Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетімен бірлесіп, заңнамада белгіленген тәртіппен Ербол Тұрмаханұлы Орынбаевтың "Маркетингтік-талдамалық зерттеулер орталығы" акционерлік қоғамы басқармасының төрағасы болып сайлануын қамтамасыз етсін.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі