылады.
4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі